Филология факультеті


Мəделі Жүсіпқожаұлы (1816-1888)



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата12.03.2017
өлшемі0,54 Mb.
#9201
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Мəделі Жүсіпқожаұлы (1816-1888). Қазақ топырағында əрі батыр, əрі 

ақын атанған азамттың бірі – Мəделі. Туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан 

облысының  Қызылқұм  ауданының  Қожаторғай  ауылы.  Негізгі  мекені  – 

Қосжарсуат, Қосқұдық деген жерлер. Арғы атасы Жиенқожа да, өзінің туған 

əкесі  де  кезінде  елге  мəлім  дəулетті  адамдар.  Ақын  жасында  діни 

медреселерде  оқып,  көңілі  əр  нəрседен  хабардар  болған  салқам-сал  болып 

өседі.  


 

Ақынның  бізге  қазір  мəлім  мұрасы  көп  емес.  Бас-аяғы  1500  жолдай. 

Оның көбі жеке өлеңдер мен толғаулар, арнау мен айтыстар: «Батырбек пен 

Байзаққа»,  «Ахмет  төреге»,  «Төре  түйесінің  сөзі»,  «Əбділдə  қожаға», 

«Майлыны  мұқату»  сияқты  арнаулары  мен  «Батыр  бір  оқ»,  «Қосжарсуат 

аман бол туған жерім», «Көпестер жорға жегер арбасына», «Тұрмысың аман-

есен  орда  басы-ай»,  «Айналайын  əзірет»,  «Бір  жан  жоқ  болыстыққа  талас 

емес»,  «Датқа  екен,  мен  осында  туып  едім»,  «Қанайға»,  «Шəріпке»,  «Ас 

құяды  кең  адам»,  «Кетпейді  бастан  бұлт,  күн  жайланып»,  «Тегін  алған  күң 

еді»,  «Əуелі  қылсын  баян  сөздің  басы»,  т.б.  толғаулары  маңызды 

шығармалар.  Бұл  шығармаларынан  ақынның  кешіп  өткен  өмір  жолын, 

ақындық  сүрлеуін  аңғарғандаймыз.  Нағашысы  –  атақты  Шаншар  руының 

белгілі  шешені  Қызыл  би,  əйелі  болса  есімі  атышулы,  өмірі  күреспн  өткен 

Кенесарының қарындасы – Қалипа. Өз басы əрі батыр, əрі палуан.  

 

Ақын  1878  жылы  «Түркістан  уəлаяты»  газетінің  үшінші  санында 



басылған  «Бір  жан  жоқ  болыстыққа  талас  емес»  деген  көлемі  96  жолдық 

өлеңінде  болыстыққа  таласқан  қулар  мен  баққұмарлардың  ақылсыздығын, 

олардың  ел  қамын  ойламай,  дауды  қоздырып,  оңай  олжа  тауып,  пара  алып 

жатқанын  көрсетеді.  Ел  ынтымағын  жойып  жатқан  заманның    билеріне  мін 

тағады.  

 

Ақынның  «Қанай  датқаға»  толғауы  қазақ  ішіндегі  сатылымпаз 



опасыздарды  сынауға  арналады.  Қанай  қоқандарға  жағынып,  батырға  қинат 

жасайды.  Оларды  жамандап  куəгер  болғансиды.  Осы  бір  жұғымсыздығын 

бетіне басып, оны ақын қатты сынайды.  

 

Мəделінің  «Батырбек  пе  Байзаққа»  деген  арнауы  –  ұзақ  жылдар  бойы 



екі  жарылып  егескен  екі  ру  басын:  «келісімге  кел»,-  деп  шақырған  үгіт 

мазмұндағы өлең.  

 

Мəделі  –  мысал  өлеңдер  де  жазған,  поэзияда  өзіне  тəн  түр  іздерін  де 



салған  ақын.  Мұны  ақынның  «Шəріпке  айтқаны»  деген  ұзақ  өлеңінен 

байқауға  болады.  Қысқарта  айтқанда,  ақын  жазғандарының  негізгі  идеясы 

адамгершілік, елдік мəселелері екені анық.   

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Мұраттың арнаулары, айтыстары. «Үш қиян», 

«Сарыарқа»  дастандарындағы  атамекен  зары.  Мұрат  жырындағы  батырлық, 

ерлік дастандар.  

  

Пайдаланатын əдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7. 

 

 



№9 дəріс сабақ.  

Тақырыбы:  Өнер тұтастығы мазмұнындағы ақындар поэзиясы (сал-серілер, 

əнші ақындар) Біржан сал Қожағұлұлы 



Қарастырылатын сұрақтар:  Өнер тұтастығы мазмұнындағы ақындар 

поэзиясы (сал-серілер, əнші ақындар) көрнек өнерінің ежелгі замандық 

тұтастық (синкритизм) белгілерінің сақталуы, жаңғыра қолданылуы. Біржан 

сал Қожағұлұлы өмірі туралы мəлімет. Озбырлық жасаушыларды сынауы. 

Айтыстары. Біржан сал шығармашылығының көркемдік ерекшеліктері.   


Дəрістің  мақсаты:  Сал-серілер  туралы  мағлұмат  бере  отырып,  олардың 

көрнекті өкілдерінің бірі Біржан салдың өмірімен шығармашылығынан терең 

таладай отырып, теориялық білім беру  

Дəріс мазмұны:   

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Сал-сері  —  дəстүрлі 

қазақ

  қоғамында  ерекше  өнерпаздықпен 



байланысты  ұғым. 

Сал


  сөзінің  этимологиясы  серіктес  жігіттерімен  ауылға 

таяғанда  əдейі  аттан  құлап,  ауыл  қыздары  үйге  көтеріп  алып  кіргенше  сал 

болған  адамша  тырп  етпей  жата  беретін  іс-əрекеттен  туындаған.  Сал 

айрықша  киімдерімен  ерекшеленген.  Зерттеуші  Ə.Диваев  “Салдың  үстіне 

киген киімі 

халық


 кимеген түрден болады. Егер ол киген киімді халық кисе, 

оны  кимей,  қарақұрым  киізден  киім  қылып  киеді  екен”  дейді.  Ел  аузында 

салдардың  паң  жүрісі,  тəкаппар  мінездері,  киім  киістері,  сəн-салтанаты 

туралы  аңыз-əңгімелер  көп.  Мысалы, 

Жетісу

  өңірінде  “Дəурен  салдың 



белбеуіндей” деген теңеу қалыптасқан. Ол Ілені кешіп өткенде белбеуінің бір 

ұшы  арғы  жағада  екінші  ұшы  бергі  жағада  қалады  екен  деген  аңыз  бар. 

Арқадан  шыққан  Қаспақ  сал  атын  шəйі  шүберекпен  тұсаса,  кей  салдардың 

аттарына  шөп  орнына  мейіз,  су  орнына  бие  сүтін  беретінін  ел  аңыз  қылып 

айтады. 

Қазақ


  халқының  ежелгі  салттарының  бірі  —  салдық  салыстыру. 

Бəсекеге түскен салдардың іс-əрекет, қылықтары басқа адамдар үшін ақылға 

сыйымсыз,  ерсі  көрінуі  мүмкін.  Бəсеке  кезінде  астындағы  атын  əп-сəтте 

бауыздап  тастау,  т.б.  іс-əрекеттер  орындалған.  Салдық  салыстыру  кезінде 

кісілік,  жомарттық,  мəрттік,  т.б.  өнер  түрлері  сыналған.  Мысалы, 

К.Əзірбаевтан  жазып  алынған  Дəурен  мен  Қырмызы  салдардың  бəсекесін 

айтуға  болады.  Салдар  сайқымазақ,  қу-əзілкештер  секілді  елді  күлдіріп, 

думандатып  жүрген.  Салдар  сияқты  серілер  де  қымбат  матадан  киім  киіп, 

арғымақ  ат  мініп, 

бүркіт


  баптап, 

құс


  салып,  қасындағы  жігіт-желеңімен  ел 

аралаған.  Бірақ  салдарға  тəн  ерсі  мінез,  аттан  құлау,  елден  ерекше  күлкілі 

киімдер кию  тəрізді  іс-əрекеттер  жасамаған.  Серілер таза, етек-жеңі  жинақы 

киінген,  кербез,  паң  мінездерімен  оқшауланып,  жомарттық,  алғырлық, 

білімдарлық  қасиеттерімен  ерекшеленген, 

өнер


  жолына  беріліп,  сауық 

құрып, 


аңшылық

-саятшылықпен 

айналысқан. 

Серілер 


репертуары 

салдардікінен  едəуір  аз  болған,  олар  лирикалық  əндер,  мақтау  өлеңдер 

шығарып,  айтыстарға  түскен.  Серілерді  сал  типінің  негізінде  өткен  ғасырда 

қалыптасқан  өнер  иелерінің  жаңа  түрі  деуге  болады.  Сал-серілер  топтаса 

жүріп,  ауыл-ауылды  аралаған,  ақын,  əнші,  балуан,  т.б.  өнерпаз  серіктері 

қатар  жүрген.  Серілердің  бірдей  ат  мінуі,  біртектес  киім  киюі,  салдардың 

елден  ерек,  алабажақ  киімі,  басындағы  үкісі  де  көшпелі  дала  əртістеріндей 

əсер қалдырған. Сал-серілердің іс-қимылы халықтық 

драма

 өнеріндегі ойын-



сауықтың  бір  түрі  қызметін  атқарды.  Сал-серілер  ақын,  композитор,  əнші 

болумен  қатар  əртістік,  бишілік,  сиқыршылық,  т.б.  қасиеттерді  бойына 

жинақтаған  өнерпаздар  еді.  А.Жұбановтың,  Ə.Тəжібаевтың  естеліктерінде 

Шашубай Қошқарбайұлы

 туралы “ат үстінде тұрып баянмен əн салғанда бет-

аузын  адам  танымастай  өзгертіп,  бас  терісін  жүгіртіп  ойнатқанда  қалпағы 

төбесінде  мөңкитін,  таяғын  сиқыршыдай  ойнататын”  дейді.  Аяғына  үлкен 

сырық байлап өнер көрсеткені үшін “ағашаяқ” деген атқа ие болған Берікбол 



6 — 7 түйені қатар қойып, бір жағынан екінші жағына секіріп түсетін болған. 

Ол  қолына  ағаш  алып,  керулі  арқанның  үстімен  жүгірген,  шапқан  аттың 

үстінде төбесімен тұрып билеу, шалқалап жерден аузымен тақия алу сияқты 

цирк


 ойындарын шебер орындаған. 

 

 



 

Əйгілі 


қазақ 

ақыны, сазгер Біржан сал Көкшетау өңірінде дүниеге келген.  

 

 

Бойында  əншілік  дарыны  бар,  домбырада  шебер  ойнайтын  Біржан 



жастайынан  қазақ  даласына  танымал  болған.  Ол  бірегей  сазды-поэтикалық 

шығармаларды  дүниеге  келтірген.  Ел  аралап,  алуан  түрлі  айтыстардың 

ортасында  жүрген.  Айналасына  дарынды  жастарды  жиып,  өзіндік  көшпелі 

театр құрған.  

 

 

 



 

 

 



Рулық-патриархалдық 

əдет-ғұрыпқа  қарсы  шығып,  жырына  əйел  теңсіздігін,  əлеумет  күйін  арқау 

еткен өнерпаздың өмірі қиындықтар мен мұқтаждыққа толы болды. Қуғынға 

ұшырап,  руарарлық  қақтығыстардың  куəгері  болып,  ауруға  шалдыққан  ол 

1897 жылы қайтыс болды.    

 

 



 

 

 



 

 

 



Біржан  шығармаларында  махаббат  тақырыбы  негізгі  орын  алады.  Осы 

тақырыпта  оның  "Айтбай",  "Ғашығым",  "Ғашық  жар",  "Лəйлім-шырақ"  т.  б. 

шынайы сыршылдықтан туындаған өлеңдерін атап айтуға болады. "Орынбор 

əнінде" жан серігі домбыраны жырлайды.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Ақын халық мүддесін қозғайтын өлеңдері 



"Жанбота"  мен  "Адасқақта"  Азнабай  мен  Жанбота  сияқты  болыстардың 

халыққа көрсетіп отырған қысымшылығын əшкерелейді.   

Ақынның 

"Жамбас  сипар",  "Теміртас"  тағы  басқа  да  əндері  мұң  мен  шерге  толы. 

Біржанның  40-тан  астам  өлеңдері  бүгінгі  күнге  дейін  жетті.  Ол  айтыс 

өнерінің  де  шебері  болғаны  мəлім.  Оның  Жетісуға  арнайы  келіп,  Сара 

Тастанбекқызымен  айтысы  осы  жанрдың  озық  үлгісіне  жатады.  Біржан 

өлеңдері  ұлттық  өлең  өнерін  жоғары  деңгейге  көтерген.  Біржанның  ерекше 

ақын-сазгер,  өте  дарындылығын  бағалаған  халық,  оған  "сал"  атты  қосымша 

ат  берген.  Сал  өзінің  шығармашылығында  халық  өнерінің  барлық  əуендік, 

поэтикалық,  драмалық  түрлерін  біріктірді.  Біржан  салдың  соңында  есімдері 

жұртшылыққа  танымал  Ақан  сері  Қорамсаұлы,  Жаяу  Мұса  Байжанов,  Əсет 

Найманбаев,  Балуан-Шолақ  Баймұрзин,  Доскей  Əлімбаев,  Құлтума 

Сармұратов сынды шəкірттері мен ізбасарлары қалды. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Сал 

ақындар 


ауыл-

ауылды аралап, екеуара бірігіп немесе хормен өлең айтып, халықтың көңілін 

көтеретін болған.  

 

 



 

 

 



 

1865 


жылдың 

жайма  шуақ  жаз  айы.  Көк  майсалы  Көкшетау  етегіне  тігілген  ақ  шаңқан 

үйлер шапқан ат шаршайтындай аймақты алып жатыр. Себебі Сары Арқаның 

астанасы  Омбыдан  "генерал-губернатор  келе  жатыр"  деген  хабар  алыс-

жақын аймақты түгел шарлап, қалың ел əуре-сарсаңға түскен. Əсіресе болыс, 

старшындар  қатты  əбігер  үстінде.  Үй  тігу,  қонақ  күту,  сəн-салтанат  көрсету 

жөнінде  бірінен-бірі  асып  түскісі  келіп  жанталасуда.  Бұл  аймақтағы  көп 

болыстың  ішіндегі  ең  көрнектілері  -  Азнабай  мен  Жанбота.  Азнабай  -  жуан 

тұқым  Қоңырқожаның  баласы  болса,  Жанботаның  "сегіз  болыстан  шені 

артық" (Біржан салдың сөзі).  

 

 

 



 

 

 



Түске 

салым  Жанбота  тіктірген  үйлер  жақтан  шырқау  əн  естілді.  Бұл  -  "Сары 



Арқаны əнмен сандалтқан" Біржанның дауысы екенін естіген жұрт сол жаққа 

құлақ  түріп,  аңсары  ауа  бастаған.  Басқа  шаруа  былай  қалып,  əсіресе  жас 

жігіттер,  қыз-келіншек  əн  шыққан  жаққа  ағыла  бастады.  Бұл  -  Жанботадан 

абыройын  асырғысы  келіп  жүрген  Азнабай  болысқа  ұнаған  жоқ.  Генерал-

губернатор  келмей  жатып,  Жанбота  ауылының  той-думанға  айнала 

бастағанын  жақтырмай,  араға  кісі  салып  көріп  еді,  бақталас  болыс: 

"Жастардың қолқалауымен əн салып отырған Біржанға мен не деймін?" - деп 

қырсық жауап қайтарыпты.    

 

 

 



 

 

 



 

 

 



Біржан  отырған  үйдің  иесіне:  "генерал-губернатор  келгенше  қоя 

тұрсын"  -  деп  сөз  айттырса,  ол  да:  "Жиналып  тұрған  көпшілікке  топырақ 

шаша алмаймын", - десе керек. Бұған ашуланған Азнабай мінезі дөкір, дойыр 

қамшылы  поштабайын  жұмсап:  "Тоқтат  Біржанды!"  -  деп  бұйырады. 

Поштабай  барып  бұйрықты  жеткізсе,  Біржан  тоқтамайды.  Поштабай  əуелі 

қолындағы домбырасын тартып алмақ болады. Өзі де балуанға түсіп жүрген 

қарулы  Біржан  домбырасын  бермейді.  Сосын  поштабай  қолындағы 

қамшымен  Біржанды  бір  тартып  жібереді.  Мұның  аяғы  төбелеске  айналып, 

отырған жұрт поштабайды үйден қуып шығады. Бірақ денесіне қамшы тиген 

Біржан  бұған  қатты  намыстанып,  жан  айқайы  "Жанбота"  əнін  шығарған. 

Мұнда өзін қолқалап ертіп келген Жанбота болысқа:  

 

 



 

 

 



 

 

 



"Жанбота, 

осы 


ма 

еді 


өлген 

жерім? 


Көкшетау боқтығына көмген жерің?!" - деп ашулана шырқаса да, "қарғаның 

көзін  қарға  шұқымайды"  дегендей,  "азуы  алты  қарыс"  Азнабайға  ештеңе 

істей  алмасын  байқаған  соң,  атақты  "Адасқақ"  əнін  шығарған.  Онда  бұл 

дүниеде 


əділеттің 

жоқтығын, 

кім 

болса 


да 

біреуге 


жағынудың, 

жағымпазданудың керек еместігін, өз күшіңе, біліміңе, қабілетіңе қарай өмір 

сүру керектігін өкіне, ашына айтқан. 

 

 



 

 

 



 

Бұдан  кейін  Біржан  сал  өз  ауылында  тұрақтамай,  ел  кезіп  кетеді.  "Үш 

жүзді сайран қылған Біржан едім" деп өлеңінде өзі айтқандай, қазақ жерінің 

барлық  түкпірін  аралайды.  Ел  көреді,  жер  көреді,  талай  той-думандардың 

сəні,  көркі  болады.  Жүрген  жерлерінің  бəрінде  бүгінге  дейін  ел  аузында 

жүрген, халқымыздың өшпес мəдени қазынасына айналған əндер шығарады. 

Бүгінгі  əншілеріміз  айтып  жүрген  "Лəйлім  шырақ",  "Теміртас",  "Жайма 

шуақ",  "Айтпай",  "Бурылтай",  "Айбозым",  "Асыл-Ақық",  "Керкекіл",  "Ақ 

серкеш",  "Мəті-Дəулен",  "Алтын  балдақ",  "Телқоңыр",  "Аққошқар",  "Көкек" 

т. б. əндері - мəңгі өлмейтін туындылар. Бұлардың бəрі бұрын жеке дауыста 

орындалса,  ұлы  композиторымыз  Мұқан  Төлебаев  біразын  "Біржан  -  Сара" 

операсында  пайдаланған.  Арқаның  ақиығы  Біржанның  Жетісу  бұлбұлы 

атанған ақын Сарамен айтысы да - өлмес қазынамыз.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Өзін-өзі  тексеретін  сұрақтар:  Біржан  шығармашылығындағы  шешендік 

дəстүр.  Біржан  жəне  Абай.  Біржан  мен  Сара  айтысына  қатысты  зерттеулер. 

Біржанның  кейбір  өлеңдерінің  туу  тарихы.  Біржан  поэзиясының  лирикалық 

арқауы əлеуметтік сарыны. Біржан ғашықтық мазмұындағы əндері.  

  

Пайдаланатын əдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7. 

 


№10 дəріс  

Тақырыбы: Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913), Сара Тастанбекқызы (1878-

1916)  


Қарастырылатын сұрақтар: Өмірі туралы мəлімет. Лирикалық 

өлеңдеріндегі көңіл-күй, философиялық мазмұн ерекшеліктері. Азаматтық 

əуен, сыншыл ойлы өлеңдеріндегі заман қайшылықтары мен озбырлықты 

сынауы. Айтыс өлеңдері. 



Дəрістің  мақсаты:  Сал-серілердің  көрнекті  өкілдерінің  бірі  Ақан 

Қорамсаұлы  мен  Сара  тастанбекқызының  шығармашылығынан  теориялық 

білім беру  

Дəріс мазмұны:   

Ақан Сері Қорамсаұлы 

Арқаның  ардагері  атанған  Ақан  (Ақжігіт)  —  қазақтың  əн  өнері  аспанында 

зор  даусымен  асқақатата  жыр  нөсерін  ақтарып  ондағы  тамаша  таланттың 

айқын көрінісі есепті сегіз қырлы, бір сырлы ардагер азамат. өзі өмір сүрген 

дəуір  шындығын  əн-музыка,  өлең  —  жыр  туындылары  арқылы  бейнелей 

білген,  ұлы  суреткер,  компазитор.  Ойлы,  сырлы  ғажайып  шығармаларын  өз 

даусымен  орындап,  қалың  елге  кең  таратып,  тыңдаушының  құлақ  құрышын 

қандырған  топшысы  болат  дауылпаз.  өмір  сүрген  ортасынан  озат  шығып, 

асыл өнерімен де, жеке бас əдет-мінездерімен де, жүріс — тұрыс, киім киіс, 

сəн-салтанатымен де даралана көзге түскен қазықтың ең қадірлі серісі. Асып-

таспай,  жабырқап  жасымай  əр  кез  арын  таза  ұстай  білген,  жақсылық  пен 

əділеттік  жолына  белін  бекем  буған,  ақыл-парасаты  биік  саналы  гуманист. 

Ақын — кең байтақ жерін, қасиетті ел жұртын шын жүрегімен сүйіп, жастық 

шақтың жалына күйіп, танымсыз өмір кешкен, өршіл де ілгерішіл поэзияның 

шебері.  Қоғам,  адам  өміріне  өзіндік  көз  қарасы  бар,  таным-талғамы  биік, 

көңілді, пасофты лирикалық қалдырған айтулы ақын.  

 

 

 



 

 

 



 

 

Ақының  туған  жері  —  қазақтың  кең  жазиралы, 



ата мекен, ту тігіп, орда салған орталық орны, жасыл желек жамылған қалың 

нулы,  көл-көсер  өзен-сулы  табиғаты  бар,  тамаша  өлке,  көк  жасыл,  қалың 

қарағай мен ақ балтыр аққайың бой таластыра өскен Көкшенің кербез сұлуы 

атанған  қасиетті  жер.  Ақын  —  осы  бір  əсем  табиғат  құшағында  еркелей 

өскен  ел  серісі.  Болашақ  пен  Көкшетау  өңірінде,  Қос  көлдің  жайлаған 

қарапайым  қазақтың  отбасында  туып  өскен.  Ол  1843  жылы  күздің  жомарт 

айы — қыркүйекте дүниеге келді. Шілдеханаға жиылғандар оған Ақжігіт деп 

ат  қойған-ды.  Сол  Ақжігіт  ата  нəсілінен  рухтанып,  кейін  өзін  қоршаған 

Сырым  беттің  сұлу  сырлы  табиғатынан  нəр  алды,  өнерлі  өлкенің  өрен 

жүйектерімен  тағдырлас,  замандас  болып,  келе  жатқан  кішкене  Ақанды 

молда  жалдап,  өз  ауылында  оқытуға  талап  қылуы  тегін  емес-ті.  Талапты 

жасқа  оқу,  өнері  қуу  —  өмір  заңы.  Жасынан  алғырлығы,  ұқыптылығымен 

көзге  түскен  Ақан ауыл  молдасынан  алған біліміне қанағаттанып  қалмайды. 

Ол  енді  Қызылжарға  аттанып,  Уəли  ахун  қазіреттің  медресесіне  түседі. 

Аталмыш  медресе  мұсылман  салтындағы  оқу  орны  болатын.  Онда  дін 

сабақтары  барынша  мол  жүруге  тиісті.  Сөйтсе  де,  медресе  маңы,  қала 

қауымы  —  қазақ  даласынан  өзге  өмір.  Сахараның  тіршілігі,  салт-санасы 


өзінше  бөлек.  Діндар  қауымға  қоса  қалада  зиялылыр  тобы  да  ұшырасады. 

Осы  медреседе  өткізілген  үш  жылға  жуық  мерзімде  Ақанның  сусындаған 

кəусар бұлағы — Фердауси , Низами, Хафиз, Шамси, Сағди, Физули, Науаи 

т.б.  еңбектері.  Бұларға  қосымша  араб,  парсы,  шағатай  тіліндегі  көне  түркі 

əдебиетінің  жетік  білуге  тиіс  сабақтары  —  араб,  парсы  халықтарының  тілі, 

ертегі аңыздары жазба дүниелері:  

Ғашықтық майданында шаһит болып,  

Бозжігіт Аңуаз үшін қандай болған.  

Бұлардың зар тартқаны Лəйлі — Мажнүн  

Табысып ақырында отқа жанған.  

Зияда — Қорлығайын, Фархат Шырын,  

Бұл күнеде хабардармын осылардан.  

Ақыры «Қозы Көрпеш — Баяндай» боп,  

Жүзімнің қызыл нұры бұ жыл салған…  

деп,  Ақанның  өзі  де  шəкірт  кезінде  оқып,  таңығандарын  жырға  қосады.  өз 

халқының  тамаша  туындылары  мен  шығыстық  лиро-эпостар  оның  жастық 

сезімін  оятқан,  сұлулыққа,  ғашықтыққа  оны  біржола  бұрған  рухани  күш 

болған сияқты.    

 

Ақан  —  жастай  оқып  тəлім  талған  өнерлі, 



білімді  жас.  Өз  замандастарының  көбінен  озық,  араб-парсы,  шағатай 

əдебиеттерінен де, сол əдебиеттерді туғызған тілдермен де жете таныс, соған 

қоса, орыс тілін де білген мадениеті жоғары өнерпаз адам. Ақан 1843 жылы 

Көкшетаудың  күнбатыс  жағындағы  Қоскөл  деген  жерде  туған.  Ол  он  үш 

жасқа  келгенше  Күнту  деген  молдадан  мұсылманша  оқыған.  Бірақ  дүмше 

молданың  балдыр  —  батпағы  сергек  ойлы  ұғымтал  баланың  көңілін 

дауалатпайды. Ақыры Ақан оқуын тастап кетіп қалады. Осыдан былай оның 

серілік  өнері  басталады,  сонымен  бірге  өлең  жəне  əн  шығарумен 

шұғылданады.  

Тастанбекқызы Сара (1878-1916) - айтыскер ақын.

 Туған жері қазіргі 

Алматы облысының Қапал ауданы. Руы 

Найман.  

Өзінің қысқа ғұмырында тауқыметтің талайын көріп, əлеуметтік теңсіздіктің 

тəлкегіне  ұшыраған  Сараның  шығармашылық  жолы  тым  ауыр  да  күрделі 

жол.  Ол  үш  жасында  əкесінен  айырылып,  еңсе  басқан  жетімдік  пен 

жоқшылықтың  зардабын  көріп  өседі.  Бұл  аз  дегендей,  сырттай  болса  да 

жалғыз сүйенер тірегі немере ағасы Жайсаңбек «өгіз ұрлады» деген жаламен 

түрмеге  түседі.  Жоқшылық  өтінде  жеке  қалған  жетім  бала,  жесір  əйелге 

қамқоршы  болып,  ауылына  көшіріп  əкелген  Тұрысбек  қажы  Сараны 

шырылдатып,  өзінің  теңі  емес,  жаратылысынан  кеміс  туған,  бай  баласы 

Жиенқұлға 

атастырады. 

Жетім қыз үшін мал алған Тұрысбек қажының əрекетін естіген Есімбек қажы 

дау  шығарып,  Сараны  өз  ауылына  көшіріп  алады.  Бірақ  бұдан  Сараға 

жақсылық  болмайды.  Ақырында  бар  шаруа  екі  қажының  қыздың  қалың 

малын тең бөліп алуға келісуімен тынады.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Осылайша  қаршадайынан  басы  дау  шарға 

түскен  ақын  қыздың  бағының  ашылуына  осы  кезде  найман  елін  аралап, 

серілік жасап жүрген атақты Біржан салмен кездесіп, шаршы топтың алдына 



онымен  айтысуы  үлкен  себепші  болады.  Бұл  айтыс  Сараның  халық 

алдындағы  беделін  арттырып,  атағын  алысқа  жаяды.  Елдің  құрметіне 

бөленіп,  халықтың  махаббатына  ие  болған  ақын  қыздың  тағдыр  тізгінің  өз 

қолдарынан  сусып  шығып  бара  жатқанын  сезген  қажылар  да  көпке  көренеу 

қарсы шыға алмай, оның басына бостандық береді. Сөйтіп ақын Сара өзінің 

асқан дарынының арқасында теңдікке қол жеткізіп, он тоғыз жасында өз теңі 

Алтынбекұлы  Бекбай  дегенге  тұрмысқа  шығады.  Теңдікке  жетіп,  теңіне 

қосылып,  көзі  ашылғандай  болған  осындай  күндердің  бірінде  Верный 

қаласынан  Əбіштің  (Əбдірахманның)  сүйегін  алып  қайтқан  жолда  Қапалда 

Абайға  көңіл  айтуға  келген  Найман  елінің  игі  жақсылармен  бірге  Сара  да 

келіп,  ұлы  ақынмен  көріседі,  аяулы  баласынан  айырылған  ауыр  қайғысына 

ортақтастығын 

білдіреді.  

Жастай  жоқшылықты  көп  көріп,  ауыр  тұрмысты  бастан  кешкен  теңсіздіктің 

зардабын  шегіп,  қайғы-мұңды  серік  еткен  ақын  қыз  көп  ұзамай  ауруға 

шалдығып,  жалғанның  қызығын  жарытып  көре  алмай,  ерте  көз  жұмады.  

Сара  Тастанбекқызының  Біржан  салмен  айтысы  ғасырдан  ғасырға  үзілмей 

жалғасып келе жатқан қазақтың айтыс өнерінің шоқтығы биік, көркем үлгісі 

болып  саналады.  Ақынның  бұл  айтыстан  басқа  «Жүрек»,  «Ашындым», 

«Арсалаң аға алдында», «Жүрек сыры», « Жайлауда», « Əбіштің аруағына », 

« Хош бол, елім» секілді көптеген өлеңдері мен «Тұзақ» атты дастаны бар. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет