Философияның пәні мен әдісі, негізгі бөлімдері, қызметі және негізгі бағыттары



бет62/67
Дата05.04.2023
өлшемі166,35 Kb.
#79509
түріЛекция
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Ислам діні туралы түсінік. Әлемде үш дін адамзаттың мәдени қазынасы деп танылады. Олар: будда діні, христиандық және ислам діні. Ислам бұлардың қатарындағы жаңа әрі жас дін. Бүгінде жер жүзінде шамамен бір миллиард жүз жетпіс мыңдай адам осы дінді ұстанады. XX ғ. ислам дінін тұтушылар саны екі есеге жуық өсті.
Бұл біріншіден, ислам діні тараған региондардағы демографиялық жағдайларға байланысты болса, екіншіден, басқа діндер тараған дәстүрлі аймақтарда адамдардың ислам жолына бет бұруынан болып отыр. Ислам араб тілінен аударғанда «бой ұсыну» деген мағынаны береді. Ислам және мұсылман (мүслимун – бой ұсынушы ерлер, мүслиматун – бой ұсынушы әйелдер) сөздерінің түбірі бір.
Ислам – монотеистік дін. Ол мейірімді және қайырымды Аллаға ғана сенуді уағыздады. Бүкіл әлемді – көк пен жерді жаратушы – Алла. Барша әлем тек соның хұзырында. Алла болмаса әлем сол сәтінде жоқ етілер еді. Адам баласының фани (жалған) дүниеде жасаған жақсылық-жамандығын таразалаушы, заманның ақырында оларға осы қылықтарына қарай рахым жасаушы немесе жазалаушы бір Алла. Барлық өлгендер заманақырда қайта тіріліп, соның алдында жауапқа келеді.
Ислам – адам баласына аян жолымен келген дін. Қасиетті Құран аяттары 23 жыл бойында Жебірейіл періште арқылы Мұхаммед пайғамбарға жеткізіліп тұрған. Ислам діні ғұрыптарды және дүниелік мәселелерді шарихат жолымен реттеп отырады. Ол сөзсіз орындалуы тиіс мұсылмандық парыздарды және орындағаны қосымша сауап болатын сунна жолдарын айқындайды, жоғары адамшылыққа, еңбекке әрі білімге уағыздайды және Құран – Каримдегі (Қасиетті Құран) аяттар мен пайғамбардың хадистері арқылы соның ережелерін белгілейді. Исламның өзге әлемдік діндерден айырмасы – оның айқын рәміздерінің болуы.
Мұсылманшылық екі сенім негізі бойынша құрылған: біріншісі, Алладан басқа құлшылық етілетін тәңірдің жоқтығына; екінші, Мұхаммедтің ғалайһиссаламның Алла тарапынан бүкіл адам баласына жіберілген пайғамбар екендігіне сену. Сондықтан, «Алладан басқа (тәңір) жоқ, Мұхаммед оның елшісі, араб тілінде «Ла илаһа иллаллаһ Мұхаммадүр-Расулүллаһ», – деген мүбарак қағиданы тілімен айтып, көңілімен бекіткен адам ислам дінінде болып саналады. Бұл сенімді (символды) Иман, сенушіні Мүһмин деп атайды.
Нағыз ислам жоғары мәдениетті және гуманистік идеяларды насихаттайды. Мұхаммед пайғамбар өзінің хадисінде: «Дінде зорлық жоқ» – деген. Яғни, ислам дініне біреуді мұқтаж ету немесе пайдасын беріп, енгізуге жол жоқ. Әр пенде исламды өз еркімен, өзінің қалыбымен (жүрегімен) қабылдауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет