Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С



бет49/155
Дата05.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#65297
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   155
Армян әдебиеті. IX ғ. аяғынан X ғ. басына дейінгі кезеңде араб үстемдігіне қарсы ұзақ әрі қиын күрестің нәтижесінде Армения саяси дербесті­лікке қол жеткізді. Елдің саси тәуел­сіз­дігінің қалыптасуы эконо­мика мен мәдениеттің гүлденуіне қолайлы жағдайлар туғызады. Мұндай оң өзге­ріс­тер Батыс Еуропа елдерімен тығыз байланыс жасаған Киликиядағы Рубе­нид­тердің (1080-1375) шамамен 300 жыл бойы өмір сүріп, патшалық еткен кезеңінде айқын көрінеді. Визан­тия­­лықтардың жаулаушылық саясаты мен түрік-селжұқтары­ның басып алу жорық­тарына байла­ныс­ты Арменияның шығыс бөлігіндегі мемлекет дамуы XI ғ. ортасында уа­қытша тоқырау­ды бастан кешіреді. Бірақ XII ғ. Арменияның Солтүстік Шығыс аудан­да­рында Грузияның көмегі­мен Захарид патшалығы құрылғаннан кейін қайта қалпына келеді. Сол кезде бұрын-соңды болма­ған музы­ка, әдебиет пен ғылымның гүлденуі басталады.
X-XII ғ. ғылым мен мәдениетте жоғары мәртебелі адамдар маңызды рөл ойнай бас­тай­ды, оның ішінде ғалым, педагог, әскери қоғам қайраткері князь Григорий Магистростың (990-1059) алатын орны ерекше. Ол антикалық филосо­фия мен мифология, әдебиет, нақты және жара­ты­лыс­тану ғылымдарын меңгер­ген ғалым болған. Оның мектебіндегі оқу жүйесі схолас­тика мен догматизмге қарсы бағытталып, онда жаратылыстану мен гуманитарлық ғылым­дарға үлкен көңіл бөлінген. Магис­трос армян әдебиетіне жаңа эпистолярлық жанрды енгіз­ген. Оның «Хаттарында» әдеби негіз­дерден алынған және өзі жазған көптеген мысалдар мен аңыздар келтірілген. Магистростың «Хат­та­ры» стилі жағынан көркем-публицистикалық және эмоционалды болып келеді.
Сол кезеңнің ұлы ақындарына Григорий Нарекаци және Нерсес Шноралиді де жатқыза­мыз. Григорий Нарекацидің (945/950-1003 ж.) өмір сүрген кезеңі көптеген қайшылық­тар мен келең­сіздіктерге толы болған. Бір жағынан кейде мистикалық дәрежеге дейін жететін діни және аскеттік ойлардың кең тарауы, екінші жағынан шіркеулік жоралғылар мен ғұрып­тардан толықтай бас тарту мен зиялы өмірге қарай ұмытылыс болады. Осы келеңсіздіктер ақын­­ның ой-өрісі мен оның шығармашылығына әсерін тигізбей қоймай­ды. Нарикаци Арме­нияның Васпуркан облы­сында, ғалым-епископ Хосров Андзевацидің жанұя­сында дүниеге келген. Ол Нарекс монасты­рында замандастарының ара­сында «ұлы ойшыл» атанған немере ағасы Ана­ний Нарекацидің қолын­да тәрбиеленеді. Нарака­ци оқуының соңында сол монастырьде монах болып қалады. Көп уа­қыт ұзамай өзінің білімі мен шығармашылығы арқылы аты шығып, көзі­нің тірісінде де ол туралы аңыздар айтылады. Дегенмен бізге жеткен жазбалар бойынша, сол дәуірдің өзінде Нарека­ци қуғын-сүргінге ұшырап, тіпті сотқа да тартылған. Ол өзі тәр­биеленген монастырьде жерленіп, ұлы ойшыл-ақынның қабірі ғасырлар бойы халық ара­сын­да киелі жер деп есеп­телінген.
Нарекаци үлкен әдеби мұра қалдырған, олардың арасында «Гандзы» (құдай мен әулие­лерге арналған ұрандар), «Апарандық кресттің тарихы мен әулие Крест пен әулие Ананы ұлықтау», «Қасиетті апостол­дарды ұлықтау», «Низибийлік епископ, әулие Иаковты ұлық­тау», «Әндер» («Таги») және «Қайғылы діни әндер кітабы» сияқты шығар­малары белгілі.
Нарекацидің шығармаларында оның жаңа эстетикалық тұжы­рым­дамасы айқын көрінеді. Ол армян әдебиетінде бірінші болып, табиғатты поэзияның объектісі ретінде қарастырған. Нарекаци армян әдебиетінде алғашқылар­дың бірі болып адам мен оның жан дүниесін таби­ғаттың бір бөлігі ретінде көрсетеді. Бұл өз кезегінде поэтикалық форманың өзгеруіне әсер етеді. Ақын жасаған әулие Марияның бейнесі адамгершілік құнды­лық­та­рының бастамасын біл­ді­ре­ді. Бұл мәдени-рухани және дәс­түр­лі-діни образдар мен ұғымдарды түсіну мен поэти­ка­лық қолда­ну­дағы жаңа қадам болады. Құдірет күштеріне адамдық қасиет­терді таңа оты­рып, адамзат баласын үлкен құдірет пен күшке ие етіп көрсетеді. Бұл әдіс тек әдебиетте ғана емес, сонымен қатар, армяндық өнердің басқа салаларында да көрініс тапқан. Нарекаци қасиетті Марияның бейнесін қарапайым адамға тән қасиеттермен суреттеп, сол арқылы адам мен құдай арасында белгі­лі бір шектің жоқты­ғын көрсеткен.
Өлімнен құтылмайтынын білген ақын, өлімнің сұмдық тұстарын, яғни адам өмірінің ең үлкен трагедиясын суреттейді. Ол жан-тәнімен құдайдан «ақырзаманның келуін тездет­пеу­ді», «өлімнің ащы дәмін» уақытынан бұрын татқызбауды тілейді. Наре­ка­цидің поэтикалық елестері шексіз, оның көз алдына Ібілістің, қорқы­нышты соттың, тозақтың, тіпті өз өлімінің елесі де келеді.
XII-XIII ғ. мысалдың прозалық жанры пайда болып, дами бас­тайды. Ортағасырлық мысал­шылардың ішінде ерекше көзге түс­кен­дері Мхитар Гош пен Вардан Айгекци. Мхитар Гош (1130-1213) Ганджада туылған. Ол екі рет вардапет дәрежесін алған жоғарғы білімді адам болған. Гош Нор-Гетиктегі шіркеу мен ондағы мектептің негізін қалайды. Армениядағы заң ғылым­да­­рының дамуы Гоштың есімімен тығыз байланысты. «Шіркеулік канон­дар» мен «Қалта­лылардың заңдарынан» тұратын «Армян заңдар жинағы» кең таралады. Гошқа дейін Арменияда қалталы­лар­дың заңы болмаған. Феодалдарға шектеу қойған және мұсылман­дыққа қарсы болған Гоштың заңдары прогрестік мәнге ие болады. Ол жекеленіп кеткен княздықтарды біріктіріп одақ құру керектігін айтып, патриоттық идеяны көтеріп, бұл туралы ол өзінің бірне­ше мысалдарында да айтқан. Гош библиялық заңдарды «мәңгілік» деп ойла­ғаны­мен, оларды Арменияның қоғам­дық өмірі­не негіздеп қолданған. Гош халық пен мемлекет арасындағы тыныш­тықты жақ­тау­шы болып алға шыққан.
Армяндық лириктердің ішінде Фриктің (XIII ғ.) алатын орыны ерекше. Оның ең үздік туындылары әлемдік поэзияның маржаны болып табылады. Фрик Шығыс Арменияда тұрған және моңғол шап­­қын­­шы­лығының куәгері болған. Ақынның 50 астам өлеңдері сақталып қалған. Фриктің шығар­­ма­­шылығы ортағасырлық жазу­шы­лардың шығармашылығы сияқты қайшылыққа толы. Ол бес күндік дүниеде кездесетін сынақ­тар мен қайғы-қасіреттер туралы өлеңдерін христиан ілімінің негі­зін­де жазған. Алайда Фрик бұл өлеңдерінде құдайға сеніп, оның рахымдылығы мен мейірімділігінен үміттене отырып, жатжер­лік және жергілікті құлиеленушілердің ашкөздігін қатты сынға алып, қатыгез жауыздар мен екіжүзді діндар сымақтарды әшкерелейді. «Тағдыр дөңгелегі» мен «Шағымдар» атты өлеңдерде автор езілген тап өкілдерінің құқығын қорғайды. Осы өлеңдерден ел­жан­ды, ұлы ойшыл, үлкен гуманист ақынның асыл бейнесін де кө­ре аламыз.
Y-XIII ғ. Арменияда жазба әдебиетпен қатар ауызекі әдебиет те дамиды. Ғасырлар бойы түрлі жанрларда ауқымды фольклорлық шығармалар пайда болады: аңыздар, ертегілер, эпи­ка­лық өлеңдер мен әңгімелер, гусандық өлең­дер, әлем кезушілер туралы өлеңдер, бесік жырлары, әдет-ғұрыптық, әскери, сонымен қатар, аңыздар мен мақалдар, мәтелдер және т.б.
«Сасундық Давид» («Сасунци Давид») эпосы армян халқының ауыз әдебиетіндегі жар­қын үлгілердің бірі болып табылады. Кемеңгер халықтың ең жақсы қасиеттерін бойына сіңір­­ген бұл шығар­ма дүниежүзілік фольклордың ұлы эпикалық ескерткіш­те­рінің қатарына кіреді.
Армян эпосы ырғақ дауыспен, ал кейбір ұйқас өлеңмен айтыл­ған эпизодтар әнмен айты­лады. Айтушы бір не екі бөлімін әндетіп, ал соңында эпоста мадақталған барлық батыр­лар­дың есімдерін көтеріңкі дауыспен айтқан. «Сасундық Давид» эпосының құрылу уақыты ІХ-ХІІІ ғ. сәйкес келгенімен, оның тарихи түйіні ІХ ғ. орта­сындағы оқиғалар болған. Бұл мону­ментальдық шығарма армян халқының көп ғасырға созылған азаттық күресінің өзіндік бір жыл­на­­масы болып табылады. Бұл эпос абыз-гусандар арқылы құрылып, ұрпақ­тан-ұрпаққа таралып, қазіргі күнге дейін жеткен. Онда елдің негізгі идеялары мен мақ­сат­тары, еркіндікті сүю мен елжандылық, қайраттылық пен ерлік, халықтың жарқын бола­шақ­қа және әділдік пен мейірімділіктің жеңісіне деген сенімі көрініс тапқан. Осы арқылы эпостың халықтық сипаты анықта­лады. Елжандылық идея­сы, әсіресі Давидтің образында айқын көрінеді. Бұл туындыда орта ға­сыр­дағы армян елінің ұлттық әдет-ғұрыпы мен салт-дәстүрі, діни ұстанымы, тұрмыс-тіршілігі мен әлеуметтік қарым-қатынастары суреттелген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет