Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті



бет25/36
Дата05.05.2023
өлшемі222,71 Kb.
#90619
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36
Байланысты:
Амирова кәсіби 2012

3. Имандылық деген ұғымға 1-сынып оқушысына түсінікті болатындай етіп, анықтама немесе түсіндірме беріп көріңіз.


Сабақтың жалғасы
1. Берілген атауларға қатысты мына сұрақтарға жауап беріңіз.
Рақымдылық, көзі ашық, көкірегі ояу.
1. Бұл атауларды Сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?
2. Өз тәжірибеңізден осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?
3. Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?

2. Мәтінді оқыңыз, бір-бірінен кезектесіп интервью алу тәсілін пайдалана отырып, төрт қадамды сұхбат құрастырыңыз.

Ислам дініндегі имандылықтың негізі – білім, ықылас, адамға адал сену, сүйіспеншілік, кішіпейілділік, кең көңілдік.


Қазіргі таңда иман, сауап деп аталатын қастерлі ұғымдар жастар санасына сәулесін молырақ шашып, келешек ұрпақтың рухани өміріне, тәлім тәрбиесіне ізгі әсерін күннен күнге көбірек тигізіп отыр. Жалпы гуманистік принциптер мен негізгі ислам қағидалары бір ойдан шығады. Мысалы, адамның тең құқылығы, адал еңбек, қайырымдылық пен рақымдылық, татулық, бірлік, қарияларды қадірлеу, ұрпақтарды тәрбиелеу, адамды алдамау, қастық, қиянат етпеу т.б. осы орайда ислам дінінің жалпы қағидаларының жастар бойында адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге алатын маңызы зор.
Өкінішке орай, өз қандастарымыз, әсіресе жастар арасында сөзбен айтқысыз хайуандықтар істеліп жатыр. Араққұмарлық, нашақорлық, зорлық, ұрлық-қарлық, жезөкшелік сияқты қазақ ұлтына жат пиғылдар, некесіз туған және тастанды болған тірі жетімдер қазіргі таңда көңіл аударатын негізгі проблемалар. Қоғамымыздағы осындай ислам шариғатына қайшы келетін, қазақ ұлтына жат келетін пиғылдарды көріп тұрып, көзі ашық, көкірегі ояу ел азаматтары сондай нәрселерге жол бермеуге, тыйым салуға бар күш-қуатын жұмсауға тиіс. Осы жерде Абай атамыздың мына сөздері еске түседі: «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, замандасының бәрі жазықты» [14]. Қоғамдағы бүгінгі болып жатқан қатігездік және азғындық белгілерінің барлығы дінсіз тәрбиенің салдары. Өткендердің айтқаны бар: «Құдайдан қорықпағаннан қорық!». Бәлкім, бүгінгі қоғамдағы адамгершілікке жат пиғылдар да нақ осы құдайдан қорықпағандықтан болып жатқан болар.
Қазіргі қоғамның негізгі мақсаты адам тәрбиесі болғандықтан, осы мәселе бүгін де өте маңызды. Адам баласының жан-жақты, толық болуы үшін оған біліммен қатар рухани тәрбие – дін тәрбиесі керек. Бүгінгі ұрпаққа ислам дінінің ақиқатын және қасиетін түсіндіре білу – уақыт талабы.
Жоғарыда айтылған ойымызды қорытындылай келе айта кететін бір сөз, қазір еліміз егемендік алып, тіліміз, дініміз қайта оралған кезде, руханилықтың негізі ислам дінінің көп пайдалы қағидаларын қабылдап, оларды жастар бойына сіңдіре білу қажеттілігі туындап отыр. Қазақ халқының ұлттық дәстүрі мен мәдениеті ислам дінінен бастау алатын әлемдік деңгейдегі мәдениетпен ұштасып жатқандықтан, дін мен имандылықтың және оған қоса тәрбие мен аса ауқымды категория – рухани мәдениеттің өзара байланыстарын зерттеудің ғылыми-әлеуметтік маңызы зор. Бұл мақсат ислам мәдениетінің қазіргі ұрпақ тәрбиесінде адамгершілік үрдістерін байытып, имандылық сезімін тереңдетудің қайнар көздерінің бірі ретінде қарап, таңдауды қажет етеді. Қай кезде болсын қазақ зиялы азаматтарын, соның ішінде ойшыл ақын Міржақып Дулатұлын да ұдайы ойландырып, толғандырған нақ осы мәселе екендігі ешбір күмән тудырмайды.
А. Сайлаубекқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет