Филология әож 639


ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №4, 2019



Pdf көрінісі
бет11/14
Дата18.10.2023
өлшемі0,6 Mb.
#118656
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Four-dimensional System of Teaching the Latin Graphics[#1160750]-2591272

ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №4, 2019 
 
Қазақ тілінің жаңа графикасы мен емле ережелерін оқытуды ескі әдістемеден жаңа 
сапалы деңгейге көтере аламыз. 
Егер қазақ тілін ана тілі ретінде оқыту саласында мұғалімдер мен оқытушыларға көп 
жағдайда, тек орфография мен әліпбидің өзі көбірек оқытылатын болса, қазақ тілін екінші тіл 
ретінде оқыту саласында әдістерге, әдістемелерге, тиімді педагогикалық технологияларға, 
жаттығулар жүйесіне көбірек назар аударылады. Нақты айтқанда меңгерту әдістерін 
алдыңғы орынға қою байқалады. 
Бағдарламада көрсетілген әрбір тақырыпты нақты салаларға, оқыту нысандарына қарай 
өзгерту, яғни бейімдеу керек екені белгілі. Сондықтан әрбір көрсетілген тақырып әрі қарай 
дифференциацияланып, әлеуметтік топтар мен бағдарларға қарай бейімделеді. 
Бағдарламаға негізделіп, алдағы уақытта жаңа әдістемелік жүйелер мен тиімді 
технологиялар түзілетіні белгілі. 
Алдымен жаңа әліпбиді меңгерту бағытындағы жұмыстар жүргізіліп, графика мен 
каллиграфиялық дағдыларды қалыптастыру жаттығулары орындатылады. 
Одан соң жаңа емле ережелерінің әрбір пунктіне байланысты тапсырмалар мен 
жаттығулар орындатылады. А.Байтұрсынұлы атындағы Білім Академиясы тарапынан осы 
міндетті шешуге байланысты арнайы жаттығулар жүйесі әзірленуде. 
Тиімді әдістемелер мен педагогикалық технологиялардың жаңа әліпби мен жаңа емле 
ережелерін меңгерту мақсаты мен міндеттеріне сәйкес, дидактикалық материалдар жинақ- 
талады. Ондай дидактикалық материалдар қатарында, мәтіндер, дидактикалық-иллюстрация- 
лық материалдар, аудио және бейне материалдар, фильмдер мен радио хабарларынан, 
спектакльдерден үзінділер, газет-журнал, смартфон мүмкіндіктері мен компьютерлер, 
интернет мүмкіншіліктері – дидактикалық тұрғыдан жақсы нәтижеге жеткізуге септігі тиетін 
барлық құралдар қолдануға болады. 
Осы кезге дейін кирилица әліпбиін қолдана отырып, орфографиялық ережелерді оқыту- 
да, үйретуде қазақша жазу сауаттылығын жоғары деңгейде қалыптастыру мүмкіндігінің қол 
жеткізбей келген себептері біршама. 
Оның ішінде қазақша айту мен жазу алшақтығынан басқа, орфографиялық ережелерді 
оқытуға аз назар аударылғанын да қосу керек. Сонымен бірге орфографияны оқыту 
әдістемесінің зерттелмеуі, жазылымды оқытуда көбіне тек қазақ тілін екінші тіл ретінде 
оқыту бағытына қатысты қарастырылғаны, оның өзінде дәстүрлі, қалыпты әдістер ғана 
қолданып келуі, ендігі ретте латыннегізді қазақ жазуына және жаңа емле ережелерін оқытуда 
жаңа болмыспен түрленуі міндетті болмақ. 
Латын графикасына негізделген жаңа жазуды әрбір үйренушіге бірден сапалы әдіспен 
меңгерту – заман талабы. Сондықтан, бұл мәселе өзектілігімен күн тәртібіне қойылып отыр. 
Сонымен бірге орфографиялық сауаттылық – әрбір қазақтың, әрбір қазақстандықтың өз 
бетімен қазақша мәтіндерді, сөздерді, сөйлем мен сөз тіркестерін жаза алу қабілеті. Осы 
сауаттылық деңгейіне жеткізу үшін, жаңа әліпби мен жаңа емле ережелерін үйрету тренерлер 
мына жағдайларды болдырмау үшін, олардың алдын алып отыруды өз жұмыстарының 
маңызды қыры деп қабылдауы керек. 
1)
Қазақша жазу барысында үйренушілердің қоршаған ортасы сауатсыз болмауын білу 
керек, атап айтсақ, хабарландыруларда, газеттерде, жарнамалардағы қателерге көзі үйренген 
болса, оны норма деп қабылдайтынын ескеру керек. 
2)
Жаңа жазуды үйрететін мұғалімдер мен оқытушы /тренерлердің оқыту әдістемесінің 
ескі сүрлеуде қалып қоймағанын ескеру керек. 
3)
Жаңа жазуды үйренушілердің жеке басы ерекшеліктеріне назар аудару керек. 


17 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет