Философияның пәні мен әдісі, негізгі бөлімдері, қызметі және негізгі бағыттары



бет61/67
Дата05.04.2023
өлшемі166,35 Kb.
#79509
түріЛекция
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   67
Христиандықтың басты бағыттары. Рим империясының екіге бөлінуі шіркеудің ыдырауына соқтырды. Оған Батыста латын, Шығыста грек тілдерінің үстемдік етуі, мәдени дәстүрлердің өзгешелігі бір жағынан себепші болса, екінші жағынан әлеуметтік-экономикалык, және саяси мүдделер, ықпал үшін күрес, дінтану мәселесіндегі келіспеушіліктер қосылды.
Қазіргі заманғы христиандық және саясат. Христиандықтың тарихы – тұтастай халықтардың тағдырын өз уысында ұстауға бағытталған шіркеулердің өз ішіндегі және халықаралық деңгейдегі үздіксіз күрестер тарихы. Ол өзінің басынан құлдырау және дәуірлеу кезеңдерін талай өткерді. XX ғ. дейін әлемде өз үстемдігін жүргізіп, идеологиялық монополия сақтап келді. XX ғ. христиан шіркеулерінің саясаттағы ыкпалының күрт құлдырау ғасыры болды.
Секуляризация процесі жаппай сипат алды, қоғамның әртүрлі салалары мен топтары, жеке адамдар дін ықпалынан арыла бастады. Осы жағдайда христиан шіркеуіне саясатын өзгерту қажет болды. Бірақ, бұл саясатты мемлекеттердің қолына толық ұстатып беріп, шетке ысырылып шығу деген сөз емес еді. Ол саясатқа араласудың жаңа жолдарын іздестіре бастады.
Шіркеу дегеніміз – қоғамдық организм. Дін басылары азаматтық істерге араласпаймыз, мақсатымыз – адамзатты күнәдан халас ету деп қанша мәлімдемесін, олар күнделікті тұрмысының көп уақытын осы жер бетіндегі тұрмыс қаракетіне арнайды. Бугін кез келген шіркеу иерархы – саясатшы. Мәселе, оның осы саясатқа қалай араласатынында.
Біздің заманымыздың саяси палитрасы алуан түсті. Осыған қарай, христиандық та көп векторлы саясат жүргілізіп отыр. Бұл бірнеше себептерге байланысты: кейбір елдерде, мәселен, Англияда, христиандық күш бүгіне дейін мемлекеттік дін болып есептеледі.
Інжіл әлемдік мәдениет ескерткіші. Христиандардың басты кітабы – Інжіл адамзат ойының тамаша ескерткіші. Ол өзінің атауын гректің «кітаптар» деген сөзінен алады. Інжіл, діншілдердің айтуынша, пайғамбарлар мен апостолдар деп аталған құдайдың ерекше қалауы түскен адамдар арқылы келген Қасиетті Рухтың аяндары негізінде жазылған кітаптардың жинағы. «Інжіл» атауы тек VI ғ. ғана пайда болды. Інжіл екі бөлімнен тұрады. Олар – Көне өсиет және Жаңа есиет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет