4. «Проблеманы шешу жолдары» тәсілін пайдалана отырып, төмендегі кестені толтырыңыз.
СОБЖ
Таза бұлақ
1. Мәтінді оқып, оның құрамдас бөліктерін ерекшеліктері мен қасиеттері тұрғысынан салғастырыңыз.
Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп, суы мұздай, салқын, шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі таза бұлақ екен.
Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу қойып қорғаныш қылып, тастың суағар жеріне: «Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол» - деп жазу жазылыпты. Манағы үш жолаушы бұлақтан ішіп қанған соң, жазуды оқып, біреуі саудагер екен, ол айтты:
-Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара – бара кеңейіп, үлкейеді. Бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйте бара үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мұрат сол: «сен де, адам, тынбай қызмет қыл, еш уақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсем ақырында сенде зорайып мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін», - деді. Екінші жолаушы мүсәпір молда екен, басын шайқап:
-Жоқ мен олай ойламаймын, бұл жазудың мағынасы сіздің ойлағаннан гөрі жоғарырақ соқса керек, бұл бұлақ кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, оның үшін ешкімнен ақы дәм етпейді. Бұлай болса адамға да өнеге сол, біреуге жақсылық етсең ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек, - деді. Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен, бұл үндемей тұрды. Жолдастары:
-Сен не ойлайсың?- деп сұрады.
Жігіт айтты:
-Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді, бұл бұлақтың суы бір орнында тұнып тұрып, шөп-шалам, лай қоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді, бұлақ күні – түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса жазудың мағынасы болса: Көңілді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта. Бұлаққа қарасақ, күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол сияқты сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін,-деді.
Ерекшелік-тері
Бөлімдері
|
Кейіпкерлері,
олардың суреттелуі
|
Сюжеттік ерекшеліктері
|
Сөз қолданы-сындағы ерекшеліктері
|
Тақы-
рып-тық
ерек-ше-лікте-рі
|
Не-
гізгі
идеяны
ашуда-ғы
рөлі
|
Бірінші бөлім
(оған атау беріңіз)
|
|
|
|
|
|
Екінші бөлім
(оған атау беріңіз)
|
|
|
|
|
|
Үшінші бөлім
(оған атау беріңіз)
|
|
|
|
|
|
Тапсырма: Қазыбек бидің шешендік сөздерін оқып, мазмұнын өз сөзіңізбен айтып беріңіз.
Кім жақын?
Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшы болса, апайың жақын.
Бауырмал болса, інің жақын,
Сыйлас болса – көршің жақын.
Алдыңа тартқан адал асын,
Қимас жақын – қарындасың,
Инабатты болса - келінің жақын,
Адал болса, досың жақын.
Еркелейтін немерең жақын,
Өз ұрпағың – шөберең жақын.
Жан серігің жас кезіңнен
Бәрінен де әйелің жақын.
Не қымбат?
Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт-береке – атаң қымбат
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат,
Асқар тауың – әкең қымбат,
Туып өскен елің қымбат,
Кіндік кескен жерің қымбат.
Ұят пенен ар қымбат
Өзің сүйген жар қымбат.
Не қиын?
Арадан шыққан жау қиын,
Таусылмайтын дау қиын
Жазылмаса дерт қиын.
Іске аспаған серт қиын
Ақылыңнан адасып
Өзің түскен өрт қиын.
Тентек болса, ұл қиын.
Не істеріңді біле алмай
Ашиды сонда бас-миың.
Достарыңызбен бөлісу: |