Философия, саясаттану


  Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі



Pdf көрінісі
бет13/23
Дата03.03.2017
өлшемі1,65 Mb.
#6364
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23

3   Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі 
эстетикалық ой сабақтастығы
«Алыстан  алты  жасар  бала  келсе,  алпыстағы  қария  сәлем  беру-
ге  асығады»  деген  мақалға  байланысты,  қандай  да  бiр  қонақты 
«құдайы  қонақ»  деп  танып,  оған  бар  жол-жорасын  тартуға 
асығады,  оған  төрден  орын  берiп,  алдына  ақ  дастарханын  жай-
ып,  сый-құрмет  жасайтындығы.  Осындай  қонақжайлылық 
кәдесiн-ғұрыпын атқару барысында қонақты әңгiмеге тартып, ел 
жаңалықтарын тыңдау, тiптi олар домбырашы, сазгерлер болса, 
онда олардың өнерiн тамашалау да әдетке айналып отырған. Оны 
«жөн сұрасу», «қонақ кәде» деп атап кеткен. Олардың қатарына 
елге  танымал  ақын-жыраулар,  сазгерлер  мен  айтыс  ақындары 
да  жатқан.  «Ауылдың  алты  ауызы»  деген  ырымды  ұстана  оты-
рып, қонақ күтушi оның көңiлiн табу үшiн ауыл жастарына өлең 
айтқызып, домбыра тартқызу да қонақжайлылықтың бiр белгiсi 
ретiнде танылған. Осыдан барып халқымыздың «Адам болар бала 
қонаққа үйiр» деген мақалы да тегiн айтылмаған. Қазақ халқы осын-
дай  iс-шараларға  жастарды  қатыстыруды  шартқа  айналдырған. 
Онда  үлкендердiң  әңгiмесiн,  өлең-жырларын  тыңдау  арқылы 
жастарға  тәлiм-тәрбиелiк  өнеге,  ғибрат  беру  көзделген.  Мұндай 
қонақжайлық  әрекет  те  жастардың  эстетикалық  мәдениетiнiң 
қалыптасуына өз ықпалын тигiзiп отырған. 
Тiптi,  сәлемдесудiң  де  ерекшелiгi  әр  түрлi  болған.  Мәселен, 
жастардың  үлкендерге  қос  қолдап  амандасуы  немесе  әйел 
затының  ыммен,  мимикамен,  сондай-ақ,  қолын  тiзесiне  апарып 
иiлiп  сәлем  беруiнiң  өзi  сырттай  қарағанда  жарасымды  болып 
көрiнедi.  Мұндай  да  үлкендер  «Өркенiң  өссiн!»,  «Ұл  тап!»  де-
ген  секiлдi  өздерiнiң  көңiл  күй  әсерiн  бiлдiрiп  отырады.  Яғни, 
үлкендер мен жастардың, әйелдер және қыздардың арасындағы 
қарым-қатынаста  осындай  әсерлi  мiнез-құлық  белгiлерi,  әрине 
адамшылықтың  өлшемi  болып,  болашақ  мұғалімдердің  эстети-
калық  мәдениетінің  көрсеткiштерiнiң  бiрi  ретiнде  маңызды 
қызмет атқарады. 
Қазақтарда  бата  беру  әдет-ғұрпы  кеңінен  етек  алды.  Ол 
әрбір іске кірісер алдында міндетті саналатын. Бата поэтикалық 
тілмен  жалпы  жұртқа  қарап  тұрып  беріледі.  Онда  бата  беруші 
адам өзгелерге ізгі жақсылық, табыс тілейді. Батаны жасы үлкен 
адам немесе жолы үлкен қонақ беруі тиіс. Бата беруші Жарату-
шы Алладан бақытты өмір, материалдық байлық, әрбір істе та-
бысты болуын тілейді. Бата екі қолды ілгері қарай жоғары созып, 
екі  алақанды  өзінің  жүзіне  қарата  бұрып  тұрып  беріледі.  Бата 

112 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
беру «әумин» деген сөзбен аяқталады. Бата адамдарды лайықсыз, 
теріс  қылықтардан  сақтандырады,  ол  жастарды,  ізгілікті  әрі 
қайырымды істерге баулиды. Қандай да болсын бір іске кірісерде, 
дастарқаннан  дәм  татуға  отырғанда  немесе  жол  жүріп,  алыс 
сапарға аттанарда әркім ақсақалдардан бата алатын болған. Бата 
шаңырақ көтеріп, жеке үй-жай болғандарға да беріледі. Қазақтар 
өздерінің  балаларына  атақты  кісілерден,  құрметті  қонақтардан 
бата алып қалуға тырысқан. 
Қазақтарда  үйіне  келген  кез  келген  адамға  міндетті  түрде 
тегін  қонақасы  беру,  оған  жайлы  төсек-орын  салып,  қондырып 
жіберу әдет-ғұрпы ежелден орын алды. Егер үй иесі қонаққа он-
дай  құрмет  көрсетудің  дәстүрлі  әдет-ғұрпынан  бас  тартса,  әлгі 
бейтаныс жолаушы үй иесінің үстінен биге барып, шағым айтуға 
құқықты болған. Ал би қонақжайлылық әдет-ғұрыпты бұзған үй 
иесіне ат-тон айып салатын. Әдетте мұндай келеңсіз оқиға қазақ 
арасында өте сирек ұшырасқан.
Ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптың бірі – дәм ауыз тию. Үйге 
бас  сұққан  кез  келген  адамды  дәмнен  ауыз  тигізбейінше  жібер-
мейтін  –  «қуыс  үйден  құр  шығармайтын»,  тағы  бір  жақсы  әдет-
ғұрып  –  ерулік  беру.  Басқа  жақтан  жаңадан  көшіп  келгендерді 
оның туған-туыстары немесе көршілері арнайы дастарқанға шақы-
рып, ерулік тамақ беретін болған. Бұл арқылы көшіп келген туыс-
тарына немесе көршілеріне деген ыстық ықыласы мен ізгі ниетін 
білдірген. Ал көшіп келгендер жаңа қонысқа тез үйреніп, оңдағы 
адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға ықыласты болатын. 
Қазақ халқының ежелден желісі үзілмей келе жатқан дәстүрлі 
мәдениетінің бірі той-томалақтар мен жиындар. Өйткені адам ба-
ласы шыр етіп дүниеге келіп, қартайған шағына дейін сан алуан 
ойын-сауықтар  мен  сән-салтанат  аясында  өмір  сүреді.  Тойлар-
да түнімен өлең айту, домбыра тарту, ұлт ойындарын ойнау, ат 
жарыс, палуан күрес, ақындар айтысы, жыр шашуы, алтыбақан, 
қыз қуу ойындары т. б. Тойдан қуаныш, ләззат алған жастардың 
көңілінде ізгілік, жақсылық сезімдері ұялайды.
Қазақ халық фольклоры мен ауыз әдебиеті үлгілерінің де эс-
тетикалық мәдениетті қалыптастыруда мәні ерекеше болды. Өйт-
кені олардың мазмұны балалар мен жастарды кішіпейілділікке, 
ғибраттылыққа,  мейірімділікке,  имандылыққа  бағыттады,  бо-
рыш, парыз, ар-намыс, абырой ұғымдарынан түсінік берді, мінез-
құлық әдебіне, моральдық қарым-қатынас мәдениетіне баулыды, 

 
 
 
                      
                                                  113
3   Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі 
эстетикалық ой сабақтастығы
қиялына қанат бітіріп, арман асуларына жетеледі. Халық оларды 
(мақал-мәтелдер,  аңыз-ертегілер,  жұмбақтар,  эпостық  жырлар, 
дастандар  және  т.  б.)  эстетикалық,  мәдениетті  қалыптастыруда 
өте ұтымды пайдаланды, мүмкіндіктерін жоғары бағалады. Мы-
салы, «Өнер алды – қызыл тіл» деп тіл өнерін жоғары бағалаған, 
«Өнер»  сөзінің  аясына  көп  ұғымды  сыйғыза  білген,  яғни  бұл 
сөз  түрлі  контекстерге  орай  бірде  «өнер»,  бірде  «көркем  өнер», 
бірде  «шеберлік»,  бірде  «ісмерлік»  мағынасында  қолданылып 
отырған.  Сондықтан,  өнер  жөніндегі  көптеген  мақал-мәтелдер 
халықтың өнерге, өнердің белгілі бір түріндегі шеберлікке деген 
көзқарасын бейнелейді. Мәселен, «Өнерлі өрге жүзеді», «Өнерлі 
бала сүйкімді», «Ақыл көпке жеткізеді, өнер көкке жеткізеді» де-
ген мақал-мәтелдер бұған айғақ. 
Эпос туындылары ғасырлар бойы қалыптасты және әр түрлі 
кезеңдерде  болған  барлық  тарихи  оқиғалармен  тығыз  байла-
нысты  болды.  «Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу»,  «Қыз  Жібек»,  «Ай-
ман – Шолпан» сияқты лирикалық жырлардың мазмұны әдетте 
махаббат  тарихы  болады.  Лирикалық  жырларда,  батырлық 
жанрдағы  шығармаларға  қарағанда,  ғашықтардың  сезімдері 
мен  қасіреттерін, басты кейіпкерлердің сыртқы және  ішкі  сұлу-
лығын  суреттеумен  қатар,  әсем  көріністер  мен  тұрмыстағы 
оқиғаларға  көбірек  назар  аударылады.  Эпикалық  поэмалардың 
бас кейіпкерлері Құртқа, Гүлбаршын, Қарагөз, Қарлыға, Назым, 
Ақ Жүніс, Қыз Жібек, Баян Сұлу, Айман мен Шолпан қазақтың 
маңдай алды сұлуы болып көз алдымызға елестейді. 
Эпикалық поэмада әр түрлі әйел порттреттері беріледі. Мы-
салы халықтың әсемдік мұратына сай келетін Жібек бейнесі бы-
лай суреттеледі:
 «Қыз Жібектің құрметі,
Жиһаннан асқан сәулеті,
 Ләйлі-Мәжнүн болмаса,
Өзгеден артық келбеті....
Өзі он төрт жасында-ай,
 Кебісінің өкшесі
 Бұхардың гәуһар тасындай,
Ақ маңдайы жалтылдап,
Танадай көзі жарқылдап,
 Алтын шашбау шашында-ай [129].

114 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
Балалар  мен  жастардың  эстетикалық  талғамын,  мәдени 
эстетикалық  көзқарасын,  эмоционалдық  сезімін  дамытуда  қа-
зақ  халқы  ертегілерді  ұтымды  пайдаланған.  Ертегіде  суреттел-
ген  кейіпкерлердің  көркем  бейнелері,  сондай-ақ  адамдардың 
сұлулық пен нәзіктікке берген жоғары бағалары арқылы баланың 
әдемілікке деген қызығушылығын арттыруға талпынған. 
Ерте  заманда  туып,  көне  дәуірдің  көріністерін  сақтап  кел-
ген  қиял-ғажайып  ертегілерінде  халқымыздың  тұрмысы,  салты 
бейнеленеді, күнделікті өмірі көрсетіледі. Әрине өмір шындығын 
қиял-ғажайып ертегілер тікелей, сол қалпында емес, эстетикалық 
тұрғыда бейнелейді. Өмірдегі тартыстар, болмыс-көріністер, әдет-
ғұрып бәрі халықтың эстетикалық рухына сай жасалған. Мысалы, 
«Ер Төстікте» алғашқы қауым адамдарының ырымдары мен әдет-
ғұрыптары да жиі кездеседі. Атап айтқанда Төстіктің жер астына 
түсіп,  үстіне  шығуы,  оның  Шойынқұлақпен  айқасуы  шамандық 
көзқарасқа тән түсінікті бейнелейді.
«Ер Төстіктің» бас қаһарманы, эстетикалық мұраты – халық 
идеалы.  Ертегі  тек  халық  мұратын  мадақтайды.  Қазақ  ертегі-
лерінің бас қаһармандары – аңшы-мерген, жауынгер-батыр, кен-
же  бала,  тазша  бала  және  басқа  әлеуметтік  теңсіздіктегі  бұқара 
өкілі.  Бұлардың  бәрі  халық  арманынан  әр  кезде  туған  идеал 
кейіпкерлер.  «Ер  Төстік»  те  сондай  кейіпкерлердің  бірі.  Онда 
классикалық батырлық ертегіге тән белгілердің бәрі бар. Сайыс-
та кейіпкердің өз күшімен емес, керемет достарының арқасында 
жеңуі – батырлықтан гөрі қиял-ғажайып ертегінің заңдылығы.
Қазақтар  бала  тәрбиесіне  ерекше  көңіл  бөлген.  Қазақтың 
дәстүрлі тәрбиелік үлгі-өнегелері ұрпақтан ұрпаққа ауысып оты-
рады. Жиналып тұрған топқа жақын келген адам оларға бірінші 
болып  сәлем  беруге  міндетті.  Атты  адам  жаяу  кісіге,  жасы  кіші 
үлкендерге бірінші болып сәлем береді. Алға келген астан алды-
мен жасы үлкен адам дәм татады. Тамақ ішіп отырған кезде көп 
сөйлеуге  болмайды.  Балаларға  жақсы  тәрбие,  үлгі-өнеге  беруде 
мақал-мәтелдердің  атқаратын  рөлі  зор.  Халық  даналығы  бала-
ларды еңбексүйгіштікке, алды-артын аңдап сөйлейтін сақтыққа, 
адамгершілік асыл қасиеттерге баулиды. Мәселен, «Аққа Құдай 
жақ», «Батырдың күші – айласында», «Асықпаған арбамен қоян 
алады»,  «Еңбек  етсең  ерінбей,  тояды  қарның  тіленбей»,  «Бірлік 
бар жерде тірлік бар», «Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды», 
«Жаздың бір күні жылға азық», «Жақсыда жаттық жоқ», «Жаман 

 
 
 
                      
                                                  115
3   Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі 
эстетикалық ой сабақтастығы
үйді  қонағы  билейді»,  «Жақсы  жігітке  жеті  өнер  де  аз»  сияқты 
мақалдардың тәрбиелік маңызы зор. 
Қазақ  халқы  қыздар  мен  балалардың  эстетикалық  көзқара-
сының  дамуына  үлкен  мән  берген,  оларды  сұлулықты  түсінуге 
және  оны  өздерінің  қолдарымен  жасай  білуге  үйреткен.  Сұлу, 
әсем бұйымдар адамға эстетикалық ләззат береді, жағымды сезім 
тудырады, өзіне қызықтырып, көңіл-күйді көтереді деген түсінік-
пен  қазақ  халқы  қыздар  мен  ер  балаларды  қолданбалы  өнерге 
(кілем тоқу, ағаш өңдеу, сырмақ сыру, кесте тігу, алаша, ши тоқу, 
алқа, сырға, шолпы, тас қашау және т. б.) үйрете отырып, әсемдік 
сезімін, сұлулықты түсініп, жасау шеберлігін, өмірді әдемі, өнегелі 
етуді,  қоршаған  табиғаттың  түрі  мен  бояуын  қабылдай  білуді 
қалыптастырған.  Балаларға  кішкене  күннен  бастап  әдемілікті 
ұсқынсыздықтан  айыра  білуге  ықпал  ететін  сезімде  тәрбиеледі. 
Халықтың  осы  ежелден  қалыптасқан  қолөнерінің  сан-алуан 
түрлері, әдіс-тәсілдері, амал-жолдары ұрпақтан-ұрпаққа үзіліссіз 
беріліп  келеді.  Көркемдік  өнер  мен  халық  шеберлерінің  туын-
дысы бүгінгі жастарымызға үлгі және халықтың ғасырлар бойғы 
көркемдік тәжірибесінің сарқылмас қайнар көзі болып отыр.
Қазақ  халқында  ауызша-поэтикалық  шығармашылықтың 
кең таралған түрі – қазақ әндері еді. Қазақ әндері бізге халықтың 
эстетикалық  көзқарастарын  көрсетуге  мүмкіндік  береді.  «Қазақ 
әні  қияли  ғайыптан  пайда  болған  дүниенің  белінен  аттап  өтіп, 
керісінше, қоғамдағы жеке адамның меншік ғұмырын, сезімі мен 
мақсат-мұратын сыр етіп шертеді. Әнді тыңдаушылар таңғажайып 
және  діни  уақиғалардан  гөрі,  айналасын  қоршаған  болмыстың 
тегіне  көз  тігіп,  сол  болмыстың  бітімі  мен  көңіл  тұшынарлық, 
ләззат  аларлық  қасиетіне  құлшынады»,  –  деп  жазды  В.В.  Радлов 
[130]. Қазақ әнінде күйбең тірліктен гөрі сезім толғаныстарына жол 
берілген, ән сұлу сезімге, биік парасатқа ынтықтырып, ынтызар ете 
түседі. Қазақ әніне махаббат, сағыну, қоштасу, жан ашу, жақсының 
тілеуін тілеу сияқты ірі сезімдер арқау болады. Әр әннің шығу тегі 
мен өз өмірбаяны бар. Мысалы, Әупілдек – адам сезімінің сұлулығы 
жырланған, философиялық және эстетикалық зерде тоғысқан ән. 
Қазақ жері қай заманнан бері ән мен жырдың, шешендіктің 
қайнар  көзі,  алтын  бастауы  болған.  Осы  бір  ұлан-ғайыр  байтақ 
далада өмірге не бір даналар келмеді десеңізші. Қазақ елінің ру-
хани жан дүниесі мен эстетикалық талғам-танымының қалыпта-
суындағы  әннің  ықпалы  орасан  зор.  Халқымыздың  ән  өнерінде 

116 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
тұрмыс-тіршілік,  әдет-ғұрып  сипатымен  қатар  ой-санасы,  бітім-
болмысы, дүниетанымы айқын көрініс тапқан. 
Ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан ән өнерінің шоқты-
ғын биіктетіп, оны ұдайы дамытып, кемелдендірген халқымыздың 
маңдайына  біткен  дүлдүл  өнерпаздары  екені  белгілі.  Әсіресе, 
солардың ішінде сал- сері, әнші-композиторлардың орны ерекше. 
Себебі олар тудырған шығармалар – қазақ халқының болмысы-
ның, салт-санасының айнасы, сарқылмас рухани қазынасы, тари-
хи мұрасы. Бұл орайда халықтың ортасынан суырылып шыққан 
киелі  өнердің  көрнекті  қайраткерлеріне  Біржан  сал,  Ақан  сері, 
Мұхит, Балуан шолақ, Иман-Жүсіп, Жаяу Мұса, Мәди, Үкілі Ыбы-
рай, Сегіз сері, Әсет, Ғазиз, Құлтума, Сара, Майра, Естай, Нартай, 
Шашубай, Кенен т. б. жатқызуға болады. Олардың әрқайсысының 
шығармашылығына ерекше тоқталып өтуге болады. 
Ұлттық  мәдениетті  дамытуда,  халықтың  ой-сезімін,  рухани 
дүниесін жаңартып байытуда сал-серілер мен әнші-ақындардың 
қосқан  үлесі  ерекше.  Олар  өнерпаздық  қырларымен  ғана  емес, 
сауаттылығымен  де  белгілі  адамдар  болған.  Мысалы,  Сегіз  Сері 
1835  жылы  Омбының  Сібір  әскери  училищесін  бітірген.  Орыс-
ша  еркін  сөйлеген.  Ақан  сері  де  орысша,  мұсылманша  оқыған. 
Ғұлама  ғалым  академик  Әлкей  Марғұланның  «Сал,  серілердің 
қазақ  мәдениетіне  қосқан  үлесі»  деген  қолжазбасындағы  кейбір 
деректерге  сүйенсек,  Нияз  сері  парсы  тілінен  «Тоты  намені» 
қазақшалаған. Сегіз сері, Ақан сері, Сейіткерей «Мың бір түннің», 
Мәлике кітабының және «Тотының» тарауларын көркем, әсерлі, 
нақышты тілмен жырлаған. 
Сал-серілер  мектебі,  өнерпаздар  тобы  туған  халқының  поэ-
зиясын,  ән-  күйін  терең  біліп,  мәртебесін  шырқау  биікке  көте-
руімен бірге, өзге елдің әдебиетін, өнерін, тілін жетік меңгерген. 
Қазақ музыка мәдениетінде халық ішінде «сал» және «сері» деп 
әспеттелген  ақын-әншілердің  алатын  орны  ерекше.  Сал  неме-
се  сері  деген  құрметті  атқа  әншілік–поэтикалық  өнерді  асқан 
шеберлікпен меңгерген адамдар ғана ие бола алады. Олар үшін 
өнер тек уақыт өткізу немесе әуестенушілік, күнкөрістің көзі емес, 
негізінде, өмірінің, тірлік-тынысының арқауы болған. Сал-серілер 
бүкіл ғұмырын халық өнеріне қызмет етуге арнаған жандар еді. 
Сал мен серілер өткір сатиралық сөздерімен, бай-манаптар-
дың сараңдығы мен самарқаулығын, даңққұмарлығы мен топас-
тығын  күлкі  етіп,  діни  фанатиктердің  догмаларының  жалған 

 
 
 
                      
                                                  117
3   Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі 
эстетикалық ой сабақтастығы
екендігін  әшкерелеп  отырған.  Олардың  шығармашылығының 
эстетикалық  қана  емес,  сонымен  бірге  қоғамдық,  мәдени  және 
әлеуметтік  мән-маңызы  да  зор.  Сал-серілер  әндерінің  әуезділігі 
мен поэтикалық тұтастығына, мазмұндылығы мен көркемдік са-
пасына  зор  мән  берген.  Шығарманы  орындау  шеберлігіне,  сол 
арқылы тыңдаушысын баурап алу жайына да қатты көңіл аудар-
ған. Дәстүр бойынша олар көзге оттай басылатын қызыл-жасылды 
киім киіп, қымбат ер-тұрманды ойнақшып тұрған сәйгүліктерге 
мініп, соңынан нөкер ертіп жүрген. Салдар мен серілер үнемі ау-
ыл-ауылды аралап, халық арасында өз шығармаларын орындап, 
ел көңілін көтеруді мақсат еткен.
Олар  сал-серілікпен  бірге  халықтың  басқа  жұртта  кездесе 
бермейтін жомарттық, мәрттік, ерлік, өнерпаздық сияқты артық 
қасиеттерін көрсете білген ерекше тұлғалар. Байлық пен өнердің 
қызығын ел-жұртқа әйгілеп, артына аңызға бергісіз өнер мұрасын 
қалдырған сал-серілердің өз заманындағы орны мен қызметі адам 
айтса нанғысыз таңғажайып оқиға деп бағалауға болды. Әсіресе 
салдың ісі мен мінез-құлқы, әдет-салты, жүріс-тұрыстарының өзі 
ешкімге ұқсамайтыны, өзгеше тұрмыс құрып, өмір сүргенінің өзі 
адам  күлерлік,  ақылға  сыймайтын  әрі  таңғаларлық  көрініс  десе 
де болады. Сал жорға немесе жүйрік ат мініп, қоржынын, қойны-
қонышын  асыл  тас,  қымбат  бұйымға  толтырып,  елде  жоқ  ерек-
ше  үлгімен  тігілген  қымбат  киім  киіп  келіп,  өзі  ұнатқан  қызды 
ауылдың  сыртына  келіп  аттан  құлап,  яғни  әдейі  құлап  жатады 
екен. Жай жатпайды, әндетіп жатады.
Салды  ауыл  қыз-келіншектері  киізге  салып,  ауылға  көтеріп 
әкелетін  болған.  Одан  әрі  ойын-сауық,  ән,  жыр,  қыз-жігіт  ай-
тыстары  сияқты  өнер  бәсекесіне  жалғасады.  Осындай  қызық 
үстінде епті қыз-келіншектер салдың артып әкелген барлық асыл 
бұйымдарын  қыл  үстінен  бөліп  әкетеді.  Мінген  ат,  ер-тоқымы 
да  біреудің  қолында  кетеді.  Ол  аз  болғандай,  салдың  үстіндегі 
киімдерін  де  сыпырып  алып,  ауылына  әрі  жаяу,  әрі  жалаңаш 
қайтады. Бірақ сал бұған ренжімейді. Өйткені салдықтың шарты 
осындай. Сұрағанын бермесе немесе реніш білдірсе ондай жігітті 
ел сал деп мойындамайды, қарсы алмайды.
Сал-серілік – болашақ артистердің өмірге келуіне бір қозғау-
шы күш. Ал артистік қауымның өмірге келуі сал-серілік өнердің 
трансформациясы. Сал-серілік өнер өмірді пендешілікпен өткіз-
беген,  керсінше,  ынталы  рухани  өркендеуімізге  рухы  биік  өнер-
лілердің өмір сүру образы ерекше дер едік. 

118 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
Сал-серілік  дәстүр  арқылы  этномәдени  тәрбие  беру  бірін-
шіден, сал тұлғасынан, оның шығармашылығынан дүниетаным-
дық, жақсы мен жаманды, ізгілік пен зұлымдықты ажырататын, 
табиғатқа,  болмысқа  (онтологиялық)  қатысты  көзқарасының 
оянуына  жағдай  туғызылады.  Екіншіден  сал-серілер  шығарма-
шылығынан  әр  адамның  эстетикалық  танымы  дамытылады. 
Үшіншіден олардың өлеңдерінде қоғамға қатысты сол уақыт пен 
кеңістіктің құндылығын түсінеді. Осыған байланысты ғылымның 
немесе білімнің белгілі бір саласындағы болмысқа, таным теория-
сына,  аксиологияға  саналы,  парасатты  қажеттілік  пайда  болып, 
өзінің тарапынан сұраныс туады. 
Сал-серілердің  табиғат  аясынан  өздеріне  рухани  нәр  алып, 
әрбір  өнер  иесі  өзін  табиғаттың  бір  бөлшегімін  деп  қарады. 
Яғни,  сал-серілік  өнері  табиғат  пен  адам  арасындағы  тұтастық 
қағиданың  ізгілікті  жолы  арқылы  онтологиялық  деңгейге  жет-
кендігін  көреміз.  Сал-серілік  өнер  арқылы  эстетикалық  тәрбие 
беру адамның қоршаған ортасына, әлеуметтік сипатқа ақиқатты 
тұрғыда қарауына, өзін жағымды істерге бейімдеуіне танымдық 
тағылым жасауына, гносеологиялық деңгейге ұмтылуына қолайлы 
жағдай туғызады. 
Сал-серілердің салтанаты ерекше болған. Олар бір-біріне ұқ-
самауға, бірінің ісін бірі қайталамауға тырысқан. Сал-серілер кей 
жерлерде топ-топ болып жүріп, елді думанға, қызыққа бөлеген. 
Мысалы,  Маңғыстау  даласында  Өскенбай  бастаған  «Адайдың 
жеті  қайқысы»,  Шу  өңірінде  Сауытбек  бастаған  «ашаның  алты 
салы»,  Дәурен  сал  бастаған  «Жетісудың  алты  салы»,  Арқаның 
Төлебай  бастаған  «Арқаның  он  бір  салы»  осылай  топтанып  ба-
рып,  бір-бірінен  өнерлерін  асырған.  Қазақтың  кәсіби  ән  өнерін 
және аспаптық музыкасы – күй өнерін тудырған осы сал-серілер. 
Олардың байтақ мұрасы халқымыздың биік эстетикалық мұраты 
ретінде ұрпаққа үздіксіз қызмет ете береді.
Қазақтың  сал-серілері  өзінің  дер  шағындағы  талант  табыс-
тарын  түгел  дерлік  жас  ұрпаққа  арнап,  солардың  жүректерін 
тебірентер  тамаша  туындылар  жасады.  Жоғары  адамгершілік 
идеяларға  толы  өміршең  поэзия,  асқақ  та  әсем  ән  әуендерін 
қалдырды.  Жастық  дәуреннің  кеудені  кернеген  армандарын,  ба-
сына  түскен  мұңын,  адамның  жан  сұлулығы,  мөлдір  махаббат 
сезімдерін  жылуы  мол  жалынды  жырмен  толғап,  әсем  әуенмен 
аспандата  әндетті.  Көптеген  сазды,  сәнді  лирикалар  қалдырды. 

 
 
 
                      
                                                  119
3   Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі 
эстетикалық ой сабақтастығы
Мысалы  Біржан  өлеңді  ән  үшін,  әнді  өлең  үшін  шығарған. 
Сондықтан  олар  өзара  біте  қайнасып,  бірігіп  кеткен  туынды-
лар. Ғашықтық лирикаларындағы нәзік сезім дүниелерін Біржан 
асқан  ақындық  шабытпен  жүрек  тебіренте  жырлап  берді.  Жас-
тар  жүрегінің  қылын  шертіп,  іштегі  жасырын  сырларын  ақтара 
ашады.  Махаббат  күйігіне  душар  болғандар  мінезі,  олардың 
эмоциялық  сезім-серпіндері  қоғамдық-әлеуметтік  шындықтарға 
байланыстырылып,  биік  идеялы  сатыға  көтеріледі.  Осылайша, 
лирикалы ақиқат өмірден туып, әлеуметтік қорытынды жасайды, 
адамгершілік ақылдар ұстанады. 
Біржанның ақындық құдіретін жете танытқан оның айтыста-
ры. Әсіресе, Сарамен айтысы. ХІХ ғасырдағы қазақ ақындары ай-
тыстары ішінде бұл айтыстың алатын орны ерекше. Осы айтыста 
Біржан мен Сара қазақ қоғамындағы келеңсіз жайттарды, кереғар 
пікірлерді сынға алады. Әлеуметтік мәселелерді көтереді. Білімді, 
дана  ақындардың  әр  сөзінде  қазақ  өлкелерінің  байлығы,  тари-
хи  адамдары,  қоныс  мекендері,  әр  елге  тән  әдет-жоралғылары 
білгірлікпен  баяндалады.  Қазақтың  ескі  өміріндегі  жағымсыз 
салттарға құрбан болған арулардың аянышты тағдырына жоқшы 
болып,  оның  тамырына  балта  шабар  кездің  жақын  қалғанын 
Арқаның дауылпазындай Біржан Алатау алқабына жарлап жыр 
төкті. Ешкімнен қорықпастан қазақтың үш жүзін жалғыз аралап, 
махаббат азаттығын, әйел жұртының еркіндігін талап етіп, алты 
қырдан асыра асқақ ән шырқады. Әйел затының азаттығын көксеп 
өтті. Адамгершілікке, адал достық, таза махаббатқа үндеді. Аруды 
есекке қосақтамай, азғынға қор қылмай, теңіне қосып, күңдіктен 
құтқаруды  талап  етті.  Ақынның  бұл  ниеттері  –  оның  талай 
аруларға  арналған  жырларынан  да,  Сара  қызбен  айтысынан  да 
айқын көрінеді. Осы арада қазақтың ақыны, композиторы Біржан 
сал мен орыстың жазушысы Н.М. Карамзиннің шығармаларында 
біршама ұқсастықтар бар. Жаңағы айтып отырған Біржан салдың 
көтерген  мәселелері,  арман-ойлары  Карамзин  туындыларында 
да ұшырасып қалады. Мысалы, жазушы «Бедная Лиза» повесінде 
дворян  жігіті  мен  қарапайым  қыздың  арасындағы  махаббатын 
суреттейді.  Карамзиннің  ойынша  барлық  адамдар  махаббатты 
бірдей сезінуі тиіс. Кедей шаруалармен қатар жер иеленуші по-
мещиктер де махаббаттың қайғысын ұғып, қуанышын білуі қажет. 
«Бедная Лиза» повесі лирикалық көңіл-күйге құрылған шығарма. 
Бұл шығарманы оқығанда оқырман жүрегінде үлкен сезім күші 

120 
        

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет