Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



бет7/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68
(М. Дулатов)
Төмендегідей мәтіндерді алып, публицистикалық стильді басқа стильдерден ажыраттыру бағытында өздері оқып жүрген газет-журналдардан өмірдің әр саласына арналған мақалалар, ғылыми кітаптардан, көркем әдебиет шығармаларынан үзінділер тергізіп алып, салыстырмалы әдіспен жұмыс жасатуға болады. Бұл бағыттағы жұмыстарға дидактикалық материалды пайдаланған тиімді.
Есіл!..
Шілденің шамырқанған сарша тамыз кезінде Есіл өлкесі адамның көзіне күндік жерден шалынады. Күн сәскеден жоғары көтеріле, сумаңдай аққан мөлдір толқынды сағым Есілдің алабына сыймай, қазанда қайнаған сүттей аппақ күміс көбігін кең кемерден көпіршіте төгеді. Төгілген сағымның толқыны тулап, шиыршықталып, аспанға шапшиды. Шапшыған толқынды сағым сай-салаларды өрлеп, қанатын кең жазады. Сол кезде сағымға көзің түссе, Есілдің көктемгі асау тасқыны қайтадан көтеріліп, теңіздей топаны кең өлкесін бөлуге бет алған екен деп ойлайсың.
Сағым солай көтеріліп толқыған кезде, мұнартып алыстан көгілдірлене көрінген Есілдің тоғайы сағым бетіне сеңдей қалқып шыға келеді. Қалқыған тоғай шайы шымылдықтай желпінеді. Желпінген тоғайдың түсі көз тоқтатпай, біресе көк, біресе жасыл, біресе ақ сықылданып бояуы қас пен қабақтың арасында әлденеше құлпырып, сағымның суына шомылып, денесіне шаң жолатпай түрленген сайын, тоғай жарқырай түседі. (С.Мұқанов)
Оңашаланған айқындауыш мүше алдынан қойылған үтір мен сызықша оңашаланған айқындауыш мүшені бірден тануға көмектеспейді, қайта оңашаланған айқындауыш мүшелердің тыныс белгісін қоюды қиындатады, әрі тыныс белгілерін қалай болса солай қабаттастырып артық қоюға машықтандырады.
...Оңашаланған айқындауыш мүшелердің алдынан тек қос нүкте қойып жазу айқындалатын сөзді жалпылауыш сөз екен деп түсініп қалуға соқтықтырады, керісінше, оңашаланған айқындауыш мүше алдындағы сызықша қалдырылып кеткен мүше орнына қойылды ма әлде интонациялық сызықша ма деп түсініп қалуға болады (Ф. Мұсабекова).


Тапсырма:
1. Ғылыми стильге тән сөздерді бір бөлек, публицистикалық стильге тән сөздерді бір бөлек, іс-қағаздары стиліне тән сөздерді бір бөлек, көркем әдебиет стиліне тән сөздерді бір бөлек жазыңыз.
Сүмбіл шаш, меридиан, орындалсын, биік меже, ұйым, жеңімпаздар, бас мақала, шешім, жоспар, бұраң бел, ендік, етістік, алдыңғы қатарлы, міндеттеме, отырыс, очерк, бастауыш, оймақ ауыз, іске қосылсын, мәжілісхат, үшбұрыш, жиналыс, ұсыныс, ақ білек.
2. Ресми-іс қағаздар тілінде қолданылатын фразеологиялық бірліктердің мағынасын ашыңыз.
Үлгі: Ауыз бірлік – ұйымшылық, татулық, ынтымақ, бір сөзділік.
Баға берді –
Даңққа бөледі, даңқын шығарды –
Еңбегі жанды –
Жарық көрді –
Кәмелетке толды –
Қажетіне жарады, қажетін өтеді –
Маңдай алды –
3. Кітаби-жазба стильдерге тән сөздерді теріп жазып, қолданылу мәнін түсіндіріңіз.
Шежіре, заман хат, өмірбаян, мінездеме – бәрі де тарихтың жемі есебіндегі нәрселер (А.Байтұрсынов). Сондықтанда өмірі еш нәрседен қаймығуды білмейтін қайран жүрегі алып ұшып, аттай тулайды (Ә.Әбішев). Мүмкін қадарынша, тілегімді қабыл алып, мектебіңізге алуыңызды сұраймын (Қ.Әбдіқадыров).

4.Төмендегі үзінділердің қай стильге жататынын анықтап, лингвистикалық белгілерін анықтап, стильдік ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.


Ел Елбасының басшылығымен ғаламат әлемдік экономикалық дағдарыстан шығып, Қазақстан халқының болашақ ұрпақтарының тағдырына бүгінгі жетістігі ҽсер ететін үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың жауапты кезеңіне бет бұрып отырған кезде Қазақстан халқы ассамблеясы барлық күшті бірлік пен келісімді қамтамасыз етуге, елімізді, халқымызды алға бастап, тарихи тұрғыдағы мҽселелерді шешуге қабілеттілігін жұмысымен дҽлелдеген Ұлт кҿшбасшысының бастамаларын қолдауға шақырады (Қазақстан халқы ассамблеясы Үндеуінен).


Көріспегелі өткен бірнеше жылдың ішінде қандай өнер таптым, қандай биікке кҿтерілдім, соны Шегеннің көзіне көрсеткім келіп, еркін бір жайқап түсу үшін, сақинаны ертерек тартып қалдым. Ақ жібек парашют лап етіп ашылып, қол шатырдай керіліп, төбеме тігіле қалды. Енді өзім де баяу қалқыған қыранға ұқсап, төменгі жақты түгел барлап келем. Бүгін, сөз жоқ„ Шегенмен кездесіп, жеті жылдан бергі жинаған сырды түгел ақтарам. Мың түрлі ҽңгіме ойыма ұмар-жұмар келіп, қуанышымнан жарылып кеткендеймін (Ғ.Мүсірепов).

6 практикалық сабақ тақырыбы: Лексикология және стилистика






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет