Филология факультеті



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата12.03.2017
өлшемі0,54 Mb.
#9201
1   2   3   4   5   6   7   8   9

СӨЖ мазмұны: Аударма жəне Абай 

Əдебиет:  

1. А.Байтұрсынов “Əдебиет танытқыш”. Алматы, Атамұра. 2003 

2. Ќ.Жұмалиев.ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ əдебиеті.  А., 1967  

3. Қоңыратбаев Ə. Қазақ əдебиетінің тарихы. А., 1994. 

4. Сүйіншалиев Х. ХІХ ғасыр əдебиеті. А., 1992 

5. Сыздықова Р. Қазақ əдеби тілінің тарихы / ХҮ-ХІХ ғасырлар 

 А., Ана тілі, 1993. 

6.  Əуезов М. Əдебиет тарихы. Ана тілі, 1991. 

 

15 апта:  

 

Дəріс 15 

Тақырыбы: Абай қара сөздері  


Дəріс мазмұны: Қара сөздердің стиль, мазмұны. Сыншылдық, ойшылдық 

жəне көбінеше адамгершілік, мораль мəселелеріне арналған өсиет, толғаулар. 

Абай қара сөздерінің тақырып, мазмұн ерекшеліктеріне қарай түрлері.  

Əдебиет:  

1. 

А.Байтұрсынов “Əдебиет танытқыш”. Алматы, Атамұра. 2003 



2. 

Ќ.Жұмалиев.ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ əдебиеті.  А., 1967  

3. 

 Қоңыратбаев Ə. Қазақ əдебиетінің тарихы. А., 1994. 



4. 

Сүйіншалиев Х. ХІХ ғасыр əдебиеті. А., 1992 

5. 

Сыздықова Р. Қазақ əдеби тілінің тарихы / ХҮ-ХІХ ғасырлар 



 А., Ана тілі, 1993. 

6. Əуезов М. Əдебиет тарихы. Ана тілі, 1991. 



Практикалық сабақ тақырыбы: Абай қара сөздері  

Практикалық сабақ мазмұны:

 Қара сөздердің стиль, мазмұны. 

Сыншылдық, ойшылдық жəне көбінеше адамгершілік, мораль мəселелеріне 

арналған өсиет, толғаулар. Абай қара сөздерінің тақырып, мазмұн 

ерекшеліктеріне қарай түрлері.  

Əдебиет: 

1. А.Байтұрсынов “Əдебиет танытқыш”. Алматы, Атамұра. 2003 

2. Ќ.Жұмалиев.ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ əдебиеті.  А., 1967  

3. Қоңыратбаев Ə. Қазақ əдебиетінің тарихы. А., 1994. 

4. Сүйіншалиев Х. ХІХ ғасыр əдебиеті. А., 1992 

5. Сыздықова Р. Қазақ əдеби тілінің тарихы / ХҮ-ХІХ ғасырлар 

 А., Ана тілі, 1993. 

6.  Əуезов М. Əдебиет тарихы. Ана тілі, 1991. 



СОӨЖ  мазмұны:  Адамгершілік  тəрбиесі,  мінез-құлық  мəселелері  туралы 

қара  сөздері  (№4,  14,  15,  17,  18,  21,  22,  28,  34,  42,  44  –  сөздер.  1-қара  сөзді 

жаттау міндетті) 

Əдебиет:  

1. А.Байтұрсынов “Əдебиет танытқыш”. Алматы, Атамұра. 2003 

2. Ќ.Жұмалиев.ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ əдебиеті.  А., 1967  

3. Қоңыратбаев Ə. Қазақ əдебиетінің тарихы. А., 1994. 

4. Сүйіншалиев Х. ХІХ ғасыр əдебиеті. А., 1992 

5. Сыздықова Р. Қазақ əдеби тілінің тарихы / ХҮ-ХІХ ғасырлар 

 А., Ана тілі, 1993. 

6.  Əуезов М. Əдебиет тарихы. Ана тілі, 1991. 



СӨЖ мазмұны:

 Абайтану ғылымының қалыптасу, даму тарихы. 

Əдебиет:  

1. А.Байтұрсынов “Əдебиет танытқыш”. Алматы, Атамұра. 2003 

2. Ќ.Жұмалиев.ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ əдебиеті.  А., 1967  

3. Қоңыратбаев Ə. Қазақ əдебиетінің тарихы. А., 1994. 

4. Сүйіншалиев Х. ХІХ ғасыр əдебиеті. А., 1992 

5. Сыздықова Р. Қазақ əдеби тілінің тарихы / ХҮ-ХІХ ғасырлар 



 А., Ана тілі, 1993. 

6.  Əуезов М. Əдебиет тарихы. Ана тілі, 1991. 

 


Негізгі жəне қосымша əдебиет тізімі. 

 

1. А.Байтұрсынов “Əдебиет танытқыш”. Алматы, Атамұра. 2003 

2. Ќ.Жұмалиев.ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ əдебиеті.  А., 1967  

3. Қоңыратбаев Ə. Қазақ əдебиетінің тарихы. А., 1994. 

4. Сүйіншалиев Х. ХІХ ғасыр əдебиеті. А., 1992 

5.  Сыздықова  Р.  Қазақ  əдеби  тілінің  тарихы  /  ХҮ-ХІХ  ғасырларА.,  Ана  тілі, 

1993. 

6.  Əуезов М. Əдебиет тарихы. Ана тілі, 1991. 



7. Тілепов Ж. Тарих жəне əдебиет. – Алматы, 2001. 

8. Мəдібай Қ. ХІХ ғасыр əдебиеті. І, ІІ кітаптар. – Алматы, 2001.  

 

 

 



3. Пəн бойынша тапсырмаларды орындау жəне тапсыру кестесі. 

 

№ 

Жұмыс 

түрі 

Тапсырма-

ның   

мақсаты 

мен 

мазмұны 

Ұсыныла-

тын 

əдебиеттер 

Орындау 

мерзімі жəне 

тапсыру 

уақыты 

(аптасы) 

Балл  

Бақыл

ау түрі 

1  СОӨЖ 


тапсырма-

ларын 


орындау 

(барлығы 

16  тапсыр-

ма) 


 

Жоғарыда 

көрсетілді 

СОӨЖ  кестесі 

бойынша 

берілген уақыт 

шеңберінде  

100% дейін   Тапсы

рма-

ларды


ң 

орынд


а-

луын, 


сұрақт

арға 


жауап 

беру 


қабіле

тін 


тексер

у 

2  СӨЖ 



тапсырма-

ларын 


орындау 

(барлығы  

15  тапсыр-

ма) 


Ойлау 

қабілеттері

н  шыңдап, 

шығар-


машылықта

рын 


дамыту 

Жоғарыда 

көрсетілді 

СӨЖ 


кестесі 

бойынша 


берілген уақыт 

шеңберінде  

100% балл 

Өз  


беттері

мен 


жұмыс

тануға 


үйрету 

3  Жазба 

жұмыс 


(реферат) 

түрінде 


аралық 

бақылау 


Студенттер

ге  реферат 

бере 

отырып, 


олардың 

іздендіру, 

білімдерін 

тереңдету.   

Жоғарыда 

көрсетілді 

 

100% балл 



 

5  Емтихан  

Білімді 

кешенді 


тексеру 

 

 



100 

Тест 


 

4.Пəннің оқу-əдістемелік қамтамасыз етілу картасы. 

 

 



 

 

Əдебиет атауы 



 

Барлығы 


 

Ескерту 


 

Кітапха


нада 

 

Кафед



рада 

Студентт


ердің  

қамтылу 


пайызы  

(%)  


Электр

онды 


түрі 













1.  А.Байтұрсынов  “Əдебиет 

танытқыш”. 

Алматы, 


Атамұра. 2003 

 

 



 

 

 



 

 

2.  Ќ.Жұмалиев.ХҮІІІ-ХІХ 



ғасырлардағы қазақ 

əдебиеті.  А., 1967 

 

 

 



 

 

3.  Қоңыратбаев 



Ə. 

Қазақ 


əдебиетінің  тарихы.  А., 

1994 


 

 

 



 

 

4.  Сүйіншалиев 



Х. 

ХІХ 


ғасыр əдебиеті. А., 1992 

 

 



 

 

 



 

 

 



5.  Сыздықова  Р.  Қазақ  əдеби 

тілінің  тарихы  /  ХҮ-ХІХ 

ғасырлар 

А., Ана тілі, 1993. 

 

 

 



 

 

 



 

6.  Əуезов 

М. 

Əдебиет 


тарихы. Ана тілі, 1991. 

 

 



 

 

 



 

7.   Тілепов  Ж.  Тарих  жəне 

əдебиет. – Алматы, 2001. 

 

 



 

 

 



 

8.   Мдібай  Қ.  ХІХ  ғасыр 

əдебиеті.  І,  ІІ  кітаптар.  – 

Алматы, 2001.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 

5. 



Дəрістік  кешен  (дəріс    тезистері,  көрнекілік,  таратылу  материалдары, 

қажетті əдебиет тізімі). 

№1 дəріс. 

Тақырыбы:  ХІХ  ғасырдың  қазақ  елінің  тарихи-əлеуметтік  жағдайларына 

сипаттама 



Қарастырылатын  сұрақтар:  ХІХ  ғасырдағы  қазақ  əдебиеті  –  ұлттық  сөз 

өнерінің  елеулі  кезеңін  қамтитын  пəн.  Көркем  əдебиеттің  қоғамдық-

əлеуметтік  оқиғалармен  байланысты.  Ауызша  дəстүрлі  жыраулық  жəне 

ақындық поэзияның таюиғи сабақтастығы. Айтыс өнерінің дамуы 



Дəрістің  мақсаты:  Ұлттық  сөз  өнерінің  елеулі  кезеңін  қамтитын  пəннің 

тарихы-əлеуметтік жағдайынан мағлұмат беру 



Дəріс мазмұны:   

 

19  ғасырдан  бастап  қазақтың  жазба  əдебиеті  -  əлеумет  халін  ұғып,  ел 



қамын  жоқтауға  кірісіп,  қауым  қызметін  атқара  бастады,  елдің  саяси  пікірі 

мен  тілек,  мақсат,  мұң,  зар  сияқты  сезімдердің  басын  қосып,  жаңадан  ой 

неізін,  салт  санасын  құруға  кірісті,  бұл  уақытқа  шейін  болмаған  əлеуметтік 

сарыны, азаматтық нысанасы бой көрсетті. Осындай əлеуметшілдік сарынды 

көбейткенг тарихи оқиғалар бұл дəуірде орыс отаршылдығымен байланысты 

туды. Ресей империясына бодан болу, сонымен байланысты туған ел ішіндегі 

өзгерістер,  қанаудың  күшеюі,  халықтың  тіршілік  ету  аясының  тарылуы, 

ұлттық  намыстың  тапталуы  қазақ  ақындары  шығармаларында  кеңінен 

бейнеленді.  Осы өзгеріске  қарсы  анық наразылық М.Өтемісұлы  өлеңдерінен 

айқын  көрінеді.  М.Өтемісұлы  жырлары  –  Исатай  Тайманұлы  бастаған 

көтерілістің  (1836-37)  ұраны,  үні.  Мұнда  көтерілістің  мақсат-мұраты 

(«Қорлықта  жүрген  халқыма  бостандық  алып  берем  деп»)  оған  қатысатын 

ерлердің  сипаты  (Ереуіл  атқа  ер  салмай),  соғыс  суреттері  («Соғыс»)  т.б 

байланысты  өлеңдеріне  жалғасып,  тұтастай  көтеріліс  тарихын,  сол  кездегі 

əлеуметтік жағдайды бейнелейді.  

 

ХІХ  ғасыр  поэзиясының  өзгеше  байлығы  мен  бағалылығын  сөз 



еткенде, назар аударарлық бірер жай, арғы дəуірлермен салыстырғанда əдеби 

мұралардың  молырақ  жеткендігі  деуге  болады.  Бірақ  бұған  қарап,  ХІХ 

ғасырдың  поэзиясыц  бізге  толық  жеткен  деуге  болмайды.  ХІХ  ғасыр 

поэзиясының  өзі  бастапқы  мол  қалпында  толық  сақталған  жоқ.,  ал  бізге 

жеткені бір кездегі үлкен поэзияның белгілі бір бөлігі ғана.  

 

ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясының үлкен ерекшеліктерінің бірі ретінде 



–  осында  айтыс  өнерінің  өзгеше  басым  орын  алып,  айтыс  ақындарының 

орасан  көп  шыққанын  атаған  жөн.  Ғасыр  поэзиясының  салмақты  жүгін 



көтеріп тұрған Жанақ пен Шөже, Орынбай мен Түбек, Бақтыбай мен Сақау, 

Біржан  мен  Кемпірбай,  т.т.  ең  алдымен  айтыс  өнерінің  өрендері,  су 

шайқалмас  жорғалары,  аттары  кезінде-ақ  барша  қазаққа  жайылған  даңқты 

жүйріктер.  

 

Ақындардың  қоғамдық  орта  да  əлеуметтік  жағдайының  қандай  да 



қиындығына  қарамастан  ХІХ  ғасырдағы  қазақ  поэзиясының  үлкен  бір 

ерекелігін  –  оның  сыншылдыққа  қарай  ойысуы  деп  атауымыз  керек.  Осы 

шындықты əр ақынның шығармашылығында өзіне лайық мөлшерде көреміз. 

Ал  олардың  тұтас  тұрқы  жалпы  бүкіл  əдебиеттің  сыншылдық  беталысын 

танытады.  

 

ХІХ  ғасырдың  соңғы  отыз  жылы  қазақ  əдебиетінің  жаңа  өрлеу  кезеңі 



болып  табылады.  Бұл  тұста  қазақ  қоғамында  ағартушылық  идеология 

қоғамдыө өмірге келді.  



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: ХІХ ғасыр əдебиетінің зерттелу тарихы. 1822, 

1868  жылғы  саяси  реформалар.  Хандық  билеу  жүйесінің  жойылуы.  Исатай-

Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-

азаттық қозғалыс. ХІХ ғасырдағы оқу-ағарту ісі, баспасөз.  



Пайдаланатын əдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7. 

 

№ 2дəріс.  

Тақырыбы: Дулат Бабатайұлы 

Қарастырылатын  сұрақтар:  Өмірі  туралы  мəлімет.  Шығармаларының 

зерттелуі.  Арнау  толғауларының  тақырыптық  арналары.  Ақын  дастандыры  

(«Еспембет», «Шаштараз» т.б) 

 Дəрістің  мақсаты:  Дулаттың  өмірімен  шығармашылығынан  терең  таладай 

отырып, мағлұмат беру   

 Дəріс мазмұны:   

 

Дулат  Бабатайұлы  –  туған  елінің  тарихи  бір  кезеңін  жырлап  өткен 

қайталанбас  ақын.  Отарлау  саясатының  қазақ  елінің  егемендігін  біржола 

жойып,  тəуелді  жұртқа  айналдыру  əрекетіне  қрсы  халықты  үгіттеу 

міндеттерін  алдына  мақсат  қылған  нағыз  ел  қамқоры,  сыншыл  да,  сыршыл 

ақын.  Ол  -  өзі  жасаған  заманға,  отаршыл  зорлығына,  ол  қауымға  қызмет 

еткен  əкімдерге,  аға  сұлтандық  билікке  түбегейлі  қарсы  шыққан,  халқының 

тəуелсіздігін көксеген əрі күрескер, əрі реалист ақын.  

 

Дулат  Балқаш  пен  Аягөз  маңын  жайлаған  найман-Сыбан  елінен 



шыққан.  Бізге  жеткен  өлеңдерінде  кездесетін  кейбір  деректерге  қарағанда, 

Дулат  ескіше  оқыған,  сауатты  ақын  болған.  «Өсетнаманы»  шығарушы 

Дулаттың  қолжазбасынан  өзі  көшіріп  алғанын    ғана  баспаға  ұсынып 

отырғанын ескертеді.  

 

Дулаттың    өлеңдерін  жазып  алған  Ғаббас  Байділдəұлы  мен  Шəкір 



Əбенұлының  еңбегі  ерекше.  Бізге  жеткен  Дулат  өлеңдерінің  көлемі  1500 

жолдай.  1880  жылы  Қазанда  шыққан  «Өсетнама»  кітапқа  ақынның  біраз 

өсиеттері  мен  толғаулары  енген.  Жалпы  көлемі  800  жолдай.  Дулат 

шығармашылығының  ішінде  ұзақ  арнау  өлеңдер,  нақыл-өсиет  ретінде 

айтылатын дидактикалық терме, ертек-аңыз сюжетінде жазылған толға жəне 


бірнеше  мысал  сөздер  бар.  Шығармаларының  идеялық  мазмұны  əр  алуан. 

Олар  негізінен  қазақ  қоғамындағы  белгілі  кезеңнің  тарихи  шындығын 

қамтиды.  

 

Дулат  «Бірінші  сөз»  деп  аталатын  өлеңінде  туған  өлкесінің  сұлу 



табиғатын  ардақтап,  өзін  соны  қорғаған  қызғышқа  теңейді.  Ол  өзінің 

«Бесінші  сөз»  немесе  «Ата  қоныс  Арқада»  деп  аталатын  өлеңінде  Арқаны 

жайлаған  қазақтардың  бір  кездегі  тарихын  баян  етеді.  Ол  қазақ  халқының 

жоңғарларға қарсы ерлік күрес жүргізу арқылы елдігін сақтап келгенін, туған 

жерін  қалмақтардан  қорғай  білгенін  айтып,  сол  кездегі  ерлікті,  дербестікті 

мадақтайды.  

 

Дулат  шығармашылығынан  елеулі  орны  алатын  «Еспембет»  атты  ұзақ 



толғау.  Бұл  өзінің  көлемі,  құрылысы  жағынан  халық  жырлары  үлгісіндегі 

ерлік  дастан  тəрізді.  Ақын  бұл  шығармасында  жетім  бала  тағдырын  сөз 

қылады. Дастан халық ауызында жүрген Еспембет батыр туралы аңыз сюжеті 

бойынша жазылған.  

 

Дулат  қазақ  əдебиті  тарихында  алғаш  мысал  жазған  ақын  болып 



саналады. Оның бізге жеткен қызғылықты төрт,бес мысалы бар. Бұл жағынан 

оны əдебиетке жаңа бір форма əкелуіші, жаңалық енгізуші деп қараған жөн.  

 

Дулаттың мысал ретінде жазылған шығармалары үлгі, өнеге беру, ақыл 



айту  ретінде  келіп  отырады.  Онда  кішіпейілділік,  бірлік,  əділеттілік 

жақталып,  мақтаншақтық,  менмендік,  бейшаралық,  орынсыз  пысықтық 

сыналады.  

 

Нысапсыз  патша  туралы  шығарған  «Бір  патшаның  бір  кзде»  деп 



басталатын  аңыфз  мысал  өлеңінде  ақын  дүниеқор,  баққұмар  патша 

пайдақорлық жолында өз түбіне жеткенін мысқылдайды.  

Дулаттың «Шымшық пен бөдене» 

 Туралы  өлеңі  де  осындай  мысал  сөз  ретіндегі  шығарма.  Ақын  мұнда 

орынсыз  мақтау,  желбуаздыққа  қарсы  шығады.  Кішіпейіл,  адал  болуға 

баулиды. Мысал стилінде жазылған тағы бір шығармасы – «Шаштараз». Бұл 

да қысқаша сюжетке құрылған өнегелі, өрнекті туынды. Оның да оқушысына 

тəлім берерлік əлі күнге мəні бар. Мысалдың мазмұнына халық арасына кең 

тараған Ескендір патша туралы бір аңыз негіз болған.  

Дулат шығармалары көбінеше əлеумиенттік торлғау түрінде келеді. Өзі 

жасаған заман, қоғам жайлапрын қозғайды. Тұсындағы қоғамдық, əлеуметтік 

өзгерістерге сын көзімен  қарап, оған қарсы батыл үн қатады. Сондайақ ақын 

көптеген шығармаларында өнеге-ақыл беріп, адамгершілік идеялар ұсынады. 

Жақсылық  жолына  əділеттілікке,  адал  жүріп,  анық  басуға  нұсқайды,  ақыл-

нақыл, аталық өсиеттер айтады.  

Өзін-өзі  тексеретін  сұрақтар:  Д.  Бабатайұлының  шығармашылығының 

зерттелуі, Басылым жайы. Дулат жəне Абай поэзиясы.  



  

Пайдаланатын əдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7. 

 

№ 3 дəріс.  

Тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы  

Қарастырылатын 

сұрақтар: 

Өмірі 


туралы 

мəлімет. 

Махамбет 

шығармаларын 

жариялау, 

зерттеу 


жұмыстары. 

Махамбет 

– 

қазақ 


əдебиетіндегі  сыншыл  реали  стік,  романтикалық  толғау  ақыны.  Ақын 

жырларындағы күрескерлік, жауынгерлік, азаматтық əуендер. 



Дəрістің  мақсаты:  Махамбеттің    өмірімен  шығармашылығынан  терең 

таладай отырып, мағлұмат беру   

  

Дəріс мазмұны:   

 

Қазақ  қауымындағы  бодан  қайшылықтың  шиеленіскен  кезін,  отаршыл 

патша əкімдері мен қарапайым халық арасындағы кескілескен күресті нағыз 

шындық тұрғысында жырлап өткен жалынды ақын Махамбет еді. Ол- езілген 

елдің жоғын жоқтап, ар-намысын қорғаған күрескер ақын.  

 

Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы Батыс Қазақстан облысындағы Нарын 



құмында  туған.  Ақынның  бүкіл  өмірі  мен  ақындық  қуаты  түгелдей  дерлік 

халық  азаттығы  қамында  жұмсалады.  Кеудесін  кернеп, халқының  мұңы  мен 

зарын  толғады.  Махамбет  шығармашылығын  зерттеуші  ғалымдар  3  кезеңге 

бөліп  қарастырады.  Көтеріліске  дейін,  көтеріліс  кезеңі  жəне  көтерілістен 

кейінгі кезең.  

 

Махамбет  заман  шындығынан  бірден-бір  дұрыс  қорытынды  жасай 



білген  реалист  ақын  болды.  Халық  бақыты,  ел  мүддесі  үшін  күрескен 

Махамбеттей жалынды ақын өлеңі өмір шындығынан аулақ болуы мүмкін де 

емес еді.  

 

Ол  Исатайдың  ерлік  тұлғасын  бейнелеп,  сол  арқылы  күреске  аттанған 



барлық  халықтың  алып  күшін  көз  алдыңа  елестетеді.  «Мінкен  ер», 

«Тарланым»,  «Тайманның  ұлы  Исатай»,  «Біз  неткен  ер»,  «Тарланым»,  «Ұл 

туса», «Туған ұлдан не пайда», «Исатай деген ағам бар», «Еңселігім екі елі», 

«Арғымақтың  баласы»,  т.,б.  өлеңдерінде  ақын  халықтың  ерлік  тұлғасын 

толық  танытады.  Бұл  аталған  өлеңдер  өзінің  адамгершілік,  ерлік 

идеяларымен де құнды.  

 

Ақын «Ұлы арман» деген өлеңінде көтеріліс туын қайта көтеріп, жауға 



қарсы  күш  көрсетер  күнді  аңсайды.  Халықтың  ар-намысын  оятывп,  оларды 

түгел көтеріліске үндеп, жаудан кек алуды алға мақсат қып қояды.  

 

Махамбет  өлеңдері  жігерлі  де  асқақ  романтикаға  толы.  Ақын  қиялы 



алыс  қияға  самғап,  өмір  өрін  кзеді.  Рас,  ақын  өзінің  «Жалған  дүние», 

«Шашылу»,  «Қайда  бар»,  «Жалғыздық»,  «Шегініс»  т.б  өлеңдерінде  мұң-

шерге  көбірек  беріледі.  Бірақ  бұл  ақын  шығармаларының  реалистік  негізгі 

сиапты əлсірете алмайды.  

 

Махамбет  өзінің  шығармаларында  табиғат  көріністрін  айтқалы 



отырғанын  ойларына шебер ұштастырып қайталанбас образдар жасайды. Əр 

тұста орынды ой орамын тауып, келісті шендестірулер қолданады.  

 

Орайда борай қар жауса, 



 

Қалыңға боран борар ма? 

 

Қаптай соққан боранда 



 

Қаптама киген тоңар ма? 

Махамбеттің көптеген өлеңдерінде кездесетін ақындық «Меннің» мəні терең. 

Оған халық ерлігі, халықтық ең асыл қасиеттердің бəрі түгел сыйып жатады.  



 

«Мен  ақсұңқардан  туған  құмаймын»,  «Мен  тауда  ойнаған  қарт 

маралмын»,  «Боз  ағаштан  биік  мен  едім»,  «Томағалы  сұңқар  мен  едім», 

«Таудағы  тарлан  шұбар  біз  едік»,  «Мен  бір  шарға  түскен  қара  балта  едім», 

«Мен  ақсұңқар  құстың  сойымын»,  «Мен  кесекті  ердің  сойымын», 

«Шамдансам жығар асаумын», «Шамырқансам сынар болатпын» деп келетін 

көптеген  тропа,  метафора  (ауыстырулар)  ақын  тіліндегі  көркемдеу 

құралдардың сан алуан құбылып отыратынын танытады.  

 

Ақын  өлеңдері  өзінің  құрылысы  жағынан  да  көңіл  аударады.  Оның 



өлеңдері  ақын  ойына  сай  келіп,  жымдасып  жатады.  Қ.Жұмалиев  өзінің 

зерттеулерінде  «Махамбет  өлеңдері,  көбіне  жыр  (7,8  буынды)  ағымымен 

келеді» - деп қорытады.  

 

Махамбет өлеңдерінің ұйқас ерекшелігі де бар. Оның көп қолданатыны 



–  шұбыртпалы  ұйқас.  «Ереуіл  атқа  ер  салмай»,  «Мұнар  күн»,  тағы  басқа 

өлеңдері.  Бұдан  басқа  кезекті  ұйқас,  ерікті  ұйқас,  аралас  ұйқас  түрлеріне  де 

қолданған.  Сондай-ақ    Махамбетке  тəн    бір  ерекшелік  ішкі  ұйқасты  жиі 

қолданады.  

 

Махамбет,  сонымен  бірге  қазақ  поэзиясында  қоғамдық  күресшілдік 



сананы  нығайтып,  сын-сықақ  сарынын  қалыптастырды.  Қазақ  сатирасының 

қоғамдық,  əлеуметтік  мəнін  күшейтті.  Сатира  жанрының  өткір  үлгілерін 

көрсетіп,  кейінгі  көп  ақындарға  ықпал  етті.  Поэзияның  көркемдік,  идеялық 

жағынан жетіле түсуіне сүбелі үлес қосты.  



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Махамбет жəне дəстүрлі жыраулық поэзиясы. 

Махамбет  өлеңдерінің  көркемдік  сипаты.  Махамбет  поэзиясындағы  Исатай 

бейнесі 

  

Пайдаланатын əдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7. 

 

№ 4 дəріс.  



Тақырыбы: Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867) 

Қарастырылатын сұрақтар: Өмірі туралы мəлімет. Ол Исатай, Махамбет 

бастаған халық көтерілісінің жыршысы. Шернияз – суырып салма ақын.  



Дəрістің  мақсаты:  Шернияздың    өмірімен  шығармашылығынан  терең 

таладай отырып, мағлұмат беру   



Дəріс мазмұны:   

 

Шернияз  Жарылғасұлы  қазіргі  Ақтөбе  облысы,  Ойыл  ауданы, 



Жарыпшыққан  дейтін  өзеннің  бойындағы  Ақкете  руынан  шыққан.  Ақкете  – 

оның  он  бірінші  атасы.  Шернияздың  туған  өлген  жылы  туралы  да  мəлімет 

жоқ,  бірақ  Исатай,  Махамбет  бастаған  халық  көтерілісіне  бастан-аяқ 

қатысуы, көтеріліс басылғаннан кейін де бірнеше жылдар өмір сүргені мəлім. 

Көтеріліс  жеңіліс  тапқаннан  кейінгі  Шернияздың  жүрген  жері  –  Жайықтың 

бергі  беті,  Əлім,  Байұлы,  Жетіру  елдері.  Исатай,  Махамбет  көтерілісіне 

қатысушылардың бірі болғандықтан, Шернияз əуелгі кезде хан сұлтандардан 

қашып  жүреді.  Жайықтың  бергі  бетіндегі  елдерді  басқарушы  сұлтан 

Айшуақов  Баймағанбеттің  қудалауынан  құтыла  алмайтын  болғандықтан, 

Шернияз  өзі  келеді.  (Кейбір  əңгімелерде  оны  Баймағанбет  айдатып 

алдырады.) 


 

Шернияз  жайлы  мəліметтерді  қарастырғанда,  оның  өмірінің  бірінші 

кезеңі халық  қамын  ойлаған  Исатай,  Махамбеттердің  қасында  болып, халық 

тілегі, ел мүддесіне жұмсалып, халықтың ыстығына күйіп, суығына тоңумен 

өткендігін  көрсек,  екінші  кезеңі  Баймағанбет  сұлтанның  сарайында 

өткендігін  көреміз.  Сол  кез,  сол  жағдайды  еске  алсақ,  неге  олай 

болғандығының нақты себептерін айқындау қиын емес.  

 

Шернияз  өлеңдерінде  тарихи  екі  адам  туралы  айтылады:  бірі  – 



халықтың  досы,  қамқоршысы  болған  Исатай,  екіншісі  –  халықты  езуші 

Баймағанбет.  Шернияздың  Баймағанбетке  айтқан  сөздерінің  мазмұны, 

құрылысы  жағынан  алып  қарасақ,  мақтады    деген  өлеңдерінің  өзінде  де 

мысқыл-кекесін жатады.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет