Философияның пәні мен әдісі, негізгі бөлімдері, қызметі және негізгі бағыттары


Тарихты философиялық пайымдау пәні ретінде талдау



бет52/67
Дата05.04.2023
өлшемі166,35 Kb.
#79509
түріЛекция
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   67
1. Тарихты философиялық пайымдау пәні ретінде талдау.
Тарих философиясы – («тарих философиясы» ұғымын Вольтер енгізді, нақты түрде антикалық кезеңге жатады) – тарихты бағалау мен талдау философиясы, яғни, көп жағдайда тарихи зерттеулер мен тарихты түсіндіру нәтижелері.
Тарих философиясы деген термин екі түрлі мағынаға ие: біріншіден, тарихты онтологиялық және гносеологиялық талдау; екіншіден, ХІХ-шы ғ. аяғы және ХХ-шы ғ. басы кезеңіндегі философиялық бағыт. Тарихты басқарушы күш әртүрлі түсіндірілуі мүмкін. Идеалистік философияда тарихты басқаратын күш абсолютті рух (Гегель) деп қарастырылды.
Рационалистер тарихты басқаратын күш ақыл-ой деп санады. Натуралистік бағыттардың өкілдері тарихты басқаратын күш табиғи заңдылық деп түсіндіреді. Қалай дегенде де бұл күштер тарихтан сыртта деп қарастырылады. Олар тарихты басқаратын күштер тарихтың өзінің ішінде құрылады деп есептемеді.
Көрнекті батыс ғалымы Р.Арон өзінің «Тарих философиясы» деген еңбегінде индустриалдық қоғамның негізгі қасиеттерін атап көрсетеді:
1) өндірісті ғылыми түрде ұйымдастыру;
2) материалдық молшылықтарға жету;
3) ұлттық өнімде өндірістің үлесінің көбеюі және соған сәйкес ауыл шаруашылығының үлесінің кемуі;
4) баюдың көзі ретінде соғысты жою;
5) индустриалдық қоғамда «өндіріс құралдарына» деген меншік формаларының еш маңызы жоқ. Р.Арон постиндустриалды қоғам туралы концепциясын кеңінен таратты.
Тарихи прогресс өндіргіш күштерді жетілдіру нәтижесінде алға өрлейді. Саясат адам психикасындағы мифологиялық сенімдерге сүйенеді және өз тарапынан саяси мифтерді қалыптастырады.
ХХІ ғ. басында философиялық ғылымдар әлі де болса реставрация жағдайында қалып отыр. Бұл реставрация Кантқа деген қызығушылықтың қайта түлеуімен байланысты. Канттың тәрбиесіндегі философияның басты жетістігін құрайтын барлық ойлар біздің дәуірімізде пайда болған жоқ.
Философия дегеніміз не деген сұраққа қазір барлығын қанағаттандыратындай жауап беруге болмай қалды. Егер, жекелеген тарихи ғылымдар тарихи өмірдің ерекше салаларымен айналысса, ал тарих философиясының міндеті олардың қол жеткізген нәтижелерін жинау, оларды тұтастай, құрылымды бір кескінге біріктіру, бүкіл тарихи өмірдің жалпы шолуын беру болып табылады.
Осылайша, өзінің осы бірінші мағынасында тарих философиясы жалпы немесе «бүкіләлемдік» тарихты (Universalgeschichte) білдіреді. Тарих дегенде өтіп кеткен шынайылықтың өзін емес, осы өткен шынайылықтың бейнесін немесе тарихи ғылымды ұғынамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет