Филология факультеті


Тақырыбы: Абай Құнанбайұлы шығармашылығы



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата12.03.2017
өлшемі0,54 Mb.
#9201
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ТақырыбыАбай Құнанбайұлы шығармашылығы 

Қарастырылатын сұрақтар: Аудармалық-нəзиралық өлеңге арнайы 

шығарған əндері. М.Ю.Лермонтовтан аударған туындылары. Абайдың 

төлтума бояулары. И.А.Крыловтан аударған мысалдары. Поэмалары 

Көркемдік өрнектері.     

 

Дəрістің  мақсаты:  Абай  аудармалары  мен  поэмаларының  көркемдігін, 

тақырыптық, мазмұндық желісін талдап түсіндіру 



Дəріс мазмұны:  

Абай  -  лирикалық  жанр  ғана  емес,  эпикалық  жанрдың  да  шебері.  Ол 

əлеуметтік,  махаббат,  достық  жəне  сатиралық,  философиялық,  лирикалық 

өлеңдермен  қатар,  сюжетке  негізделген,  көлемі  шағын  эпикалық  өлеңдер  де 

жазды.  Эпиграмма  тəрізді  сатиралық  төрт  жолдан  құралатын  «Көжекбайға» 

сықылды өлеңдерден бастап, ақын ұзақ поэмаға шейін көтерілді.  

             Айта  кететін  бір  нəрсе,  эпиграммалық  немесе  сатиралық  лирикасы 

болсын, қаншама қысқа, қаншама шағын десек те, ұлы суретшінің полотноға 

кистісін  сілтеп  қалса,  адам,  не  басқа  бір  өмір  құбылыстарының  мүсіні 

бейнелене  салатын  тəрізді,  Абайдың  қысқа  өлеңдерінде  адам  образдарының 

кескін-келбеті,  іс-əрекеттері  байқалып  қалады.  Біз  ол  туралы  ақынның 

сатиралық  лирикасымен  байланысты  айтқандықтан,  бұл  жерде  қайталап 

жатуды қажетсіз көрдік.  

            Ақынның сюжетті өлеңдерінің бірі - «Адасқанның алды - жөн, арты - 

соқпақ»  өлеңі.  Бұл  жай  қарағанда,  портреттік  өлеңге  ұқсайды.  Ал  талдап 

көрсек,  қысқа  да  болса  сюжеттік  өлеңдердің  сапына  жататындығын 

аңғарамыз. Қимыл, іс-əрекет, белгілі бір бейне, адам тұрқын көзге елестетеді.  

   


Бір аршопке шапаны сондай шап-шақ,  

Мүшесінен буынып басады алшақ.  

Қарсы алдына жымырып келтірем деп,  

Ақ тымақтың құлағы салтақ-салтақ.  

Жаздыгүні ақ бөркі бүктелмейді,  

Қолында бір сабау бар ол дағы аппақ.  

Керегеге сабауын шаншып қойып,  

Бөркін іліп қарайды жалтақ-жалтақ, -  

   


деп,  кескін-келбетін  суреттей  келеді  де,  кейінгі  шумағында  қимыл,  іс-

əрекетін көрсетіп, оған мінездеме береді:  

   

Тірі жанға құрдас боп жап-жасында-ақ,  



Қалжыңдамақ, қасынбақ, ыржаңдамақ.  

Бет-аузын сөз сөйлерде жүз құбылтып,  

Қас кермек, мойын бұрмақ, қоразданбақ.  

Осындай сидаң жігіт елде мол-ақ,  

Бəрі де шаруаға келеді олақ.  

Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп,  

Бар өнері - қу борбай, сымпыс шолақ.  

   


            Абайдың сюжетке құрылған үлгілі өлеңі - «Бір сұлу қыз тұрыпты хан 

қолында». Өлеңнің оқиғасы екі-ақ шумаққа сыйғызылады.  

   

Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында,  



Хан да жанын қияды қыз жолында.  

Алтын-күміс кигені, қамқа, торғын,  

Күтуші қыз, келіншек жүр соңында.  

   


Деген сөз «бұқа буға, азбан дуға»,  

Хан қарық боп, түсіп жүр айқай-шуға.  

«Етімді шал сипаған құрт жесін», - деп,  

Жартастан қыз құлапты терең суға.  

   

             Басқа  жолдары  ақынның  осы  мəселеге  көзқарасын  баяндайды.  Əйтсе 



де,  осы  сегіз  жолдың  өзінде  адам  жəне  олардың  қимыл,  іс-əрекеттері  бар. 

Тіпті  кейбір  ақындардың  бір  поэмаға  азар  сыйғызатын  мазмұнын  Абай 

бірнеше жолдарға-ақ сыйғыза алған. Бұл да шеберліктің бір көрінісі.  

             Абайдан  бізге  қалған  (əңгімелерін  санамағанда)  өлеңмен  жазылған 

эпостық  туындылары  -  «Масғұт»,  «Ескендір»,  «Əзім  əңгімесі»  («Мың  бір 

түннен»), «Вадим» (соңғы екеуі аяқталмай қалған).  

            

Одақтық 


Ғылым 

академиясының 

Қазақстандағы 

филиалы 


құрастырып,  1945  жылы  ақынның  100  жылдығына  арнап  шығарылған 

шығармаларының  толық  жинағы  басқа  баспаларға  қарағанда,  шынында 

толығы  да,  ғылыми  жағынан  біркелкі  ұқыпты  басылғаны  да  осы  кітабы.  Біз 

көбіне  осы  жинаққа  сілтеулер  жасадық.  Алайда  бұл  жинақ  та  кемшіліксіз 



емес.  Ең  алдымен,  өлеңдерінің  жылдары  көп  жайттарда  сенімді  емес. 

Махаббат,  сүйіспеншілдік  туралы  жазылған  өлеңдерінің  жылдары  ақынның 

есейіп  кеткен  кездеріне  тура  келеді.  Ал  жас  келіп,  өмір  тəжірибесі 

молайғанда айтылуға тиісті сөздері жас кездерінде жазылған болып шығады.  

             Осы  жинағында  поэмалардың  жазылуы  1887  жылдан  кейін  болып 

шығады. Бірақ қай поэмасы қай жылы жазылды, ол жағынан дерек жоқ. Бұл 

жағдайлар  ақынның  даму  жолдарын  нақтылы  көрсету  үшін  зерттеушілерді 

недəуір  қиыншылыққа  кездестіріп  келеді.  Сондықтан  да  Абайды  тақырыбы 

жағынан зерттеушілік көбірек орын алады.  

             Абайдың  «Масғұты»  -  қысқа  сюжетті  оқиға  байланысы,  дамуы, 

шарықтау  шегі,  шешуі  бар  поэма.  Поэмадағы  шал  мен  Масғұт  арасындағы 

жəне  хан  мен  Масғұт  араларындағы  диалогтар  мен  ерлік  қимылдарын 

баяндау  арқылы  Масғұт  ұнамды  қаһарман,  ерлігіне  ақылы  сай,  парасатты 

адам  бейнесінде  суреттелінеді.  Өзінің  ақылының  арқасында  ол  «Шығыстың 

күні» деген атқа ие болды деп қорытады ақын. Ал поэманың негізгі идеясы - 

əйелдің  қоғамдағы  атқаратын  ролін  дəріптеу  («Абайдың  реализмін» 

баяндаған бөлімде бұған əдейі тоқталғанбыз).  

             Біздің  бұл  кітабымызда  кеңірек  тоқталмақ  шығармамыз  -  «Ескендір» 

поэмасы. Өйткені «Ескендір» бүгінге дейінгі Абай туралы жазылған зерттеу-

еңбектерде  тек  аталып  өтіледі.  Орта  мектептерге  арналған  оқулықтарда 

программаға сай қысқаша талдаулар берілумен ғана шектелінеді. Сондықтан 

да бұл поэма айрықша көңіл аударуды қажет етеді.  

            «Ескендір» - дүниежүзі əдебиетіне тақырып болған, кəдімгі атышулы 

қолбасы  Александр  Македонский  екендігі  оқырмандар  жұртшылығына 

мəлім.  Батыс  пен  шығыстың  талай  жайсаңдары  «Ескендір»  туралы  əңгіме, 

роман,  көлемді  поэмалар  жазды.  Олардың  əрқайсысы  əлемді  тітіреткен 

қолбасы,  оның  ғұлама  ұстазы  Аристотель  жайлы  өз  көзқарастарын  кейінгі 

ұрпақтарына қалдырды. Əр автор өзінше түсініп, өз пікірін ұсынды. Осындай 

дүниежүзінің  ірі  адамдары  сөз  еткен  тақырыпқа  ХІХ  ғасырда  қазақ 

даласынан үн қосқан да жəне олар жайлы өз көзқарастарын ұсынған да Абай. 

Бір ғажап жері - Абайдың Ескендір жорығын түсінуі де, оған беретін бағасы 

да,  ұрпақтарына  қалдырған  қорытынды  пікірлері  де  өзінен  бұрынғылардың 

айтқандарынан  бөлек,  жаңа,  соны  пікір.  Бұл  айтылған  екі  түрлі  жағдайлар 

Абайдың «Ескендір» поэмасына ерекше көңіл бөлуді талап етеді.  

            Александр Македонский туралы өз заманында да, өзінен кейін де көп 

жазылған.  Ол  -  орта  ғасырда  барлық  елдердің  де  ақын,  жазушыларының 

көңілдерін  аударған  тақырып,  əдеби  қаһарман  болды.  Ескі  жəне  ертеректегі 

грек,  латын  тілдерінде  жазылған  əңгіме,  роман,  поэмалар  орта  ғасыр 

авторларына  негіз  болады:  Франция,  Англия,  Германия,  Испания,  Италия 

елдерінде  Александр  туралы  көптеген  романдар  туады.  Орта  ғасыр  көркем 

туындыларының  шығыстағы  маңдай  алды  поэмалары:  Фирдоусидің 

«Шахнамасы», Низамидің «Искиндернамасы», Навоидің «Саади Искандари» 

(«Ескендір  қорғаны»)  дүниеге  келді.  Аталған  ұлы  поэмаларға  өзек  болған  - 

Ескендір  жорықтары.  Бұл  оңтүстік  славяндарда  да  (Сербская  Александрия), 

орыстарда да ХҮ ғасырда туады.  


             Иран  тарихы  мен  əдебиетінің  ірі  маман-ғалымы  Е.Э.Бертельстің 

айтуы  бойынша,  («Саади  Ескандари».  «Вал  Искандерев»)  Зу-л-қарнайн 

қорғаны  (қамалы)  туралы  аңыз  тіпті  Құранға  да  енген  дейді.  Ескендір  - 

дүниежүзі əдебиетінен кең орын алған əдеби қаһармандардың бірі.  

             Абай  -  өз  заманының  оқымысты  ақыны.  Оның  шығармаларын 

зерттегенде,  шығыс,  батыс,  орыс  əдебиеті,  олардың  тарихын,  аңыз, 

əңгімелерін көп білетіндігіне таң қалмасқа болмайды. Ескендір жайлы да ол 

əртүрлі  мəліметтермен  танысқандығы  күмəн  келтірмейді.  Бірақ  дəл  қандай 

қорларды  пайдаланғандығын  айту  қиын.  Əйтсе  де  ол,  ең  алдымен,  шығыс 

əдебиеті, ол тілдердегі Александр туралы жазылған тарихи деректерді жақсы 

білген  деп  топшылауға  болады.  Өйткені  шығыстың  ұлы  классиктерінің 

шығармаларымен  Абай  жасынан  таныс.  Сондықтан  Александр  туралы 

Фирдоуси,  Низами,  Навои,  Эмир  Хосров  (Əмир  Хысрау)  сияқты  ұлы 

ақындардың  жазғандарымен  жақсы  таныс  болғаны  байқалады.  Демек,  біз 

Абайдың «Ескендір» поэмасын осылармен салыстыра зерттегеніміз жөн.  

             Е.Э.Бертельс  өзінің  «Навои»  атты  (1948ж.)  кітабында  мейлінше 

тұжырымды 

түрде 


шығыс 

классиктерінің 

өздерінің 

поэмаларында 

Александрды  қалай  көрсеткендіктерін  шебер  баяндайды.  Ғажап  көлемді 

шығармалардың  сюжетін  айтып  жату  мүмкін  емес.  Сондықтан  академик 

Бертельстің  айтқандарының  негізінде  əрқайсысына  қысқаша  ғана  тоқталып 

өтелік.  

             Персия  тілінде  Александрдың  аңызға  негізделген  өмірбаянын  өзінің 

«Шахнамасында»  бірінші  рет  баяндап  берген  -  Фирдоуси.  Ол  Александр 

туралы  өзінен  бұрынғы  сасанид  дəуірінің  аңыз-əңгімелерінің  əр  түрін  негіз 

еткен.  Ол  -  Александр  Филиптің  баласы  емес,  ІІ-Дарияның  баласы  екен, 

сондықтан  Александр  Иранның  заңды  патшасы  деген  аңыз  бар  болатын. 

Фирдоуси  да  өзінің  поэмасында  Александрды  ескі  Иран  патшаларының  бірі 

етіп  жəне  оның  атышулы  жорық  пен  жеңістерін,  əртүрлі  қиын  да,  қызық  та 

оқиғаларға кездесулерін суреттейді.  

             Дегенмен  бұл  тақырыпты  жеке  алып,  Александр  туралы  арнаулы 

көркем  шығарма  жазған  бірінші  ақын  -  Низами.  Бертельс  Низами 

«Искиндирнамасын» жазу үшін өте көп материалды, деректерді пайдаланып, 

иран,  араб,  грек,  армян  материалдарын  да  зерттей  келіп,  поэмадағы  басты 

қаһарманы  Александр  образын  үш  түрлі  аспектіде  жасауды  мақсат  еткен: 

жауынгер,  əділ  патша,  философ  жəне  пайғамбар  деп  қорытады.  Низамидің 

көрсетуі  бойынша,  бұл  үшеуі  бір-бірімен  нық  байланысты,  бірі  екіншісін 

толықтырушы.  Жақсы  тəрбие  алып  өскен  Александр  жасынан-ақ  елді  əділ 

басқарушы  ретінде  суреттелінеді.  Ол  соғысты  баю  үшін,  не  патшалығын 

кеңейту  үшін  емес,  езілушілерді  қорғау,  солардың  қамы  үшін  жүргізеді. 

Философиямен  қатты  шұғылданушылар  оның  барлық  адамдық,  даналық 

істерін  бізге  айқын  ашып  берді,  патшаның  негізгі  мақсаты,  халыққа  қызмет 

етуде екендігіне көзі жетті, сол үшін тəңір оған пайғамбарлық ат берді деген 

пікірді  ұсынады  дейді  Бертельс  академик.  Біз  академик  Бертельстің  Низами 

туралы  айтқандарын  дəл  аударып  отырғанымыз  жоқ,  қысқаша  түрде  өз 

сөзімізбен  мазмұнын  ғана  беріп  отырмыз.  Əйтсе  де  осы  келтірілген 



мысалдың  өзінен  де  Низамидің  Александрды  қалай  түсініп,  қалай 

бағалағандығы айқын.  

             Академик  Бертельс  Навоидың  «Саади  Искандариін»,  Низамидің 

«Искиндирнамасымен»  салыстыра  келіп,  Навои  поэмасында,  негізінде 

Ескендірді екі тұрғыдан көрсетуді мақсат еткен: Ескендір - қоғам қайраткері 

жəне  данышпан  философ.  Низамидің  Ескендірді  пайғамбар  етіп  бейнелеуін 

Навои қабылдамаған. Мұнысының өзінше себебі бар.  

             Навои  «Саади  Искандари»  поэмасын  жазғанда,  нағыз  ойдағыдай  ел 

(мемлекет  ұғымында)  басқарушысының  образын  жасауды  ой  қазығы  етті. 

Бірақ ол тек қиялдағы ғана емес, өмірде болуға тиіс, өз кезіне сай келерлік ел 

басқарушыларды  арман  қылды.  Темір  ұрпақтарының  ел  басқару  істеріне 

поэманың  жетекшілік  құрал  болуын  нысана  етті.  Поэмасын  Сұлтан 

Хусейннің  өзіне  ғана  емес,  оның  мұрагері  Бадиазземан  мырзаға  да  арнауы 

осыны мегзейді. Өзінің мемлекет жұмыстарындағы лайсаң мол тəжірибесінің 

негізінде Навои ел басқарушылардың қолына жетекші құрал беріп, егер олар 

оны  басшылыққа  ала  отырып  халқын  басқарса,  елін  де  бақытты,  өздерінің 

патшалығын  да  мызғымас  берік  етер  еді  деген  пікір  ұсынады.  Егер  Навои 

Ескендірді пайғамбар етіп көрсетсе, оған оқырмандары бұл қол жетпес қиял 

деп  қарар  еді.  Ал  поэмада  Ескендір  пайғамбар  емес,  қарапайым  адам  етіліп 

суреттелгендіктен,  Темір  ұрпақтарының  барлық  іс-амалдары  жөнінде 

Ескендірге  ұқсауын  талап  етуге  автордың  хақысы  бар  еді  деп  қорытады 

академик Бертельс. 



Өзін-өзі  тексеретін  сұрақтар:  Абайдың  А.С.  Пушкин  шығармаларын 

аударуы.  Абай  жəне  Лермонотов.  Абай  аудармаларының  көркемдік  сипаты. 

Абай 

поэзиясының 



өлең 

құрылымы 

жəне 

орыс 


əдебиеті. 

Абай 


шығармаларының  тіліне  орыс  əдебиетінің  ықпалы.  Абайдың  шығыс 

поэзиясынан алған үлгілері.  



  

Пайдаланатын əдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7. 

 

Дəріс 15 

Тақырыбы: Абай қара сөздері  

Қарастырылатын сұрақтар:

 Қара сөздердің стиль, мазмұны. Сыншылдық, 

ойшылдық жəне көбінеше адамгершілік, мораль мəселелеріне арналған 

өсиет, толғаулар. Абай қара сөздерінің тақырып, мазмұн ерекшеліктеріне 

қарай түрлері.  

Дəрістің 

мақсаты

Абай 


қарасөздерінің 

көркемдігін, 

тақырыптық, 

мазмұндық  желісін,  философиялық  тағылымын,  оның  түп  негіз  тамырын 

талдап түсіндіру 

 

"Абайдың  толық  жинағында  1890  жыл  мен  1898  жыл  арасында 



жазылған бір алуан шығармалары - "қара сөз" деп аталған [2,176.]. "Абайдың 

прозалық  шығармалары  тұңғыш  рет  ақын  мұрасының  1933  жылғы 

басылымында  "Ғақлия  сөздері"  деген  атпен  жарық  көрген"  [4,  286.].  Бұл  - 

Қарасөздің жазылуы, баспа бетін көруі жайлы жарық көрген кұжаттық дерек-

мəліметтер  ғана  емес,  абайтану  ғылымының  негізін  қалаған  əлемге  əйгілі 


М.Əуезов  пен  Абай  сөзінің  сыр-сымбатын  саралаған  абайтанушы  ғалым 

Р.Сыздықованың  терең  танымды  ғылыми  зерттеулерінің  негізгі  өзегіне 

айналған  еңбекке  жасалған  бағдар.  Біз  де  өз  зерттеуімізде  осы  теориялық 

дереккөздерді басшылыққа аламыз. 

     Белгілі  абайтанушы  ғалым  М.Мырзахметов  ұлы  Абайдың  дүниеге 

көзқарасы,  негізінен,  осы  Қарасөздерінде  толық  əрі  молырақ  көрініс 

бергеніне  нұсқай  отырып,  ақын  мұрасы  туралы  пікір  айту  мен  ішінара 

зерттеу  сипатындағы  еңбектер  төңкеріске  дейін-ақ  жүргізіле  бастағанымен, 

Қарасөздер  жайындағы  пікірлердің  тұңғыш  рет  40  жылдар  шамасында  ғана 

көрініс  бергенін  дəйектейді  [6,136.]  əрі  табиғаты  терең  ашылып,  арнайы 

зерттеуді  күтіп  тұрған  өзектілігіне  бағыт  сілтейді.  Абай  Сөздеріндегі 

қоғамдық-саяси,  моральдық-философиялық  пікір-  байламдар  -  адамгершілік 

биікке, рухани өркениетке шақырады. Абайдың ақындық мұрасына қосылған 

"бағалы  қазынадан"  (М.Əуезов)  өзінің  жан-дүниесін  толтыруга,  рухани 

жұтаңдығын байытуға асығатыны да рас. 

Шексіз  мұраның  бір  бөлігі  осы  "бағалы  қазынаны"  -  ой  жауһарын  – 

ғылым  тілінде  қалай  атасақ  оның  табиғатына  үйлеседі.  Пікірлер  əртүрлі: 

Қарасөздер  жанрын  анықтауға  талпыныс  І.Жансүгіров  тарапынан  да 

жасалған.  Əдебиетші  ақын,  сонау  отызыншы  жылдары  жазылған  "Абайдың 

сөз  өрнегі"  атты  мақаласында  ("Əдебиет  майданы",  1934,  №  Ц-12)  былай 

дейді:  "Əйтсе  де  Абайдың  қарасөздерін,  əлеумет  пікірінің  ортаға  түсетін 

қарасөзінің  (публицистика)  алғашқысы  деп  ұғынуымыз  керек.  Өйткені 

Абайдан  бұрын  қазақтың  таза  тілімен  мақала,  нақыл,  үгіттер  жазған  адам, 

сірə, бола қойды ма екен?" [7] деген сараптама жасайды жəне бұндай ерекше 

сөз өрнегінің публицистика стиліндегі сипатын иеленгенін дəл анықтайды. 

     І.Жансүгіров əдебиеттің жанры толық қалыптасып үлгермеген кездің 

өзінде-ақ  Қарасөздің  құрылымдық,  стильдік  ерекшелігіне  назар  аударған. 

Ақын  шығармашылығына  терең  зерттеу  жүргізген  І.Жансүгіров  Абайдың 

суреткерлік  шеберлігін,  ақын  поэзиясының  көркемдік  ерекшелігін  танып, 

лайықты бағалай білген. 

     Абай Қарасөздері - Ахмет Байтұрсынұлы танымында. 

    Ұлттық  əдебиеттану  ғылымының  негізін  қалаған  Ахмет  Байтұрсынұлы 

"Əдебиет  танытқыш"  атты  еңбегінің  "Қара  сөз  бен  дарынды  сөз  жүйесі" 

деген  екінші  бөлімінде  Абай  шығармашылығының  осы  бір  тұсына  ғылыми 

бағдар жасайды. Ахмет Байтұрсынұлының "Əдебиет танытқыш" атты еңбегі - 

ұлттық  əдеби  теориялық  ой  пікірді  ғылыми  жүйеге  түсіріп,  əдебиеттің  тегі 

мен  түріне  ұлттық  сипат  дарытқан  ірі  туынды.  Сол  теориялық-əдістемелік 

құнды дүниенің бір парасы "Қарасөз" деп аталып, оны 1) Əуезе, 2) Əліптеме, 

3)  Байымдама  деген  салаларға  ажыратады.  Ал  Əуезені  іштей  бірнеше 

түрлерге  жіктей  отырып,  (Шежіре.  Өмірбаян.  Мінездеме.  Тарих.  Тарихи 

эңгіме.  Заманхат.)  əрқайсысына  ғылыми  сипаттама  береді  [1,  211-2146.]. 

Заманхат  болатын  түріне  Абайдың  Қарасөздерін  жатқызады.  Ірі  филолог 

ғалым  А.Байтұрсынұлының  өз  кезеңінде  (қазірде  де)  əдеби-теориялық 

білімдер  жүйесінің  қалыптасуына  сіңірген  зор  еңбегі  ол  көтерген  мəселенің 

қайсысына  болсын  қатысты.  Мəселен,  "Əуезенің"  бір  түрі  деп  алған 


"Заманхатқа"  берген  анықтамасы  Абайдың  Қарасөздерінің  сипатына, 

мінездемесіне  толықтай  сəйкеседі.  Заманхаттың  өзіндік  ерекшеліктері  жəне 

бүгінгі  əдебиетімізде  белсенді  орын  иеленген  очерк  жанры  мен  эссе 

жанрының  табиғатына  үйлесетін,  ортақ  тұстар  молынан  кездеседі.  Атап 

айтқанда,  5-6  белгісі  анықталды.  Мысалы:  "Заманхатта  уақиға  уақыт 

сарынымен жазылмайды, іс сарынымен жазылады", - деген сипаттамасы эссе 

жанрына тəн, ондағы көтерілген мəселелердің де белгілі бір уақытқа тəуелді 

еместігіне мегзейді. Ал "заман хатта болатын бір кемшілік мынау: уақиғаны 

болған  күйінше  жазбай,  жазушы  өз  көңілінің  күйіне  бояп,  реңкін  өзгертуге 

ықтимал"  –  дегені  эссенің  ой  еркіндігі  мен  баяндау  формасының  қатаң 

"тəртіпке  бағынбайтындығын"  танытады.  Бұл  анықтамалар  эссе  жанрының 

сипатына  толықтай  үйлеседі.  Немесе  "Заманхат  шынға  жақын  болу  үшін 

жазушы  өз  көңілінің  күйіне  түспейтін  яғни  достыққа  да,  қастыққа  да 

қарамайтын  адам  болуға  тиіс"  -  деген  байлам  да  бүгінгі  əдеби  жанр  -  эссе 

жанрының  субъективті  ой-пікірге  құрылу  мүмкіндігіне  сілтеме  жасалғандай 

қабылданады.  Сонымен  қатар,  бұл  анықтамаларға  қоса  очерк  жанрын 

айқындайтын  сипаттар  да  айтылып  қалады.  "Заманхат  жазушы  жазуына 

керек жемді уақиғаның болып жатқан үстінен алып жазады, яки ... есіне алып 

жазады  ...Заман  хат  айтушының  есіне  алынып  жазылғанда  жат  дерек  деп 

айтылады" - деген анықтама очерк жанрына тəн деректік белгіні білдіреді. 

     А.Байтұрсынұлының Заманхатқа (бізше эссеге) берген анықтамасында екі 

жанрдың  да  элементтері  араласып  жүруі,  жалпы  эссе  табиғатының 

күрделілігінен  болса  керек.  "Əдебиет  танытқыштағы"  тағы  бір  кұнды  пікір 

эссе  жанрына  берілген  айқындамадағы  келесі  бір  сипат-белгіні  еске 

салғандай  əсер  қалдырады.  Ол  -  эссе  авторының  білім-білігі  мен  таным 

көкжиегіне  қатысты  мəселе  [2,300].  Эссе  авторының  білімі  терең  де  биік 

болатындығы  жанрдың  басты  қасиеті,  өйткені  өмірдің  əр  саласынан  сыр 

шерткен,  қалтарыс-кұбылыстарын  көкірек  көзімен  зерделеген  жазушының 

жан  дүниесі  тұнған  байлық  болуы  –  заңды  қажеттілік.  Ал  Қарасөз  -  эссе 

авторы  Абай  ойшылдың  ой  əлемі,  рухани  дүниесі  де  ұлағат  арқалаған 

парасат-пайымға, терең білімге толы екені белгілі. Ендеше, бұны Қарасөздер 

жанрын эссе деп тануға уəж болатын тағы бір белгі деп есептейміз. 

     Абайдың "билердің білігін, шешендердің сөзін", көсемдердің үлгілі істерін 

көп  білгендігін  айта  отырып,  лингвист-ғалым  оның  рухани  кемелдігі  жайлы 

мынадай  ой  түйеді:  ..."Заман  бұрынғыдай  болса,  Абай  алаштың  атақты 

билерінің бірі болуы шүбəсіз. Біліммен би болып, жұрт билейтін заман өтіп, 

таспен  би  болатын  заманға  қарсы  туған.  Білімі  көптер  жұрт  билемей,  малы 

көптер  жұрт  билейтін  заманға  қарсы  туған.  Абай  жұрт  алдында  білімін 

салғанда, басқалар малын салған"... [1,300]. 

    Шындығында, А.Байтұрсынұлы ерекше екпін түсіре айтқан Абай білімі ел 

билеу  үстінде  танылған  білігі  мен  түйінді  сөздерінен  ғана  байқалмайды, 

оның  өлеңі  мен  Қарасөздеріндегі  ой  қуатынан,  сөздер  сырынан  да 

ұғынылады.  Оның  тілдік  тұлғасының  қалыптасу  уəжін  айқындайды.  Абай 

шығармашылығын əр қырынан зерттеліп келеді. Мысалы, кейінгі еңбектерде 

айтылған  ойды  "Əдебиет  танытқыш"  авторы  олардан  көп  бұрын  қысқа  ғана 


қайырып,  тұжырымдай  түйіндеген:  "Көп  нəрсені  Абай  сөз  қылған,  сол 

сөздердің  бəрінде  де  Абайдың  əр  нəрсенің  асылын  танығаны,  білгені 

көрінеді.  ...Хақиқатты  тануға,  тереңнен  сөйлеуге  бойына  біткен  зеректігінің 

үстіне Абай əр түрлі Европа білім иелерінің кітаптарын оқыған" [1,303] . Бұл 

пікірде  А.Байтұрсынұлы  Абайдың  суреткерлік  шеберлігі  ("əр  нəрсенің 

асылын  сөз  қылу");  таным  тереңдігі  ("асылды,  хақиқатты  тану";  білім 

көкжиегі  ("тереңнен  сөйлеуі,  зеректігі");  жаңашыл  ізденімпаздыгы  ("Европа 

кітаптарын оқуы") жақша ішіндегі толықтырулар А.Байтүрсынұлынікі - Г.М.) 

сияқты  қырларына  баса  назар  аударған.  Бұл  көрсетілген  стильдік 

ерекшеліктер  эссе  жанрындағы  тілдік  түлғаға  қойылар  талаптар  қатарына 

жатады.  Олай  болса,  А.Байтұрсынұлы  Абай  Қарасөздерінің  жанрын  "эссе" 

деген  терминмен  белгілемесе  де  (ол  міндет  те  емес),  эссеге  тəн  сипаттың 

біраз белгілерін көрсеткен. 

      Абай  прозасының  тіл  көркемдігі  кеңінен  сөз  болған  емес,  сондықтан  да 

Абай  тілін  танудың  қырларын  зерттеп-зерделеп  келе  жатқан  абайтанушы 

ғалым 


Р.Сыздықова 

Қарасөздердің 

стилъдік-тілдік 

болмысына 

лингвистикалық,  филологияльқ  талдау  жасау  арқылы  Абайдың  сөз  əлемін 

тануды  одан  əрі  тереңдете  түсті.  "Абайдың  сөз  өрнегі"  атты  еңбегінде  ұлы 

қаламгердің  поэтикалық  тіл  үлгісінің  көркемдік  бітімін  "Қарасөздердің  тілі 

қалай  өрілген"  тарауында  ғылыми-теориялық  тұрғыда  шеберлікпен  сомдап 

береді.  Зерттеуші-ғалым  Абайдың  "Қарасөзді  жазған  тілін"  (М.Əуезов)  қай 

тұрғыда,  қалай  сөз  етті  деген  мəселеге  келетін  болсақ,  мына  бағыттар 

аясында талдау-сараптама жасап, еңбектің тілдік сипатын жан-жақты саралап 

бергеніне  көз  жеткізе  аламыз.  Зерттеуші,  алдымен,  "Қазақ  ұлттық  əдеби 

тілінің  тағы  бір  функционалдық  стилі  пайда  болуына  Абай  қаламының 

ықпалын",  уəж-мотивін  көрсетеді.  "Абайдың  бір  кезек  поэзия  əлемінен 

ауысып,  проза  дүниесіне  көшу"  себептері  мен  негізін  анықтайды.  М.Əуезов 

тура  нұсқағанындай,  "Абай  өзінің  өлең  сөздерінің  көбі  оқушы  мен 

тыңдаушыларына  түсінікті  болмайтындай  көреді...  сондықтан  өлеңдерінде 

айтқан  кейбір  ойларын  қайталап,  Қарасөздер  тақырыбын  нақтылайды. 

Ағартушылық 

бағыттағы 

мораль, 

тəлім-тəрбие 

жайындағы 

ой-


толғамдарының  публицистикалық  шығармалар,  дидактикалық  əңгіме, 

психологиялық,  филологиялық  этюд  болып  келетініне  назар  аудартады; 

үшіншіден,  Абай  прозасының  стильдік  белгілерін  ажыратады;  төртіншіден, 

прозалық  мəтіннің  өзіне  тəн  көріктеу  өрнегін  танытады,  Сөздің  əсем,  əсерлі 

болу амалын көрсетеді. 

     Ақын  шығармаларындағы  терең  ойлар  жиынтығы  -  Қарасөздерді  зерттеу 

нысанына  алған  ғалымдар  Х.Сүйіншəлиев  пен  М.Сильченко  оның 

публицистикалық сипатының басымдығын айрықша бөліп көрсетеді [8,9,10]. 

Х.Сүйіншəлиев  Қарасөздерді  жанрлық-стильдік  ерекшелігіне  қарай  бірнеше 

топқа  бөліп,  философиялық  трактат,  дидактикалық  насихат,  публицистика, 

көркем прозалық элементтер бар əңгіме деп саралайды. 

     Қарасөздердің табиғатын тануды мақсат еткен Х.Сүйіншəлиевтің алғашқы 

зерттеу  еңбегінен  кейін  де,  оның  тақырып  мазмұнын,  стильдік  ерекшелігін 

қарастырған  зерттеулер  қатары  жалғаса  түсті,  педагогикалық  трактат 



(А.Көбесов); əдеби-философиялық жанр (Ш.Елеукенов); Шығыс əдебиетіндеі 

"намелер"  дəстүрі  (М.Мырзахметов),  эстетикалық  жаңа  бағыт  т.б.  сияқты 

ғылыми-теориялық  мəселелер  аясында  əдебиеттегі  жаңа  құбылыстың 

(Қарасөздің)  табиғатын  ашуға  бағытталған  зерттеу  жұмыстары  жүргізіліп 

келеді[11,12]. 

      Белгілі  абайтанушы  ғалым  З.Ахметов  Қарасөздер  жанрын  қазақ 

болмысына  етене  жақын  шешендік  сөз  өнерінің  толысқан,  жаңаша  жетілген 

түрі  деп  қарайды.  Нақыл  сөзге  бай,  ықшам  да  ырғақты  белгілері  басым 

шешендік  сөз  үлгілері  осы  өнерді  еркін  меңгерген  сөз  зергері  Абайдың 

Қарасөздерінің де табиғатына үйлесетіндігі жайлы пікірі білдіреді [13,14]. 

     Белгілі  əдебиетші  ғалым  С.Негимовтің:  ..."ақылына  ұшқырлығы, 

адамдығына  хакімдігі,  көшелілігіне  көсемдігі,  білімдарлығына  майталман 

ділмарлығы  əдемі  ұштасқан  айтулы  айтқыш  Абай",  -  деген  [13]  бағасында 

шешеннің  болмыс  -  бітіміне  тəн  қасиеттер  жинақтала  берілген.  Ал,  тілші 

ғалым  Г.Қосымова:  ...  "өзіне  дейінгі  терең  логика  мен  поэтикалық 

көркемдікке  құрылған  шешендік  сөздер  Абайға  əсер  етпей  қоймады. 

Абайдың қарасөздері бастауын қазақтың осы шешендік сөздерінен алады ", - 

деген  тұжырым  жасайды.  Абайдың  терең  философияға  құрылған  өлеңдері 

мен  Қарасөздерін  шешендік  тұрғысынан  қарастырып,  олардың  қоғамдық 

əлеуметтік  мəні,  поэтикалық  қуаты  қандай  деген  сұрақтарға  жауап  іздейді 

[15,196.]. 

     Əдебиетші Ж.Шойынбектің "Абай Қарасөздерінің жанрлық жəне стильдік 

ерекшеліктері"  атты  ғылыми  жұмысы  Абай  Қарасөздерінің  жанр  ретіндегі 

құрылымын  айқындап,  стильдік  ерекшелігін  анықтауды  мақсат  еткенімен, 

жанры  мен  стилі  нақты  анықталып  көрсетілмейді.  Еңбекте  Қарасөздердің 

болмыс-бітіміне  қатысты  "Жаңа  жанрлық  түр",  "Қазақ  əдебиетінде  жаңаша 

үрдіс  əкелген  ерекше  жанрлық,  стильдік  құбылыс"  деген  жалпы 

сипаттамалар беріледі [14, 14-24] алайда зерттеуші-автордың өзіндік бағыты 

айқын  саралана  қоймайды.  Еңбек  Абай  Қарасөздеріне  қатысты  ғылыми 

зерттеулерді  салыстыра  отырып,  əдебиеттану  тұрғысынан  талдау  міндетін 

қояды [14,8-14]. 

     Түйіндей келгенде, Ақын, философ-ойшылдың шығармашылық мəнмəтіні 

-  Қарасөздері  əдеби  тұрғыданда,  философиялық  тұрғыданда,  т.б  ғылым 

салалары тұрғысынан жан-жақты зерттелді.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет