Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



бет6/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Бақылау сұрақтары:
1. Кітаби-жазба стильдерге қандай стильдер жатады?
2. Іс-қағаздары мен ресми құжаттар тілінің ерекшелігі неде?
3. Іс-қағаздары мен ресми стильдерге нелер жатады?
4. Публицистика дегеніміз не?
5.Публицистикалық стильдің жазбаша және ауызша түрлерін,шағын подстильдерін атап көрсетіңіз?
6. Ғылыми стильге не жатады?
7. Көркем әдебиет стилі дегеніміз не?
8. Жазушының стилі дегеніміз не?
9. Көркем сөз стилінің өзге стильдерден айырмашылығы неде?
Глоссарий:
Кітаби-жазба стильдер әр саладағы атқаратын қызметіне қарай іс-қағаздары мен ресми стиль, публицистикалық стиль, ғылыми стиль және көркем әдебиет стилі болып жіктеледі.
Іс-қағаздар стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері жатады.
Ресми стильде көбінесе заң, үкімет органдарының қаулылары, халықаралық шарт, келісім, үкімет хабарлары жазылады.
Публицистика – қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады.
Ғылыми стильге әр салада жазылған ғылыми бағыттағы еңбек,ізденіс және зерттеулер жатады.
Көркем әдебиет стилі немесе көркем сөз – ойды және сезімді образ арқылы бейнелейтін айрықша өнер.
Жазушының стилі – көркем шығарма жазу үстінде қалыптасатын әр жазушының өзіндік мәнері, сөз қолдану тәсілдері болып табылады.

1. Кітаби-жазба стильдер атқаратын қызметіне қарай іс- қағаздары мен ресми стиль, публицистикалық стиль, ғылыми стиль және көркем әдебиет стилі болып жіктеледі. Кітаби-жазба стильдердің бұлайша бір-бірінен ажыратылып бөліне бастауы қоғамдық ой-сананың жоғарылығынан болады. Неғұрлым қоғамдық ой жоғары болса, барынша ұлт тілінің маңызы артады. Бұл тұста, күнделікті сөйлеу мен кітаби-жазба стильдерінің бір-бірінен ерекшеліктері айқындала түседі. Кітаби-жазба стильдер жалпыхалықтық тілдің жазбаша формасының негізінде қалыптасады да, кітаби сипатта болады. Бұл стильдер қатынастың жазбаша формасында жиі жұмсалатындықтан мұнда тілдік құралдар сұрыпталып қолданылады. Кітаби-жазба стильдер сөйлеу стиліндей тікелей қатынас жасауда көрінбейді, сондықтан онда қаралатын мәселелер логикалық жағынан жүйелі, нақтылы, дәл болуы қадағаланады. Сөйлеу стилінің ауызша және жазбаша формада болып келетіндігі сияқты кітаби-жазба стильдердің де ауызша, жазбаша формалары бар. Іс-қағаздары мен ресми құжаттар тілінің ерекшелігі сол, онда факті дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі. Себебі, іс-қағаздары мен ресми құжаттар ерекше қатынас жасау құралы болып саналады. Іс-қағаздар стиліне әр түрлі мекемелерде жүгізілетін жазу үлгілері жатады. Іс-қағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Кеңсе іс-қағаздарының үлгілеріне өтініш, сенім хат, қол хат, анықтама, мінездеме, шақыру билеті, хабарландыру, хаттама, қатынас қағазы, акт, рапорт, шарт, міндеттеме, бұйрық, есеп т.б. жатады. Іс қағаздарының әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай сөздері мен сөйлем үлгілері болады. Іс қағаздары көбінесе сол үлгі бойынша жазылады. Мұндай қағаздарды жазу онша қиынға соқпайды. Ол алын-ала танысып жаттығу, дағдылану арқылы меңгеріледі. Ресми стильдің көлем, мазмұн және жазылу формасы жағынан іс қағаздарынан біраз ерекшелігі бар. Ресми қағаз белгілі бір қалыпқа (штампқа) түсіп отырады, онда сөз қолданысы ерекше болады. Ресми стильде көбінесе заң, үкімет органдарының қаулылары, халықаралық шарт, келісім, үкімет хабарлары жазылады. Мұндай мемлекеттік құжаттарда саяси-публицистикалық лексиканың, әкімшілік терминдерінің қолданылуы басым келеді. Ресми стильге жататын мемлекеттік құжаттар мазмұны жағынан әр түрлі болып келгенімен, олардың барлығына ортақ жалпы сипаты болады: 1) белгілі бір қалыптасқан үлгіде, баяндау тәсілімен жазылады; 2) лексика-фразеологиялық құрамы өзгеше болып келеді; 3) ойдың логикалық жүйелілігін сақтау мақсатында сөйлемдер күрделі құрылады. Ресми стильде сонымен қатар, экспрессивті тілдік құралдар да кездесіп қалады.


2. Публицистика – қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады. Публицистиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет-журналдардағы мақала, очерк т.б. шығармаларды, ауызша түріне шешендік сөздерді жатқызып жүр. Публицистикалық стильдің жазба түрінің қалыптаса бастауы халықтың жалпы мәдениеті мен экономикасына байланысты. Қазан төңкерісінен кейін мәдени-ағарту мәселесі қолға алынып, оны жедел өркендету талабы қойылды. Бұл тұста қазақ публицистикасы жаңа белеске көтерілді. 1920-жылдары республикалық газет «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») шыға бастады. Сол кезеңдегі шығармаларда ауызекі сөйлеу тілінің әсері басым болғаны байқалады, сөз қолдануы қарапайым, сөйлемдері қысқа-қысқа келеді. Саяси-әлеуметтік термин сөздердің баламалары тек ана тілінен алынған болатын. Бұл публицистикалық шығарма тілінің сапалылығын арттырып, мазмұнды болуына үлкен ықпал жасады. Сонымен қатар публицистика әдеби тілімізді жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен, күрделі сөйлем құрылыстарымен байытты. Қазіргі кезде публицистика (Медиа саласы) ерекше және тез даму үстінде. Публицистиканың қоғам өмірімен тығыз байланыстылығы оған үгіт-насихаттық,бұқаралық сипат береді. Публицистиканың жанры әр алуан. Публицистикалық стильдің ауызша түрі – шешендік сөз. Публицистиканың бұл түрі өте ерте дамыған. Қай халықтың болмасын шешендік өнері оның мәдениетінің бөлінбес бір саласы болып табылады.
3. Ғылыми стиль – жазба стильдің бір түрі. Бұған әр салада жазылған ғылыми шығармалар жатады. Ғылыми шығармалар жалпыхалықтық әдеби тілде жазылады. Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік: сөз тек өзінің негізгі мағынасында жұмсалады. Ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай әр саланың өзінің арнайы терминдері болады. Сонымен бірге белгілі бір ғылымның саласында қолдану аясына байланысты жалпылама лексиканың кейбір сөздері термин сөзге айналады. Ғылым ылғи алға басып, дамып отыратыны белгілі. Ғылымның дамуымен бірге жаңа арнаулы ұғым,категориялар туады, соған сәйкес жаңа лексикалық атаулар пайда болады.
4. Көркем әдебиет стилі немесе көркем сөз – ойды және сезімді образды позицияда бейнелейтін өнер. Тіл – көркем шығармада ерекше эстетикалық қызмет атқарады. Тіл адам баласының іс-әрекеттерінің барлық жақтарын тегіс қамтиды. Адам өз ойын жеткізу үшін ғана сөйлесіп қоймайды, сонымен қатар көңіл-күйін, эмоциясын білдіру арқылы басқа адамдардың да сана-сезіміне әсерін тигізеді. Ол әсер сөйлеу тілімізде айтушының өз ойын тіл құралы арқылы жеткізе білуіне қатысты болса, көркем шығармалар – жазушының өмірді тануына, дүниені сезінуіне, көзқарасына, бейнелі тілмен жеткізе білуіне байланысты болады. Сөйлеу тілімізде сөздер бұрыннан машықталған үйреншікті қалыпта жұмсалынса, көркем шығармада сөздер сараланып қолданылады. Көркем шығармада көптеген кейіпкерлер болады. Олар жағымды және жағымсыз образдарға бөлініп, топталады. Олардың әрқайсысының жекедара сырт пішіні, яғни портреті жасалынып, іс-әрекеті, ой-өрісі суреттеледі. Көркем шығарманы жасайтын – жазушы. Шығармадан жазушының өзіндік ерекшелігі, шеберлігі, стилі байқалып отырады. Шеберлік мәселесін шығарманың тілінен бөлек алып қарауға болмайды. Жазушының стилі – көркем шығарма жазу үстінде қалыптасатын әр жазушының өзіндік мәнері, сөз қолдану тәсілдері болып табылады. Ақын-жазушылардың өзіндік стиль ерекшеліктері, жазу мәнері жалпыхалықтық тілдің негізінде қалыптасып жетіледі. Тіліміздегі басқа стильдерге қарағанда, көркем сөз стилінің аясы кең. Мұнда барлық стильдердің элементтері кездеседі.
Публицистикалық стильде тілдің эмоционалды элементтері және сөзді образды қолдану сияқты әдеби стильге тән тілдік құбылыс та кездеседі. Бұл оның әдеби стильге жақындығы болса, ал фактіні толық әрі жүйелеп баяндауы жағынан оның ғылыми стильге жақын екендігін айтып, публицистикалық стильге жататын мәтіндерді алып, осы жақындықтарды дәлелдеу қажет.
Төмендегі үлгідегі мәтіндерді алып, олардың жұртшылықты қоғамдық мәні бар іске қатыстыру, санасына ықпал ету мақсатында жазылғанын түсіндірген дұрыс.
«Жаңада ғана Ахмет Байтұрсынов шығарған қазақ тілінің харпі «Тіл –құрал» басылып шықты.
«Тіл –құрал» туралы жазудан бұрын - қазақ тілі жайынан біраз сөз айтып отыруды тиіс көреміз. Қазақ тілі жайында газетімізде бұрын да сан жазылып еді. Қазақ тілі - бай, таза, іргелі жұрт тілі деп бәріміз де айтамыз.
Мұны іңкәр қылатынымыз жоқ. Бірақ құр бай, таза деумен ғана тіліміз өздігінен сақталып, әдебиетіміз өрбіп кете ала ма? Қай жұрттың тілі болса да, туу басында біздікі секілді таза да, бай да болған. Бірақ олар көрші жұрттардың сөзі қосыла-қосыла, жүре бұзылған. Біздің қазақ тілі бұрын ылғалсыз таза болса да, бұл кезде басқа жұрттармен араласа бастадық, басқа жұрттардың оқуын оқыдық. Бұл кезде шаһар сайын ноғай медреселерінде қанша қазақ баласы... сөйлейді.
Бір жағы - Бұқар, бір жағы Мекке-Медине, Стамболдарда оқып қайтқандарымыз да бар. Солардың бәрі елге ноғайшылап, арабшылап, сартшылап қайтып жүр.
Бұлардың сөйлеген сөзінде, жазған хатында шет жұрттардың тілі аңқып тұр. Бұлар елге келіп жас балаларды оқытады. Сөйтіп, шет тілдер елдегі жас балаларға жұғады. Жас балалар - келешектегі бір буын халық. Орысша оқығандарымыздың көбі екі сөздің біріне орысша қатыстыруды үйреніс қылып алған.
...Бұрынғы қазақ арасына тарап жүрген қисса-хикаялардың бәрі: ноғайша, арабша аралас тілмен жазылған.
...Қазақ тілінің таза сақталуына бізде қам қылған кісі бар ма? Болса - ол кім?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет