Философияның пәні мен әдісі, негізгі бөлімдері, қызметі және негізгі бағыттары


Мәдениеттануда міндеттердің орындалуының ортақ нәтижесін қоғамдағы мәдениеттің рөлі деп атайды



бет49/67
Дата05.04.2023
өлшемі166,35 Kb.
#79509
түріЛекция
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67
Мәдениеттануда міндеттердің орындалуының ортақ нәтижесін қоғамдағы мәдениеттің рөлі деп атайды. Мәдениеттің негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызуға болады: көндіктірушілік; құндылықты-нормативтік; әлеуметтендіргіш; ұйымдық реттегіш; ізгілікті; комуникаттивті-ақпараттық.
Көндіктірушілік міндет тетіктер, құралдар, әдістер, тәртіптер әзірлеуге байланысты, олардың көмегімен адамның табиғат пен әлеуметтік ортаға көндігуі жеңілдейді, барынша тиімді бола түседі.
Құндылықты-нормативтік міндет нормалардың, құндылықтардың, дәстүр мен әдет-ғұрыптың, мәдени үлгінің сапталуы мен берілуін қамсыздандырумен байланысты. Олардың көмегімен адамның, топтың, қоғамның өзін-өзі тануы іске асады. Жеке құндылыққа бейімделу, егер, ізгіліктік мазмұн оны бағалау өлшемі ретінде берілсе, адамның мәдени деңгейін көрсетеді.
Әлеуметтендіргіш міндеті адамның алдына оның қоғамның толыққанды мүшесіне айналуына қажетті білім мен дағдыларды игеру мақсатын қояды. Ол қоршаған ортаға сәйкес әрекет етуге, өзінің өмір салтын дербес қалыптастыруға, әлеуметтік мәдени орта жағдайының ұдайы өзгеріп отыратын ахуалына бейімделіп қана қоймай, өз мұқтажына қарай оған әсер ете білуге тиіс.
Ұйымдық-реттеушілік міндеті қоғамның немесе оның бір бөлігінің өмір сүруінің қамсыздандырылуы мақсатында қоғамның, топтың, жіктің теңдігін ұстауға бағытталған.
Мәдениеттің ұйымдық элементтеріне бірлестіктің мына үлгілерін жатқызуға болады: биоәлеуметтік (отбасы, ру, тайпа, жыныстық одақ), әлеуметтік (тайпа, ру одақтары), әлеуметтік саяси (мемлекет, саяси және кәсіби одақтар).
Ізгіліктілік міндеті: Адамдар ерте заманнан-ақ мәдениеттің басты міндетін адамзатты рухани жетілдіру деп түсінді. Мәдениет жеке адамды дамытуға, оның рухани өсуі мен еркіндік деңгейін қамсыздандыруға тиіс. Қытайда мәдениетті «жэнь» – адамгершілік түсінігімен мағыналас деп қарастырады.
Коммуникативтік-ақпараттық міндет күрделі және сан қырлы. Кез-келген қызметтің табысы мәдениеттің гносеологиялық қуатын, аппараттық байлығын құрайтын білімнің, ақылдық, дағдының жиынтығынан тұратын барлық аппараттық саласына, сәйкестігіне байланысты.
1. Дүниедегі ең бағалы асыл байлық – адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты, жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындыларының құдіретті иесі.
2. Ата-ананың, басқа адамдардың қамқорлық, көмегінсіз ол адам өсіп, жетіле алмайды. Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуының негізі-өмір сүру ортасын өз еңбегімен өзгерту, қайта жасау әдісін, ол үшін еңбек құралын оның ең жабайы түрінен бастап, бірте-бірте жетілдіру жолын меңгеру қабілеті болған.
Қоғамдық қатынастар адамның өмір сүруіне қажетті материалдық заттар (тамақ, киім, баспана) өндіру әдісінен туады. Олай болса, адам дегеніміз – еңбек әрекетімен шұғылдана алатын, әлеуметтік қатынастар жасайтын, өзара байланыс жасауға толық қабілетті тіршілік иесі деп анықтама беруге болады.
Психологтар адамдарды жігерлілер, жігерсіздер деп екі топқа бөледі. Жігерлі адам әрқашанда өзінің тұрақты қалпын сақтайды, өз алдына емін-еркін қызмет жасайды, ұстаған жолынан, қабылдаған шешімінен қашпауға тырысады. Ал, жігерсіз адамның әділетті тұрақтылығы, батылдығы жетіспейді.
Адам – феномен. Оның табиғатын түрлі ғылымдар, айталық антропология, тарих, филология, саясаттану, этнография, саяси экономика, психология дәрігерлік т.б. ғылымдар, сондай-ақ, философия зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет