Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С



бет50/155
Дата05.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#65297
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   155
Грузин әдебиеті. Грузияда жазудың пайда болғанына дейін халық әдебиетіндегі түрлі аңыз­дар, эпикалық ертегілер, лирикалық өлеңдер кең тараған. Құдайлармен соғы­сып, аспан отын ұрлап, кейін Кавказ тауындағы жартасқа байланып жазасын алған Амирани (Про­метейдің егізі) батыр туралы айтылған аңыз ерекше сұра­нысқа ие болған. Амира­ни ерліктері жайлы аңыз жергілікті мәдени ескерткіш­тер мен ежел­гі грекиялық әдебиетте де көрініс тапқан.
Грузин халқының поэзиясымен қатар біздің заманымызға дейін­гі кезеңдер­дің өзінде олардың жазу үлгісі де болған. Бірақ бұл жазу үлгісіндегі ескерткіш­тер бізге дейін жетпеген. ІY ғ. алғашқы жартысында (337 ж.) христиан діні Грузияның мемле­­кеттік діні деп танылды. Грузин жазу үлгісіндегі ескерткіш­терден Y ғ. ортасына жататын эпиграфиялық жазбалар сақ­тал­ған. Сол ғасырдың 70 жылдары Яков Цуртавелидің грузин халықтары­ның әдеби тілінде жазыл­ған «Шушаниктің азабы» атты әдеби шығармасы жарық көреді. Әдеби тілмен және шіркеулік грузин жазуымен жазылған алғашқы шығармалар стилінің жетілуі бұл жазу үлгі­сі­нің ежелгі шығу тегін дәлелдейді.
Ежелгі грузин әдебиетін шартты түрде 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады: Y-ІХ ғ. (феода­лизмнің алғашқы даму кезеңі); ХІ ғ. басы мен ХІІІ ғ. екінші ширегі (феода­лизмнің дамыған кезеңі) мен ХІІІ-ХYІІІ ғ. аралығы (кейінгі феодализм кезеңі).
Y-ХІ ғ. қамтитын грузия әдебиетінің алғашы кезеңі грузин халқының тұрмыс-тіршілігі­мен анықталатын діни сипатқа ие бол­ған. Көршілес армян және албан (әзірбайжандықтардың ата тегі) халықтары сияқты грузин тайпа­лары да жатжерлік қанаушылардың езгісіне ұшырап, үлкен қайғыға душар болады. Кавказ аймағының үстемдігіне парсы мемлекеті мен Шығыс Рим (Визан­тия) империя­сы таласқан. YІІ ғ. екінші жартысында Грузия елі араб-мұсылман­дарының билігіне көшеді. Ал ХІ ғ. Грузия жеріне көрші селжұқтар басып кіреді. Қаңырап қалған елде тек христиан шіркеуі ғана бір орталықтанған күшке ие болады. Феодалдық-иерар­хиялық негізде құрылған христиан шіркеуі қоғамдық дүниетаным мен грузия мәде­ние­тіне айтарлықтай әсер етеді.
Шіркеуге керек кітаптың барлығы грузин тіліне аударыла бас­тайды. Інжіл («Псалтирь», Евангелия және т.б.) грузин тіліне аударылды. Георгий Святого­рец немес Афонскийдің (1009-1065) шығармалары мен аудармаларын грузин шіркеуі канондық деп мойындайды. Аударма­лар көбіне грек не сирия тілдері­нен ауда­рылған.
Жалпы христиандық әдебиеттің көп бөлігі грузин тіліне алғаш­қы кезеңде аударылып біткен. Грузияда Иоанн Мосханың «Физио­лог» (армян тілінен ауда­рылған), «Лимонарий» (араб тілінен ауда­рылған) сияқты аудармалары үлкен сұранысқа ие болады. Кейбір маңыз­ды ескерткіштер бірнеше рет ауда­рылған (Иоанн Дамас­киннің «Білімнің қайнар көздері» атты шығармасының жеке бөліктері 3 рет аударылған). Інжілден басқа кітаптардың барлығы жергі­лік­ті қоғамдық-сая­си және мәдени сұраныстарға сәйкестен­діріліп, оларға айтарлық­тай өзгерістер енгізіліп отырған.
ХІ-ХІІ ғ. грузин діни-философиялық әдебиеті дами түсіп, «философиялық ойлаудың жа­ңа бағыттары» пайда болады. Соны­мен қатар ежелгі Грузияда сәуегейлік әдебиеттің аудар­ма­­ла­рымен айналысу кең тарайды. Бұл құбылыс христиан қоға­мы­ның қажеттілігі мен идеологиялық талапта­рынан туын­дайды. Бұл – историография мен беллетристиканың кейбір эле­мент­­терінен тұратын сәуегейлік (агиографиялық, мартирологиялық) немесе та­ри­­хи-биог­ра­фиялық әдебиет. Осындай ескерт­­кіштер грузин халқының көрші елдермен болған соғысы жайлы баяндайтын.
Сәуегейлік әдебиеттің ең ежелгі ескерткіштерінің бірі - Яков Цуртаве­лидің «Шуша­никтің аза­бы» атты туындысы. Бұл шығарма 475-484 ж. аралы­ғында жазылған. Онда аса көркем түрде картлий басшысы Варскеннің әйелі мен оның қайғы-қасіретке толы тағдыры жайлы айтылады. Жеке мүддесі мен саяси мақсаттарды көздеген Варскен парсы шахының билігін мойындайды, христиан дінінен алшақтап, маздаизмді қабылдайды. Кейін ол жанұясындағы барлық туысқан­да­рын христиан дінінен бас тартуға мәжбүрлейді. Тек әйелі Шушаник қана күйеуіне мойынсұнбай, оның талаптарын орындаудан бас тартады. Шушаник осы әрекеті үшін түрлі қиындықты басы­нан өткізіп, 475 ж. азапталып өлтіріледі.
Яков Цуртавели қайратты да батыл, ержүрек те шыдамды әйел образын сомдайды. Автор түрлі метафора, теңеу, салыстыру тәсіл­дерін кең қолданып, өз еліне, дініне сенген байсалды Шу­ша­­никті өз дінінен бас тартқан, елін сатқан, қатыгез де жауыз Варскенге қарсы қояды. «Шуша­ник­тің азабы» атты шығарма историографиялық ескерткіш ретінде де өте бағалы. Бұл шығар­мадан сол кездегі парсы әмірінің қол астында болған Грузияның саяси, экономи­ка­лық, әлеумет­тік, діни және мәдени ахуалын көре аламыз. Сонымен қатар онда халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігінен де жарқын көріністер келтірілген.
Х ғ. басында Василий Зарзмели Смацх аймағындағы (Грузия оңтүстігі) Зарзм монас­тырының негізін қалаушы өзінің көкесінің әрекеті туралы жазады. Автор Смацх аймағын мекендеген халықтың әлуеметтік жақтары мен тұрмыс-тіршілігін суреттеуді басты орынға қоя­ды. Василий Зарзмели өз шығармасында шаруалардың жақсы жерлерге иелік ететін монахтарға деген жеккө­ру­шілік сезімдерін де жасырмайды.
Грузияда гимнография да жоғары даму дәрежесіне жеткен. Салттық, литур­гиялық, құ­дай­ға табыну ән шерулері негізінде аударылып отырған. YІІІ ғ. алғашқы түпнұсқалы гру­зиндік әнұ­рандар әдебиетінің ескерткіштері пайда болады (мысалы, Иоанн Сабанисдзенің «Або Тбилелидің азабы» атты шығар­ма­сының төртінші бөлімі).
Ежелгі Грузияның өзіндік тарихи әдебиеті ХІ-ХІІ ғ. жататын ескерткіштерден көрінеді (Леон­тий Мровели, Джуаншер, Давидтің ұлы Сумбат, Арсений, тарихшы Давид Құрылысшы мен Тамара және т.б.). Барлық грузин жазушылары мен тарихшылары ішкі ала­уыздық пен феодалдар арасындағы талас-тартыстарды қатты сынай отырып, елдің бір тудың астына бірігіп, бір жеңнен қол, бір жаға­дан бас шығару идеясын ұстанады.
ХІ-ХІІ ғ. Грузияның қоғамдық құрылысы дамыған феодализм сатысына өтеді. Жан-жақ­тан төнген сыртқы жауларына ауыр соққы бере отырып, ел біртіндеп бірігіп, саяси тәуел­сіз­дікке қол жеткізе бастайды. Давид Құрылысшы (1089-1125), Георгий ІІІ (1156-1184), Тамара пат­шайымы (1184-1213) билеушілерінің тұсында Грузия жеке тәуелсіз ел ретінде танылып қана қоймай, соны­мен бірге Шығыс елдерінің тарихында да маңызды орын ала бастайды. Осы уақытта шір­кеу­лер қайта құрылып, толық мемле­кеттік билікке көшеді. 1122 ж. бастап Тби­лиси елдің саяси және мәдени орталы­ғына айналады. Осы кезең Грузин халқының мате­риалдық және рухани дамуының биік белесі болады.
Осы дәуірде Грузияда түрлі ғылымдар дамып, схоластика мен шіркеу догматикасынан тыс қоғамдық-саяси және дін философия­лық ойлар қалыптаса бастайды. ХІІ ғ. Грузин ортағасырлық мәде­ниетінің тарихында классикалық кезең болып саналады. Зайырлы әдебиет көрші халықтар­дың әдебиетімен, әсіресе Шығыс мұсыл­ман­дарының парсы тілді әдебиетімен тығыз байланысты сақтай отырып өзіндік сипатқа ие болады. ХІ-ХІІ ғ. грузин тіліне көптеген антикалық дәуір, парсы, тәжік әдебиетінің ескерткіштері аударыла бастайды. Мысалы, Фирдоусидің «Шах-наме», Унсуридің «Вамек пен Азра», Низами Ганджевидің дастандары («Ләйлі-Мәжнүн», «Хосроу мен Шырын», «Ескендір-наме»), Гурганидің «Вис пен Рамин» сияқты шығармалары грузин тіліне аударылады. ХІІ ғ. дамыған ұлттық грузин мәдениеті Низами мен Хагани шығарма­ла­рында да көрініс табады. Грузияның классикалық дәуіріндегі шығар­маларының көп бөлігі моңғол-татар шапқыншылығы кезінде жоғалып кеткен. Бірақ кейбір сақталған ескерткіштерге қарап, ежелгі грузин зайырлы әдебиетінің бай, сан алуан болғандығын нық сеніммен айта аламыз.
Ежелгі грузин зайырлы әдебиетінің алғашқы ескерткіштеріне «Амиран-Дареджаниани» ерте­гі­сін жатқызуға болады. Бұл шығар­ма­да пехлеван Амиран-Дареджанисдзенің қиял-ғажап сая­хат­тары, оның сарбаздары мен ержүрек жауынгерлері жайлы айтылады.. Бұл әңгіме қиялға негіз­дел­генімен, онда сол уақыттағы грузин қоғамының әлеуметтік, саяси, адамгер­шілік мәселесі сурет­те­леді. XII ғ. грузин патша сарайларында сарайлық тарихшылар жылна­ма­­лар мен тарихи шы­ғар­­малар жазып, заңгер-ғалымдар патша билігінің құдіреттілігін растап, салтанатты сарай мерекеле­рінде одалық ақындар көркем мадақтау өлеңдерін оқыған.
XII ғ. ең беделді одалық ақындар ретіне Шавтели мен Чахру­хад­зені мысал­ға келтірсек бола­ды. Иоанн Шавтели - «Абдул Мессия» (Христос құлы) атты панегирикалық поэманың авторы. Онда мадақталғалған тұлғаның кім екені (Дәуіт Құрылысшы неме­се Дәуіт Сослани) әлі де нақты белгісіз. Шавтели өзінің қамқор­шысы-мәртебелі билеушісін көркем тілмен суреттеп, оның асыл бейнесін салтанатты түрде әсем сипаттайды.
Чахрухадзе «Тамариани» атты панегирикалық өлеңдер жина­ғын жасаған. Автор Тамара патшайым мен оның өмірлік серігі Дәуіт Сосланиді мадақтай отырып, грузин патшайы­мының хрис­тиан әлемін сақтаудағы миссиясы туралы сөз қозғайды. Панегирикалық үлгіде жазылған «Тамариани» шығармасында сол кездегі Грузия­ның қоғамдық ойлау жүйесінің даму сатысы көрсетілген. Чахрухадзе мен Шавте­лидің білім­ділігі мен дүниетанымының кеңдігінен ХІІ ғ. грузин мәдениетінің даму деңгейін көре аламыз.
Классикалық дәуірдегі грузин поэзиясының ең көркем туын­дысына Шота Руставелидің «Жолбарыс бейнесіндегі батыр» атты поэмасын32 жатқызамыз. Руставели өмірі туралы нақты деректер өте аз. Бұл шығарма туралы басты тарихи-әдеби дерек - поэманың прологы. Шота Рус­та­вели шығармасын Тамара ханшайымға арнап, кіріспе шумақтарда (3-4) ханшайым мен оның жары Давид Сосла­ниді мадақтаған. Осы арнаудан туындының XII ғ. 80 жылдары мен XIII ғ. бірінші онжылдығына дейінгі уақыт аралығында жазылғаны туралы болжам жасай аламыз. Прологта (7-8 жолдар) Руставели есімі екі рет кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет