4. Мәтін мазмұны бойынша төмендегі Т-кестесін толтырыңыз. Тапсырма: Л.Толстойдың педагогикалық қызметінің тиімді және тиімсіз жақтарын келтіріңіз.
+
-
5. Мына сұрақ төңірегінде ой бөлісіп көріңіз. Егер сізге мектеп ашу мүмкіндігі тисе, оның жұмысын қалай ұйымдастырар едіңіз?
А.С.Макаренконың педагогикалық көзқарастары 1. Ой қозғау.
1) А.С.Макаренко туралы не білесіз?
2) Оның педагогикалық қызметі туралы не айта аласыз?
2. Мына сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын өз сөзіңізбен түсіндіріп көріңіз. Педагогикалық өндіріс, моральдық логика, тәуекел, панасыз балалар, абстрактілі бала, педагогикалық техникалық ой.
3. Мәтінді оқыңыз, автор қандай проблеманы көтереді және оны шешудің жолдарын ұсынады ма? ...біздің балаларымыз — бұл біздің кәрілігіміз. Адамды бақытты болуға үйретуге болмайды — бірақ оны бақытты болатындай етіп тәрбиелеуге болады. Тәрбиелеу әрқашан жүріп отырады, сіз үйде жоқ кезде де. «Біздің педагогикалық өндірісіміз ешқашан технологиялық логика бойынша құрылған емес, әрдайым моральдық уағыз логикасы бойынша құрылып отырды. Бұл әсіресе жеке тәрбие тәжірибесінен анық байқалады. Неге біз техникалық жоғары оқу орындарында материалдардың қарсылығын үйренеміз, ал педагогикалық ЖОО-ларда тұлғаны тәрбиелей бастағанда оның қарсылығын үйренбейміз? Тәуекелден бас тарту — шығармашылықтан бас тарту. Менің қамқорсыз қалған балалармен істеген жұмысым арнайы атқарылған жұмыс болған жоқ. Біріншіден, жұмыс жорамалы ретінде панасыз балалармен жұмыс істеген бірінші күннен бастап мұндай балаларға қатысты ешқандай да ерекше әдіс қолданудың қажеті жоқ деп шештім. (Макаренко А.С., ПСС, т.4, М.1984, с.123).
Кітаптар — бұл түптелген адамдар. «Сіз олармен өте суық сөйлесуіңіз мүмкін, талапшыл да міншіл бола аласыз, сіз оларды байқамауыңыз мүмкін, бірақ сіздің жұмысыңыз, біліміңіз, табыстарыңыз жанып тұрған болса, жан-жағыңызға қарамаңыз: олар сіздің жағыңызда. Және керісінше, әңгіме барысында сіз жылы сөйлеп, қаншалықты қызықтырсаңыз да, мейірімді әрі жайдары болсаңыз да, егер сіздің ісіңіз сәтсіздікке толы болып, әрбір жасаған қадамыңыздан өз ісіңізді білмейтіндігіңіз байқалып тұрса, онда сіздің көретініңіз тек қана қорлық.
Қырық қырық сомдық педагог панасыздардың ғана ұжымын емес, кез келген ұжымды құрдымға кетіре алады. «Олимпиадалық» кабинеттердің төбесінен олар жұмыстың ешқандай бөлшектерін ажырата алмайды. Ол жерден сонау балалық шақтың жағасы жоқ теңізі ғана көрінеді, ал кабинеттің өзінде ой-пікір, қағаз және арман сияқты ең жеңіл материалдардан жасалған абстрактілі баланың моделі ғана тұр. «Олимпиадалықтар» техниканы жақтырмайды. Олардың билігінің арқасында біздің педагогикалық оқу орындарында педагогикалық техникалық ой мүлдем жойылған, әсіресе жеке тәрбие беру ісінде. Бүкіл біздің кеңестік өмірде тәрбие беру саласындағы техникалық жағдайдан асқан аянышты нәрсе жоқ. И поэтому воспитательское дело есть дело кустарное, а из кустарных производств — самое отсталое.
4. Мәтін мазмұны бойынша арық және семіз сұрақтар құрастырыңыз.