Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С


Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар



бет48/155
Дата05.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#65297
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   155
Байланысты:
1240 lem 1241 debieti O 1179 uly 1179

Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар



  1. Парсы тілді әдебиеттің қайнар көзі.

  2. Парсы поэзиясының негізгі жанрлары.

  3. Рудаки поэзиясының әлеуметтік мазмұны.

  4. Фирдоусидің «Шах-наме» атты эпопеясы.

  5. Омара Хайям поэзиясының гуманизмі.

Ортағасырлық Күнгей Кавказ әдебиеті

Күнгей Кавказ халықтарының жазба ескерткіштері бізге Y ғ. бастап белгілі бола баста­ды. Осы кезден бастап пайда болған Күнгей Кавказ мәдени аймағына грузин, армян, әзірбай­жан халық­­та­рының тарихы жатады. Бұл халықтар әуел бастан әлем өркение­тімен байланыс­ты бола­ды. Вавилон, Ассирия, Мидия, Персия, Грекия, Рим секілді дамыған мемлекеттер кав­каз халық­тары үшін барлық жағынан үлгі бола алған. Кавказ және оның халқы туралы Геро­дот, Страбон, Плутарх сияқты атақты Грекия, Рим тарихшы­лары мен араб, парсы жыл­на­ма­шылары да жазған.


Кавказ мәдениетінің дамуына ежелгі иран мәдениеті, элли­низм, христиан дінінің қабыл­да­­нуы, ұлттық жазудың пайда болуы мен Грузия, Армениядағы христиан мәдениеті де тіке­лей әсер еткен. Кейін YII-IX ғ. арабтар мен көшпелі оғыз тайпаларына қарсы күрестер ұлт­тық сананың құры­луына жол ашады. Бұл құбылыс өз кезегінде X-XII ғ. көркем өнер шығар­ма­шы­лығының (Наре­каци, Руставели, Низами, Хаган) гүлденуіне себепкер болады.
Y ғ. басында Армения мен Грузияда халықтардың әдебиеті мен тарихы, философиясы мен ді­ни ілімінің қарқынды дамуына негіз болған ұлттық жазулар қалыптаса бастайды. Ал YII ғ. Әзір­байжан сияқты мұсылмандық тараған аймақ­тарда араб әліпбиі орта парсы, яғни пех­ле­вилік әліп­би­ді екінші орынға ығысты­рады. Әзірбай­жанда исламның кең таралуы тек діни емес, сонымен қатар ғылыми және көркем жазба әдебиеттердің араб тілінде болуына ық­пал етеді. Кейіннен араб тілімен қатар парсы тілі де кең қолданысқа ие болады.
Кавказ әдебиетінің жалпы ерекшеліктерінің бірі осы аймақтағы халық­тардың өз ұлттық шы­ғар­машылықтарын сақтап, оларды әрі қарай дамыта отырып, сол дәуірге тән көптеген эсте­ти­ка­лық тәжіри­белерді бойына сіңіріп, ежелгі әлем өркениетімен тығыз қарым-қатынас орната алуын­­да жатыр. Кавказ халқының еңбек сіңірген ақындарының шығармашылығында батыс хрис­тиан дінінің әсерін (Византия мәдениеті) ғана емес, сонымен қатар мұсыл­мандық шығыстың әсе­рін де байқауға болады.
Кавказ халықтарының тарихи дамуының бірлігі мен эллиндік, византиялық және иран­дық мәдениеттердің ықпалына қарамастан олардың әдеби мұрасында көрініс тапқан әрбір халықтың мәдени қалыптасуы түрлі деңгейде болған.
Мысалы, Армения ассириялық және ежелгі ирандық дәстүр­лерден бастау алады. Бұл Арме­ния­ның тарихи қалыптасқан терри­то­риялық жағдайына ғана емес, сонымен қатар ха­лық­тардың ұлт­тық ойлау жүйесі де осы ежелгі дәстүрлерге негізделуіне байла­нысты болады.
Y-YI ғ. армян мәдениетінің гүлдену кезеңі болып табылады. Осы кезде армян шіркеу­ле­рі­нің маңы­зы арта түседі. Бұл дін Армения мен Кавказ елдерінде арабтардың басып кіруі (YІІ-ІХ) мен көшпелі оғыз тайпаларының шапқыншылығы кезінде де маңыздылығын жой­мады. Бұл құ­бы­лыс ислам дінін қабылдауға шектеу жасайды. Грузиялықтар өздерінің бастан кешірген тарихи жағдайларына қарамастан, өздерінің монарх билеген мемлекеттік басқару жүйесін сақтап қала­ды. Грузиядағы феодализм көп жағынан еуропалықтарға ұқсас болған. Ол әлеуметтік типология жағынан ғана емес, сонымен қатар мәдениет жағынан да байқала­тын. Грузин мәдениеті тұтастай эллиндік және византиялық мәде­ниеттерге бағытталады. Дегенмен Грузия мен Армения Визан­тия­­ның саяси үстемдігіне қарсы күресін тоқтатпайды. Грузия поэзиясы өзіндік ерекшеліктерін сақ­тай отырып, өздерінің ұлттық дүниета­ны­мына қарай өзгертулер мен өңдеулер арқылы парсы лирика­сының кейбір элементтерін де бойына сіңіреді. Қалыптасып келе жатқан әзірбайжан әде­бие­тінде көркем әдебиеттің дамуына қолай­лы алғы шарттар жасалған: түркі тайпаларының кере­мет үлгі­дегі халықтық эпосы, мұсылман мәдениеті, оның ішінде өте ауқым­ды ғылыми және көркем әдебиеті және иран мәдениетінің асыл мұрасы мен оның жоғары эстетикалық деңгейі.
IX-XIII ғ. Армения, Грузия және Әзірбайжан елдерінде сауда мен қолөнер дами түседі. Кавказ территориясы Шығыс пен Батыс арасын байланыстыратын Ұлы сауда жолдары то­ғыс­қан жерде болады. Бұл жолдар арқылы Қытай, Үндістан, Иран, Констан­тинополь және бас­қа да еуро­палық елдер байланыс жасайды. Осы әлемдік байланыстар арқылы қалар да­мып, мемлекеттер пайда болады және сол кездің рухани құндылықтары бой көтереді. Осы жол­дардың тоғысында роман-германдық әлемнің, Шығыс пен Кавказ халықтарының тілде­рі пайда болып, мәдени және әдеби байланыстар қалыптасады. Грузиядағы Артануджи, Тби­ли­си, Кутаиси, Армениядағы Ани, Двин, Ван, Каре, Әзірбай­жандағы Барда, Ганджа, Нахи­че­вань, Табриз, Марага қалалары жаңа мәде­ниет­тің орталықтарына айналады.
Мұның барлығы поэзия, әдебиет, философиялық-ғылыми ойлар сияқты рухани мәде­ниет­тің дамуына жол ашады. Осы жағ­дай­лар Арменияда Григорий Нарекаци, Нерсес Шнорали, Мхитар Гош және Вардан Айгекци, Грузияда Чахрухадзе, Иоане Шавтели және Шота Руста­вели, Әзір­бай­жанда Бахманяр, Хагани Ширвани және Низами Ганджеви сияқты сол кезде атақ пен даңқа ие болған гуманист-ақындар мен ақын ойшылдардың пайда болуыны әсер етеді. Олардың шығар­машылығында гуманистік бағыт білінеді. Гоштың «Армян заң­дардар жинағы» атты шығармасы мен мысалдары өзінің замандас­тары Низами мен Руставелидің поэтикалық шығарма­ларымен сарындас болған. Бірнеше ғасырдан кейін «Ар­мян заңдардар жинағы» туындысын грузин патшасы, әрі ақыны YI Вахтанг өзінің «Жинақ» атты шығармасында пайдала­нады. Мазмұны мен саяси-әлеуметтік жағынан да, кейде жанр­лық формасы бойынша да Низамидің «Хамса» атты алғашқы поэма­сындағы аңыздар Гоштың мысалдарымен үндессе, ал оның басқа поэмасындағы поэтикалық бейнелер мен оның роман­дық сипаты Руставелидің монументальды поэмасын еске түсіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет