5. Мәтіндегі оқиғаға байланысты оның авторына жеке хат жазыңыз, өзіңізді толғандырған жайды қозғап, сол оқиғаға түсініктеме беріңіз.
ЖАЛЫН АТҚАН ЖҮРЕКПЕН
Жас күніңде салсаң жанды азапқа,
Өскеніңде игілікке жетерсің.
Жетерсің де бөленерсің ғажапқа,
Бұл тірліктен өкінішсіз өтерсің.
Өмірден өз орнын тауып, көңілі қалаған іспен айналысу дегенді қалай түсінесіңдер?
Уақыттың адам өміріндегі мәні неде?
«Уақытты өзіңе бағындыр» деген пікірмен келісесіңдер ме?
Адам өмірі үш кезеңнен тұрады: кеше, бүгін және ертең. Кешегі күн өтеді де кетеді. Оның орнын қайта толтыра алмайсың? Ертеңгі күн өте жақын. Сол үшін бүгіннен, қазірден бастап үлкен құштарлықпен, жалын атқан жүрекпен іске кірісу керек. Көңілің қалаған істің нәтижесін көріп, шығармашылық шаттығына бөлену үшін қиялыңа қанат байлап, шабыттана түсу керек. Бұл адамнан уақытты дұрыс пайдалануды талап етеді. Уақыттың қадірін білген адам жастық шақ пен есейген кезді бос өткізбеуді ойластырады. Бүгінгі істі ертеңге қалдыру – ақымақ, жалқау адамның ісі. Уақытты бағалай білген адам еңбегінің жемісін тереді, өмірін мәндіде сәнді өткізеді.
Төменде берілген тұжырымдарға сәйкес «Бағалай білсең уақытты ...» тақырыбында әңгіме құрастырыңдар.
Егер бір күннің қадірін білгің келсе, оны ауырып жатқан науқастан сұра; Егер бір сағаттың қадірін сезгің келсе, оны кездесуге асыққан жандардан сұра; Егер бір минуттың қадірін түсінгің келсе, оны жолдан қалып қойған жолаушыдан сұра; Бір секундтың қадірін білгің келсе, оны жеңіске жете алмай қалған спортшыдан сұра.
Төменде берілген өлең жолдарын жаттап алыңыз.
Уақытты тоқтатар шама бар ма?
Бәрі өтеді дәуірлер, замандар да.
Менің жаным ашиды мына өмірді,
Өтпейтіндей көретін адамдарға.
Өтеді ғой...
Өтеді барлығы да,
Күн арқалап кетеді таңды мына.
Менің жаным ашиды барлығына,
Таң нұрына, адамның тағдырына.
М.Мақатаев.
Достарыңызбен бөлісу: |