Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С



бет51/155
Дата05.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#65297
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   155
Әзірбайжан әдебиеті. Кавказ халықтары - грузиндер, армяндар мен әзірбайжандар түр­лі басқын­шылардың басып кiруiнен жерлері мен өз тәуел­сіздіктерін қорғап қалу үшін бір тудың асты­на бірігеді. XII ғ. бастап олар өзара саяси, экономикалық және мәдени тығыз бай­ла­­­ныста бола­ды. Бұл халықтардың мәдениет өкiлдерi бiр-бiрiнің мәде­ни және әдеби өмір­лерін жақсы білген. Грузиндер мен армяндар арасында әзірбайжан тілі мен ауызша халық әдебиеті, махаббат поэзиясы мен халық әндері кең тарап, үлкен сұранысқа да ие болған.
XII ғ. әзiрбайжан лирикасы қарқынды дамиды. Сол кездегі Фалактер, Муджираддин Бейлак­ан, Иззаддин Ширван секілді ақындардың шығармашы­лығында гуманистiк және демок­ратиялық сарындар маңызды орынға ие болады. XI ғ. феодалдық сарайларда, сарай поэ­зиясы гүлдеп оның негізгі жанрлары қасыдалар мен ғазал болады. Сонымен қатар рубаилар (төрт шумақ өлең) және маснауи­лер (эпостық поэзия) құрылады.
Әзiрбайжан феодалдарының сарайларында панегириктер қыз­мет көрсет­кен. Әдетте олар­ға «ақындардың патшасы» (Малик аш-шуара) басшылық жаса­ған. XII ғ. сарай поэ­зиясының белгiлi өкiлі­не талантты ақын Абу-л-Ала Гандже­виді жатқызамыз. Ол Ширван­шах Манучехрдің тұсын­да өмір сүріп, оған қыз­мет еткен. Оның Ф. Ширван және Х. Ширван атты дарынды шәкірттері болған.
Абу-л-Ала (1120-1149) Манучехра Ширваншахтың тұсында ақындардың патшасы атанады. Бiзге дейiн оның әр түрлi антология­даларғы ақындық дарыны туралы және әдеби ортасы мен өмі­рі туралы кейбір қасыданың үзінділері ғана жеткен. Ақынның шығармашы­лы­ғында оның астро­номия, медицина, филосо­фия және теология сияқты қазіргі ғылымдармен таныс болғанын көруге бола­ды. Абу-л-Аланың қасыдасы түрлі образдар мен метафораға толы. Ол өлең өлшем­дерін шебер пайдаланып, әсерлi әрі көркем тілді өлең ұйқастарын жа­рық­­қа шығарған. Ол өзінің таланты арқылы тек өз Отанында ғана емес, сонымен қатар басқа да халықтар арасында да үлкен атақ пен зор құрметке ие болған.
Абу-н-Низам Мұхаммед Фалақи Ширван (1108-1146) Ширваншах астанасы Шемахта дүниеге келедi. Ол туған қаласын­да­ғы медреседе оқып, сол жерде өз заманына сай терең білім алады, араб филологиясы мен теология ғылымын да жақсы меңге­реді. Лақап аты Фала­қи (яғни, аспан және жұлдыз) болғандығына қарағанда астрономияны да жақсы білгенге ұқсайды. Бiзге дейiн оның лирикалық өлеңдерінің қасыдалар, ғазалдар мен рубаиалар­дан тұра­тын аз ғана бөлігі жеткен. Фалақидің қасыдасы панеги­рика­лық тақырыптарға жазылған және жоғары көркем шеберлігі мен терең ғылыми мәні арқылы ерекшеленеді.
Өзінің мұғалімі Абу-л-Ала мен досы Хагани сияқты Фалақи да өз патша­лы­ғында бақытсыз күндерді бастан кешеді. Ол өз қызме­тінде жеткiлiктi адалдық көрсетпегені үшін айыпталып, Шаба­­­­­ран түрмесіне қамауға алынады. Мұның барлығы ақынның денсаулы­ғына қатты әсер етіп, оның өмірiнде өшпестей iз қалдырады. Түрмеде отырып хабсийе («түрме жолдары») жанрындағы қасыда жазады. Ақын өз шығармаларында әділетсіздік пен заман­ның қаталдығы тура­лы жырлай­ды. Фалақидің ғазалдары мен рубаиаларының ерекшелігі махаббат туралы суреттеулерінен айқын көрінеді.
XII ғ. әзiрбайжан поэзиясындағы ең iрi ақындардың бiрi Хаган Ширван бол­ған. Афзаладдин Бадиль Хаган Ширван 1120 ж. да Шемахта дүниеге келедi. Оның әкесі Әли ағаш шебері, ал атасы тоқымашы болған. Хаган балалық шағында ақылдылығы мен шапшаңдығы арқылы көзге түседі. Оның анасы христиан дінін ұстанып, кейін ислам дінін қабылдаған. Хаган әкесі жағынан немере ағасы Кафиэддиннің тәрбиесiнде болған. Ол өз уақытының медицина, астрономия, жаратылыс­тану, логика, грамматика, әде­биет сияқты түрлі ғылым саласын терең меңгерген iрi ғалым және мұсылман заңдарын жақсы білген заңгер де болған. Хаган 1156 ж. Меккеге барып, қажылық жасауға рұқсат алады. Бұл Иран, Ирак, Сирияның жер­лерін, сонымен қатар Хамадан, Медаин, Бағдат, Дамаск сияқты тарихи қалаларын кө­руіне де үлкен мүмкіншілік туады. Ширва­нға қайтып келген соң Медаин шахта­ры­ның бұрын­ғы бас қаласының қираған орындары туралы филосо­фиялық элегия жазады.
Ақынның «Медаин қаласының қираған орны» атты қасыдасы халық ара­сын­да кең тарайды. Онда билік басындағылар мен халықтың тұрмыс-тіршілігі суреттелген. Ақынның философиялық ойы мен лирикалық классикалық үлгiсi шығыстың ең iрi ақындарын да қызықтырған. Хаган өз заманындағы феодал таптың өкілдеріне үлкен сабақ берді: қандай күштi құдiреттi болса да, барлығына ортақ апаттан ешкім құтыла алмайды.
Ақын батыл новатор болған. Ол дәстүрлі поэзиялық жанр­лардың тақырып­тық шекара­сын кеңейтіп, өз шығармаларында әлеу­меттік идеялар мен филосо­фия­­лық мәселелерді де қарасты­ра­ды. Хаган көбіне мұсылмандық моральдерге қарсы тұрып, махаббат әншісі ретінде адамның сұлулығы мен сезімін жырлай­ды. Бірқалыпты формада, әрі көркем құралдарға толы оның шығарма­лары өзінен кейінгі әзірбайжан ақындарына ғана емес, бүкіл Таяу Шығыс ақында­рына керемет үлгі бола алған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет