Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



бет14/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68
Тапсырмалар:
1. С.Көбеевтің «Қалың мал» романын жазудағы жазушы шеберлігі(стильдік мәнері).
2.Сөйлем құрылымдарының біркелкілігі, диалектілік ерекшеліктер және лексикалық элементтердің қызметін анықтаңыздар.
3. Шығарманың құрылымда бірнеше мезгілдік шақтың келуі. Әңгімелеу ішіндегі диалог, суреттеулердің ролі. Нәзік лирикалық бояулардың түзілуі.
4. Төмендегі үзінділерден фразеологиялық тіркестердің қолданысына назар аударыңыз, стильдік қызметін ашып көрсетіңіз.
..Айналасы тай шаптырым базардың шетіндегі ұзыннан ұзақ мама ағашқа базаршылардың аттары байланады. Әуелі Тұрар солардың арасынан Қырғызбай атасының тобылғы торы, жырақ құлақ атын іздеді. Қойдан жуас, шабысқа жоқ, бірақ жүрісі жайлы жануар. Мал иесіне тартады деген рас шығар, мимырт жүрісі Қырғызбайдың алқын-жұлқынсыз, шықпа жаным шықпа тіршілігіне ұқсайды.
Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң деп мейірім білдірді, Баяғыдай ақиланбай, байсал танытады. Жат жарылқамас, ҿзің ҿлтірмес, басқаңды былай қойғанда, алдыма айыптымын деп келсе, Рысқұлды да кешер едім. Есіл ер ақыры түрмеде шіритін болған екен (Ш.Мұртаза).

10 практикалық сабақ тақырыбы: Фразеология және стилистика


Сабақ жоспары:
1. Фразеология туралы түсінік
2. Фразеологиялық синонимдер
3. Фразеологиялық единицалардың эмоциональды-экспрессивтік бояуы
4. Фразеологизмдердің стиль түрлеріне қатысы


Бақылау сұрақтары:
1. Фразеология, фразеологизм дегеніміз не?
2. Фразеологизмдердің негізгі қасиеттері қандай?
3. Фразеологиялық синонимдер дегеніміз не?
4. Ауызекі сөйлеу тілінде қолданылатын фразеологизмдердің өзіндік ерекшеліктері қандай?
5. Публицистикалық стиль мен көркем әдебиет стилінде қолданылатын фразеологизмдердің табиғаты қандай?


Глоссарий
Фразеология – тіл білімінің тұрақты тіркестерді зерттейтін саласы.
Фразеологизм – тіркес құрамындағы сөздер әуел бастағы негізгі, тура мағыналарынан айырылып, бәрі жиналып бір ғана ұғымды білдіретін тілдік бірліктер.
Фразеологиялық синонимдер – мән-мағынасы жағынан үйлесе келіп, бірінің орнына бірі балама болып қолданылатын тұрақты тіркестер.
Мақал – өмір құбылыстарын жинақтайтын және типтендіретін, бір немесе екі бөлімнен құралып, алдыңғысында шарт немесе жалпы байымдау, соңғысында қорытынды, түйінді пікір айтатын бітімі бекем, өте ықшам, бейнелі әрі ырғақты халық нақылы.
Мәтел – халық арасында көп тараған, қорытындысы болмайтын, тұжырымы тиянақталмаған, қарама-қарсы шендестіруі жоқ, ықшам да кестелі халық сөзі.

1. «Фразеология» терминінің мағынасы өте кең. «Фразеология» термині кең мағынада алғанда, белгілі бір тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің барлық түрлерінің жиынтығы деген ұғымды білдіреді. Тілімізде қолданылатын жеке сөздермен бірге сөз тіркестері бар. Сөз тіркестері семантикалық бірлікте болып, тұтас бір ұғымды білдіреді. Мағынасы жалпыға белгілі, грамматикалық байланысы жағынан бір бүтін единица болып қолданылуы дәстүрге айналған тұрақты сөз тіркестерін тіл білімінде фразеологиялық орам немесе фразеологизмдер деп атайды. Фразеологимздердің өзіне тән негізгі қасиеттері: 1. Дайын тілдік единица ретінде жұмсалады; 2.. Мағына бірлігі сақталады. Фразеологизмдердің қай-қайсысы болмасын бәрі де ең алғаш халықтың сөйлеу тілі негізінде қалыптасқан. Фразеология – тұрақты сөз тіркестерінің жүйесін зерттейтін тіл туралы ғылымның бір саласы.


2. Тұрақты сөз тіркестерінің бір-бірімен мағына ұқсастығын әдетте фразеологиялық синоним деп танимыз. Кейбір фразеологиялық синонимдер бірінен соң бірі сатылап дамып, мағыналарын кеңейте түскен. Фразеологизмдердің бір ерекше сипаты – мақал-мәтелдердің өз ара синонимдес келуі.
3. Жеке сөздерге тән эмоциональды-экспрессивтік бояу тұрақты сөз тіркестерінде де болады. Экспрессивті тұрақты сөз тіркесі сезімге айрықша әсер етеді.
4. Фразеологизмдер де жеке сөздер тәрізді адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасының түріне қарай жұмсалып, олардың қолдану аясы не кеңейіп, не тарылып отырады. Мұның себебі тұрақты сөз тіркестерінің белгілі бір қатынас түрінде көбірек қолданылып, сол стильге тән болуынан. Ал мақал-мәтелдердің қолданылу аясы кеңірек. Бейтарап лексика сияқты стильаралық сипаттағы фразеологизмдер жоқ. Себебі, фразеологизмдер эмоциональды-экспрессивтік бояуына қарай стиль таңдайды. Сөйлеу тілі стилінде жұмсалатын тұрақты сөз тіркестерінің құрамында қарапайым, тұрпайы сөздер кездесіп қалады. Қай стиль болмасын оның өзінің ерекшелігі болады. Ол ерекшелік стильдерді бір-бірімен салыстыруда байқалады. Күнделікті тұрмыста, ауызекі сөйлеуде қолданылатын сөйлеу тілінің фразеологиясына қарағанда, кітаби тіл фразеологизмдерінде поэтикалық сипат басым болып келеді. Фразеологизмдер сөзді жандандырып, тілімізге өткірлік сипат, ұлттық ажар беретін стильдік мәні айрықша құрал болып саналады. Тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдер аз сөзбен көп мағынаны білдіреді, тілдің стильдік сапасын арттырады. Мақал-мәтел – астарлап, кестелеп айтатын ойдың бейнелі көрінісі. Мақал көбінесе тиянақталған қорытынды ой ретінде, сөйлем түрінде келеді. Мәтел формасы жағынан бейнелеп сөйлеудің элементі сияқты. Онда ой аяқталмай келте қайырылады. Фразеологизмдер – сөйлеу тілінде де, жазба тілде де көп қолданылады. Ал оның бейнелегіштік-мәнерлегіштік сипаты әсіресе көркем және публицистикалық шығармаларда айқын көрінеді. Фразеологизмдер ғылыми еңбектер мен ресми құжаттарда ара-кідік кездеспесе, негізінен ғылыми стиль мен ресми-кеңсе стильдеріне тән емес. Ал фразеологизмдердің қолданылу тәсіліне келетін болсақ, тұрақты сөз тіркестері бір стильде жалпы халықтық формада пайдаланылса, ал екінші бір стильде кейбір өзгешеліктермен қолданылады. Мәселен, сөйлеу тілінде көбінесе жалпы халықтық форма өзгертілмей сақталады. Көркем шығарма мен публицистикадан фразеологизмдерді қолданудың екі тәсілін де кездестіруге болады. Сонымен қорыта айтқанда, фразеологизмдерді қолданудың екі тәсілі бар: 1. Фразеологизмдердің жалпыхалықтық формада қолданылуы; 2. Фразеологизмдердің өзгертіліп, авторлық өңдеумен қолданылуы. Фразеологизмдерді жалпы халықтық формада қолдану – жалпыға танылған белгілі тәсіл. Мұнда айтылып не жазылып жеткізілетін ойға көркемдік сипат беру мақсаты көзделеді. Фразеологизмдер тек жалпы халықтық формада ғана қолданылмайды. Сонымен қатар өзгертіліп, өңделіп те жұмсалады, бұл тәсіл – көбінесе ақын-жазушыларға тән. Фразеологизмдердің сырт құрылысын өзгертіп қолдану – стильдік мақсаттан туған тәсіл. Бұл тәсіл белгілі бір шығармада, контексте танылатын әр жазушының халықтық тіл байлығын пайдаланудағы өзіндік ерекшелігі болып саналады. Тұрақты сөз тіркесінің құрылысы жағынан өзгеріске ұшырауы – әсіресе өлеңді сөзге тән құбылыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет