Философияның пәні мен әдісі, негізгі бөлімдері, қызметі және негізгі бағыттары


Өмірді түсіну мен дүниетанудың жалпы мәселелерін жасаудағы тарихи ойлаудың маңызын айқындаумен айналысатын ғылым тарих философиясы



бет53/67
Дата05.04.2023
өлшемі166,35 Kb.
#79509
түріЛекция
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   67
Байланысты:
Ôèëîñîôèÿíû? ï?í³ ìåí ?ä³ñ³, íåã³çã³ á?ë³ìäåð³, ?ûçìåò³ æ?íå íåã

Өмірді түсіну мен дүниетанудың жалпы мәселелерін жасаудағы тарихи ойлаудың маңызын айқындаумен айналысатын ғылым тарих философиясы. Тарих философиясының үш бағыты бар:
а) жалпы тарих;
ә) тарихи өмірдің ұстындары туралы ілім;
б) тарих ғылымының логикасы.
Шынайлықта адамның рухани өміріне деген қызығушылықтың үстем болатыны соншалық, индивидті барлық жерде тұлға ұғымымен теңгеруге бейім тұрады.
Тарихпен адамдар айналысатындықтан, жалқылық пен өзгешелікті ғылыми бейнелеу басым кейіпте адамның рухани өміріне бағытталуы керек. Осы негізде тарихи ғылымдар «рух туралы ғылымдарға» жатқызылады. Тарихта мәнді таңдауды анықтағандықтан құндылықтарды жалпы орақ мәдени құндылықтар (Kulturwerte) деп атауға да болады.
«Тарихи зерттеудің шынайы аймағы» туралы мәселені логика шеше алмайды, оның үстіне бұл мәселе тарихи әдістің мәні туралы мәселемен мүлдем сәйкес келмейді. Саяси тарихты мәдени тарихқа қарсы қоюдың да мәні жоқ, өйткені бұлардың екеуі де бірдей дараландырушы әдісті қолданады.
Жаңашылдық – тарихтың белгілі бір сыныбының сипаттамасы емес (эмпирикалық жіктеудегі секілді), тарихтың ішкі құрамдас бөлігі. Тарихтың өмірмен байланысын бірліктер қарым-қатынасы ретінде түсіну қажет, яғни дерексіз тепе-теңдік ретінде емес, терминдері әртүрлі, тұтаспаған және бірыңғай жинақталған бірлік деп ұғынған жөн.
Қазақ дүниетанымы көшпелі өмір салтымен тығыз байланысты. Ғылыми әдебиетте көшпелі өркениет туралы ортақ түйін-тұжырым жоқ.
Европоцентризм көшпелі мәдениет туралы жағымсыз пікір қалыптастырғаны белгілі. Шындығында, салмақты сараптау жүргізсек, көшпелі өмір салтының ерекшеліктері, мәдени-шығармашылық потенциалы өте мықты екендігін және оның қазақ дүниетанымының басты ұғымдарының қалыптасуына негіз болғанын көреміз.

  1. Көшпенді қазақ халқы табиғатпен біртұтас, «адам-дүние» парадигмасын ұстанып өмір кешті және осы ерекшелік айқындаушы болды.

  2. Көшпелілік қозғалыспен тығыз байланысты, ал қозғалыс жетілгендікке, жаңаруға үздіксіз ұмтылыс.

  3. Көшпелілік өмір салтына практикалық сипат береді.

  4. Көшіп-қону, ұзақ жол қазақтардың бойында шыдамдылық, өзара түсіністік, қамқорлық, ұйымшылдық, тәртіптілік және т.б. адамгершіліктік қасиеттерді тәрбиеледі.

  1. Отырықшылықта билік, еркіндікке ұмтылу мәселесі туындайды, ал көшпелі қоғамда адамдардың арасындағы қатынастар салт-дәстүрлер арқылы басқарылып, реттеліп отырды.

  2. Көшпелі өмір кеңістігінің шексіздігі ерекше мәдениеттің, өнердің, шығармашылық шабыттың шарықтауына негіз болды.

Қазақ халқының философиялық дүниетанымының басты категориясы – өмір.
Адам өмір кешіп жатқан дүние – құндылықтар дүниесі. Материалдық және руханилық болып бөлінетін осы құндылықтардың ең бастысы – өмір. Ол өзінен басқа құндылықтардың өмір сүруіне қажетті бірден-бір шарт және өлшем, өмір болмаса, құндылықтар да жоқ. Осы тұрғыдан талдасақ, адам үшін ең басты құндылық, ең бағалы нәрсе – өмір.
Қазақ халқы өмір мен өлімді салыстыра келіп, «Мың күнгі тамұқтан бір күнгі жарық», «Өлі арыстаннан тірі тышқан артық» немесе «Тірі адам тіршілігін жасайды» деп, өмірді жоғары бағалайды. Қазақтың түсінігінше, адам тіршілікте өзінің өмірін барлық бағыттарда мүмкіндігінше өміршең етіп жаюы керек, өмір туралы көбірек ойланып, оның әр күнін бағалап, маңдайға жазылған өмірді гүлдендіруге, жандандыруға, мәнді өткізуге ұмтылуы тиіс. Бұл іс адамның өз қолында.
Өмірдің құндылығын және оның мәнін анықтаушы – өмірмен диалектикалық бірлікті құрайтын өлім. Ол өмірден тыс нәрсе емес, үнемі қатар жүріп отырады, өмір бар жерде өлім міндетті түрде бар, ол өмірдің екінші жағы. Философия ғылымында өлім мәселесі өмірдің мәні секілді «мәңгілік», шешімі қиын мәселелер қатарында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет