Философия, саясаттану


Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы



Pdf көрінісі
бет4/20
Дата15.03.2017
өлшемі1,14 Mb.
#9856
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
краттық  өмірсалтына  қарсылық  танытты.  Өмір  сүру  фило-
софиясының  өкілдері  құрғақ  теорияның  үстемдігі  мен  тех-
никаның  қарышты  дамуын  адам  бойындағы  адамгершілікті 
ұмытудың  қауіпті  белгісі  деп  есептеді.  Дат  ойшылы  Серен 
Къеркегордың  (1813–1855)  «Қорқыныш  пен  қалшыл»  (1843 
жыл) [53], неміс ойшылдары Мартин Хайдеггердің (1889–1976) 
«Гуманизм туралы хат» (1927 жыл) [54], Карл Ясперстің (1883–
1969)  «Бүгінгі  адам  болмысы  қалай  түсіндіріледі»  (1932  жыл) 
[55], француз ойшылдары Габриэль Оноре Марсельдің (1889–
1945)  «Метафизикалық  күнделік»  (1928–1933  жылдар)  [56], 
испандық ойшыл Ортега-и-Гассеттің (1883–1980) «Көпшіліктің 
көтерілісі»  (1929  жыл)  [57],  Жан  Поль  Сартрдың  (1905–1980) 
«Болмыс  және  бейболмыс»  (1943  жыл)  [58],  Альбер  Камюдің 
(1913–1960) «Бүлікшіл адам» (1950 жыл) [59] шығармаларында 
экзистенциализмге  тән  өмірмәндік  ұғымдар  мен  түсініктер 
барлық және мейлінше алуан түрлі қырынан көрінеді. Адам-
ның  бұл  өмірдегі  бір  міндеті  үнемі  іштей  өсу  болса,  біздің 
әдеттегі өміріміз – күйбең тіршіліктен ойлау мен өмірдің жаңа 
тәсілдеріне көшудің қажеттілігі байқалады. Сондықтан да экзис-
тенциализм ілімінен алатын тағлым – сананың тар әлеуметтік 
және  прагматикалық  бағдарынан  арылу.  Экзистенциалды 
философия  кездейсоқтық  па  әлде  заңдылық  па,  адамның 
күйзелісті жағдайында пайда болатын ізденіс сарыны ма неме-
се адамның бойында орналасқан құдіретті ақиқатының сыртқа 
шығу құбылысы ма?! Қалай десек те, әйтеуір, бұл дүние шы-
найы  болмыстағы  құндылықтардың  құлдырауына  қарсылық 
білдіру түрінде жүректен шығатын ізденіс жолына ұқсайды.
Батыстың өмір сүру философиясының көрнекті өкілдерінің 
іріктелген шығармалары «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдар-
ламасы  аясында  ҚР  БҒМ  ҒК  Философия  және  саясаттану 
институтында  даярланған  20  томдық  «Әлемдік  философия-
лық  мұра»  кітаптар  сериясының  11-томында  қазақ  тілінде 
жарық  көрді.  Осы  томды  құрастырушылардың  пікірінше, 
«өмір сүру философиясы өзінің Еуропада зерттелген түрінде 
бұрыңғы  және  қазіргі  заманғы  көптеген  қазақ  ойшылдары-
ның  философиялық  толғаныстары  мен  ұстанымдарына  бір-
шама  жақын.  Себебі,  қазақ  данышпаны  үшін  басты  маңызға 
рационалистік  тұжырымдар  емес,  адамның  тірі  жанына,  тірі 

 
 
 
                      
                                                  33
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт ұғымының пайымдалуы
өмірге, еркіндік пен жауапкершілікке назар аудару ие. Батыс 
зерттеушілері  мен  Қазақ  даласының  осы  үндестігін  оқырман 
қазақ  жастары  байқайтын  болады  және  қазақ  зиялылары 
жағымды қабылдайды» [60].
Сонымен  экзистенциализм  ілімі  рационалды  танымнан 
гөрі (толығымен теріске шығармаса да) болмысты интуитивті, 
іштей  игеруді  алдыңғы  орынға  қояды.  Көптеген  экзистен-
циалистердің  пікірінше,  философия  өзінің  танымдық  әдісі 
жағынан  ғылыммен  салыстырғанда  өнерге  жақын  деп  есеп-
тейді.  «Философ  болғың  келсе,  романдар  жаз»  (А.  Камю), 
«философия  мен  поэзия  екі  шыңның  басында  тұрғанымен, 
бір  нәрсені  айтады»  (М.  Хайдеггер)  деген  сөздер  осының 
дәлелі.  Қазақстандық  философ,  профессор  Қ.  Әбішев  өзінің 
«Философия» оқулығында адамның рухани әрекетінің ерекше 
бір  саласы  ретіндегі  философияны  ғылыммен  және  көркем-
өнермен салыстыра келіп, былай дейді: «Ешбір ғылыми мәселе 
жеке  адамды  қаншалықты  еліктірсе  де,  оның  өмірде  болуы 
немесе  болмауының  мәселесіне  айнала  алмайды.  Бұл  жай 
философияны көркемөнермен, әсіресе көркем сөз, поэзиямен 
жақындастырады...  Әрбір  жанның  өткен  жолының  өзіндік 
қайталанбас  етене  логикасы  болар.  Оны  «білу»  де  адам  үшін 
қызықты да қажетті. Көркемөнердегі «білу» бірақ, ұғуды керек 
ететін  ғылыми  білім  емес.  Ондағы  кейіпкердің  әрбір  жан 
күйзелісін оқушы да «басынан кешуі» керек. «Көркемөнердегі 
«білу»  деген  осы»  [19,  19–20  бб.].  «Философиядағы  ақиқаттың 
әртүрлі  екендігінің  бірден-бір  негізі  –  адамдардың  дүниедегі 
болмысының  еркіндігінде»  [19,  21  б.],  –  дей  келе,  бұл  автор 
экзистенциалистік көзқарасқа жақын екендігін көрсетеді. 
Еуропалық  университеттік  типтегі  рационалдық  филосо-
фиядан  гөрі  осы  экзистенциалдық  сипаттағы  философия 
қазақ және оның арғы тегі – түркілердің дүниетанымына ана-
ғұрлым  жақын.  Жоғарыдағы  ойды  протоқазақтардың  дүние-
танымын  терең  зерттеген  белгілі  зерттеуші  Мұқанмадияр 
Орынбеков  те  қостайды:  «Философия  мәдениеттің  дүние-
танымдық  негіздерін  толғағанда  жаңа  мәндерді  дүниеге 
әкелетіні  белгілі.  Бұл  әмбебаптылықты  бейсаналылықтан 
суыртпақтайды,  оларды  ой  елегінен  өткізіп,  «философем» 
қабатын,  яғни  философиялық  ұғымдар  мен  категориялар 

34 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
түзеді.  Бірақ  Шығыста  философиялық  емес  қабаттардың 
басымдылығына  байланысты  бұл  ұғымдар  көркем  және  діни 
мәндегі әдебиеттердің дәстүрлі түрлерінде малтығып қалады. 
Бұл  философиялық  дүниенің  зерттелуін  әлеуметтік-мәдени 
(контексте) мәнде құруға мәжбүр етеді. Қазақ қоғамы үшін де 
философиялық емес қалыптағы даналық тән. Ол адам тіршілігін 
қалыптастыратын  дүниетанымдық  әмбебаптылық  дәрежесін-
де қолданылады» [32, 10 б.]. Демек, Қорқыт атаның, әл-Фараби 
мен  Жүсіп  Баласағұнның  философиялық  ілімдері  мен  Қожа 
Ахмет  Иасауиден  бастап  сопылық  бағдардағы  ойшылдардың 
діни-философиялық  жүйелерін  айтпағанның  өзінде,  мұндай 
әмбебаптарды  түркілік  және  қазақы  аңыз-әңгімелерден,  тіпті 
ертегілерден,  ауыз  әдебиетінің  басқа  да  жанрларынан,  билер 
мен  шешендік  сөздерден,  авторлық  жыраулар  поэзиясынан 
да табуға болады. Дәлірек айтқанда, аталмыш ойшылдардың 
философиялық ілімдері дәстүрлі түркілік дүниетанымнан нәр 
алып, сусындап тұрады. 
Батыстық экзистенциалдық философия ХХ ғасырда пайда 
болғанымен,  бұл  оның  қарастыратын  мәселелері  оған  дейін 
дүниетаным  мен  философия  тарихында  мүлдем  болған  жоқ 
дегенді  білдірмейді.  Бәлкім,  экзистенциалды  сарын  қай  елде 
болсын,  қай  заманда  болсын  ежелден  бері  бірге  келе  жатқан 
болар,  тіпті,  адамзаттың  түп  атасы  Адам  ата  мен  Хауа  Ана 
жұмақтан қуылғаннан кейін ақылсыздықтың қасіретін зарлап 
көз  жасын  төккендегі  олардың  қайғысында  экзистенциалды 
сарын жоқ деп кім айта алады?! Мүмкін тек ХХ ғасырда ғана 
ол  назариялық  философия  тұрғысынан  қомақты  ізденістер 
діңгегіне  айналып,  анықтамалық  ортақ  атына  ие  болған 
болар?!  Қорқыттың  мәңгілік  өмір  іздеп  шеккен  уайымының 
мазмұнының  экзистенциалистер  тілге  тиек  еткен  жай-
күйлерге жақындығы, Асан қайғының есімінің өзі көп нәрсені 
аңғартатындығы  көп  түсіндіруді  қажет  етпейтіндігі  мәлім. 
Экзистенциалдық  сарын  түркі  дүниетанымына  да  жат  дүние 
емес.
Экзистенциализм ілімінің тарихы мен оның мәні жөнінде 
қомақты  еңбек  жазған  поляк  философы  Ежи  Коссак  былай 
дейді:  «Экзистенциализм  қазіргі  заман  санасының  ағымы 
ретінде  философиялық  көзқарастар  жиынтығы  деп  айту  да 

 
 
 
                      
                                                  35
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт ұғымының пайымдалуы
қиын,  ол  әдеби  және  философиялық  мотивтер  жиынтығы, 
сондықтан  да  экзистенциализмнің  мәніне  әртүрлі  бағытта 
талқылау  жасауға  мүмкіншіліктер  береді»  [61,  50  б.].  Ондай 
болған жағдайда экзистенциализмнің нақты белгілі бір қатып 
қалған қағидалы жолы жоқ және болуы да мүмкін емес, өйткені 
біз  шығармашылығын  экзистенциализммен  байланыстыра-
тын тұлғалар өз еңбектерін бір мектеп, бір бағыт өкіліміз деп 
әдейілеп жазбағандығы белгілі. Ендеше, біз экзистенциализм 
сарыны туралы ғана сөз ете аламыз деп ойлаймыз. Сондықтан 
да біз экзистенциализмді бір өзі жекешелеп иеленетін түбегей-
лі ұлт та, нәсіл де жоқ деп айта аламыз. Қағидаларды жүйелеу 
мақсатында  жүзеге  асырушы  дәйектерді  пайдалана  отырып, 
кез келген ой толғауды философиялық салалар негізінде: таным 
теориясы (онтология), әдеп (этика), құндылықтар (аксиология), 
эстетика тұрғысынан жаңа кейіпте қайта өндіруге болады. 
Экзистенциалдық  философия  мен  ортағасырлық  түркі 
дүниетанымы  тақырыптары  арасында  көптеген  ұқсастықтар 
бар.  Экзистенциализмде  адамның  қайталанбас  ішкі  әлемі 
экзистенция ұғымы арқылы ашылады, яғни бұл түсінік өмір-
мәндік  философияның  негізгі  ұғымы  бола  отырып,  өзінің 
негізгі тақырыбы ретінде адамды алады, қайталанбас өмірлік 
тәжірибеге  ие  ерекше  жан  ретінде  қарастырады.  Адамның 
бұл  қайталанбас  тәжірибесі  уақыттың  әрбір  сәтінде  жаңа 
мағыналармен  толыға  түседі.  Бұл  философиялық  бағыттың 
негізгі  тақырыптар  топтамасы  мыналар:  адам  өмір  сүруінің 
шектеулігі  және  өмірдің  мәнін  экзистенциядан  тысқа  шығып 
кететін  үздіксіз  іздену;  адамды  кемелдендіретіндей  және  оны 
физикалық  өлімнен  кейінгі  рухани  өмірін  ұзартатындай 
өмірдің  мәнін  табу;  адамның  қоршаған  әлеммен  қатынасы, 
адамның  өзімен  және  әлеммен  болуы;  адамгершілік  әлемді 
игерудің  арнайы  рухани-практикалық  игеруінің  әдісі  және 
пайым мен эмоциялар адам санасының дүниедегі көрінісінің 
ерекшеліктері;  жалғыздық  және  еркіндікке  ұмтылу  мәселесі; 
өлім  –  өмірге  ерекше  және  қайталанбас  мән  беретін  оның 
негізгі элементі; адамның нақты тәжірибесі және адам әрекеті 
мен қылықтары үшін жауапкершілік және т. б.
Өлім феноменіне түркілік философия да, әсіресе Қорқыт 
ата  өз  өмірі  мен  шығармашылығында  өмірдің  бір  элементі 

36 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
ретінде  мән  беріп,  оған  үлкен  көңіл  бөледі.  Өлім  адамның 
дүниедегі  рухани  болмысын  бұза  алмайды.  Ол  адамды 
күнделікті күйбең тіршіліктің аясынан суырып алады. Өзінің 
ақырын сезіну барысындағы үнемі іштей толғану мен уайым 
адамды  өмірдің  мәнін  үнемі  іздестіру  үдерісінде  болуға 
мәжбүрлейді. Дәстүрлі дүниетанымға да, ортағасырлық түр-
кілік  дүниетанымға  да  мына  экзистенциалдық  тақырыптар 
бөтен  емес:  өмірдің  мәні  мен  өзіңді  анықтау  мәселесі;  таза 
күйіндегі болмыс жағдайы ретіндегі өлім; рухани жалғыздық 
пен  еркіндік;  тұлғаның  рухани  дүниесінің  бейнесі  ретіндегі 
ішкі  әлем;  адам  санасының  шектеулі  мүмкіндіктері  мен 
тарихи  болмыстың  алуан  түрлілігі  арақатынасы;  адамның 
ішкі  әлемі  мен  күнделікті  тіршілік  арасындағы  қатынастар; 
адамгершілік таңдау мәселесі және т. б. 
Түркілік  философия  мен  экзистенциалдық  философия 
арасындағы  ұқсастық  бірнеше  белгілерден  аңғарылады. 
Біріншіден,  олардың  антирационалдық  бағыты,  яғни  мидың 
негізгі қызметімен сипатталатын ақылдан рухани даналықтың 
басымдылығы.  Екіншіден,  олардың  антиконцептуалдылығы, 
яғни  екеуі  де  қатаң  тұжырымдардан  қашқақтайды.  Үшін-
шіден, оларды антропологияландыру жақындастырады, инди-
видуалды  адами  тәжірибеге  ерекше  көңіл  бөлінеді,  адамның 
қайталанбас ішкі толғаныстар әлемі алдыңғы орынға шығады. 
Және  ақырында,  жоғарыда  айтылғандай,  экзистенциалистер 
өз идеяларын романдар мен эсселер түріндегі философиялық 
прозада білдірсе, түркілік дүниетаным да оны көркемдік және 
діни мәтіндерде білдіреді.
Ислам  модернизмі  деп  аталатын  құбылыста  мұсылман 
экзистенциализмі  деген  сөз  тіркесі  көп  естіле  бастады.  Оның 
мәні  бұл  өмірді  мейлінше  ізгі  істер  мен  қылықтар  арқылы, 
өзгелерге бақыт пен қуаныш сыйлап, өз халқың мен отаныңа 
қызмет  ету  арқылы  барынша  байытумен  түсіндіріледі.  Бұл 
экзистенцияның зайырлы мұраттарымен сәйкес келіп тұрған 
сияқты  көрінеді,  алайда  мұсылмандар  үшін  барлығын  жара-
тушы  –  Аллаh  идеясы  да,  ақырет  пен  ондағы  есепке  тартылу 
идеясы да басты назарда тұра береді. Мұсылмандар үшін бұл 
өмірдің  мәні  құдайға  құлшылық  етумен  сипатталса,  ендігі 
жерде ол барлығынан баз кешіп, ғибадат-ғұрыптарды мұқият 

 
 
 
                      
                                                  37
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт ұғымының пайымдалуы
сақтаумен  емес,  басқалар  мен  тұтастай  алғандағы  қоғам 
үшін  қайырлы  істерді  көбірек  істеумен  түсіндіріледі.  Мұнда 
тұлғаның  азаматтық  миссиясы  мен  зайырлы  өмір  тәртібіне 
қарай  бұрылыс  бар  болғанымен,  оның  батыстық  экзис-
тенциализмнен терең айырмашылықтары бар.
1.2  Түркі  данышпандарының  философиясындағы 
экзистенциалдық сарын
Батыстық  экзистенциализмде  сары  уайымға  салынушы-
лық, өмірден түңілу, өз-өзіне қол жұмсаушылық көп орын ала-
тын болса, шығыстық, оның ішінде түркілік өмірмәндік фило-
софияда бұл басқаша рең алады, өлім мәңгі өмірдің маңызды 
бір  баспалдағы  ретінде  қарастырылады.  Ортағасырлық  түркі 
философиясындағы экзистенциалдық сарын барлық түркі тіл-
дес  халықтардың  ортақ  абызы,  дана  сәуегейі  Қорқыт  атаның 
дүниетанымынан анық аңғарылады. Қорқыт ата жеке адамның 
физикалық  өлімнен  кейінгі  мәңгілік  өмірді  қобыздың  зарлы 
әуенімен  іздесе,  бірнеше  ғасыр  кейін  Асан  қайғы  өзінің  елі 
мен  әлеуметі  үшін  Жерұйықты  Желмаясына  мініп  іздейді. 
Түркі халықтарының экзистенциалды ойы мен әдеп жүйесінің 
қалыптасуына  Қорқыт  ата  үлкен  үлес  қосты.  Оның  үлгі-
өнеге,  өсиет-нақыл  сөздері  қазақтармен  қатар  барша  түрік 
халықтарында  кең  таралған.  Қорқыт  жырлары  –  имандылық 
пен  ізеттілік,  адамгершілік  пен  парасаттылыққа  меңзейді. 
Көбіне Қорқытты күйші ретінде білеміз, өмірде «қайда барсаң 
да Қорқыттың көрі» – деген аңыз кездейсоқтық емес, ол адам 
баласына айтылған ескертулер. 
Түркі халықтарына тән еркіндік идеясы Қорқыт ата туралы 
аңыздарда  терең  философиялық  мағынамен  ұштасып  кетеді. 
«Қар  қаншама  жауғанымен  жазға  бармас,  гүлденіп  өскен 
бәйшешек күзге бармас». «Тозған мақта бөз болмас, ежелгі жау 
ел болмас». «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағы-
лым алмаған ұл жаман». Қорқыттан қалған осы ғибратты сөз-
дер оның дүниетанымдығының кеңдігі мен асқан ойшылдығын 
аңғартады.  Мәңгілік  өмір  таппай,  көк  Тәңірісін  мойындауын 
ол  мына  сөздермен  қорытындылайды.  «Тәңірі  пендесінің 

38 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
маңдайына  не  жазса,  сол  болады.  Оның  жазуынсыз  адам 
жамандық  көрмейді,  ажал  келіп  өлмейді.  Өлген  тірілмейді, 
кеудеңнен жаның кетсе, ол қайтып келмейді» [62, 15–16 бб.]. 
Рухани тазаруды жақтаған Қорқыт ата «ат жемейтін ащы 
шөптің гүлденіп өспегені жақсы, адам ішпес ащы судың жылға 
қуып  ақпағаны  жақсы,  атаның  атын  былғаған  ақылсыз  бала-
ның әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып 
тумағаны  жақсы».  «Күлді  қаншама  үйгеніңмен  төбе  болмас, 
қара есектің басына алтын жүген таққаныңмен тұлпар болмас», 
деп артына терең мәнді ұлағатты сөздер қалдырған ол табиғат 
пен  адамдар  арасындағы  үйлесімділікті,  әдемілікті,  табиғи 
жарасымдылықты жырлайды. Қорқыттың бастан кешкен жеке 
өмір жолы мен жырлары, айтқан өсиеттері келешек ұрпаққа 
қалдырған орасан зор мұра болып табылады [62].
Осы  орайда,  Қорқыт  ата  кітабынан  тағлым  боларлықтай 
тағы  бір  аңыз  әңгімеден  үзінді  келтірудің  жөні  келіп  тұр. 
Оғыз  арасындағы  хандардың  ханы  Байындыр  жылда  бір  рет 
той жасап, оғыз бектерін қонақ қылатын әдеті еді. Бір күні ол 
тағы да той жасап, аттан айғыр, түйеден бура, қойдан қошқар 
сойғызады. Бір жерге ақ отау, бір жерге қызыл отау, енді бір 
жерге  қара  отау  тіктіреді.  «Ұлы  болғанын  ақ  отауға,  қызы 
болғанын қызыл отауға қондырыңдар. Ал ұл-қызы жоқтарды 
қара отауға қондырыңдар. Астына қара киіз төсеңдер, алдына 
қара  қойдың  етінен  табақ  тартыңдар,  жесе  жесін,  жемесе 
тұрсын да кете берсін» депті. 
Дірсе  хан  елең-алаңнан  орнынан  тұрып,  қырық  жігітін 
қасына  алып,  Баяндыр  ханның  сұхбатына  келеді.  Байындыр 
ханның жігіттері Дірсе ханды қарсы алып, қара отауға кіргізеді. 
Астына қара киіз төсеп, қара қойдың етін алдына тартады.
– Байындыр ханнан бұйрық солай болды, – дейді жігіттер.
Дірсе хан сонда:
–  Байындыр  хан  менен  не  кемшілік  көрді?  Менің 
қылышымнан,  не  дастарханымнан  қандай  мін  тапты?  Менен 
төмен кісілер де ақ  отауға,  қызыл отауға кіргізілді ғой, менің 
қара отауға кіретіндей не жазығым болды екен? – депті.
Жігіттер тұрып былай деді:
– Байындыр ханның бұйрығы солай. Кімде-кімнің ұл-қызы 
болмаса, соны Тәңірім қарғайды, біз де қарғаймыз, естіп білсін.

 
 
 
                      
                                                  39
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт ұғымының пайымдалуы
Сөйтіп Дірсе хан үйіне қайтып келеді. Қатынын айқайлап 
шақырып,  зілдене  сөз  бастайды.  Тыңдап  көрелік,  не  сөйлер 
екен:
Бері кел, басымның бақыты, үйімнің тақыты,
Үйден шыға ырғалған, сұңғақ бойлым.
Тілерсегіне түскен қолаң шаштым,
Құрулы садақтай иілген имек қастым.
Қос жаңғақ симайтын оймақ ауыздым,
Балдай тәтті тіл үйірген қауыным,
Күзгі алмадай ал-қызыл жемісім,
Көрермісің халымның не болғанын? [62, 21–22 бб.].
Бұл  жердегі  айтылып  отырған  өсиет-өнеге  «баланың  да 
үлкен бақыт екендігі». Мұны қазақтың мақалдары да растайды: 
«Бала деген барың», «Бала – бауыр етің», «Балалы үй – базар, 
баласыз үй – қу мазар», «Баласы көп озар, баласы жоқ тозар», 
«Бір қозы туса – бір түп жусан артық шығады, бір бала туса – өз 
несібесін ала келеді» және т. б. және бұл аңыз-әңгімедегі тағы бір 
түйіп алатындай көзге ұрып тұрған нәрсе – қанша жәбірленсе 
де сабыр сақтаған Дірсе-ханның әйеліне сөйлегендегі әдептілігі, 
сол кездегі әдеп мәдениетінің жоғары деңгейі.
Түркі  ата-бабаларымыз  адамның  ішкі  дүниесіне  зер 
сала  ақтара  қарай  отырып,  оның  әлеуметтік  ортадағы  салма-
ғын  анықтай  білген.  Соңында,  өздерінің  көз  жеткізген  ой 
қорытындыларын  жасаған.  Олар  адамға  үлкен  моральдық 
талаптар  қоя  отырып,  зор  сенім,  үлкен  үміт  артады.  Қазақ 
халқының  дәстүр-салтындағы  барлық  ізгі  қасиеттер  мен 
құндылықтар осы түркілік кезеңдегі халық даналығынан бастау 
алады.
«Даналардан шыққан сөз» кітабында адам бойында кісілік 
қасиеттерді  қалыптастырудың  кейбір  шарттары  айтылады: 
біріншіден,  адамдарға  кішіпейіл  және  нәзік  сезімталдықпен 
қараудан, екіншіден, өзінің ісінің дұрыс екенін біліп, соған орай 
әрекет  жасаудан;  үшіншіден,  халқына  қызмет  етіп,  олардың 
тілек-армандарын  орындаудан;  төртіншіден,  өз  сырларын 
басқаға  білдіру-білдірмеуді  білу;  бесіншіден,  өзінің  және 
басқалардың сырын сақтаудан; алтыншыдан, әр жағдайда сақ 

40 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
бола  білуден;  жетіншіден,  тілге  ие  болып,  артық  сөйлемеу-
ден;  сегізіншіден,  мәжілістерде  тыныш,  үндемей  отырудан, 
әдеп  сақтап,  білмейтін  нәрсені  айтпаудан  және  өкіндіретін 
сөздердің  тілге  ілігуінен  сақтанудан;  тоғызыншы,  қатеңді 
бірден  мойындап,  кешірім  сұраудан;  оныншы,  біреудің  ісіне, 
өзі сұрамаса, араласпаудан, құлаққа жағымсыз сөзді айтпаудан 
[63, 94 б.]. 
Ортағасырлық  түркі  философиясында  экзистенциалдық 
ойларды  әдептанумен  байланыстырып,  оны  арнаулы  ілім 
ретінде қарастырған ғұлама-философ, энциклопедист-ғалым – 
Әбу Насыр әл-Фараби. Ол этиканы жақсылық пен жамандық-
ты  айыруға  мүмкіндік  беретін  ғылым  ретінде  қарастырды. 
Оның  түсінігінше,  адам  жаратылыстағы  ең  қасиетті  жан. 
Сондықтан  оған  үлкен  құрметпен  қарау  керек.  Ғұлама 
данамыз  Әл-Фараби  Қайырымды  қаланың  бірінші  басшысы, 
қайырымды халықтың басшысы және жер жүзін мекендейтін 
елдің басшысы өз бойында туа біткен 12 қасиетті ұштастырған 
адам ғана бола алады деген: «1) Бұл адамның мүшелері мүлде 
мінсіз болуға тиіс, бұл мүшелерінің күші өздері атқаруға тиісті 
қызметті  аяқтап  шығу  үшін  мейлінше  жақсы  бейімделген 
болуы керек, сонда егер адам әлдебір мүшесінің жәрдемімен 
әлденедей  бір  іс  істемек  болса,  ол  мұны  оп-оңай  атқаратын 
болады;  жаратылысынан  өзіне  айтылғанның  бәрін  жете 
түсінетін,  айтылған  сөзді  сөйлеушінің  ойындағысындай  және 
істің  жай-жағдайына  сәйкес  ұғып  алатын  болуы  керек;  2)  өзі 
түсінген,  көрген,  естіген  және  аңғарған  нәрселердің  бәрін 
жадында жақсы сақтайтын, бұлардан ешнәрсені ұмытпайтын 
болуы  керек;  3)  әйтеуір  бір  заттың  кішкене  ғана  белгісін 
байқаған  заматта  сол  белгінің  ишаратын  іліп  әкетерліктей 
алғыр  да  аңғарымпаз  ақыл  иесі  болу  шарт;  өткір  сөз  иесі 
және  ойына  түйгеннің  бәрін  айдан-анық  айтып  бере  алатын 
тілмар болу шарт; өнер-білімге құштар болу, оқып-үйренуден 
шаршап-шалдықпай,  осыған  жұмсалатын  еңбектен  қиналып 
азаптанбай,  бұған  оңай  жететін  болу  керек;  4)  тағамға, 
ішімдік  ішуге,  сыр-сұхбат  құруға  келгенде  қанағатшыл  болу 
керек,  жаратылысынан  сауыққұмарлықтан  аулақ  болып, 
бұдан  алатын  ләззатқа  жирене  қарауы  шарт;  5)  шындық  пен 
шыншыл  адамдарды  сүйіп,  өтірік-жалған  мен  суайттарды 

 
 
 
                      
                                                  41
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт ұғымының пайымдалуы
жек көру керек; 6) жаны асқақ және ар намысын ардақтайтын 
болуы  шарт;  жаны  жаратылысынан  пасық  істердің  бәрінен 
жоғары болып жаратылысынан игі істерге ынтазар болуы тиіс; 
7) жаман атауға, жалған дүниенің басқа да белгілеріне жирене 
қарау  керек;  8)  жаратылысынан  әділеттілік  пен  әділеттілерді 
сүйіп  әділетсіздік  пен  озбырлықты  және  осылардың  иелерін 
жек  көру  керек;  9)  жақындарына  да,  жат  адамдарға  да  әділ 
болып  жұртты  әділеттілікке  баулып,  әділетсіздіктен  зардап 
шеккендердің залалын өтеп, жұрттың бәріне де өз білгенінше 
жақсылық  пен  ізгілік  көрсетіп  отыруы  қажет;  10)  әділ  болу 
керек, бірақ қыңыр болмау керек; 11) әдептілік; 12) өзі қажет 
деп тапқан істі жүзеге асырғанда шешімпаздық көрсетіп, бұл 
ретте қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек 
болуы керек…» – дейді [64, 28 б.]. Осы қасиеттердің бәрін келер 
ұрпақ бойына қалыптастыра отырып мінсіз адамды тәрбиелеп 
шығаруға болады деп тұжырым жасайды ғұлама ғалым.
Әл-Фараби шығармашылығындағы көрнекті орын алатын 
тәрбие мәселесі. Ол өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының 
көзқарастары» атты трактатында тәрбие туралы сөз ете келіп, 
оған бірнеше ғылыми анықтамалар берді: «Тәрбиелеу дегеніміз 
халықтардың  бойына  білімге  негізделген  этикалық  ізгіліктер 
мен өнерлерді дарыту деген сөз»; «Тәрбиелеу кезінде халықтар 
мен  қала  тұрғындарына  білімге  негізделген  қасиеттерден 
тұратын  іс-әрекеттер  дағдысы  сіңіріледі»;  «Этикалық  ізгілік-
терді – білім, тәрбие арқылы дарыту керек, сол арқылы адам 
игілікті істерге талпынады» [64, 51 б.].
Әл-Фарабидің «Философияны үйрену үшін алдымен нені 
білу  керек?»,  «Қайырымды  қала  тұрғындарының  көзқарас-
тары», «Азаматтық саясат» атты трактаттарында: ұстаз қандай 
болу керек, ұстаз бен шәкірттің ара қатынасындағы психоло-
гиялық мәселелер туралы көп айтылған. Ғұлама бабамыздың 
түсінігінше  ұстаздар  да,  қала  басшысы  да  тәрбиелік  қызмет 
атқаратын адамдар: «Ұстаз баланы тәрбиелесе, қала басшысы 
барша халықты тәрбиелейді. Олай болса екеуі де «Сегіз қырлы, 
бір  сырлы»  халыққа  қай  жағынан  болса  да  үлгілі  адамдар 
болуы тиіс», – деді.
Әл-Фараби «Нағыз тәрбиеші ұстаздың бойында он екі тума 
табиғи қасиет және алты жүре дарыған қасиетті меңгерген дана 

42 
        

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет