Филология факультеті


Өзін-өзі  тексеретін  сұрақтар



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата12.03.2017
өлшемі0,54 Mb.
#9201
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Өзін-өзі  тексеретін  сұрақтар:  Ақан  сері  –  лирик,  əнші,  ақын.  Ақын 

поэзиясындағы көңіл-күй əуендері. «Сырымбет», «Қара торғай», «Үш тоты», 

«Ақ кйөлек» т.б. əн-өлеңдері.  

  

Пайдаланатын əдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7. 

 

 

 

№11 дəріс  

Тақырыбы: Ағартушылық, демократиялық мазмұндағы реали стік жаңа 

жаба əдебиет. Ш.Уалиханов (1835-1865) 



Қарастырылатын сұрақтар:

 Ағартушылық, демократияшыл көзқарастағы 

ақын-жазушылар шығармашылығының ХІХ ғас ырдағы əлемдік өркениет 

дамуындағы маңызы. Қазақтың ағартушы, демократ ақын-жазушыларының 

шығармашылығына өзек болван мəселелер. Ш.Уалиханов өмірі туралы 

мəлімет. Шоқанның фольклор, əдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы 

зерттеу еңбектері.   

Дəрістің мақсаты: Ш.Уалихановтың ғылыми-шығармашылық мұрасымен 

таныстыру, əдеби мұраны ғылым нысанына айналдырудағы рөлін жеткізу  

Дəріс мазмұны:   

Шоқан  Уалиханов  –  қазақ  халқының  тарихында  өз  елінің  болашағын  дұрыс 

болжап,  сеніммен  алға  қараған,  елізушілердің  мүддесін  қорғаған  тұңғыш 

демократы болды. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Шоқан  орыстың  ХІХ  ғасырдағы  озат  ойшылдары, 

революционер демократтары Белинский, Чернышевский, Добралюбовтардың 

идеяларынан  рухани  нəр  алды.  Бірақ  Шоқан  ол  ұстаздарының  дəрежесіне 

көтере 


алған 

жоқ. 


Шоқан  –  қазақ  халқының  шын  мəніндегі  тұңғыш  ғалымы,  оның  ғылыми 

жұмысқа  құмарлығы  жəне  оған  икемділігі  кадет  корпусында  оқып  жүрген 

кезінде-ақ  белгілі  бола  бастайды.  Бұған  Г.Н.Потаниннің  мына  сөздері  дəлел 

бола  алады:  «14-15  жастағы  Шоқанғы  Шоқанға  кадет  корпусының 

бастықтары  болашақ  зерттеуші,  тіпті  ғалым  деп  қарайтын...  Шоқа  ол  кезде 

аса  көп  оқитын.  Бұл  көп  оқуы  оның  сыншылдық  қабілетін  өсіді.  Оның 

адамгершілік мəселесі жəне кейіннен өзінің мамандығы болып кеткен шығыс 

философия 

жөніндегі 

пікірлері 

бізді 

таң 


қалдыратын». 

Шоқан  өз  халқының  тарихына,  мəдениетіне,  ауыз  əдебитінің  нұсқаларына 

ерекше  көңіл  бөлді.  Ол  өзінің  жинаған  материалдары  туралы  былай  деп 

жазды:  «Этнографиялық  очерктер,  статистік  мəліметтер,  тарихи  хабарлар, 

үйсіндер  мен  қырғыздардың  халықтық  əдебиетінің  ескерткіштерін  бірнеше 

дəптер 


етіп 

жаздым». 

Орыс  жолдастары  мен  достары  Шоқан  қайтыс  болғаннан  кейін  оның 

жарияланбай  қалған  еңбектерін  жинап  бастырды.  Шоқанның  шығармалары 

1904  жылы  Петербургте  академик  Н.И.  Веселовскийдің  редакциясымен 

басылып  шықты.  Осы  кітаптың  алғы  сөзінде  академик  Н.И.  Веселовскйй 

былай  деп  жазды:  «...Шоқан  Уалиханов  Шығыстану  əлемінің  үстінен 

құйрықты  жұлдыздай  жарқ  ете  қалды.  Орыстың  шығысты  зерттеуші 

ғалымдарының  барлығы  да  оны  ерекше  бір  құбылыс  деп  танып,  одан  түрік 

халықтарының  тағдыры  туралы  ұлы  жəне  маңызде  жаңалықтар  ашуды 

күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті». 

Бұл  –  Ғалым  Шоқанға  берілген  əділ  баға  еді.  Шоқан-  тарихшы,  географ, 

этнограф,  əрі  ауыз  əдебиетін  жинап  зерттеуші  болды.  Ол  тек  өз  халқының 

ғана  емес,  Орта  Азия  жəне  Шығыс  халықтарының  да  тарихын,  мəдениетін, 

əдебиетін  зерттеді.  Өзі  билеуші  таптың  қатарынан  шыққанымен,  Шоқан 

қалың  бұқараның  аяусыз  қаналып  отырғандығын  көре  білді,  халықтың  ой-

тілегін, арман-мүддесін қорғады, қазақ даласындағы басқарушылық тəртіптің 

өзгеруін  қалады.  Мұның  барлығы  Шоқанның  демократтығын  сипаттай 

түседі. 

Шоқан  Орта  Азия  елдерінің  артта  қалуына  себепкер  болған  жағдай- 

монархиялық  тəртіп  пен  ислам  діні  екенін  дұрыс  түсінді.  Сондықтан  да 

кертартпалыққа қрындырып, дамуға кесел жасап отырған ислам дінін Шоқан 

қатал 

сынға 


алды. 

Ол  жалпы  дін  атаулының  прогреска  бөгет  болатынын,  ғылым  мен 

мəдениеттің  дамуына  кесел  жасайтынын,  əсіріі  ислам  дінінің  реакциялық 

сипатын анық айтты. Ол тоқырау мен құлдыраудың себебі болған, халықтың 

басын  айналдырып,  санаын  улаған  дінді  орта  ғасырлық  идеология  деп 

санады. 


 

 

 



 

 

 



 

«Мұсылмандық туралы» 

деген  еңбегінде  Шоқан  былай  деп  жазды:  «Мұсылман  изуверлігінің,  дін 

фанатизмі  атаулының  бəрінің  халықтардың  əлеумет  өмірінің  дамуына 

келтіретін зияны туралы... көп айтып жатуды артық деп санаймыз. Европада 

да теологияның етек алып кетуі халықтардың дамуына мүлдем кесел болғаны 

белгілі». 

Орыс  педагогикасының  прогресшіл  идеялары  да  Шоқанның  ағартушылық 



көзқарастарына  əсер  етті.  Шоқан  мектеп  оқуының  ғылми  негізде  құрылып, 

табиғаттың  сырларын  ашуға  бағыттылуын,  халықтың  жаппай  білім  алуын 

халқымыздың алдыңғы қатарлы, мəдениетті елдерді қуып жетуді аңсады. 

 

 



 

 

 



 

 

 



Ол 

мұсылман 

мектептері 

орнына,  «ой  мен  сезімнің  өсуіне  бөгет  жасаудан  басқа  түк  пайдасы  жоқ, 

жансыз 

схоластика 



болмайтын 

мектептер» 

ашуды 

талап 


етті. 

Ұлы  ағартушы  ең  алдымен  ұлы  орыс  халқынан  үйрену  керектігін,  ол  үшін 

орыс  оқуына  бой  ұрып,  қазақ  даласына  тарату  халықтың  орысқа  деген 

достығын  күшейтетіндігіні  мұның  өзі  игілікті  іс  екендігін  көргендікпен 

болжады.  Шоқан  қазақтарға  орыс  тілін  білудің  маңызын  баса  айтқан  адам 

болды.  «Орыс  тілін  білмеген  қазақ,-  деп  жазды  ол  өзінің  бір  мақаласында,- 

оның 

заң-законын 



да 

білмейді». 

Шоқан  туған  халқының  əдет-ғұрпы  мен  психологиясының  біраз  жақтарын 

талдай  келіп,  қазақ  арасындағы  кейбір  жағымсыз  əдеттерді  мейлінше 

сынады, бұларды қазақ қауымын ілгері бастырмай келе жатқан мерездер деп 

ашынды.  Мысалы,  осындай  феодалдық  өмірдің  басты  мерездерінің  бірі  - 

барымта екендігін, оның жұрттың көпшілігі баюдың, мал жинаудың ең жеңіл 

əдісі деп қате түсініп жүргенін дəлелдеді. Ол мұндай «кəсіппен» айналысқан 

адамның еңбекке ынтасы болмайды, ал белгілі бір кəсіппен айналысу уақыт, 

зор ынта тілейді деп дұрыс тұжырымдады. Осылайша ол жастарды да мұндай 

жағымсыз  кəсіптен  бойын  аулақ  салуға  шақырды.  Бұл  жағымсыз  жексұрын 

əдеттің  адамды  арамтамақтыққа,  еріншектікке  итермелейтінін  айта  келіп,  ол 

қазақ  даласында  түрлі  кəсіптің  дамуына  оның  кедергі  келтіретіні  жөнінде 

дұрыс 


қорытынды 

жасады. 


Шоқанның  халықтық  психология  туралы  пікірлерінде  материалистік 

тенденция басым. Бұл оның көптеген еңбектерінен анық байқалады. Мысалы, 

«Записка  №1»  деген  еңбегінде  адам  психикасы  сыртқы  ортаға,  əсірісе 

географиялық,  табиғат  жағдайларының  əсеріне  байланысты  қалыптасып 

отырады  деген  пікір  айтады.  Бірақ  Шоқан  адам  психологиясының 

қалыптасуындағы  тарихи-қоғамдық  факторлардың  шешуші  рөлін  дұрыс 

ұғына  алмады.  Оның  ойынша,  жұрттың  сана-сезімін,  əдет-ғұрпын 

географиялық  орта  билейді,  халықтың  прогреске  жетуі  материалдық  өмір 

жағдайымен  емес,  идеологиялық  факторлармен,  ағартушылық  əрекетпен 

жүзеге  асатын  болады.  Осыған  орай  адамдардың  мінез-құлқы  мен  əдет-

ғұрыптарының  қалыптасуында  географиялық  орта  мен  табиғаттың  рөлін 

Шоқанның асыра бағалап жіберген кездері де болды. 

 

 

Өзін-



өзі тексеретін сұрақтар: Шоқан жəне қазақтың ақын-жыраулары.  

  

Пайдаланатын əдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7. 

 

 

Дəріс 12 

Тақырыбы: : Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) 

 

 

 

 

 

 

Қарастырылатын 

сұрақтар: 

Өмірі 


туралы 

мəлімет. 

Ыбырай 

шығармаларының  жариялануы,  зерттелуі.  Ыбырай  –  ұлы  ағартушы,  стаз-



жазушы, 

ақын, 


етнограф, 

аудармашы. 

Ыбырай 

шығармаларының 



философиялық, психологиялық сырлары.   

 

 

 

Дəрістің  мақсаты:  Ы.Алтынсариннің  ағартушылық  қызметі  мен  əдеби-

шығармашылық  қызметінің  өзара  тығыз  үндестікте  екенін  жеткізе  отырып,  

таныстыру,  əдеби  шығармашылық  мұрасын  ғылым  педагогикалық  арнада 

жеткен жетістіктерін саралау 

  

Қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы, жаңашыл педагог, жазушы, 

қоғам  қайраткері  Ыбырай  Алтынсарин  Қостанай  облысының  Затобол 

ауданында туған. Əкесі Алтынсары ерте өлген. Ыбырай атасы Балқожа бидің 

тəрбиесінде  болған.  Атасы  Ыбырайды  Орынборда  ашылмақ  орыс-қазақ 

мектебіне  жаздырып  қойыпты.  1850  жылы  сол  мектеп  ашылғанда  түскен  30 

қазақ баласының бірі – Ыбырай болған.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Патша  үкіметінің  көздегені  осындай  мектептер 

арқылы  жергілікті  əкімшілік  орындарға  қазақтың  өзінен  миссионер 

қызметкерлер  əзірлеу  еді.  Сондықтан  оқушылар  патшаның  отаршылдық 

саясаты  рухында  тəрбиеленуге  тиіс  болды.  Бірақ  жасынан-ақ  зерек 

Алтынсарин  бұл  мектептің  оқу  жүйусіне  қанағаттанбайды,  дүние  жүзі 

əдебиеті 

классиктерінің 

– 

В.Шекспирдің, 



И.Гетенің, 

Д.Байронның, 

А.Пушкиннің,  Н.Гогольдің,  М.Лермоновтің,  И.Крыловтың,  Ə.Фирдаусидің, 

І.Низамидің, Ə.Науаидің тағы басқалардың шығармаларын өздігінен оқыды. 



 

 

 

 

 

 

Ыбырай Алтынсарин 1857 жылы мекткпті 

«өте  жақсы»  деген  бағамен  бітірді.  Содан  кейін  ол  екі  жылдай  өз  елінде 

тілмаш болды. 1859 жылы Алтынсарин Орынбордағы шекаралық комиссияға 

тілмаш  болып  аусады.  Сол  жерде  шекаралық  комиссияның  председателі, 

белгілі  шығыс  зерттеушісі,  ғалым,  профессор  В.В.Григорьевпен  танысады. 

Атасы  Балқожаны  жақсы  білетін  жəне  сылайтын  Григорьев  Ыбырайға  аса 

ылтипатпен  қарап,  қзінің  бай  кітапханасын  пайдалануға  оған  мүмкіндік 

берген.  Оның  кітапханасынан  əдебиет,  тарих,  философия кітаптарын  оқиды. 

Жəне  дүние  жүзі  ағартушыларының  еңбектерін,  ұлы  адамдардың  өмірі 

туралы кітаптарды көп оқыған. 

 

 

 

Алтынсарин  өз  халқын 

жоғары  бағалған,  оны  жантəнімен  сүйген,  оның  патриоты  болған. 

Ильминскийге  жазған  бір  хатында  «Қазақ  даласын  үш  жыл  аралағанда 

қазақтар тапқыр, ақылды, қабілетті, бірақ білімсіз халық екен дегеніңіз əбден 

дұрыс.  Қазақтарды  оқыту    бастықтардың  ойына  кіріп  шыңпайды. 

Бекінңстерде училищелер салудан гөрі үйінің, онсыз да қып-қызыл шатырын 

сырлауды,  онсыз  да  аппақ  қабырғаларын  ағартуды  артық  санайды»,  -  деп 

жазды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1860  жылы  Алтынсаринге  облыстық  басқарма  Орынбор  бекісінде 

/Торғайда/ қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырды. Өзін осы 

мектепке  орыс  тəлəнен  мұғалім  етіп  тағайындайды.  Осындан  бастап 

Алтынсариннің  ағартушылық-педагогтік  қызметі  басталады.  Бірақ  мектеп 

үйі, оқу құралы қаражат болмайды. Облыстық басқарма мектеп ашуға салқын 

қарайды.  Бірақ  Алтынсарин  бұған  мойымайды.  Ауылды  аралап,  халыққа 

мектептің пайдасы туралы əңіме жүргізеді. Жұрттың оқуға ынтасын арттыру 

үшін  біраз  балаларды  өз  үйінде  оқытады.  Халықтан  жиналған  қаражатқа 


мектеп үйін салғызады.  

Ыбрайдың  арман  еткен  мектебі  тек  1864  жылы 

ашылады. Осыған байланысты үлкен той болады. Мектеп жанынан интернат 

ашылады.   

Алтынсарин өзінің ардақты борышы – балаларды оқыту деп 

түсінді.  «Мен  қазақ  жастарының  классикалық  гимназияларда,  ауыл 

шаруашылық  академияларында  оқып  білім  алуын,  өз  халқына  қызмет  етуін, 

жаңалықты іс жүзінде көрсете білуін жоғары мұрат деп білемін»,- деп жазды 

ол.  Баланы  оқыту,  тəрбиелеу  жұмысына  Алтынсарин  дүние  жүзі  педагогика 

классиктерінің Я. А. Каменскийдің, К.Д.Ушинскийдің, Л.Н.Толстойдың тағы 

басұалардың гуманистіқ идеяларын басшылыққа алады. 

 

 

 

 

Ы.Алтынсарин  Петербург,  Қазан  қалаларына  барды.  Орыстың 

ағартушылық  жүйесін,  орыс  ағартушыларының  еңбектерін  зерттеді.  Өзі  де 

қазақ  тілінде  оқу  құралдарын  жасауды  ойлайды.  Орынборда  1879  жылы 

Алтынсаринның  тұңғыш  оқу  құралы  «Қазақ  хрестоматиясы»  шықты.  Бұл 

құралды орыс алфавиті негізінде жариялады.   



 

 

 

 

 

 

 

Алтынсарин  «Қазақ  хрестоматиясын»  балаларға  арналған 

өлеңдер  мен шағын  əңгіме-новеллалардан  құрастырды. Олардың  бірқатарын 

өзі жазды.   

Алтынсарин  -  əрі  педагог,  əрі  ақын,  əрі  жазушы,  əрі 

аудармашы  жəне  публицист.  Əдебиет  саласандағы  негізгі  еңбегі  балаларға 

арналған. Алтынсарин – балалар əдебиетінің атасы.   

 

 

 

 

 

 

Ыбырай 


Алтынсарин 

1889 


жылы 

қайтыс 


болды. 

«Оренбургский  листок»  газетінде  берілген  некрологта  оның  орыс  достары 

«Ыбырай Алтынсарин өазаө арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол 

қараңғы көшпелі өз халқының ішіне европалық мəдениеттің жарық сəулесін 

таратты  жəне  Россияны  сүюге  шақырды»  -  деп  жазды.  Бұл  Алтынсариннің 

еңбегіне берілген зор баға. Бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. 



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Ағартушылық қызметі. Ыбырайдың қазақтың 

тұрмыс-салт  ерекшеліктерін  сипаттаған  этнографиялық  жазбалары.  Ыбырай 

Алтьнсариннің  көркем  шығармаларындағы  тіл  тазалығы,  нақтылық, 

айқындық.  



  

Пайдаланатын əдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7. 

 

Дəріс 13 

Тақырыбы: Абай Құнанбайұлы шығармашылығы 

Қарастырылатын  сұрақтар:  Шығармашылық  өмірбаяны.  Ұлы  Абай 

мұрасының жиналуы, жариялануы, зерттелуі 



Дəрістің  мақсаты:  А.  Құнабайұылының  əдеби-шығармашылық  мұрасын 

көркемдігін саралау, Абадың жаңалықтарын жеткен жетістіктерін түсіндіру  

 

 

 



 

Абай  Құнанбаев  –  қазақ  халқының  ұлы  классик 

ақыны,  ағартушы  демократы,  ұлтымыздың  рухани  мақтанышы.  Абай  өз 

ауылында  арабша  хат  танығаннан  кейін,  он  жасында  Семей  қаласындағы 

Ахмет Ризаның медресесінде 3 жыл оқиды. Оқуға зерек, ұғымтал Абай діни 

сабақтармен  қоса  өз  бетінше  араб,  парсы  тілдерін  үйреніп,  шығыс 

классиктері:  Низами,  Сағди,  Хафиз,  Науан,  Физули  еңбектерімен  танысып, 

тағылым 


алады. 

Абай  ақыл-ой  санасы  толысқан  шағында  ел  билеу  ісінен  аулақтанып, 



ақындық  өнер  жолына  түседі.  Өз  бетінше  шығыс,  батыс,  орыс  елдері 

ақындарының,  ойшыл  оқымыстыларының  еңбектерін  оқып,  білімін 

толықтырады.  1870  жылдарда  Петербургтен  айдалып  келген  революционер 

Михаэлиспен  танысып,  дос  болады.  Михаэлис  Петербург  университетінің 

студенті,  Чернышевскийдің  жолын  қуушы,  демократ-революционер  еді. 

Михаэлис 

арқылы 

Абай 


айдаудағы 

орыс 


демократтары: 

доктор 


Долгополовпен, табиғат зерттеушісі, тарихшы Леонтьевпен танысады. Солар 

арқылы  ол  орыстың  белгілі  ақын-жазушылары:  Пушкин,  Лермонтов, 

Толстой,  Салтыков-Шедрин,  Некрасов;  сыншыл,  ойшыл-демократтары 

Белинский, 

Герцен, 

Чернышевский, 

Добролюбов; 

Батыс 


Еуропа 

ақындарымен:  Гёте,  Байрон,  философ  ойшылдарынан:  Спенсор,  Спиноза, 

Дарвин, т.б. еңбектерімен танысып, тəлім-тəрбие алады. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Абай 


өзінің 

өлең-


жырларында  ел  ішіндегі  ұрлық,  зорлықты,  алтыбақан  алауыздықты, 

күштілікті,  жатып  ішер  жалқаулықты  өлтіре  сынап,  жастарды  адал  еңбекке, 

отырықшылыққа, 

егіншілікке, 

өнер-білімге 

шақырады. 

Шығыс  пен  Батыс  классиктерінің  ағартушылық  ой-пікірлерінен  мол  нəр 

алған  ұлы  ақын  бала  тəрбиесі  мəселелеріне  де  кеңінен  тоқталып,  өзінің 

өлеңдері  мен  қара  сөздерінде  педагогикалық  көзқарасын  білдіреді.  Адам 

мінезіндегі 

орынсыз 

мақтан, 


ойсыздық, 

салғырттық, 

күншілдік, 

көрсеқызарлық сияқты жаман əдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын айта 

келіп,  естігенді  есте  сақтау,  көргеннен  үлгі-өнеге  алу,  жаман  əдет-дағдыдан 

бойын  аулақ  ұстау,  нəпсіні  ақылға  жеңдіру,  ұстамды  болу  сияқты 

адамгершілік қасиеттерді насихаттайды. «Егер есті кісінің қатарында болғың 

келсе, күнінде бір мəртебе, болмаса жұмысында бір, ең болмаса айында бір, 

өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңнен өзің есеп ал»,-дейді. Яғни, адамның 

өзін-өзі тəрбиелеу мəселесінің маңызы мен мəніне ерекше тоқталады.   

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Абай 



сана-

сезімді  тəрбиелеудегі  қоғамдық  ортаның  ролін  материалистік  тұрғыдан 

түсіндіре  білді.  Адамның  жақсы-жаман  болуы,  ақылды-ақылсыз  болуы 

генетикалық  негізге  байланысты,  ақ  сүйек  тұқымынан  шыққандар  ақылды, 

батыр,  алғыр  болады  деген  буржуазиялық  нəсілдік,  идеалистік  көзқарасқа 

қарама-қарсы. Абай адам мінезінің қалыптасуы тəрбиеге, ортаға байланысты 

екенін  дəлелдеді.  Өзінің  отыз  жетінші  қара  сөзінде:  «Мен,  егер  заң  қуаты 

қолымда  бар  кісі  болсам,  адам  мінезін  түзеп  болмайды  деген  кісінің  тілін 

кесер едім»,-деді.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Абайдың  поэтикалық  шығармалары  мен  қара  сөздері  пəлсапалық, 

этикалық,  эстетикалық,  психологиялық  жəне  педагогикалық  ой-пікірлерге 

толы.  Абай  түсінігінше,  табиғат  біздің  санамыздан  тыс  жəне  бізге  тəуелсіз 

өмір  сүреді.  Біздің  түйсігіміз  бен  қабылдауымыз,  түсінігіміз  айналадағы 

ақиқат 


шындық 

өмірдің 


сəулесі 

ғана. 


Абай  түсінігінше,  табиғат  біздің  санамыздан  тыс  жəне  бізге  тəуелсіз  өмір 

сүреді.  Адам  баласы  «көзімен  көріп,  құлақпен  естіп,  қолмен  ұстап,  тілмен 

татып,  мұрнымен  иіскеп  тыстағы  дүниеден  хабар  алады»,-дейді  Абай.  Адам 

баласы  анадан  туғанда  екі  түрлі  мінезбен  туады.  Бірі  –  ішсем,  жесем, 



ұйықтасам деп туады. Бұлар – тəннің құмарлығы. Екіншісі – білсем екен деу- 

жан  құмарлығы  (жетінші  сөз)  деп  ой  түйіндей  келе,  «адам  бойына  жан 

құмарлығы арқылы жиналатын нəрсенің аты ақыл, ғылым… ол таланттылық 

пен ерінбей еңбек еткен адамның қолына түседі» деген қорытынды жасайды. 

Абайдың  дүниенің  дамуы  жөніндегі  көзқарасында  диалектикалық  сарын 

басым.  Ол  табиғат  құбылыстарын  өзара  бір-бірімен  байланыста,  үнемі 

өзгерісте,  дамуда  болады,  адамды  қоршаған  ортаның  –  табиғаттың  ішкі 

сырын білім-ғылым арқылы білуге болады деп қарастырады. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Ұлы  ағартушы  өзінің 



көптеген  шығармаларында  қазақ  халқының  ауыр  тұрмысын  жəне 

надандығын  мінеп-шенеді.  Қара  басының  қамын  ғана  ойлайтын,  яғни  тəн 

қажеттігін  өтеуді  ғана  ескеріп,  рухани  қажеттілікті  ойламайтын,  біреуді 

алдап,  біреуді  арбап  күн  көрушілерге,  өзінен  күшті  əкімдер  алдында 

жағымпаздықпен  көзге  түсіп  қалуға  тырысушыларға  Абай  мейлінше  қарсы 

болды. Ондағы мақсат халыққа адал қызмет ету деп ұқты: 

 

Пайда ойлама, ар ойла 



Талап қыл артық білуге. 

Артық білім кітапта 

Ерінбей оқып көруге, - 

деп жастарды білім-ғылымды меңгеруге шақырды. 

Сол кездегі кейбір оқыған жастардың білімді шен алу, шекпен кию үшін 

пайдаланып, парақорлықпен алдап-арбаудың құралы етуге тырысқанына 

ызаланған Абай: 

Ойында жоқ олардың 

Салтыков пен Толстой 

Я тілмаш, я адвокат. 

Болсам деген бəрінде ой,-  

деп сөкті. Жастарға халық қамын ойлаған ақын-жазушылар мен ғалымдарды 

үлгі-өнеге  етіп,  «білімдіден  шыққан  сөз  талаптыға  кез  болса  екен»,  -дейді. 

Тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімже деп ұққан Абай: 

 

Түбінде баянды еңбек егін салған, 



Жасынан оқу оқып, білім алған. 

Би болған, болыс болған мақсат емес, 

Өнердің бұдан өзге бəрі жалған. 

 

Ел  болу  үшін  қала  салып,  отырықшылықта  болу  керек,  мектеп  салып,  оқу 



оқып,  білім  алу  қажет,  тіршіліктің  тұтқасы  еңбек  пен  білімде  ғана  тұр  деп 

жар  салды.  Өнер-білімсіз  қоғамның  пайдалы  азаматы  болудың  мүмкін  емес 

екендігін,  терең  түсінген  ол:  «Барыңды  салсаң  да  балаңа  орыстың  ғылымын 

үйрет…  өнер  де,  ғылымда  орыста  тұр.  Орыстың  ғылымы,  өнері  –  дүниенің 

кілті оны білгенге дүние арзанға түседі»1,-деп озық мəдениетті орыс халқын 

өнеге 


етті. 

«Ақыл  –  ардың  сақтаушысы»  деп  қарап,  адамгершілік  мəселелерін  жоғары 



бағалап,  ар  тазалығы  үшін  күресуді  дəріптеген  ұлы  ағартушы  – 

Ынсап, 


ұят, 

ар-намыс, 

сабыр 

талап, 


Бұларды 

керек 


қылмас 

ешкім 


қалап… 

Терей 


ой, 

терең 


ғылым 

іздемейді 

Өтірік  пен  өсекті  жүндей  сабап,  -  деп  кейбір  жастардың  іс-əрекетін  қатты 

сынға  алады.  Абай  қазақ  қоғамындағы  жас  ұрпақтарды  тəрбиелеуге 

байланысты  ойларын  бірнеше  өлеңдерінде  («Жігіттер,  ойын  арзан,  күлкі 

қымбат»,  «Мен  жазбаймын  өлеңді  ермек  үшін»  т.б.)  айқын  білдіреді.  Ол 

халықтың  артта  қалушылығын,  надандығын  мінеп,  əдебиет  пен  ағарту 

халыққа  қызмет  етуі,  жалқаулыққа,  ымырашылдыққа  қарсы  күрес  жүргізуі 

қажет  екендігін  көрсетеді,  прогресшіл  орыс  мəдениетіне  жақындай  түсуді 

уағыздайды.  Мұндай  күрделі  міндеттерді  шешудің  жолдарын  іздестіре  келе, 

Абай  өзінің  «Қырқыншы  сөзінде»  жалпыға  бірдей  білім  беру  талабын 

ұсынып, 


қыздар 

да 


оқып, 

білім 


алу 

керек 


деп 

есептейді. 

Ұлы  ағартушы  өз  айналасын  қоршаған  əділетсіздік  қазақ  халқын  аздырып 

бара  жатқанын,  жас  ұрпақты  тəрбиелеуге  теріс  ықпалын  тигізетіндігін 

байқап,  халықты,  əсіресе,  жастарды,  адамгершілікке  тəрбиелеуге  ерекше 

көңіл 


аударды. 

Ал  жастар  бойына  дарытуға  тиісті  жоғары  адамгершілік  қасиеттер  ретінде 

туған  елге  деген  сүйіспеншілік  пен  ерлік,  табандылық  пен  адалдық, 

парасаттылық  пен  сыпайылық,  адамдарға  қайырымдылықпен  қарау,  еңбек 

сүйгіштік,  жарқын  өмірге  ұмтылушылық  т.б.  атап  айтты.  1886  жылғы  бір 

өлеңінде ақын: 

 

Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман, 



Шошимын кейінгі жас балалардан. 

Терін сатпай, телміріп көзін сатып, 

Теп-тегіс жұрттың бəрі болды аларман,-  

деп өз кезіндегі жастардың осындай жағымсыз мінездері н қатаң сынға алды. 

Абай  уақытын  еңбексіз  бос  өткізетіндерді,  еріншектерді,  өсекшілдерді, 

адамгершілік  қасиетке  ұмтылмайтындарды  мейлінше  жек  көрді.  Ондайлар 

туралы: 

 

Осындай сыйдаң жігіт елде мол-ақ, 



Бəрі де шаруаға келеді олақ. 

Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп, 

Бар өнері – қу борбай – сымпыс шолақ- 

деп, 


күйзеле 

жазады 


ұлы 

ақын. 


Гуманист  –  ақын  Абайдың  ХІХ  ғ.орта  шенінде  халқымыздың  бойындағы 

жағымсыз қасиеттерді қатты сынға ала отырып, айтқан ойларының, көтерген 

өзекті мəселелерінің бүгін де маңызды, күн тəртібінен түспей отырғандығын 

атап  өткіміз  келеді.  Абайдың  айтқан  ойлары  бүгінгі  Мақатаев  сияқты 

ақындарымыздың 

ойларымен 

үндесіп 

жатыр. 


Табиғатты  айтсын  мейлі,  махабатты  айтсын,  адамның  ары  мен  арманын 

айтсын,  жан  түршіген  міні  мен  арамза  мінез-қылығын  айтсын,  қазақтың 



ақиық  ақыны  Мұқағали  ағынан  жарылып  айтады,  əрбір  өлең  жолынан 

ақынның  жүрек  лүпілін  естіп,  жан  айнасын  көреміз,  адам  бойында  əлі  де 

арылып болмаған сұмдық пен сараңдылықтан жериміз, жамандықтан түршіге 

түңілеміз. Сондықтан да ол: 

 

Мамсапқорлардың қасынан 



Шықпайтындарға ашынам ! 

Жалданып өскен жасынан 

Жағымпаздарға ашынам ! 

Өзіңе ғана бас ұрам, 

Сенесің бе, Отан осыған !? 

Алаяқтарға ашынам ! 

Ашынам-дағы тасынам 

Құнымды несін жасырам, -  

деп адам бойындағы жағымсыз мінез құлықты ашына сынға алды. Мұқағали 

айтқандай,  осы  жағымсыз  қылықтар  да  бүгін  де  арамызда  бой  көрсетіп 

қалады. 

 

 

№14 дəріс 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет