Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



бет12/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   68
Бақылау сұрақтары:
1. Кітаби лексиканың стиль тармақтарына қатысы қандай?
2. Көнерген сөздер мен неологизмдер стиль түрлерінде қалай қолданылады?
3. Сөздердің экспрессивті-эмоциональдық бояуының стиль түрлеріне қатысы қандай?
4. Полисемия, омоним, синоним, антоним құбылыстары стиль түрлерінде қалай қолданылады?
Глоссарий:
Табу – (полинезия сөзі) – кейбір сөздерді, есімдерді, сөйлемдерді атауға тиым салу. Т. құбылысы тілдің магиялық қызметімен байланысты, яғни, сөз арқылы қоршаған әлемді өзгертуге болады деген нанымнан туындайды. Т. Барлық тілдерде бар. Ең көп тараған Т. адам есімімен байланысты: туыстардың атын айтуға тиым салынған, сонымен қатар құдайдың, патшаның атын атауға болмайды. Т. эвфемизм түсінігімен тығыз байланысты болады.
Эвфемизм – (грек.euphemis –mos, eu жақсы және phemi – сөйлеу)- эмоция жағынан бейтарап сөздер. Э. құлаққа ерсі естілетін сөздердің синонимдері ретінде жұмсалады. Мысалы: «семіз-толық, кәрі-егде, өлді-қайтыс болды» және т.б, эвфемизм– дисфемизм сөздерге қарсы қойылады.
Дисфемизмде керісінше, эмоциялы бейтарап сөз орнына әдейі тұрпайы сөздер қолданылады


1.Тілдің стильдік мүмкіндігі жалпы халық шаруашылығының, қала мен ауылдың өсу-өркендеу қарқынына, халықтың заттық және рухани мәдениетінің даму дәрежесіне сәйкес бірте-бірте жетіле түседі, кеңейіп отырады. Сөздің түрлі ауыс мағыналары міне, осы тұста қалыптасады. Олар белгілі бір стильдік қажетке байланысты, сөздің негізгі мағынасынан келіп шығады. Ауыс мағынада екі түрлі: бірі – жалпы халықтық стильде, екіншісі – оған керісінше, яғни белгілі бір автордың сөз қолдануында жалғыз-ақ рет не өте сирек кездесетін ауыс мағынада келеді. Соңғыны әдетте контекстік ауыс мағына деп атайды. Метафораның ең көп қолданылатын жері – публицистикалық стиль мен әсіресе көркем әдебиет стилі. Метафораның ең басты стильдік ерекшелігі – бейнелілігі, ойды бейнелі түрде жеткізетіндігі. Метафоралар, яғни ауыс мағыналы не әсірелеу мәнінде алынатын сөздер көбіне-көп көркем әдебиет стилінде қолданылғанымен, ара-тұра өзге стиль түрлерінде де кездеседі. Публицистикалық стильде жалпыхалықтық метафоралармен қатар контекстік метафоралар жұмсалатын болса, ғылыми, ресми-кеңсе стильдерінде контекстік метафоралар мүлде кездеспейді. Ал метонимияның метафорадан ерекшелігі тілдегі стильдердің бәрінде бірдей қолданылмайды. Ол ғылыми стиль мен ресми-кеңсе стилінде жалпы кездеспейді. Оның көбірек қолданылатын жері – көркем әдебиет стилі. Шығармада метонимияны қолдану үшін белгілі дәрежеде шеберлік қажет. Метонимияның кей жазушыда азырақ, кей жазушыда көбірек болатыны міне осы себепті. Сөздің синекдохалық мағынасы басқа стиль түрлеріне қарағанда әсіресе, сөйлеу стилі мен көркем әдебиет, публицистикалық стильдерде көбірек байқалады. Синекдоха көркем шығармада неше алуан стильдік мақсатта жұмсалады. Бұл жеке жазушылардың тіл байлығымен, сөз қолдану шеберлігімен байланысты. Әдетте қандай да бір зат не құбылысты дәл өз атауымен атамау, яғни оны басқа белгісімен, не бір бөлшегімен атау дағдысы күнделікті сөйлеу тілі аясында да кездеседі. Бірақ бір атауды осылай синекдохалық мағынада жұмсауда коммуникативтік функциядан гөрі, стильдік мақсат басым жатады. Синекдоха,публицистикалық стильде де қолданылады. Олар күнделікті баспасөз бетінде әр тарап болып келеді. Мұнда да сол белгілі бір ойды ықшам түрде, ұғымға қонымды етіп жеткізу мақсаты көзделеді.Мұндай мақсатта жұмсалған синекдохалардың қай-қайсысы да жалпы халықтық сипат алған. Сондықтан оның мағынасын кім де болса бірден дәл түсінеді. Көп мағыналы сөздер өздерінің сырт формасы жағынан омонимдерге ұқсайды. Олардың осы сырт ұқсастығы бірінен-бірін ажыратуда көп ретте қиындық та келтіріп жүр. Көп мағыналы сөз қай стильде болса да қолданылады. Бірақ оның ең көп жұмсалатын жері – көркем шығарма. Көркем әдебиет стильінде ақын-жазушылар өздерінің шығармаларында көп мағыналы кейбір сөзді екі не үш мағынасында қатар алып та жұмсай береді. Жарыстыра пайдаланады. Көп мағыналы сөз кейде ғылыми стильде де кездесіп қалады. Омонимдер жеке тұрған қалпында стиль түрлерінің жалпы қай-қайсысында да қолданыла береді. Омонимдерді қатар алып, қабаттастыра қолдануға келгенде, стиль түрлерінің бәрінен мұндай ерекшелік байқалмайды. Омонимдердің әдеби шығрма стильіндегі көркемдік қызметі әр түрлі. Бұл – әрбір жазушының шеберлігімен байланысты құбылыс. Синонимдер қай стильде болса да кездеседі, бірақ бәрінде бірдей дәрежеде қолданылмайды. Белгілі бір ойды толықтыра түсу, нақтылау ыңғайында синонимдер негізінен көркем әдебиет, сөйлеу тілі және публицистикалық стильдерде жиі қолданылады. Антонимнің де әрбір стиль түріндегі қолданылу дәрежесі әр басқа. Рас, көп мағыналы сөз, омоним, синоним тәрізді, антоним де жеке тұрған күйінде стильдердің жалпы қай-қайсысында да қолданыла береді. Бірақ қатар мәнді сөздерді қатар алып, қабаттастыра қолдану публицистикалық, сөйлеу тілі және көркем әдебиет стильдерінде ғана кездеседі.
Лексикалық құралдардың экспрессивтік стилистикасы. Синонимия: Тілдің синонимиялық ресурсын, олардың коммуникативтік мәнерлілік маңызын және саралануын зерттеу лингвостилистиканың негізгі міндеті деп қарауға болады. Кейбір зерттеушілер стилистиканы тікелей «тілдің синонимиялық құралы туралы ғылым» деп қарайды. Тіл біліміндегі лексикалық синонимияға қатысты ғылыми көзқарастарды топтастыра келе, лексикалық синонимия құбылысы туралы анықтаманы мынадай екі топта қарастыру мүмкін болады:
1. Синонимдер(грек.synonymas аттас,мәндес) –мағынасы толық немесе жартылай сәйкес келетін,бір сөз табына жататын сөздер (кең мағынада фразеологизмдер, морфемалар,синтаксистік құрылымдар). Тіл білімі терминдерінің сөздігі.Қалиев Ғ.,Алматы, 2012ж.249бет).
2. Синонимдер дегеніміз – ақиқат өмірдегі бір құбылысты білдіріп, мағына реңкі, стилистикалық қатыстылығы жағынан айырмашылығы бар сөздер (Р.А.Будагов, Н.М.Шанский, Е.М.Галкина-Федорук).
Лексикалық синонимияға қатысты берілген анықтамалар бір-біріне кереғар деуге келмейді. Екі анықтама да бірін-бірі толықтырып, анықтап тұр. Алғашқы анықтамадағы мағынасы жақын болып, бірақ өзара тең болмау себебі екінші анықтамада мағына реңкі, стилистикалық қатыстылығы жағынанан тең болмайтындығы нақты көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет