Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



бет5/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Тапсырмалар:
1. Берілген мәтіннен әдеби тілдің нормалары сақталмаған жерлерді тауып, себебіне филологиялық талдау ұсыныңыз.
Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:
– Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?
– Көремін, өрмек тоқып жүр.
– Анау құмырсқаны көремісің?
– Көремін, аузында бір нанның уалшағы бар, жүгіріп кетіп барады.
– Жоғары қара, аспанда не көрінеді?
– Жоғарыда қарлығаш жүр, аузында кесе тістеген шөбі бар.
Сонда атасы айтты:
Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған әбірет. Өрмекші маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң, өзіне асық етуге. Құмырсқа бала-шағаларына тамақ аулап, бір нанның уалшағын тапқан соң, өзі жемей, аузына тістеп, қуанғаннан үйіне жүгіріп барады. Қарлығаш балапандарына ұя істеуге шөп жиып жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сені де Құдайтағала босқа жүруге жаратпаған, жұмыс жұмыстауға әдеттенуге керек, – деді (Ы.Алтынсарин).
Түптей келгенде, Сулай мен Асанның тұз еңбегі жарасқан. Екеуінен екі ұл, үш қыз туып еді. Үлкені Қазақбай ертерек қаза тапты да, екі ұлдың қалғаны осы Бұршақбай мен Қалбүбі балдыз. Тегі, қырғыз қыздары біздің елдің жігітін озалдан-ақ жақсы көреді-ау деймін, солай ма? – деп ақсақал әзілін араластыра бір сөз дегенде, Қалбүбі шешей де қарап қалған жлқ-ты...
Онсыз да осы елдің өзі көбісі-ақ бірлі-жарым малы бар сыр кедей. Атын сатса, жаду қалады. Сиырын сатса, сауынсыз қалады. Ақша деген бір пәлеге қалдық қой. Тиынсыз күн көріс жоқ. Он-жиырма уақ жандығының жүнін қырқып, күзеп алып жатыр (Ғ.Сланов).
2. Келтірілген мысалдардағы сөз түрпеттері мен жарыспалы қосақтардың түрлерін анықтаңыз. Қазіргі әдеби тіл нормасына сәйкестігі тұрғысынан қарай отырып, олардың әрқайсысына сипаттама беріңіз.
Жалғыз – жаңғыз, бәдірең – әгүршік – қияр, себеп – сәбәп, әгер – егер, иден – еден, уәде – уағда, көкейкесті – көкейтесті, разы – риза – ырза, жаңалаш – жалаңаш, рұқсат – лұқсат – ұлықсат, ру – ұру, рахат – рақат, қазыр – кәзір – қазір, мұрса – мұрша – мұрсат, баратұғын – баратын, құман – құмған т.б.
3. Ғылыми стильдің нормасынан ауытқуларды, мазмұнын түсінуге қиындық туғызатын фактілерді тауып, себебін түсіндіріңіз.
Бұл процестің ақырысында ақша, қосымша құн, пайда, процент, рента формаларына, капиталға әкелетіні белгілі... ...қоғамдық ортадағы адамдардың өзара қатынас жасау тәртібін, қатынас жасау әдебінің заңдылықтарын адамгершілік нормалары тұрғысынан белгілеп беру де осы жерде әңгімеленбекші... Шығарманы оқырман тұщына оқу үшін...; ... сол шежірелерді көркем тілмен көрікті жеткізе білуімен де баурап алады; синтаксистік қайталамалар да – мәтіннің кҿркемдік жүгін «бір кісідей» көтеретін тәсіл; риторикалық сұрақтардың да шығарманың « құлақ күйін келтіріп» тұратыны белгілі, оны еркіне жіберіп қарап отыруға болмайды; ал тіл дамуының, тіл болып қалуының бірден-бір негізі – сөздік құрамы, өз сөзі екені бесенеден белгілі; ... тілдің сөз-қабырғасы «өз кірпіштері», өз бойындағы сөздік , тәсілдік қаражаттары негізінде жасалып қаланғаны маңызды болмақ және т.б. (Монографиядан).
...Көне түркілік лексикалық единицалардың мазмұндық жағының сипаты семантиканың тек қана синхрондық жҽне диахрондық тұрғыдағы типологиялық заңдылықтарын ғана емес, сол лексикалық единицалар білдіретін реалийлерге қатысты экстралингвистикалық деректерді де талап етеді.
...Зерттеу объектісі фонемалардың синтагматикадағы (фонетикалық контекстегі) дыбыстық репрезентанттары жҽне олардың әлсіз позициядағы перцептивті түрленімдері... (Ғылыми еңбектерден).
4-5 практикалық сабақ тақырыбы: Кітаби-жазба стильдер


Сабақ жоспары:
1. Ресми іс-қағаздары, ғылыми, публицистикалық стильдер қазақ әдеби тілінің бір түрі
2. Көркем әдебиет тілінің өзге функционалдық стильдерден ерекшелігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет