Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті


М.Жұмабаевтың психологиялық пікірлері (сабақтың жалғасы)



бет20/36
Дата05.05.2023
өлшемі222,71 Kb.
#90619
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36
Байланысты:
Амирова кәсіби 2012

М.Жұмабаевтың психологиялық пікірлері (сабақтың жалғасы)

3. Мәтінді оқыңыз
Мағжан Жұмабаев – қазақтың кемеңгер ұлт ақыны. Ұлтының бақыты үшін өз бақытын құрбандыққа шалғандардың бірі. Қынаптағы семсердей, халқының игілігіне не істеуге жұмсаса да даяр болған. Мен ақынмын көпте жүздім керек демей, қазақты оқытуға сөзбен ғана емес, іспен кіріскен. Ол ұстаздық етумен шұғылданған. Оның үстіне оқу-методикалық құралдарын жазған. Қазақстанда сауатсыздықты жоюда Мағжан жазған, әлденеше рет ондаған мың тиражбен басылған «Сауатты бол» оқулығы шешуші рөл атқарды.
Адам – қоғамдық тұлға, сондықтан да ол өз жаратылысын, қабілеті мен мүмкіндіктерін тек адам қоғамында басқалармен қатынас үстінде ғана дамыта алады. Демек, жеке адамның басқа адамдарға, табиғатқа қатынасы, оның қажеті мен қанағаттандыру тәсілдері – биологиялық жолмен қалыптаспайды. Қоғамдық болмыс, қоғамдық практикалық қызметі өзіндей адаммен қатынасқа түсу арқылы қалыптасады. Халықтың психологиясы – өзінің ұзаққа созылған тарихы. Қалыптасу жолында басынан өткерген тағдырының санада сақталған бейнесі. «Адам жаңашыл» жаңа үстіне жаңа тілейді, жаңадан жаңаға құмар келеді. Адам әсемшіл: әсемнен әсем, сұлудан сұлу таңдайды» дейді екен Мағжан.
Адам тәрбиесін тек педагогика ғылымы ғана шеше алмайтынын К.Ушинский көрсеткендей бүкіл антропологиялық ғылымдардың жиынтығы қажет екендігін жақсы түсінген. Мағжан өз еңбегінде «психологияға» ерекше мән береді, ол тәрбиенің ата-ананың басты парызы баланың жан дүниесін, психикасын, оның дамуы мен өзгеруін жақсы білу деп санайды. Бұл арада баланың бүкіл өсу процесін байыптылықпен зерттеп, нерв жүйесін, оның дамуын, баланың сезім мүшелерінің атқаратын қызметі мен алатын орнын жеткілікті талдайды. Осының барысында оның бірқатар қорытындылары үлкен ой салды, мәселен: жын, пері, жалмауыз кемпір, жын-шайтан секілді «ертегілерді балаға айту мүлдем дұрыс емес, мұндай ертегілер баланы бұзады, жасық қылады», деп қорытындылайды. Демек, Мағжан сол уақыттың өзінде жаман мысалдардан, қылықтардан сақтандырған.
Адам рухани әлемін негізгі үш салаға жіктейді. Олар: ақыл, көңіл (ішкі сезім), һәм қайрат. Мағжан бұл үш топты ақыл, жүрек, қайрат деп атады. Зат, көріністер арасындағы айырмашылығын табамыз. Бұл – ақыл ісі. Біз қайғырамыз, қуанамыз. Бұл – ішкі сезімдер ісі. Біз бұл істі істемекші боламыз, бір мақсатқа жетпекші боламыз. Бұл – қайрат ісі. Мағжан – оқыған қазақ, асыл сөз иесін айрықша сыйлайды, оның толық адамы – Абай. «Бір сөзі мың жыл жүрсе, дәмі кетпес» деп бағалайды.
Адамның көңіл-күйін, ішкі жан сезімін терең түсінетін – психология, оның сыршылдығы мүмкін осыдан болар.
Мағжан Жұмабаев – «психология адамның жанының жайын, жан тұрмысын, жан көріністерін, жан күштерін, ақыл, қайрат, көңілдің жайын баяндайтын пән»,- деп анықтама береді. Автор өзі көрсеткендей А.Рубинштейн, Скворцов, Смирнов, т.б. ғалымдардың еңбектерін ой елегінен өткізіп, қазақ халқының тұрмысына жақындатып, ұлттық ерекшелігіне лайықтаған «Педагогика» еңбегі жарық көрген. Мағжан – К.Д.Ушинскийдің педагогикасын психологиямен атастыра байланыстырған тұңғыш қазақ ойшылы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет