Физика, математика және ақпараттық технологиялар


ЭЫДҰ мақсаттары мен қызмет ету ерекшеліктері



бет10/78
Дата15.10.2023
өлшемі247,05 Kb.
#115185
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   78
Байланысты:
УМКД ТКО (1)

ЭЫДҰ мақсаттары мен қызмет ету ерекшеліктері. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) 1961 ж. құрылды, АҚШ және Канада тарапынан Екінші Дүниежүзілік Соғыс нәтижесінде зардап шеккен еуропа елдеріне көмек көрсетуді үйлестіру мәселелерімен айналысқан Еуропалық экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЕЭЫҰ) орнын басушы болып табылады.
ЭЫДҰ есебінде сыныпта жүргізілген бағалаудың жиілігін арттыру, маңыздылығын, сапасын жетілдіруге бағытталған шаралар реті ұсынылған. Сондай-ақ,критерийлер негізінде бағалау жүйесін енгізу, жоғары ойлау деңгей дағдыларына қатысты бағалау критерийлерін анықтау, мұғалімдерді даярлау, білім берудің әр кезеңінде ұлттық стандартталған тестілеу өткізу, мәліметтерді сенімді жинақтау, тиімді жүйе құру және т.б. Бұл ретте өткізілген бағалаудың нәтижелерін тиімді қолдану қажеттілігі ескертіледі.
Критериалды бағалау - белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі.
Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан\триместр, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі.
Қалыптастырушы бағалау – оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арсындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі.
Үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибені кіріктіре отырып құрастырылған критериалды бағалау жүйесі төмендегідей міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді:

  1. Білім беру қызметінің сапасын арттыруға жағдай жасайтын объективті және анық бағалау жүйесін іске асыру;

  2. Халықаралық тәсілдер мен стандарттарға сәйкес сапалы және бірыңғай бағалау механизмін қалыптастыру;

  3. Бағалау әрекетіндегі мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру;

  4. Өз бетінше білім алу дағдыларын дамыту шін жағдай жасау және білім алушылардың өз оқуына деген жауапкершілігін арттыру;

  5. Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты жетілдіру;

  6. Білім алушылардың күтілетін нәтижелерге, соның ішінде жоғары деңгей дағдыларына (талдау, жинақтау, бағалау) жетуін бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмалар үлгілерінінің қорын құру;

  7. Объективті, үздіксіз және нақты:

  • білім алушыларға олардың оқуының сапасы туралы;

  • мұғалімдердің білім алушылардың ілгерілеуі туралы;

  • ата-аналарға оқу нәтижелерінің жетістік деңгейі туралы;

  • басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы ақпарат беру;

  1. Электрондық журналды жинау үдерісін оңтайландыру және ақпараттар ұсыну үшін қолдану;

  2. Әр білім алушының, жеке мектептің, барлық аудан, облыс және мемлекет деңгейіндегі мектептердің бөлім және тақырыптар аясында оқу бағдарламасын меңгеру мониторингін қолдану;

  3. Стандарттарды, оқу бағдарламаларын жетілдіру үшін талдау жүргізу және басқа да басқарушылық шешімдер қабылдау;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет