Филология факультеті



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата12.03.2017
өлшемі0,54 Mb.
#9201
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

Шернияз табан астында уытты сөздерді шешендік тіркестерді шығарып 

айтуға  шебер  болған.  Бұған  ақынның  кез-келген  өлеңдері  дəлел  бола  алады. 

Əсіресе  бұған  ақынның  мысалға  толы  айтыстары  айғақ.  Баймағанбет 

шабамын деп, қылышын суырып алғанда айтқан «Хан қолында ұстаған қасқа 

қылыш»  дейтін  өлеңінің  импровизаторлықтың  тамаша  үлгісі  десек, 

«Шернияз  тарихы»  атты  қолжазбадан  алынған  өлеңі  тез  айтуға  машықтық, 

ұсталығы  жағынан  жоғарғы  өлеңінен  асып  түсетін  тəрізді.  Шернияздың  өз 

кезіндегі, не өзінен бұрынғы ақындардан айырықша бір ерекшелігі оның өмір 

құбылысын  суреттеуде  қолданылатын  поэтикалық  тілдің  əр  түрі  де  кездесе 

береді.  Тамаша  теңеу,  метафора,  т.б.  Шернияз  –  юморист  ақын.  Сондықтан 

оның поэтикалық тілінде, сөздігінде ирония, сарказм жиі ұшырасады.  

 

Байеке, сіздің қызда жаман бар ма? 



 

Жамандар сіздің қызды заман бар ма? 

 

Жамандығы бойынан табылғандай, 



 

Ауызым бармай тұр ғой жамандауға. 

деп,  Баймағанбеттің  əйелін,  қыздарын,  сырт  жағынан  қарағанда  мақтап 

тұрған сияқты көрінсе де, ішкі мазмұны олай емес.  

 

Шернияздың  əйелі  өліп,  өзінің  бала-шағаларымен  отырғанда,  бір 



сыйлы  қонақтар  келіп  қонады.  Қызы  қонақтарға  қойдың  қолын  асады. 

Қонақтар  оған  риза  болмай,  өзара  күңкілдесіп:  «Шернияздан  бала  тумаған 

екен»,- дейді. Шернияз оны сезіп қалып:  

 

Қонағым, балалар білмегеннен қол асыпты, 



 

Асса да бала қолды мол асыпты, 

 

Дүниеге қолдан бұрын сан келмейді, 



 

Асса  да  бала  қолды  жол  асыпты,-  депті.  Сонымен,  ирония,  сарказм 

Шернияздың  өлеңдерін  басқа  ақындардан  даралап  көрсететін  ерекшелігің 

бірі.  


 

Шернияз  –  заманы  артқан  міндетті  атқаруы  жолына  құлшына  қызмет 

еткен  жалынды  ақын.  Ол  өз  басынан  талай  ауыртпалықты  өткізіп,  озбырлар 

өктемдігін,  халық  азабын  көріп,  шерлене  өсті.  Ханға  қарсы  қажырлы  күрес 

үстінде шынығып, ақындық жолға шықты.  Шернияз бұдан бір ғасыр бұрын 

өмір  сүрсе  де,  оның  өлеңдерінің  біздер  үшін  мəні  зор.  Өйткені  өз  кезіндегі 

қара халықтың көпшілігі шаруалардың мұңын жырлап, шаруалар көтерілісін 

басқарған,  халыққа  қамқоршы  болған  ер  ұлдарды  дəріптеді.  Күлдіргі, 



сатиралық өлеңдердің шебері, ұстазы ретінде тамаша үлгі өлеңдер қалдырды. 

Сондықтан Шернияз əдебиет тарихынан өзіне лайық орын алады.  



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: ХІХ ғ əд. Көрнекті өкілі Ш.Жарылғасұлының 

поэзиясындағы ұлт-азаттық сарын  



  

Пайдаланатын əдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7. 

 

 



№ 5 дəріс.  

Тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы (1818-1881) 

Қарастырылатын сұрақтар: Өмірі туралы мəлімет. Шортанбай мұрасының 

жариялануы, зерттелуі. Ақындық шығармашылық тұлғасының қалыптасу 

кезеңдері. Шортанбай – патшалық отарлау саясатын əшкерелеуде 

реалистікпен жырлаған сыншыл ойлы суреткер ақын. Адамгершілік 

тəрбиесінің қағидаларын уағыздаған толғаулары. Айтыстарындағы сыншыл 

өткірлік, бейнелі тіл нақыштары.  



Дəрістің  мақсаты:  Шернияздың    өмірімен  шығармашылығынан  терең 

таладай отырып, мағлұмат беру   



Дəріс мазмұны:   

 

Шортанбай  –  ХІХ  ғасырдағы  қазақ  əдебиеті  тарихынан  елеулі  орын 

алатын,  өзіндік  сөз  өрнегі  бар  өнерпаз.  Туған  елінің  тарихи  тағдырын 

болжап, халқының басына түскен ауыртпалықтарды көкірегі қарсы айырыла 

жырлаған  өз  дəуірінің  тамаша  жырау-ақыны.  Сонымен  бірге  сол  кездегі 

қоғамдық  қайшылықтардың  бет  пердесін  ашып,  оған  қарсы  саяси  күрес 

жүргізе де білген қайртакер.  

 

Шортанбай  Түркістан  жерінде  Қаратауды  жайлаған  шаруа  Қанайдың 



отбасында  дүниеге  келген.  Жас  шағынан  мұсылманша  оқып,  замандастары 

қатарлы  білім  алған.  Бұрыннан  қазақ  халқының  қасиетті  астанасы  іспетті 

Түркістан қаласы, оның сол тұстағы шар тарапқа жайылған даңқы жас ақын 

əсерсіз болмаған.  

 

 Шортанбай - өз заманының жалынды ақыны, ақылгөй шешен жырауы. 



Өзі  өмір  кешкен  замана  шындығын  барлық  көрінісімен  айқын  да  дəл 

бейнелеп,  əлеуметтік  маңызы  зор  шығармалар  жазды.  Шортанбай 

шығармашылығы  ХІХ  ғасырдағы  қазақ  өмірінің  айнасы,  əсіресе,  кедей-

кепшік,  момын  шаруалардың  тұрмыс  тіршілігінің  шынайы  куəгері.  Жан-

жақты  талан-таражға  түскен  туған  елінің  ауыр  тағдырын  тайға  таңба 

басқандай бейнелей білген білгір жазушы.  

 

Шортанбайдың шығармалары өткен ғасырдың соңғы ширегінде кейбір 



жинақтарда  баспа  бетін  көре  бастады.  1882  жылдардан  бастап,  өлең, 

толғаулары  жинақталып,  бөлек  кітап  көлемінде  жарық  көрді.  Көрсетілген 

жинақтарға ақынның «Тар заман», «Опасыз жалған», «Байды құдай атқаны», 

«Атамыз Адам пайғамбар», «Өсиет-насихат сөздер», «Айттым сəлем», «Асан 

қожа»,  т.б.  енген.  С.Мұқановтың  есебі  бойынша,  Шортанбай  мұрасы  1500 

жолдай.  

 

Шортанбай  шығармаларының  негізгі  арнасы  –  заман,  қоғам,  халық 



тұрмысы, ел өмірі, жер, қоныс қысымы, отаршылар мен жергілікті əкімдердің 

озбырлығы,  жаңа  қарым-қатынастан  туындаған  тонаудың  жаңа  түрлері, 

сатқын ел билеушілер, бұзақы топтар, т.б.  

 

Сорлы қазақ қамалып, 



 

Тарылды кең қоныстар... 

 

Апыр-ау, елге болыс, би  



 

Дұрыс бастық болар ма, 

 

Ұрлықтың етін қақтаған 



 

Жығып салар дүреге, 

 

Қызыққан соң параға. 



Ең  алдымен,  Шортанбай  -  өз  дəуірінің  шынайы  сыншысы.  Қазақ  қоғамын 

билеп-төстеушілер, отаршылар билеген заманның бет алысына наразы ақын. 

Ақынның бағалауынша, ол жасаған заман бұзылған, шерлі тар заман.  

 

Жамандық  пен  жақсылық,  адамдық  пен  арамдық  арасын  ажырата 



білуге,  достық  пен  қастық  шындыфқ  пен  жалғандыф  айырып,  бірін  жақтап, 

екіншісіне қарсы тұруға шақырды.  

 

Шортанбай  əдебиет  тарихына  мəлім  жыраулар  стилін  жалғастырып, 



кейде  7-8  буынды  өлеңмен  термелеп  толғаса,  кейде  11  буынды  қара  өлең 

формасында  тебірене  өлең  өрнектейді.  Түйіндеп  айтқанда  Шортанбай  туған 

халқының  поэзиялық  дəстүрін  берік  ұстап,  оның  мазмұнын  байытып,  тілін 

ұстарта білген. Ақынның қолданған термелері мен толғаулары, айтыс, арнау, 

ақыл-нақыл өсиет өлеңдері бұған куə бола алады.  

Өзін-өзі  тексеретін  сұрақтар:  Шортанбайдың  отаршылдық  саясатқа 

наразылық  толғаулары.  Ақын  шығармаларындағы  дін,  иман  жайы. 

Шортанбай өлеңінің құрылымы, тіл кестесі. Шортанбай өлеңіндегі ел мінезі.   

  

Пайдаланатын əдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7. 

 

№6 дəріс.  



Тақырыбы: Сүйінбай Аронұлы (1822-1895) 

Қарастырылатын сұрақтар:  Өмірі туралы мəлімет. Сүйінбай мұрасының 

зерттелуі. Толғауларының тақырыптық-идеялық мазмұны. Сүйінбай 

айтыстары. Ақын өлеңдерінің өлең өрімі.  

Дəрістің  мақсаты:  Сүйінбайдың    өмірімен  шығармашылығынан  терең 

таладай отырып, мағлұмат беру   



Дəріс мазмұны:   

Белгілі  қазақ  ақындарының  бірі  –  Сүйінбай  Аронұлы  Алматы  облысы, 

Жамбыл  ауданы,  Майтөбе  жайлауында,  1822  жылы  шілде  айында  туған.  Өз 

əкесі – Арон Күсепұлы, арғы атасы – Жиенқұл деген кісілер болған. Ол кедей 

отбасынан  шыққан.  Əкесі  Аронның  шаруасы  тым  шағын  болып,  кейде  ішер 

ас,  мінер  атқа  зар  болған  екен.  Өзінің  өмірі  туралы  айтқан  өлеңдерінің 

бірінде  ақын  бұл  жайды  жəне  екей  елінің  түгел  кедей  болғанын  толық 

бейнелейді.  

Сүйінбайдың Тезек төремен кездесуі – кейінірек, ақынның ер жетіп, елге 

танылған  шағы.  Қалың  бұқараға  сүйеген  ақын  тайсалмай  сөйлеп,  Тезек 

төрені  де  жалайырдағы  Солтанға  ұқсатып  ел  алдында  əшкерелеп,  бас 

көтертпей  жалынды  сөзінің  күшімен  бөгеп  отырады.  Тіпті  көрші  қырғыз 



халқының қанды балақ, орақ ауыз Орман хан тұқымдарының орынсыз істерін 

де  батыл  сынайды.  Табиғатынан  талантты  ақынға  ел  артқан  сенім,  ол 

көрсеткен  сыйқұрмет  өшпес  даңқ  əперіп,  бойындағы  сарқылмас  талант 

бұлағының көзін ашты.  

Сүйінбай  –  халқымыздың  поэтикасына  жетік  шебер  тілді,  жүйрік  ақын. 

Бұған  оның  билер  мен  төрелерді  сынап,  мысқылдап  айтқан  өлеңдерінің  өзі 

дəлел.  Ақынның  «Кəрілік»  атты  өлеңін  еске  алсақ,  бұл  да  оның  адамның 

қартая  бастаған  өмір  белестерін  айқын  бейнелеп,  шендестіре  сөйлеуге  ұста 

екенін танытады.  

 

Өз  кезеңінде  шешендігімен,  тура  айтатын  шыншылдығымен  көзге 



түскен  Сүйінбай  ақынның  айтыстары  өзінше  бір  төбе.  Бізге  жеткуен 

ақынның  жеті  айтысы  бар.  Соның  үшеуі  Сүйінбайдың  Кекенкекіл,  Уəзипа, 

Күңбаламен  айтыстары.  Ақын  бұл  айтыстарында  феодалдық  ру  тартысына 

немесе  бай  мен  билерін  мақтан  ететін  дəстүрлі  қақтығысуларға  бой 

алдырмайды,  керісінше,  қыздарды  сырласуға,  ішкі  мұң-зарын  шертуге, 

достыққа  үндейді.  Сүйінбай  айтыстары  ХІХ  ғасыр  айтыстарының  ішінде  өз 

алдына  дараланып,  жоғары  тұрады.  Бұл  оның  айтыстарының  мəнділігі  мен 

тіл  өткірлігінен  байқалады.  Оның  ең  шоқтығы  биік  айтыстарының  бірі  – 

Тезек төремен жəне Қатағанмен айтыстары.  

Сүйінбайдың  өлеңдері,  толғау,  арнаулары  да  өзінше  бір  əдеби  əлем. 

Сүйінбай  Аронұлы  -  өмір,  заман  жайлы  толғанып,  философиялық 

қорытындылар жасаған терең ойлы өлеңдердің авторы. Ақынның «Əділеттік 

орнаса»,  «Надандық»,  «Жақсы  менен  жаманның  айырмасы»,  «Жақсы  болса 

ағайын»,  «Нақылдар»,  «Өсиет»,  «Ақын  боп  жиырмамда»,  «Дүние  ойлап 

тұрсам  баяны  жоқ»  т.б.  өлеңдерінде,  негізінен,  ел  басқару,  халық  тағдыры 

мен  адам  бойындағы  жақсы,  жаман  дағдылар  сараланады  жəне  өмірдің 

бағасы мен өткіншілігі жайлы ой-толғамдар, ақыл-өсиет айтылады. Мысалы, 

«Əділеттік  орнаса»  өлеңінде  ақын  əлеуметтік,  қоғамдық  өмірге  деген  өзінің 

көзқарасын  білдірген.  Бұл  өлеңде  əділетсіздік  елдің  бақытсыз  күйіне  көз 

жіберген.  

Сүйінбай  Аронұлы  шығармашылығындағы  орны  бөлек  өлеңдердің  бірі  – 

«Жақсы мен жаман адамның қасиеттері». Бұл өміршең өлең. Өйткені, жақсы 

мен  жаман  адам  қай  заманды  да,  қай  қоғамды  да  алып  қарасаң  табылады. 

Сүйінбайдың  өлеңі  бізге  жақсы  адам  мен  жаман  адамның  арасы  жер  мен 

көктей  екенін  ұқтырып  қана  қоймай,  бізге  адамдарды    қандай  қасиеттеріне 

қарап айыратынымызды үйретеді.  

 

Жақсы жігіт ел-жұртының қаласындай, 



 

Жақсы əйел əмма жұрттың анасындай. 

 

Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ, 



 

Көреді бəрін де өз баласындай. 

 

Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады, 



 

Қыранның қырдан байқар баласындай. 

 

Жаман парқы жақсымен бірдей емес, 



 

Жақсы жігіт елінің ағасындай, 

 

Жақсының сөзін əркім пайдаланар, 



 

Миуалы алма, өріктің ағасындай,- деп жырлайды ақын.  

Сүйінбайдың ерекше атауға тұрарлық өлеңдерінің тағы бірі – «Болыстарға 

баға». Бұл өлеңде Сүйінбай əр болысқа баға береді.  

Сүйінбай  Аронұлы  -  əлеуметтік  мəні  бар  өлеңдермен  қоса,  ірі  сюжетті 

толғау,  жырларды  тудырған  айтыс  ақыны.  Мəселен,  «Бөрілі  менің 

байрағым»,  «Барша  жұрттың  бағы  үшін»  тəрізді  шығармалары  осындай 

азамттық  үні  басым,  патриоттық  толғаулар  болып  саналады.  Осындай 

толғаулардан  басқа  Сүйінбайдың  көлемді,  желілі  жыр,  дастандары  болған. 

Мысалы,  «Жабай  батыр»,  «Қарасай  батыр»,  «Өтеген  батыр»,  «Сұраншы 

батыр»  атты  эпостық  жырларында  ақын  елдік,  ерлік,  азаматтық  мəселелерді 

кеңнен  қамтып,  эпикалық  сарында  жырлаған.  Аталған  шығармалардың 

ішінде  сюжеттік,  композициялық  құрылымы  жағынан  тұтас  та  толық 

сақталғаны  –  «Өтеген  батыр»  жыры.  Ал  «Жабай  батыр»,  «Қарасай  батыр» 

дастандарының  бас-аяғы  түгел  емес.  Бір  кездерде  ұзақ  жырланып  айтылған 

бұл шығармалар біздің заманымызға тек үзінді күйінде ғана жеткен.  

Сүйінбай  өлеңдері  -  өзінің  формасы  жағынан  халық  поэзиясы  үлгісіндегі 

шығармалар. Ақын шығармалары ырғақты ұйқас, асқан шеберлігімен, өзіндік 

көркемдік  бітімімен  құнды.  Сүйінбайдың  өлеңдері  тау  суындай  тасқындап, 

талай  жандардың  жүрегінің  түбінен  орын  алады.  Халық  рухын  биіктетіп, 

өлең  жолдарымен  ел  еңсесін  тіктеген  Сүйінбай  Аронұлы  ХІХ  ғасырдағы 

қазақ əдебиетінің аса ірі тұлғалы дарыны.  



Өзін-өзі  тексеретін  сұрақтар:  ХІХ  ғ.  əйгілі  айтыс  ақындары.  Шөже, 

Орынбай,  Кемпірбай,  сҮйінбай,  Біржан,  Сара  т.б.  Айтыс  өнерінің  ғылыми-

көркемдік  негіздемесі.  Суырып-салма  жəне  жазба  айтыстағы  Сүйінбайдың 

орны.  


  

Пайдаланатын əдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7. 

 

 



№ 7 дəріс сабақ .  

Тақырыбы: Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898), Базар Оңдасұлы  

(1839-1911) 



Қарастырылатын  сұрақтар:    Өмірлері  туралы  мəлімет.  Шығармаларының 

жанрлық түрлері: толғау-термелер, арнау өлеңдері, мысал өлеңдер, айтыстар, 

дастандары.  

Дəрістің 

мақсаты: 

Майлықожа 

мен 

Базрадың 



 

өмірінен, 

шығармашылығынан терең таладай отырып, мағлұмат беру   

Дəріс мазмұны:   

 

Қазіргі  Оңтүстік  Қазақстан  облысы,  Қызылқұм  жерінде  туып  өскен. 

Əкесі  Сұлтанқожа  мұсылманша  сауатты,  шағын  дəулетті,  көзі  ашық,  діндар 

адам  болған.  Майлықожа  заманына  сай  білімді  адам  дəрежесіне  жеткен.  14 

жасынан  жетім  қалған  ол  тірлік  жасап,  жоқшылық  тауқыметін  тартады. 

Ақынның өз сөздеріне қарағанда, ол 20 жас шамасында сөзге араласып, өлең 

өнеріне  беріле  бастаған.  Кейін  өзінің  сауатын  молайтып,  жазба  əдебиет 

өкілдерін,  шығыс  əдебиетін  оқуға,  оның  кейбір  үлгілерін  жаттап  айтып, 

таратуға  мүмкіндік алға. Майлы Шығыс əдебиетімен танысып қана қоймай, 


оны  қазақ  тіліне  аудару  əрекетін  де  істеген.  Діни  қиссалар  сюжетіне  дастан 

жазумен  де  айналысқан.  «Зархұм»  үлгісінде  «Абдолла  бала»  жырын 

шығарған. «Тотынаманы» өзінше, қысқаша толғаған.  

 

Майлықожаның кейбір толғаулары баспа бетін ерте көрген. 1883 жылы 



Ташкент  қаласында  басылған  «Қырғыз  хрестоматиясы»  атты  жинақта 

Майлықожаның  бірнеше  ұзақ  толғаулары  басылды.  Олар  –  «Райымқұлға», 

«Қасқыр»,  «Ноғай  мырзаға»,  «Үш  жігіт»  деп  аталады.  Ақынның  бұл 

өлеңдерінің жалпы мазмұны адамгершілік ұғымдағы ғибрат сөздер.  

 

Мысалы:  Майлының  «Райымқұлға»  деп  аталатын  ғибратты  ұзақ 



толғауында ақын Райымқұл деген біреудің осындай ұнамсыз қылығын, оның 

дүние  қуып,  сол  дүние  үшін  өз  ағайыны  Ақмолланы  өлтірмек  болғандығын 

айыптайды.  

 

Майлықожаның,  əсіресе,  «Ноғай  мырзаға»  деген  ұзақ  толғауының 



мазмұны  көңіл  аударарлық.  Ақын  оны  адал  азамат  болуға,  адамгершілікке 

шақырады.  

 

«Қасқыр»  атты  өлеңінде  ақын  өзі  тойса  да  көзі  тоймайтын  қасқыр 



мінезді  жыртқыштар  тобын  сынайды.  Қызғаншақтық  пен  ашкөзділік 

мінездерді  əжуалайды.  Өлеңнің  мазмұны  –  бір  мерген  киік  аулайды.  Киікті 

атып алып тұрғанда қабандар тобын көрген мерген бір зор қабанды да атады. 

Ол бірден өлмей, мергенге тап беріп, оны жарады. Сосын өзі өледі. Осы үш 

өліктің  үстіне  қасқыр  душар  болып,  ол  өліктерді  місе  тұтпай,  саржаның 

(садақтың) кіресін кеміреді. Саржаның қатты тартқан жібі үзіліп, қасқырдың 

тұмсығын бұзып, оны өлтіреді. Сөйтіп қанағатсыздық оның түбіне жетеді.  

 

Майлы шығармалары халықты адал еңбекке үндеуден жалықпайды. Ол 



адам 

өмірін 


жан-жануарлар 

тіршілігімен 

ұштастыра 

мысалдап 

жырлайды.Мысалы,  «Бұлбұл»  өлеңінде  ақын  еңбеккер  үшін  табыс  тауып, 

қыс  қамын  жасар  шақ  жаз  күндерін  босқа  қызықтап  өткізіп  алмаудың  керек 

екенін  қатты  ескертеді.  Жаздай  əн  салып,  қыс  қамын  ескермеген  бұлбұлдай 

бейшара  болма  дейді.  Ақынның  бұл  өлеңі  –  Крыловтың  «Құмырысқа  мен 

шегірткесіне» мазмұндас шығарма.  

 

Майлы  табиғат  жырларын  поэзияда  алғаш  жырлаушылардың  бірі. 



Табиғаттың  əрбір  кезеңін  адам  өмірінің  кезеңдеріне  ұштастыра  жырлаған. 

Оның  «Жылдың  төрт  мезгілі»  атты  арнайы  жыры  да  бар.  Бұл  жырдың 

мазмұны  да  адам  өміріне  байланысты.  Жазы,  күзі,  қысы,  көктемі  –  бəрі  де 

шаруалар кəсібімен, халық тұрмысымен ұштаса бейнеленеді.  

 

 

Сəуірде көтерілер рақмет туы, 



 

 

Ойнасып су бетінде қаз бен қуы. 



 

 

Жан-жануар көкмайсаға баурын төсер, 



 

 

Емізіп жас баладй жаңбыр суы… 



 

 

Шаттанар бұл дəуірге жас пен кəріге, 



 

 

Лəззатті жел менен көл жанға дəрі… 



 

 

Шаруалар жайлар тауды малын баққан, 



 

 

Егін сап диқандары кетпен шапқан… 



Сонымен,  жоғарыда  келтірілген  өлеңдердің  өзінен-ақ  Майлықожаның 

əдебиет  тарихынан  орын  аларлық  өз  заманының  көрнекті  ақыны  болғанын 

тану қиын емес.  

Базар  Оңдасұлы  (1839-1911).  Қазіргі  Қызылорда  облысының  Қазалы 

ауданында  туып-өскен.  Базардың  өлеңін  жинаушылардың  бірі  Əлқуат 

Қайнарбаевтің  деректеріне  қарағанда  ақын  1839  жылы  туып,  1911  жылы 

өлген.  Шыққан  тегі  шөмен.  Тек  16  жасынан  бастап  өнер  жолына  түскен. 

Базар өз бетімен оқып, сауатын ашқан. Ер жеткен шағында діни кітаптарды, 

қолына түскен шығыс əдебиет үлгілерін бас алмай оқып жүрген. Өзі – белгілі 

суырып  салма  ақын.  Базар  өлеңдері  20-жылдардан  бастап  жинала  бастады. 

Ə.Диваев,  С.Сейфуллин,  Ə.Марғұлан  ақын  өнеріне  алғаш  назар  аударып, 

жазып  алушылар  болды.  1925  жылы  Ташкент  қаласында  басылған  «Терме» 

атты жинақта жыраудың бір топ өлеңдері тұңғыш рет басылып шықты. Кейін 

1931 жылы С.Сейфуллин оның заман туралы толғауларын (көлемі 200 жолға 

жуық)  «Қазақ  əдебиетінің  ескі  нұсқалары»  жинағына  енгізді.  Ақынның 

бірнеше  лирикалық  толғау  дастандары  бар.  Олар  –  «Мақпал-Сегіз»,  «Айна, 

тарақ», «Əмина қыз», «Ахметжүсіп».  

 

Базардың  өлеңдері  алуан  салалы.  Ақынның  өзінің  жеке  басына 



байланысты  мəселелерден  бастап,  ел  жайын,  батырларын,  өткен  кеткенін, 

жақсы-жаманын, жастар жайын кең толғайды. Солардың ішінде «Халық үшін 

туған қайратты ер», «Жігітік», «Жиырма бес», «Назекеңе», «Ғашық жарым», 

«Дүние», т.б. өлеңдерінің мəні ерекше.  

 

Базар  адамның  қуатты  шақтарын  қартайған  күндеріне  қарама-қарсы 



қойып, жастарға ақыл айтады. Ақыл мен қуатты ұштастырып, өркенді іс қыла 

білуге  үндейді.  Ақын  атаулы  соқпай  кеткен  атақты  «Жиырма  бес»  туралы 

Базар да өзінше толғанады.  

 

«Жігіттік»  деген  өлеңінде  ақын  жастық  екпінді  табиғаттың  долы 



күшіне – қара дауыл, нөсер жауынға ұқсата жырлайды.  

 

Ақын  өлеңіне  бейнелілік  пен  суреттілік  тəн.  Ол  неше  бір  поэтикалық 



тілдерді (əсірелеу, теңеу, эпитет, метафораларды) қолданады. Адам тұлғасын, 

сырт  пішін  кескін-келбетін  суреттеуде  болсын,  ақындық  шабыт,  əсем  тіл 

айшықтары белес береді.  

 

Базар  –  сөз  жоқ,  өз  кезінің  белді  ақыны,  дəуірінің  əлеуметтік 



мəселелеріне үн қоса білген, кең тынысты жырау. 

 Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Майлықожа ақынның арнаулары 



  

Пайдаланатын əдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7. 

 

 



№ 8 дəріс сабақ. 

Тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906), Мəделі Жүсіпқожаұлы 

Қарастырылатын 

сұрақтар: 

 

Өмірлері 

туралы 

мəлімет, 



Мұрат 

шығармашыфлығындағы  ойшылдық,  философиялық  тереңдіктер.  Мəделінің 

дастандары, 

арнау-толғауларының 

тақырыптық-идеялық 

мазмұны. 

Айтыстары.   


Дəрістің 

мақсаты: 

Мұрат 


пен 

Мəделі 


ақынның 

 

 



өмірімен 

шығармашылығынан терең таладай отырып, мағлұмат беру   



Дəріс мазмұны:   

 

Мұрат – жезтаңдай шешен – жырау, төгілген ақпа ақын. Мұсылманша 



сауатты,  дəуірінің  алдыңғы  қатарлы  азаматы.  Халқының  басына  түскен 

замана  ауыртпалықтарын  көре  де,  көрсете  де  білген  шынайы  поэзия  өкілі. 

Елі,  жері  халқы  үшін  қасірет  шеккен  саналы  суреткер.  Ақын  1843  жылы 

Қазақстанның батыс аймағында Қызылқоға жерінде, Қарабау жайлаған беріш 

елінде  дүниеге  келді.  Əкесі  Мөңке  -  өз  еліне  аты  мəлім  дəулетті  адам. 

Мұарттың  əкесі  ерте  өліп,  ата  дəулетінен  өз  басы  ешнəрсе  көрмей, 

ағаларының  қамқорлығынад  өмір  кешіп,  ер  жеткен.  Кейінірек  Мұрат  елі 

жұтқа ұшырап, өзі адай ағайындарына барып жан сақтаған. Он-он бес жасар 

Мұратқа  «ділмəр»,  «тақылдақ»,  «өнері  судай  тасқан»,-  деген  асқақ  атақтар 

таңылған.  

 

Ақын  қалдырған  мұраларға  көз  салсақ,  оның  шығармашылығына  кең 



арналы,  сан  салалы,  білімді  ақын  тұрғысын  танытарлық  келелі.  Қайбір 

саладағы  шығармаларын  алсақ  та,  бəріне  ортақ  бір  салып  бар  –  ол  таза 

халықтық  əуен.  Мазмұн  жағынан  бастан-аяқ  ел  мұңын,  халық  тірлігін 

көтерсе, түр, стиль жағынан фольклорлық сарынды сақтайды. Мұрат айтысқа 

тым ерте, əлі жас, 15-16 жастар шамасында түседі. Алғашқы айтыстары жəне 

де басқа көптеген тіл қақтығыстары бізге түгел жеткен жоқ. Баспа бетін көріп 

жүргені  тек  бес-ақ  айтыс:  Жаскелең,  Бала  Ораз,  Жантөлі,  Тыныштық,  Ізім 

шайырлармен  айтыс,  тіл  қағым  дидарласу  сөздері.  Олардың  ең  мəндісі, 

біздіңше, Мұраттың Жантөлі қызбен айтысы. Бұл – екі ақынның əлеуцметтік 

мəселені  қозғаған  жақсы  диалогтары,  өзінің  тіл  ұстарту  үлгісімен  де  елеуге 

тұрарлық, ақындардың сөз тапқыштық, ұтқыр шешендіктерін таныта аларлық 

туынды.  

 

Мұраттың  айтыстары  негізінен  қайымдасу  түрінде  келеді.  Қайым 



өлеңдердің  жолдарын  қайыра  қолданады.  Өзінің  жаңа  ойын  соған  жалғай 

салады.  Қайым  айтыс  форамасы,  көбіне,  əзілдесі,  қалжыңдасу,  пікірлесу 

ретіндегі диалогтар.  

 

Мұрат  шежіре-тарихқа  жетік,  өткен  ғасырлардағы  жыраулар  мен 



батырлар  жырларын  жатқа  білген.  Əсіресе,  Қазақстанның  Батыс  өлкесінің 

өткен-кеткені,  жер,  су  мекенні,  атақты  адамдары,  шешен-жырауларын, 

тілінен  бал  тамған  өнер  иелері,  ел  қорғаған  батырлары,  бай-мырзалары, 

жақсы  деген  азаматтары  –  оның  туындыларының  алтын  арқауы.  Сыпыра, 

Асан,  Қазтуған,  Шалгез,  Жиенбет,  Доспамбет,  Махамбет,  шернияз,  т.б 

тарихи  адамдардың  шығармалары  бізге  осы  Мұраттың  айтуы  бойынша 

жеткен.  

 

Мұратты  көзімен  көрген  Мұрын  жыраудың  естелігі  біздің  пікірімізді 



растайды.  Ол  өзіне  алғаш  жыр  үйретіп,  ұстаз  болған  Мұрат  екенін 

мақтанышпен  мойындайды.  Одан  «Едіге»  жырын  тіпті  жас  бала  кезінде-ақ 

үйреніп  алғанын,  кейін  «Қырымның  қырық  батырын»  сол  Мұрат  арқылы 

үйренгенін ескертеді.  



 

Ақынның  толғаулары  мен  дастан,  жырларының  ішінде  «Үш  қиян», 

«Сарыарқа»,  «Қазтуған»,  «Өттің  бір  қапы  дүние»  -  өзара  байланысты, 

əуендес, мазмұндас, сарындас шығармалар. Аталмшы ақын толғаулары қазақ 

халқының  отаршылар  тарапынан  көрген  ауыр  зауалдарын  бейнелейді. 

Мысалы,  «Үш  қиян»  мен  «Қазтуған»  отаршылар  қысымынан  босқан  ел 

жайын  баяндаса,  «Сарыарқа»,  «Өттің  бір  қапы  дүние»  негізінен  қоян  жұты 

кезеңіндегі қайғылы көріністерді суреттейді. Жұтта адам малынан айырылып 

жұтаса, отаршылар халықты жерден, тəуелсіздіктен айыратын апаттар екенін 

ақын  түсінеді.  Табиғат  апатынан  патшалықтың  зобалаңы  кем  түспеуі,  екеуі 

де панасыз халықты күйзелтіп жатыр дегенді айтады.  

 

Мұрат ақын шығармаларының ең көлемдісі «Қарасай-Қази» жыры. Бұл 



– нағыз эпостық поэма. Орақ батыр мен оның балалары Қарасай, Қазилардың 

жалғасып жатқан батырлық дəстүрлерін ардақтайтын ерлік эпос. Жыр сюжеті 

шағын  желіге  құрылған.  Ата  жолын  қуған  ұлдардың  перзенттік  парыздарын 

өтей білулері, нағыз ел қорғандары мен арам ниет ездердің екі жүзділіктерін 

əшкерелейтін ұтымды оқиғалар, көркем көріністер жинақталған.  

 

«Қарасай-Қази»  жыры  Мұраттың  жыраулық  өнерге  жетік  ақын  екенін 



жақсы  танытады.  Ол  бұрыннан  елге  кең  тараған  қазақтың  ерлік  жырларын 

орындай  жүріп,  өзі  Қарасай,  Қази  оқиғасын  (бұрын  аңыз  боп  жүрген)  үлкен 

эпосқа  айналдырған  сияқты.  Сондықтан  зерттеуші  ғалымдар  оны  аталмыш 

жырдың авторы санауы тегін емес.  

 

Мұраттың ақындық мұраларының құнды бір саласы, оның лирикалары 



–  арнау,  хат,  сын-сұхбат,  ақыл-нақыл  сарындас  туындылары.  Бұл  салаға 

жататындар  негізінен  ақын  өмір  сүрген  кезеңнің  шындығын,  дəуір 

адамдарын, олардың мінез-құлық, іс-əрекеттерін бейнелейді.  

 

Мұраттың  «Айжарыққа»,  «Есенғали  болысқа»,  «Есентемір  Тұрақбай 



болысқа»,  «Қарақожа  болысқа»,  т.б.  өлеңдері  –  қазақ  еліндегі  болыстық 

билікке, патшалық сайлауға наразылық, ниетіндегі туындылар.  

 

«Оқудан қайтқан жігітке» хат деген өлеңінде Дəулетімбет деген оқөып 



келген  жас  азаматқа  қаратып,  өзінің  ең  жақсы  ниеттерін  баяндайды.  Өнер-

білімнің  мəнін,  оқыған,  көзі  ашық  жастың  ел  алдындағы  азамттық 

борыштарын  санап  көрсетеді.  Оқыған  саналы  адал  азамат  қараңғылықта 

қамалған  халқын  бастап,  жарық  дүниеге,  өнер  өріне  алып  шығыға  тиіс  деп, 

оған сенім артады.  

 

Мұрат кең тынысты эпик, нəзік жанды лирик, жүлде алған жүйрік, сан 



қырлы саңлақ. Өзі туралы ақынның «Сөйлесем мен бір шешен сөз байлаған, 

жол айтып, тіл сайраған»,- деуі де орынды сөз.                                                                        

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет