Фунциональдық фитоценология ғылымы дамуының негізгі кезеңдері, фитоценоздардың қалыптасуы, құрылымы. Фитоценология пәнінің мақсаты және ғылымдар жүйесіндегі орны


ФИТОЦЕНОЗДАРДЫҢ СТРУКТУРАСЫ № 7-10 ДӘРІСТЕР



бет15/43
Дата14.09.2023
өлшемі10,03 Mb.
#107233
түріҚұрамы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43
ФИТОЦЕНОЗДАРДЫҢ СТРУКТУРАСЫ № 7-10 ДӘРІСТЕР.
. Фитоценоздар структурасы туралы жалпы түсінік және фитоценоздардың морфологиялық струкутурасы
1.Структура туралы проф Мазингтің көзқарасы.
2. Фитоценоздың морфологиялық структурасы (Ярустылық, қабаттар, қалқа, биогоризонттар)
1. Структура әрбір өсімдік қауымының маңызды қасиеттерінің бірі болып табылады. Сондықтан оны зерттеу геоботаникалық басты мақсаттың бірі. Бірақта структура деген ұғымның өзіне әртүрлі түсінік беріледі. Геоботаникада фитоценоздың структурасының мөлшері және маңызы туралы әртүрлі көзқарастар бар.
В.В. Мазинг /1965,1969, 1973/ осы структура ұғымын түсіндіруде үш негізгі бағыт бар екендігін атап көрсетті.
1)Структура құрамның /состав/ синонимі ретінде /түрлік структура, популяциялық структура, биоморфтық структура және с.с./. Бұл құрамның кең мағанадағы сипаттамасы болып табылады. Сондықтан құрам туралы түсінікті структура ұғымымен алмастырудың қажеті жоқ.
2)Структура құрылымының /строение/ синонимі ретінде.
Фитоценоздарда экологиялық және кеңістік жағдайларына қарай бір-бірінен ажыратылатын бөлшектердің бар екендігіне байланысты геоботаник терструктураны осылай түсінуді қолдайды.
3)Структура байланыстар жиынтығы ретінде. Қарым-қатынастың жиынтығы биоценоздың маңызды ерекшелігі деп санап, зоологтар – биоценологтар осы көзқарасты қолдайды.
Фитоценозда функциональдық байланыстың басқада формалары /энергетикалық, информациялық және басқалары/ бар екендігіне байланысты фитоценоздың функциональдық структурасы туралы ұғымды онанда кеңірек түсіну керек деген де ойлар бар .
Сонымен структура / латын сөзі Structura –құрылысы, орналасуы/ әртүрлі авторлар әрқалай түсінік беретін ұғым. Дегенмен фитоценоздардың структурасын ондағы өсімдіктердің органдарының, олардың компоненттерінің кеңістікте және уақытқа байланысты орналасу ерекшеліктері деп түсінген дұрыс сияқты. Егерде фитоценоз структурасын осылай түсінетін болсақ онда ол мынадай элементтерден тұрады: жер үстіндегі және жер астындағы ярустылық, фитоценоздың теңбілдігі, синузиялылығы, консортивтігі, уақытқа байланысты фенологиялық фазалар және аспектері /көрінісі/ алмасуы.
Фитоценоздың структурасы өте көп мәселелерді қамтиды, оның мөлшері /көлемі/ туралы әр түрлі көзқарастар бар. Дегенмен оларды мынандай бөлімдерге топтастыруға болады. 1. Фитоценоздың морфологиялық синморфология, кеңістіктегі структурасы; 2. Фитоценоздың хронологиялық структурасы/ фитоценоздың өзгергіштігі/; 3. Фитоценоздың эколого – биологиялық структурасы /бұл ұғымды Голубев енгізген/; 4.
Фитоценоздың функциональдық /ұғымның авторы Мазинг/ структурасы; 5. Фитоценоздың конституциялық структурасы/ бұл ұғымды Работнов енгізген/.
Еніді фитоценоз структурасының осы жоғарыда аталған типтеріне қысқаша тоқталып, сипаттап өтейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет