Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С



бет64/155
Дата05.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#65297
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   155
Томас Мор - Қайта өркендеу дәуіріндегі ұлы ағылшын ойшылдарының бірі (1478-1535). Ол - бүкіл өмірін әдебиетке арнаған тұлға. Мор жас кезінде өлеңдер жазып, кейінірек түрлі комедиялар құра бастайды. 1510 ж. Мордың ең атақты шығармаларының бірі көпші­лікке танымал «Утопия»42 атты туындысы жарыққа шығады.
Т. Мордың идеалды мемлекет пен қоғам туралы пікірлері әлжуаз­дығына, қиялдан шыға­рыл­ғанына қарамастан кейінгі социа­листік ілімдердің қалыпта­суына әсер етеді. Оның «Уто­пия» шығар­масы баға жетпес туындылардың бірі, мұнда оқиға барысы нақты, ақиқат пен шын­дыққа сүйеніп жазылған. Шығармада сол жердегі халықтың мінез-құлқы, армандары мен қиялға толы тұрмыс-тіршілігі сипатталады.
ХYІ ғ. екінші жартысындағы ағылшын мәдениеті шексіз билікті одан әрі нығайту мақсатында, феодалдық католиктік Еуропа мен оның қарсыласта­рының арасында болып жатқан күрестер кезінде дамиды. 1558 ж. Англия мен Испанияның арасын­да болған ұзақ қырғи-қабақ соғыстың нәтижесінде испан әскері жеңіліс тауып, Англия үлкен күшке ие болады. Бірақ елдегі шаруалар көтерілісі толастамайды. 1590-1600 ж. аралығында қаладағы қолөнершілер мен шаруалар бастаған көтерелістің ошағы одан әрі өрши түседі. Дәл осы уақытта зайырлы мәдениет те биік деңгейге көтеріледі. Гуманист-ғалымдардың қатары саусақпен санарлықтай болғанымен, гуманистік ойлау жүйесі осы дәуірдің үлкен жетістігі болып қала бермек.
Поэзия. Қайта өрлеу дәуіріндегі ағылшын әдебиетінің өзіндік дамуы еліктеуден бәсе­келестікке көшу барысында орын алып, сол дәуір адамдары бұл құбылысты жоғары бағалай бастайды. Ертедегі ағылшын поэзиясында Чосер сияқты ұлы ақындардың шығарма­шылы­ғынан қалған баға жетпес асыл мұралары болға­ны­мен, шамамен 150 жыл бойы ағылшын әдебиеті тоқырау кезеңін бастан кешіріп, ғасырлар бойы сақаталып қалған поэзия құндылық­та­рынан да айырыла бастаған еді. Чосер ағылшын, италия және француз поэзияларының қағидаларын шебер үйлесімділік арқылы біріктіріп, ағылшын поэзиясында «корольдік» деп аталып кеткен жаңа ұйқас енгізеді. Осылайша, ХYІ ғ. ортасында өмір сүрген ақын­дардың басты мақсаты ағылшын өлең өлшемін жоғары дең­гейге көтеру болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет