Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



бет13/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68
Синонимдердің стилистикалық қызметі. Бүгінде синонимдерді топтастыру туралы теориялар жан-жақты толықтырылды. Синонимдерді анықтау және топтастыру туралы ғалымдар көзқарасы әртүрлі. Жұмыста синонимдерді анықтау, топтастыру туралы қазақ, орыс тілі білміндегі көзқарастар талданады.
Синонимдердің атқаратын негізгі стилистикалық қызметі – ерекшелеп айтылатын ойды нақтылауға көмектесу. Әдетте сөз-синонимдер мен стилистикалық бейтарап синонимдердің қайталанып келуі ойды неғұрлым толық, дәл жеткізуге қызмет етеді.
Лексикалық құралдардың антонимиясы: Антонимдерге қатысты айтылып жүрген ұғымдардың бірі – энантиосемия. Бұл құбылыс көпмағыналы сөздерде байқалады. Көпмағыналы сөздің өзі өз ішінде қарама-қарсы мәндерге ие болуы мүмкін. Мысалы, «қайту» сөзінің семантикасында «аурудың үшінші күн дегенді беті қайтты»,- дегендегі өмірге оралу мағынасы және «ауру үшінші күн дегенде дүниеден қайтты» дегендегі «жан тәсілім етті(ету)» мағынасы бар.
Антонимдердің сөйлеудегі стилистикалық қолданысы сан түрлі. Қай тілде болсын бір-бірімен жұп құрайтын, өзара қарама-қарсы мағынада және қатынаста тұрып біртұтас ұғымды жеткізетін сөздердің мол лексикалық қоры бар. Бұл сөздердің шығу тегіне қарай табиғатында бойына біткен қарама-қарсы дүниетанымның екі жақ қырын бейнелейді. Өмірдің өзі қарама-қайшылықтардың күресі дейтін болсақ, осындай өмір философиясынан туған сөздер тілде антонимдер арқылы бейнеленеді. Синонимияға семантикалық жағынан ұқсастық тән болса, антонимияға – семантикалық айырмашылық тән. Антонимдер көркем сөйлеуде көркемдегіш-бейнелегіш құралы ретінде жиі қолданылады. Синонимия, антонимия, полисемия, паронимия, парономазия арқылы берілген экспрессивтілік пен автордың бағалау қарым-қатынасы энантиосемиялық номинацияның белгілері болып табылады. Ол сөздің потенциалды мүмкіншіліктерін анықтап, тілдің екі бастауының логикалық және эмоционалдық-органикалық бірлігін көрсетеді.
Лексикалық құралдардың омонимиясы және полисемия: Сөздің әртүрлі мағыналары семантикалық бірлік құрайды, тілді зерттеушілер, оны сөздің семантикалық құрылымы деп атайды. Сөздің ауыспалы мағынасының дамуы – ереже бойынша бір құбылысты екінші бір құбылыспен ұқсастырумен байланысты: заттың сыртқы ұқсастығын (оның сырт формасы, түсі және т.б.) негізге ала отырып, атау ауыспалы мағынаға ауысады, оның тудыратын әсері немесе қорғалу сипаты негізінде ауыспалы мағына туады. Осындай жағдайда полисемиялық бастауыш метафора, метонимия, синекдохадан тұрады. Көп мағыналылық тілдік шексіз мүмкіндіктерін көрсетеді, өйткені тілдің сөздік құрамының байлығы сөз санымен ғана өлшенбейді, сонымен бірге, олардың мағыналарының әртүрлілігі, сөздердің жаңа семантикалық реңке ие болу мүмкіндігі де есепке алынады. Сөздің жаңа мағынаға ие болу тілдің лексикалық қорын шығармашылыққа пайдалануға мол мүмкіндік береді. Омонимия мағынасы әр басқа айтылуы мен жазылуы бірдей сөздер, сырттай көпмағыналы сөзге ұқсас, дегенмен омонимияда ортақ семантикасы жоқ бірақ айтылуы мен жазылуы бірдей сөздер қарастырылады.
Лексикалық құралдардың паронимиясы және парономазия құбылысы: Тілдегі паронимдер мен парономазия экспрессивтік стилистикалық қызметті жүзеге асыруда белсенді түрде жұмсалады. Паронимдердің жасалу тәсіліне қарай мынадай топтарды көрсетуге болады: жұрнақтар арқылы ажыратылатын паронимдер: жамандық – жаманшылық, адамдық – адамшылық т.б.; түбіріне қарай ажыратылатын паронимдер. Паронимдер түбірлес және әртүбірлі болады. Түбірлес паронимдер: егін – егіс, еліктегіш - еліктеуіш т.б. Әртүбірлі, сырттай дыбыстық жағынан ғана ұқсастықтары бар сөздер: эскалатор – экскаватор, білім – бөлім, т.б.;
Паронимдердің семантикалық ерекшелігіне қарай екі тобы анықталады:
1) өзара мағыналық реңкі бойынша ажыратылатын паронимдер (дүниелік – дүнияуи, қазақшыл – қазақы, т.б.); 2) мағынасы бойынша ажыратылатын паронимдер (қазақша – қазақы). Мағынасы бойынша ерекшеленетін паронимдер өте аз кездеседі. Паронимдер функционалдық-стилистикалық сипатына қарай ерекшеліктері бар топ құрайды. Мысалы, тірлік ету – ауызекі сөйлеу стиліне тән сөз қолданысы болса, тіршілік ету – ғылыми тілге жақын қолданыс.
Парономазия – дыбысталуы бір-біріне жақын сөздердің қатар қолданылуынан туатын бейнелі сөз өрнектері. Мысалы: Бөрінің бөлтірігі, біреудің жыртысын жырту. Еш туыстығы жоқ, бірақ айтылуы бірдей паронимдер сөйлеуде әртүрлі стилистикалық қызмет атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет