Асқақтық – бұл өзінің ерекше мағыналылығымен және құдыреттілігімен өзгешеленген әсемдікті сипаттайтын эстетикалық категория. Сондықтан да кейбір асқақ құбылыстардың формалары өзінің сыртқы ұсқынсыздығына қарамастан шаттанудың, шабыттанудың, ерекше танданудың қоздырушы сезімдерін оятады.
Жиіркеніштілік – асқақтықтың үнемі сыртқы сұлулығы бола бермейтіні секілді, бұл да кейде сыртқы сұлулығы болатынына қарамастан антиқұндылықты білдіреді. Жиіркеніштілік өте жағымсыз құндылық ретінде сипатталады.
Тұрпайылық – адамның еркіне толық бағына қоймаған, олар үшін қауіп-қатер тұрғызатын жағымсыз, құпия, жасырын күштер. Егер, адамзат өз қоғамдық қатынастарын игермесе, онда ол үлкен қасіреттердің көзіне айналып кетуі мүмкін.
Трагедиялық – бұл өзіне дұшпан күштермен күресте қасіретке немесе өлімге ұшырайтын оқиғаның немесе әлеуметтік қоғамның, құбылыстың, адамның эстетикалық құндылықтарының бекітілуі: Қасіреттің, өлімнің өзі қүндылық болып саналмайды, бірақ, солар арқылы құндылық бекітіледі.
Трагедиялық эмоция – бұл эстетикалық-адамгершілік тұрғыда «тазалайтын», рухани шынықтыратын, ондағы ашылған сұлулыққа жақындастыратын терең қайғы мен жоғары шаттықтың қосындысы. Трагедияның адамға әсерін кезінде Аристотель «катарсис» – тазалану деп атаған болатын.
Комедиялық та құндылық пен антиқұндылықтың қайшылығының нәтижесі. Өйткені, комедиялықтың мәні қайшылықта. Комедиялық қарама-қарсы тұрудың, контрастың, айырылудың нәтижесі, тұрпайылық пен әсемдіктің, жиіркеніштік пен асқақтықтың, жалған мен ақиқаттың, аңғалдық пен ақылдылықтың және т.б.
Комедиялық – бұл ақырында антиқұндылық болып шығатын адамдар мен құбылыстардың өзін-өзі айқындап қоюы, оның нағыз құндылықтық мағынасын аңғару. Комедиялықты эстетикалық күйде қабылдау адам бойында күлкі, әжуа туғызады.
25, 26-ші лекция: Тарих философиясы Жоспар:
1. Тарихты философиялық пайымдау пәні ретінде талдау.
2. Тарих түсінігімен уақыт туралы көріністердің байланысы.
3. Орта ғасырлардағы және Қайта Өрлеу дәуіріндегі тарих философия-сы. (Эсхатология, Августиннің тарихнамасы, Д.Вико тарихи цикл теориясы).
4. Тарихты десакрализациялау: білім беру тұжырымдамалары. Г.Гегель тарихының философиясы. Тарихты және оның қозғаушы күштерін марксистік түсіну.
5. Тарихтың «сыни» философиясы: Дилтей, Риккерт, Ясперс және осьтік уақыт ұғымы. О.Шпенглер мен А.Тойнбидің тарихнамасы.
6. Қазіргі заман философиясындағы «тарих мәні», «тарихтың соңы» мәселелері