Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С



бет63/155
Дата05.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#65297
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   155
Джефри Чосер (1340-1400) – ІІІ Эдуард патшаның ұлына қызмет екен, жүзжылдық соғысқа қатысушылардың бірі. Ол француздардың қолына тұтқынға түскен кезде, куртуаз­дық лирика­мен танысып, сол арқылы сусындайды. Ол бірнеше жыл бойы ақсүйектер мен оның айнала­сындағылар үшін өлеңдер жазған. Чосер лондондық диалектіге сүйене отырып, жаңадан қалыптасып келе жатқан ағылшын әдеби тілінің негізін салушы болған.
Чосер Италияның өмірімен және ондағы өнермен танысқаннан кейін, ағылшын халқы­ның италия әдебиеті арқылы сусындауына себеп болады. Ол Данте, Петрарка мен Боккаччо­ның шығармаларын аударып, олар­дың тәжірибесін өз шығармашы­лығында тиімді қолдана­ды. Чосер өзінің «Герцо­гиня кітабынан» кейін парламенттің қызметін әшкерелейтін «Даңқ үйі» мен «Құстар парламенті» атты сатиралық поэмаларын жарыққа шығарады. Чосер өзінің Лондондағы кедендік қызметі арқылы астананың қоғамдық өмірімен терең танысып, «Кен­тер­бериялық әңгімелер» атты шығармасына арқау болған көптеген әлеуметтік жағдайларға куә болады. Жазушының «Кентербериялық әңгімелер» жинағы ХІІІ-ХIY ғ. әдебиет сахна­сында пайда болады. Оқиға Кентербериге баратын жолда орналасқан тавернада41 өтеді. Онда ағылшын қоғамындағы барлық тап өкілдері, феодал­дар­дан бастап, қолөнершілер мен шаруа­лардың бейнесі де сомдал­ған. Шығармада бас-аяғы 29 кейіпкер кездеседі, олардың киім кию үлгісі де, өзін-өзі ұстауы мен сөйлеу мәнері де, әдеттері мен мінез­дері де түрліше. Чосер өз шығармасында адамның күрделі бейнесін жан-жақты, асқан шеберлікпен суреттейді. Жазушының сатирадағы таланты монах пен оның рухани әлемі суреттелген тұста айқын кө­рі­неді. «Кентербериялық әңгімелердің» негізгі ерекшелігі сатқын­дық пен алдау, білімсіздік пен ақымақтық сияқты түрлі кемшіліктерді суреттеу болып табылады. Ақын өз шығарма­шылығында ортағасырлық әдебиеттің антиклерикалық бағыттарын әрі қарай дамыта отырып, оны жаңа сатыға көтереді.
Томас Мэлори (1417-1471) - сол замандағы аса дарынды, әрі атақты тұлға­лардың бірі. Ол кедейленген, алайда, атақ-даңқы мол, білімді әулеттен шығады. Мэлоридің «Артурдың өлімі» атты шығармасы оның ең танымал, кең көлемді туындыларының бірі болып табы­лады. Бұл романда британ ұлы әміршісінің ықпалымен елден үлкен әскердің жиналуы мен өзде­рінің қатарына рыцарьлық талаптарға сай келетіндерді ғана топтастырған ұлы дөңгелек үстел бауырласты­ғының пайда болуы жайында баяндалады. Мэлори өзінің романын жазу үшін кейбір материалды «француз тіліндегі кітаптардан» алады. Гальфред Монмут­ский­дің туындысындағыдай бұл шығармада король Артур Еуропаның билеушісі болады, бірақ онда белгілі бір себептермен рыцарьлық қиял жойылған.
Бұл шығарманың ХІІ-ХІІІ ғ. рыцарьлық романдардан айырма­шы­лығы, ең алдымен, шы­ғарманың өлең түрінде емес, проза түрін­де жазылуы болып табылады. Онда рыцарьлардың әлемі белгілі бір қашықтықтан көрсетіледі. Бұл қашықтық арқылы Мэлори дөңгелек үстелдің тарихта болғанын, бірақ оның қайтып келмеске кеткенін оқырманға түсіндірмекші болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет