Фитоценоздардың өнімділігінің үлгісін жасау үшін олардың геометриялық структурасының сандық бейнесін білу қажет. Фитоценоздардың геометриялық структурасы дегеніміз – фитоценоздағы өсімдіктер жапырақтарының тіршілік ету орнына бейімделуіне байланысты кеңістікте орналасуы. Фитоценоздардың геометриялық структурасы олардың құрамындағы өсімдіктердің белгілі бір биіктікке және кеңістікке бейімделген жапырақтарының белгілі бір көлем мөлшеріндегі аумағымен сипатталады. Эстон ғалымдары О.К.Росс /1975/, Х.Р. Томинг /1978/ және т.б. ұсынған фитоценоздардың геометриялық структурасын зерттеу әдістері көпшілікке танылған.
ФИТОЦЕНОЗДЫҢ ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ СТРУКТУРАСЫ - /ФИТОЦЕНОЗДАРДЫҢ ӨЗГЕРГІШТІГІ/.
Фитоценоздың хронологиялық структурасы – оның дамуындағы өзгеріс белгілерінен тұрады. Оған фитоценоздағы тәуліктік өзгерістер, маусымдық өзгерістер және әртүрлі жылдардағы өзгерістер жатады.
ФИТОЦЕНОЗДЫҢ ТӘУЛІКТІК ӨЗГЕРГІШТІГІ. Фитоценоздың тәуліктік өзгергіштігі өсімдіктің вегетациясы кезінде байқалады. Егерде өсімдіктің өскен ортасында ауаның температурасы, ылғалдылығы, желдің күші және бағыты, және жарықтың мөлшері тәулік ішінде өзгеріп тұратын болса фитоценоздың өзгергіштігі анығырақ байқалады. Бір тәулік ішінде өсімдіктің барлық қызметтері өзгереді: Фотосинтез, транспирация, су мен минералды қоректік заттарды сору, метоболиттерді бөліп шығару және т.б., ал олар өз ретімен фитоценоз ішіндегі ауаның құрамының өзгеруіне әкеліп соқтырады.
Бір тәулік ішінде кейбір өсімдік түрлерінің гүлшоғырының күнге байланысты орналасуы, жапырақтарының бейімделу бағыты өзгереді. Жоғарыда аталғандай өзгерістер болып жатқанымен фитоценоздың құрамы және структурасы тәулік ішінде тұрақты күйінде қалады.
Планктон балдырлары күндіз судың күн сәулесі түсетін барлық қалыңдықтарда кездеседі, ал түнде судың жоғарғы бетінде шоғырланады.
ФИТОЦЕНОЗДЫҢ МАУСЫМДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІ. Фитоценоздардың маусымдық өзгергіштігі – оны құратын өсімдік түрлерінің жыл ішіндегі метеорологиялық жағдайдың құбылмалылығына бейімделудің нәтижесі.
Фитоценоздың құрамындағы өсімдік түрлерінің фенологиялық даму фазалары жүйелікпен өтіп отырғанда, соған сәйкес фитоценоздардың сырт көрінісі, структурасы және тіпті флоралық құрамы өзгеріп отырады.
Фитоценоздар әртүрлі топырақ және климат жағдайында тіршілік ететіндіктен олар бір-бірінен өз компоненттерінің феноритмотиптік құрамымен ажыратылады, сондықтан әрбір фитоценоз өзіне тән маусымдық өзгергіштігімен ерекшеленеді. Феноритмотип деген терминді И.В. Борисова /1965/ енгізген. Феноритмотип деген /Борисова, 1972/ вегетациясының ұзақтығы, басталу және аяқталу кезеңдері ұқсас және де фенологиялық күйімен тыныштық кезеңдерінің алмасу бағыттары бірдей өсімдіктер тобы.
Өсімдіктердің өсу ортасының жыл ішінде өзгеруі жалпы климат гидрологиялық режим, фитоклимат ерекшеліктерінен, адамның және жануарлардың әсерінен болады.
Өсімдіктердің су мен қамтамасыз етілуі, жарық және температура жағдайларының маусымдық өзгергіштігі климат ерекшеліктеріне байланысты. Кейбір тропикалық аймақтардан басқа жер шарының көп жерінде жыл ішінде климат елеулі өзгеріп отырады.
Көп аймақтарға жыл бойында бір-бірін алмастырып отыратын екі кезеңнің болуы тән: вегетациялық /өсімдіктің өсіп-өнуі және даму кезеңі/ және вегетациясыз /маусымның тыныштық немесе жартылай тыныштық кезеңі/. Өсімдіктердің вегетациясының тоқтап қалуы қыс түсіп температураның өте төмендеп кетуіне немесе температураның жоғарлап, топырақта өсімдіктерге тиімді ылғал болмай құрғақшылық мерзімінің келуіне байланысты. Мысалы біздің Қазақстанның қуаң далаларында құрғақшылық мерзімінің келуіне байланысты көптеген өсімдіктер өзінің вегетацисын толық тоқтатпайды, бірақ жартылай тыныштық жағдайына көшеді.
Фитоценоздардың маусымдық өзгергіштігінің негізгі себебі не?
Бұл сұраққа қалай жауап беруге болады? Жоғарыда айтылғандарды қорыта келіп фитоценоздардың маусымдық өзгергіштігінің негізгі себебі, олардың құрамында фенологиялық фазаларының өту мерзімі бірдей емес өсімдіктердің, демек әртүрлі феноритмотиптердің болуы деп айтуға болады.
И.В. Борисова /1972/ өсімдіктердің мынадай негізгі феноритмотиптерін /сурет 10/ ажыратуға болатындығын дәлелдеді.
Ұзақ вегетациялы өсімдіктер. Вегетациялық кезеңі жыл бойына немесе жыл бойының көбіне созылады. Көпшілігінде тыныштық кезеңі болады.
Мәңгі жасыл өсімдіктер. Жапырақтары жылдан артық сақталады/ 1416 ай және оданда көп /сурети 10 а/, өсімдіктердің жапырақсыз кезі болмайды. Сем Aristolochiaceae-(Кирказондар) Asarum europaeum (Европа құсықшөбі) l. Pyrolaceae (Алмұртшөптер)Pyrola L. сем Ericaceae (версектер). Қазақстанда кездеспейтіндер Vaccinium vitis – idala L., Arabis caucasica
Willd/.
Жазда – қыста жасыл өсімдіктер. Жыл бойына бірін-бір ауыстырып отыратын екі немесе үш генерация нәтижесінде өсімдіктің барлық уақытта жасыл жапырақтары болады /сурет 10б/. Ескі генерация жапырақтары толық құрғағанша жаңа генерация жапырақтарының өсуі басталады /Driza media L., Geum rivale L., G. Urbanum L., сем Rosaceae Scrophulariaceae Veronica incana
L., V. Spicata l.,
а/ жазда –қыста жасыл, жаздық жартылай толас /пакой/ кезеңі бар өсімдіктер. Бұл дала өсімдіктері. Құрғақшылық жылдары еріксіз жартылай толас кезеңі болады /өсу тоқталады, жапырақтары бірте-бірте қурайды/ Барлық жапырақтары бірдей түгел қурамайды. Жартылай толас әдеттегідей толық толасқа ауыспайды, керісінше жаңа вегетация лап етіп басталып кетеді/ Festuca sulcata Hack Кәдімгі бетеге/, Nym., Kizghisorum P. Schlecht., S. Lessingingianna Trin. Et Rupr., Poentilla namifusa Willd, ex schlecht, Astragalus Festiculatus Pall., Berteroa spathulata /Steph/ Күрек шатырша C. A. Mey/
Жазда – қыста жасыл, күздік қысқа толас кезеңі бар өсімдіктер. Олардың күздегі жаңбырдың соңында басталып келесі жылғы күздің басында тоқтайды. Әдетте жапырақтардың екі генерациясы дамиды. Толас кезегі қысқа 1-2 айға ғана болады Plantago Lanceolata L., Қандауыр бақажапырақ Achillea Filipendulina Lum., Тобылғы түс мыңжапырақ Pimpinella affinis Ledeb./
Күзде- қыста-көктемде жасыл, жаздық толас кезеңі бар өсімдіктер. Көп жылдық түрлерінің вегетациясы күзден көктемге дейін созылады /сурет10г/, ал жазға қарай жапырақтарын тастайды /Ranunculis illyricus L., Allium culsium Schrenk, A. Pallasii Murr Pseudosedum Lievenii /Ledeb/ Berger біржылдық түрлер жазға қарай немесе жаздың басында қурап қалады, ал олардың тұқымдары күзге дейін толас жағдайында болады. /Androsacea Turczaninovii Frengn, Cerotoceppalus orhoceras DC/
Көктемде – жазда-күзде жасыл, қыстық толас кезеңі бар өсімдіктер. Көктемнен күзге дейін вегетациясы жүреді /сурет 10 д/. Күзде жапырақтарын тастайды /қоңыржай зоналардағы жапырақтары түсетін ағаш, бұта өсімдіктері және көптеген орман, шалғындық дала шөптері Polyganatum multiflorum /L/ All. Rannuculus anricomas L., Heracleum Sibiricum L., Linosyzis Villosa C.L., D C., Geypsophila Paniculata L., Lamium album L.(Ақұ тауқалақай)
II. Қысқа вегетациялы өсімдіктер. Вегетациялау кезеңі жылдың ең қолайлы маусымдарына сәйкес келеді /көктемде және жаздың басында немесе жазда және күзде/.
Көктемде-күзде жасыл, жаздық және қыстық толас кезеңдері бар өсімдіктер. Бұл типке жататын өсімдіктердің жапырақтарының көктемдік және күздік екі генерациясы бар /сурет 10е/ және бөлектенген толастық кезеңі бар. /Centayrea mollis Woldst et. Serg., Serratula cardunalus /Poll/ Schisch
K., S Kiryhisorum jljin, Papaver orientale L./ а/ Көктемде – күзде жасыл, жаздық толас кезеңі бар және қыста жеміс салатын өсімдіктер. Генеративтік фазасының циклі вегетативтік фазасының цикліне қарағанда ұзағырақ және күзге және қысқа қарай жылжыған /сурет 10 ж/. Генеративтік мүшелері жер астында қыстайды.
Көктемде ерте жазда жасыл, жазда-күзде-қыста толас кезеңдері бар өсімдіктер /гемиэфемеройдтар/. Вегетациясы көкетемде басталып жаздың ортасына дейін жүреді. / Adonis Wolgensis Stev., Ferula Caspica M.B.6,F. Songorica Poll. Et schult., F. Tatarica Fisch /сурет 10 з/.
Жазда-күзде жасыл, қыста-көктемде толас кезеңі бар өсімдіктер. Вегетациясы жаздың басында /сурет 10 и/ кейде көктемнің ағында басталып күздің ағына дейін жүруі мүмкін / Euphrasia tatarica (Татар көздәрі) Fisch., Odontites serotina /Lam/ Dum., nepata micrantha Bue., Asclepias syriaca L./
III. Эфемерлер. Вегетациялау кезеңі өте қысқа, көбінесе бір фенологиялық маусымды қамтиды. Ерекше кезеңі /тұқым түрінде/ бар біржылдық өсімдіктер.
Көктемде жасыл, жазда-күзде –қыста толас кезеңі бар өсімдіктер / нағыз эфемерлер және эфемероидтар/. Вегетациясы тек көктемде ғана жүреді / Corydalis cava /Mill/ Schweigg et Korte, Anemone ranunculoides L., Gealium spirium L., Rocyelia leiocarpa Ledeb., Scorzonera Tuberosa Pjll., Tulipa Patlens J. Ayardnec Scyult /сурет 10 к/.
Жазда жасыл, күзде-қыста-көктемде толас кезеңі бар өсімдіктер /сурет 10 л/. Вегетациясы тек жазда ғана жүреді. / Orobanche coerulescens steph., Filago arvensis l./ (Дала қазқұрты)