Таным және практика. Сөйтіп, біз адам танымының ішкі жүйелік құрылымы туралы жалпы мағлұматтар алдық. Таным – адамның ажырамас, тылсым қасиеттерініқ бірі. Өйткені, көрсем, білсем деген ниет оны өзі дамыған сайын мазалай береді.
Ғылыми таным өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталады. Ең алдымен, ғылыми таным өзі зерттейтін объект жөнінде жан-жақты дәлелді объективті білім жинақтауға тырысады. Ол абстрактілі-аналитикалық, сонымен қатар, конструктивті-синтетикалық білім болып табылады.
Эмпириялық таным – бұл эксперимент, бақылау, баяндау, салыстыру, өлшеу. Бұл деңгейде объект алғашқы ізденістен өтеді, онық сыртқы ерекшеліктері мен кейбір заңдылықтары анықталады.
Эмпириялық білім – теориялық зерттеулер мен ғылыми мәселелерді қоюдың маңызды стимуляторы. Тәжірибенің мәліметтерінің негізінде диаграммалар, карталар, жобалар жасалады, алғашқы болжамдар мен қорытындылар тұжырымдалады, алынған мәліметтердің өзара байланыстары анықталады.
2. Таным философиялық мәселе ретінде Гносеология (таным теориясы) өзінің бар бітім-болмысымен, ақиқатқа бастар жолдағы өз жетістіктері және қайшылықтарымен, тапқырлығымен және табысымен көрініс тапқан. Танымның қазіргі теориясының жасақталуына қомақты үлестерін қосқан қазақ ғалымдары Ж.М.Әбділдин, А.Х.Қасымжанов, Ә.Н.Нысанбаев, Ғ.Есім, Т.Х.Ғабитов, Г.Г.Соловьева және т.б.
Адами таным тарихында логика ғылым ретінде негізінен формальді немесе аристотельдік түрінде көрініс тапты. Оның қызметі негізінен ойлау барысында қателік жібермеуге сайды. И.Канттың әрекетінің нәтижесінде мәселе басқаша – трансцендентальді логика түрінде қойылды.
Жаңа логиканың бастапқы ой-ниеті, алғашқы кітап пен одан кейінгі жарияланымдар төрт томдық «Диалектикалық логика» атты еңбекте тұжырымдалды. Жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдарының материалдарында диалектикалық ойлаудың тұтастық, қайшылықтар, нақтылықтар, нақты тарихилық, абстрактыдан нақтыға өту тәрізді ұстанымдары жан-жақты зерттелді.
Диалектика, (ішкі қайшылықтар күші арқылы құбылыстар мен олардың дамуының жалпы байланысы туралы ілім) логика, яғни, дұрыс және ақиқат ойлау туралы ғылым ретінде ғана көрініп қоймайды. Ол сонымен қатар таным теориясы да (гносеология) болып табылады.
Өйткені, ойлаудың негізгі қызметі – таным. Адами ой өзі үшін емес, адам өзін қоршаған ортада еркін бағдарлап, дамып, өсіп-өнуі және оның заңдарын жете ұғына отырып, әлемдік үндестікті шығармашылдықпен байыта түсуі үшін әрекет етеді. Диалектика, логика мен таным теориясының бірлесу ұстанымы осы аталған салалардағы зерттеулердің негізін қалаушы болып табылады.