Философияның пәні мен әдісі, негізгі бөлімдері, қызметі және негізгі бағыттары


Ұлттық сананың қалыптасуына және оның дамуына екі тұрғыдан қарауға болады



бет64/67
Дата05.04.2023
өлшемі166,35 Kb.
#79509
түріЛекция
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
Ôèëîñîôèÿíû? ï?í³ ìåí ?ä³ñ³, íåã³çã³ á?ë³ìäåð³, ?ûçìåò³ æ?íå íåã

Ұлттық сананың қалыптасуына және оның дамуына екі тұрғыдан қарауға болады:
1) сезімдік, түйсіктік.
2) саналы теориялық.
Біріншісі, өз елін, халқын, ұлтын сыйлайтын, сүйетін алғашқы ыстық сезімнен туса, екіншісі өз елінің, халқының, ұлтының өткенін, қазіргісін, келешегін толық біліп, тексеріп, халық тағдырына, ұлт мәселелеріне мемлекеттік, елдік, тіпті дүниежүзілік тұрғыдан теориялық ұлттық бағыт-бағдарлама тұрғысынан қарап, аңғару арқылы болатын саналы ойдан туады.
Ал, ұлттық сананың жасаушысы, қолдаушысы, қорғаушысы, сақтаушысы әрқашанда ұлттық интеллигенция, ұлттық зиялы қауым халықтың тек сезімі ғана емес, ойы, санасы оянған өкілдері, артына, қазіргісіне, алдына ой жүгіртіп, көз жіберетін, «Қыранша қарап Қырымға, Мұң мен зарды қолға алып, Кектеніп надан залымға, Шиыршық атып, толғанатын» ұлы ойшылдар ғана ұлттық сананың негізін салып, ірге тасын қалаған. Дәл осы тұрғыдан Абай сезімтал да ойшыл, білімдар да кемеңгер. Халқының өткеніне қиналған, қазіргісіне күмәнданған, алайда, келешегінен үміттеніп, «шиыршық атып толғанған» Абай: «Осы мен өзім – қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер, жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді... Ондайым жоқ.
Егер, жек керсем, сөйлеспес ем, мәжілістес, сырлас, кеңестес болмасам керек еді, тобына бармай, «не қылды, не болды?» демей жата беру керек еді... бұлардың бәрі де жоқ... Мен өзім тірі болсам да анық тірі емеспін... Сыртым сау болса да ішім өліп қалыпты. Ашулансам, ызалана алмаймын. Күлсем, қуана алмаймын...» деп, халқының қамын ойлап қиналады, қапаланады, халқының мінін, кемістігін көрсетіп, бетіне баса сынайды. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. Жақсы менен жаманды айырмадың. Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың» деп бір жағынан қатты қиналса, екінші жағынан «Дүниеде еш нәрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді?» деп, үміттенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет