3. Виртуалды шындықты филосолфияоық зерделеу пәні ретінде талдау. Қазіргі заман мәдениеті рационализмнің орныққандығымен анықталады. Рационализм – таным мен іс-әрекеттің түп тамырын адамның ақылымен байланыстырып пайымдайтын көзқарастар жиынтығы. Қазіргі мәдени дәстүрдің рационалистік дәстүр екендігін ешкім жоққа шығармайды.
Ақпараттану идеологиясы ақпараттық мәдениет феноменін дүниеге әкелді. Қазіргі заман мәдениетін басқашалай ақпараттық мәдениет деп те атайды. Өйткені, қазірде ақпарат қоғам өмірінің маңызды элементі болып, адам өмірінің барлық саласына әсер етіп отыр.
Интермәтін дегеніміз мәтіндердің өзгеріске түскен нұсқасы, мәтіндердің бір-біріне кірігуі. Бұл ұғым мәтінді жаңаша пайымдауға жол ашады. Интермәтіннің негізгі қасиеті оның іштей әртектілігі, ашықтығы, көпнұсқалығы. Интермәтін өзге мәтіндерге қатысты шығарылады.
Әлем дегеніміз бір ұзын кабель болып шыққандай! Сап-сау адам қалайша өзінің фантазмдық экранның ғайып (виртуалды) кеңістігінің тұтқынына айналғанын байқамай да қалады. Осы тұста «ғайып (виртуалды) шындық» ұғымына тоқталу орынды.
Симулякр – түпнұсқасы жоқ көшірменің көшірмесі. Нақты шындықта шек қоятын табиғи әлде әлеуметтік заңдардың болуына байланысты адам ойына келгенді жасай алмайды. Ал, виртуалды шындық сол мүмкіндікті экран алдындағы адамға береді, адамның шығармашылық шекарасын кеңейтеді, жаңа әсерлер ұсынады. Мысалы, әлдебір себептерге байланысты ешқашан ұшақ жүргізбейтін адамға қазіргі технологиялар ұшақты жүргізгендей немесе ғарышта самғағандай сезім сыйлай алады.
9, 10-шы лекция: Таным философиялық мәселе ретінде
Жоспар:
1. Танымдық іс-әрекеттің сипаты. Танымның объектісі мен субъектісі.
2. Сезімдік және рационалдық таным, олардың түрлері.
3. Философиядағы ақиқат мәселесі. Білім және ақиқат. Салыстырмалы және абсолюттік ақиқат. Практика – ақиқаттың өлшемі.
4. Ғылыми таным. Ғылыми зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейлері мен олардың әдістері.