Филологические науки



Pdf көрінісі
бет77/160
Дата25.11.2023
өлшемі1,6 Mb.
#126523
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   160
Нұрпеис Н.Д.,
магистрант, ілеспе аудармашы,
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, 
Алматы, Қазақстан, nurpeisnazym@gmail.com
Тірек сөздер:
дискурс, экономикалық дискурс, ілеспе аударма, экономикалық 
лексика, интернационализмдер, кірме сөздер, сөйлеу компрессиясы, экономикалық 
форум.
Аңдапта.
Экономикалық дискурс жеке дискурс түрі ретінде зерттелінеді. 
“Global Forum Spain 2014” 
испан экономикалық форумы материалдары 
негізінде экономикалық дискурстың негізгі белгілері сипатталынады. Сондай­ақ, 
экономикалық лексиканың ерекшелігі мен испан экономикалық дискурсын қазақ 
тіліне ілеспе аударудағы кейбір ерекшеліктер қарастырылады.
Қазіргі лингвистикада “дискурс” түсіндіруге қиын терминдердің 
бірі болып табылады. Нидерланд лингвисі Т.А. Ван Дейк “дискурс”
ұғымын қоғам, тіл, идеология сияқты ұғымдармен салыстырады 
[1, 1 б.]. Олар да дискурс сияқты нақты анықтама беруге келмейтін 
ұғымдардың бірі. Осы пікірді қазақстандық жас тіл маманы Есенова 
Қ.Ө. “Қазіргі тіл біліміндегі дискурс” мәселесі атты мақаласында 
ұстанады [2, 61 б.]. Дискурс көп аспектілі және көп мағыналы ұғым 
екендігін басқа да еңбектерде айтылған [3]. Ол ХХ ғасырдың екінші 
жартысынан бастап лингвистикаға ене бастады, ал бүгінгі күні толық 
зерттелмегендіктен өзекті мәселелердің бірі болып отыр. 
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 121 - 132


ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ» 
122
“Дискурс” термині қазіргі линвистикалық зерттеулерде мәтін 
немесе сөйлеу әрекеті деп анықталынады. Біздің зерттеу жұмысымызда 
дискурс экономикалық форумға қатысушылардың бір жағынан 
сөйлеген сөздері, екінші жағынан белгілі тақырыпта жазылған 
мәтіндері негізінде түсіндіріледі. Яғни бұл терминді экономикадағы 
қарым­қатынас, қатысушылардың арасындағы өзара тілдік әрекеттесу 
деп қарастыруға болады. С.Н. Плотникова дискурсты қайта орнына 
келетін, аяқталған, үзінді немесе тұтас, ауызша немесе жазбаша 
түрдегі кез келген типтегі хабар деп түсіндіреді. Дискурстың осындай 
анықтамасы көптеген қарама­қайшылықтарды жоюға мүмкіндік 
береді [4, 131 б.]. 
Т.А. ван Дейк дискурстың әртүрлі түсіндірулерін жинастырып, 
бұл терминнің кең және тар мағынада қолданыла алатынын айтқан 
болатын. Кең мағынада комплексті коммуникативті жағдаят деп атаса, 
ал тар мағынада нақты мәтін немесе әңгіме деп түсіндірген [1, 1 б.]. 
Осылайша, қандай да бір әлеуметтік­саяси, қоғамдық, мәдени, рухани 
өмірге қатысты құбылыстардың барлығын дискурс деп түсіндірді. 
“Дискурс” ұғымының мейлінше толық, әрі нақты мағынасын 
Арутюнова Н.Д. берген, “экстралингвистикалық­прагматикалық, 
мәдениәлеуметтік, психологиялық және басқа да факторларды 
біріктіретін оқиғалық аспект ретінде алынған жүйелі мәтін; 
мақсатты әлеуметтік әрекет, адамдар мен сананың (когнитивті 
процесстің) механизмдері әрекеттестігіне қатысатын құрамдас бөлігі 
ретінде қарастырылатын сөйлеу әрекеті. Дискурс өзіне сөйлеудің 
паралингвистикалық жолын қосады (ым, ишарат т.б.) және басқа 
да репортаж, сұхбат, нұсқама, әңгімелесу және т.б.сияқты “өмір 
формалары” мен бірге зерттелінеді, дискурс “өмірге берілген” сөйлеу 
әрекеті” [5, 136 б.].
Дискурс ұғымына В. Карасик, В. Демьянков, Н. Арутюнова, 
сияқты бірқатар ресейлік зерттеушілер анықтама берген. Дискурс 
ұғымы ауқымды, сондықтан да оны жан­жақты түсіндіруге болады:
1. дискурсты айқындауға бағытталған мәтін немесе дискурс 
арқылы анықталатын мәтін;
2. сөйлеу әрекетін құруға байланысты когнитивтік процесс;
3. сөйлем немесе сөзтіркесінен дәрежесі жоғары сөйлеу;
4. мақсаты бір, бір­бірімен байланысты кезекті сөз сөйлеулер;
5. әңгіме немесе ойлау құралы;
6. сөйлесу қарым­қатынасының формасы, адамдар арасындағы іс­
әрекет;
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 121 - 132


ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ
«ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
123
7. күрделі коммуникативті құбылыс;
8. нақты коммуникативтік, әлеуметтік, прагматикалық жағдайларда 
адресатпен жасалған социолингвистикалық құрылым; 
Адамзат, ұлт, халық, қоғам тарихында, яғни саясат, экономика, дін 
сияқты салаларда болатын жайттар тілде өзіндік көрінісін табады. 
Ресей тіл маманы В.И. Карасик дискурсты жеке (тұлғаға 
бағытталған) және институционалды (салалық) деп екіге бөледі. 
Жеке дискурсқа қарағанда институционалды дискурс белгілі бір 
әлеуметтік мекемедегі қарым­қатынас болып табылады. Яғни, бұл 
адресат пен адресант арасындағы коммуникация, әртүрлі әлеуметтік 
топтар мен мекемелердің сөйлеу әрекеттері. 
Дискурстың бірқатар түрлері бар. Оның маңызды түрлерінің 
біріне экономикалық дискурсты жатқызуға болады, ол күмәнсіз 
тіл мамандарының назарын қажет етеді. Экономикалық дискурс 
зерттеулеріне көптеген лингвистикалық зерттеулер арналған 
(Е.Ильченко, 
М.Ликунь, 
Е.Лут, 
В.Мальцева, 
Т.Мартынюк, 
Е.Петушинская, 
Ю.Степанов, 
К.Томашевкая 
және 
басқа 
зерттеушілердің еңбектері).
Е.Ю. Махницкая экономикалық дискурсты экономикалық 
реалийлерді сипаттауда қолданылатын бүкіл сөйлеу әрекеттерінің 
жиынтығы ретінде түсіндіреді. Автор экономикалық тәжірибені 
бейнелейтін ауызша және жазбаша, толық және фрагментарлы 
мәтіндерді экономикалық дискурс деп атайды [6, 158 б.]. Ал 
Е.Д. Степанова экономикалық дискурсты қаржы­несиелік, салықтық, 
коммерциялық, кәсіпорындық қарым­қатынастар аяларындағы 
қатысушылардың интерактивті әрекеттестігі деп түсіндіреді [7, 434 б.]. 
Кейбір зерттеушілер экономикалық дискурс пен іскерлік дискурсты 
бір ұғым ретінде қарастырады (Н. Наумова, Е. Петушинская, 
Н.Щекина, Р.Пилипенко ж. т.б.). Бірақ екеуі бір ұғым емес, өйткені 
экономикалық дискурстың ауқымы әлдеқайда кең. Іскерлік дискурс 
өз кезегінде тек бір саланың кәсіби мамандары арасындағы қарым­
қатынаспен шектеледі. Яғни, экономикалық дискурстың қолданылу 
аясына және қатысушыларға қатысты шектеуліктер қойылады. Ал 
экономикалық дискурс, сонымен қатар сатушы мен тұтынушы сияқты 
жеке коммуникация болып табылады. 
Экономикалық дискурстың қатысушылары мемлекет, журналистер, 
ғалымдар, оқытушылар, ғылыми қызметкерлер бола алады. Ал 
экономиканың қандай да бір секторына байланысты экономикалық 
дискурс аясында бірнеше типтері анықталынады. Мысалы, қаржы 
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 121 - 132


ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ» 
124
немесе несиеге қатысты қаржы дискурсы, бухгалтерлік есептерге 
қатысты бухгалтерлік дискурс, сауда саттық, кәсіпкерлікке қатысты 
іскерлік дискурс. 
Май Ликунь, экономикалық дискурсты қаржы­экономикалық, 
өндірістік­экономикалық, 
сауда­экономикалық, 
экономикалық­
теориялық, экономикалық­статистикалық деп бөледі [8, 20 б.].
Сонымен, экономикалық дискурс түсінігіне біз экономика 
саласындағы сөйлеу әрекеттерінің қосындысы және кәсіпқой 
мамандар, қарапайым адамдар және журналистер арқылы жасалатын 
ауызша және жазбаша мәтіндер мен олардың үзінділері деп түсінеміз, 
өз кезегінде олар экономиканың казіргі таңдағы ахуалын бейнелейді. 
Экономикалық дискурс мақсаты:
1) қоғамның экономикалық өміріндегі жайттарды көрсету
2) экономиканың казіргі таңдағы күйі жайлы ақпараттандыру; 
3) әртүрлі өзгерістерге қарым­қатынасты қалыптастыру әрі кейбір 
әрекеттерге себепші болу; 
4) экономикалық теориялар шығару; 
5) экономикалық даму салаларын және халықтың тұрмыс деңгейін 
зерттеу [3, 44 б.].
Экономикалық дискурс қатысушыларына заңды және жеке тұлғалар 
кіреді: мемлекет, журналистер, зиялы қауым, ғылыми қызметкерлер, 
оқытушылар және т.б. 
Сонымен, қазіргі таңда экономикалық дискурсты институционалдық 
дискурстың басты түрлерінің бірі деп атауға болады, өйткені экономика 
бүгінгі күні адамның бүкіл тіршілігіне қатысты мекемелер мен тауар, 
қызмет көрсету сияқты адами қажеттіліктерін қанағаттандыруға 
бағытталған іс­әрекеттер жиынтығы екенін батыс мамандары 
дәйектейді. [9, 105 б.].
Экономикалық дискурсты институционалды дискурстың типі 
ретіндегі айрықша белгілеріне оған тән әлеуметтік нормалар мен 
ісәрекеттер жиынтығын жатқызуға болады. Жалпы қоғамдық институт 
деп біз адамдардың іс әрекеттері мен қоғамдық өмірді ұйымдастырудың, 
қадағалаудың белгілі бір түрі деп білеміз. 
Саяси дискурс аясындағы экономикалық дискурс жайында 
көптеген ғалымдардың зерттеулері белгілі (А.П. Чудинов, А.Н. Баранов, 
Ю.Н. Караулов, Е.И. Шейгал). Саяси дискурстағы метафоралардың 
рөлін зерттей отырып, олар экономикалық метафораны саяси 
дискурс аясында, оның ажырамас бөлігі ретінде қарастырған. О.В. 
Дитрих “Саясат саласындағы авторлық метафора” атты жұмысында 
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 121 - 132


ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ
«ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
125
Бұқаралық Ақпарат Құралдары тұспалдауды қажет ететін екі сала бар 
деп белгілейді. Олар: ішкісаяси және қаржы­экономикалық салалар. 
Мысалы “дағдарыс” “реформа” аралық тақырыптар болып табылады, 
және де олар саясатқа да, экономикаға да тән. Автордың айтуынша, 
қаржы­экономикалық сала саяси салаға қарағанда әлдеқайда “тұрақты” 
[10, 126 б.]. Экономика мен саясат мемлекет дамуының басты салалары 
ретінде бір­бірімен тығыз байланысты, алайда олардың әр қайсысының 
өзіндік мақсаттары мен міндеттері, қатысушылары, орны мен уақыты 
және т.б. болады. Оларды әртүрлі сала ретінде бөліп, сәйкесінше екі 
түрлі дискурсты бөліп қарастыруға болады. 
Экономикалық дискурс тек саяси дискурспен ғана емес, басқа да 
дискурс типтерімен тығыз байланысты. Атап айтқанда, педагогикалық, 
ғылыми, заң дискурстарымен т.с.с.
Экономикалық дискурстың тақырыптары кең, ұйымдардың типіне 
байланысты өзгеріп тұрады. Біз қарастырып отырған экономикалық 
форумдар халықаралық дәрежедегі форумдардың бірі, сондықтан 
да олардың өзіндік бір нормалары мен құрылымы болатыны анық. 
Олардың өткізілу уақыты, орны, қатысушылар саны, тақырыптары, 
мақсаттары мен міндеттері нақты. Тіпті қатысушылардың сөйлеу 
уақыты да алдын ала ұйымдастырылып, белгіленіп қояды. 
Сонымен, экономикалық дискурстың басты ерекшеліктерін 
белгілейік: 
­ Институционалды да, жеке тұлғаға бағытталған дискурстың да 
белгілері тән;
­ Саяси дискурсқа қарағанда тақырыптары тұрақты;
­ Басқа да дискурс типтерімен тығыз байланысты және олардың 
бір құрамдас бөлігі бола алады;
­ Адам өмірінің бүкіл салаларында кездесе алады;
­ Өзіне тән лексикасы, құрылымы бар;
Экономика мемлекеттің ажырамас, маңызды бөлігі. Сондықтан 
да экономикалық форумдар мен жиындарды ілеспе аудару еліміздің 
өзекті мәселесі болып табылады. Ендеше экономикалық дискурстың 
тілі, лексикасы, өзіне тән және оның аударма барысындағы мәселелерін 
қарастырып көрейік. 
Экономикалық дискурс тіліне келетін болсақ, ол тілдік бірліктер мен 
грамматикалық формалардың әр түрлілігі, экономикалық лексиканы, 
терминдерді қолдану, әртүрлі жанрдағы лексиканы қолдануымен 
ерекшеленеді. 
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 121 - 132


ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ» 
126
Экономикалық шараның қандай түрі болса да, кіріспе, негізгі 
және қорытындылау бөлімдерінен тұратыны белгілі. Біздің зерттеу 
жұмысымыз экономикалық форумдар материалдары негізінде 
болғандықтан, экономика саласындағы форумдардың қалай 
өтетіндігін қарастырып көрейік. Экономикалық дискурстың осындай 
ерекшеліктері, ілеспе аудармашылар үшін өте маңызды, өйткені 
оратордың сөйлеуінің басы мен аяғы әдетте белгілі бір формамен 
жеткізіледі. 
Әдетте, оратор өз сөзін келесі түрде бастайды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет