1) Фитоценоздың көлденең жазықта біркелкі болуы өте сирек кездеседі. Соған байланысты фитоценоздардың құрылысында әртүрлі бөліктер ажыратылады, мысалы, микротоптар немесе микрофитоценоздар ценоэлементтер және парцеллалар. Л.Г. Раменский /1938/ фитоценоздар теңбілділігін экологиялық, фитоценотикалық және эпизотық /ауық-ауық/ деп бөлуді ұсынды. Ал Т.А. Работнов /1972/ теңбілділіктің /мозайканың/ жеті түрін ажыратуды ұсынды:
Эдафотопикалық, эдафатоптың біркелкі еместігіне байланысты / жердің тегіс еместігіне, сәл болсада көтеріңкі және төмендеу учаскелердің болуына тағы сол сияқты байланысты/.
Эпизодтық, өсімдіктердің ұрық бастарының таралуының және олардың өркендерінің өсіп жетілуінің кездейсоқтығына байланысты;
Ценобиотикалық, өсімдіктердің бір түрлерінің екінші түрлеріне әсер етуі әсерінен ортаның өзгеруі арқылы, соның ішінде нанорельеф және микрорельеф пайда болуы;
Клональдық, кейбір өсімдіктердің вегетативтік көбеюінің ерекшеліктеріне байланысты бір-біріне жақын орналасқан бір түрге жататын дербес организмдерден клоналар пайда болады;