Вестник КазНПУ имени Абая, серия « Фил ол оги ч ески е науки», № 2 (32), 2010 г.
Резюме
В
данной статье автор рассматривает роль коммуникативной компетентности
учащихся старших классов и ее основосоставляющих компонентов.
ДРАМАТУРГИЯЛЫҚ ШЫҒАРМАНЫҢ СӨЙЛЕУ ФОРМАЛАРЫ
А.С Шыныбекова -
филол.ғыл.к., доцент,
М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы,
«Тілдер» кафедрасының оқытушысы
Әрбір адамның өз мақсаты бар: олар табысқа жету үшін ұмтылады,
өздерінің
мақсаттарына жету үшін қарым-қатынасқа түсе отырып қарсылықтарды да кедергілерді де
келіспеушіліктерді де кездестіріп, оларды жеңуге тырысады. Дұрыс қойылған мақсат және
оларды іске асыру жолдары мен жетістіктері, ақпарат алмасу сапасы - мақсатқа жетудің
негізгі кілті. Адамдардың қойылған міндеттерді орындау барысында қызметінен қанағат
алуда бірлесе қызмет жасау қабілеті әрекеттің себебін түсіндіріп,
бағыттайтын және
қадағалайтын ақпарат алмасу қабілегіне байланысты болып келеді.Коммуникация - бұл
таңба және әрекет жүйелері арқылы оларды жасаушылар арасындағы ақпарат алмасу үрдісі.
«Характер диалогового общения обусловлен действием ряда факторов,в числе которых
особо выделются: общий социальный опыт, общие фоновые знания коммуникантов,
обстановка и ситуация общения, соотношение коммуникативных намерений партнеров» [1].
Драмада диалог мәтін құраушы категория ретінде қызмет
ететін әдебиеттің арнайы
түрі болғандықтан, кейіпкерлердің сөйлеу тіліне құрылатындықтан, шынайы өмірде де екі
адамның әңгімесі (диалог) заңды түрде полилогқа көшеді. Және бұл - драматургиялық
жанрдың бірден бір ерекшелігі болып табылады. Kepi жағдайда бұл кейіпкердің жекелеген
жұптарының бір сызықтық кезекке жасанды құрылған диалогтары болатын еді немесе екі
әрекет етуші адамнан тұратын пьеса болатын еді,ол сөзсіз мүмкін,
бірақ нақты өмірде жиі
кездеспейді. Сондықтан да мәтінді құраушы категория ретінде диалогпен бірге полилогтың
да қатысуы шындықты шынайы бейнелеу талаптары мен диалогты күрделендіруге
негізделеді, нақты айтсақ, диалогтың полилогқа көшуі заңды және дұрыс.
Біздің ойымызша, диалог пен полилогты қарсы қою заңсыз болатын еді,өйткені
олардың арасында ұқсамайтын белгілерге қарағанда ұқсас белгілер көп. Дұрысында, диалог
пен полилог екі немесе одан да көп коммуниканттер қатысатын қатынас жанрлары ретінде
бір адамның сейлеуі ретіндегі монологқа тіпті ол тыңдаушыға арналса да, әдеби тілмен
айтсақ, қарсы келеді. Мұнда диалогтық сөйлеу жалпы сөйлесу, өзінің ойымен бөлісу,
эмоциясын сыртқа шығару (өтіп бара жатқан автомобиль
басымыздан аяғымызға дейін
жаңбырлы, лай суды шашқан жағдаяттағы біздің реакциямызды еске түсірейік: біз дәл осы
жерде сөйлеу адресатының ізі баяғыда-ақ суып қалса да өзіміздің эмоциямызды
вербалдаймыз) қажеттілігінен туындаған адамның сөйлеу қасиетін білдіретінін еске салып
өтейік. Өзінің табиғаты жағынан диалогтық болатын диалог пен полилогта біздің сөйлеуіміз
осы қасиетті жарқын көрсетеді.Мұнда сөйлеудің бұл формаларында адамның айту
қажеттілігі ғана емес, сонымен бірге ақпарат алу, басқалардың ойын білу,
оларға әсер ету
қажеттіліктері де жүзеге асады.
Егер 'поли' компоненті терминде 'көп' дегенді білдірсе, онда 'диалог' терминіндегі
'диа' компоненті 'екі' дегенді білдірмейді.Сөйлеудің осы формаларының коммуниканттар
санындағы ұқсастығы маңызды емес, мәселе екі немесе сөйлеудің одақ да көп
қатысушысында. Диалог пен полилогтың принципиальді ұқсастығы,сөйлеуді
жіберуші де
оның адресаты да сөйлеу жағдаяты да сөйлеу актісі де бірдей қатынастың толық үрдісін
білдіретіндігінде. Әңгіме барысында бір адам сөйлеушінің де тыңдаушының да рөлінде
ойнайды: “количество говорящих (два или больше двух) не является дифференциальным
признаком оппозиции “диалог - полилог”: элемент 'диа' (греч. - через) указывает на их
общий признак - между ролей говорящих и слушающих в противовес монологу” [2J.
Сондықтан да драмадағы диалог туралы сөз қозғай отырып, диалог сияқты жинақталған
категориялы белгіге, нақты айтсақ: жағдаяттық байланыс, аяқ астынан пайда болу, біркелкі
емес қасиеттерге ие сөйлеу формасы ретіндегі полилогты қарастыруға негіз бар.Шынында,
диалогқа қарағанда полилогтың вариациялау мүмкіндігі, «ауысу амплитудасы» көп болып
келеді.Бұл полилогтагы репликаның мазмұндық және
формалық байланысы диалогқа