Фунциональдық фитоценология ғылымы дамуының негізгі кезеңдері, фитоценоздардың қалыптасуы, құрылымы. Фитоценология пәнінің мақсаты және ғылымдар жүйесіндегі орны


ФИТОЦЕНОЗДАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СТРУКТУРАСЫ



бет23/43
Дата14.09.2023
өлшемі10,03 Mb.
#107233
түріҚұрамы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43
Байланысты:
ФУНКЦИОНАЛЬДЫҚ Фитоценология лекция

3. ФИТОЦЕНОЗДАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СТРУКТУРАСЫ.
Фитоценоздардың конституциялық структурасы өткенде айтарлықтай қаралды. Сондықтан бұл жерде структураның бұл формасының кейбір өткен жайлы қаралмаған топтарына қысқаша сипаттама беріп өтейік.
Экологиялық топтар, тіршілік еру ортасының негізгі факторларының комплексіне қатысты экологиялық қасиеттері бірдей фитоценоз түрлерін біріктіреді. Бұл топқа экологиялық бір факторға қатысты бөлінетін өсімдік қауымының түрлерінің бірлестіктерін жатқызуға болады. Мысалы су режиміне қатысты бөлінетін өсімдік қауымының түрлерінің бірлестіктерін жатқызуға болады. Мысалы, су режиміне қатысты /ксерофиттер, гидрофиттер және т.б./, топырақ балығына қатысты / олиготрофты, евротрофты және т.б/, жарық режиміне байланысты және т.б.
Фитоценотикалық топтар, фитоценотикалық біркелкі, өсімдіктер қауымының құрылысында, тіршілігінде және динамикасында бірдей роль атқаратын өсімдіктердің бір ярусқа жататын түрлері кейде тіршілік формаларына жатуы мүмкін. Мысалы, мүктер және қыналар, шөптесін өсімдіктер және бұташықтар және т.б.
Географиялық, флогенетикалық және ценогенетикалық топтар.
Өсімдіктер қауымдарының структурасы олардың негізгі басты белгілерінің бір болып табылады. Сондықтан ол өсімдіктердің табиғи классификациясын жасауға негіз болады. Қауымның структурасын зерттеу нәтижесінде оның ішіндегі фитоценогенетикалық процесстердің бағытын, ерекшеліктерін және қауымның динамиксын анықтап, қауымның өткен уақыттағы және келешектегі өзгерушіліктері туралы болжам жасауға болады. Сонымен қатар қауымның структурасын зерттеу, қауымның фитомассасын және оның кеңістіктегі таратылуын дәл анықтауға мүмкіншілік береді.
Әрбір өсімдіктер қауымның, сыртқы ортамен өзара тығыз байланыста болғандықтан, индикаторлық маңызы бар. Ал өсімдіктер қауымының ішіндегі ең көрнектісі және есептеуге оңайы ол олардың құрамымен структурасы. Сондықтан өсімдіктер қауымынң құрамымыен структурасын егежей-тегежейлі зерттелген сайын экотоп және биотоп еренкшеліктері туралы молырақ ақпарат алуға болады.
Сонымен , өсімдіктер қауымдарының структурасы фитоценологиялық бірқатар теориялық проблемаларын шешудің кілті болып табылады. Өсімдіктер қауымдарының структурасы туралы ілімнің дамуында төрт кезеңді /Корчагин, 1976/ атап өтуге болады.
Бірінші кезең /1750 жылдан 1860 жылға дейін/. Өсімдіктер структурасының кейбір элементтері туралы системаға келтірілмеген алғашқы түсініктердің пайда болуы.
Екінші кезең /1860 жылдан 1920 жылға дейін/. Өсімдіктердің морфологиялық және экологиялық структурасы туралы түсініктерді дайындау және өсімдіктер қауымдарының структуралық бөлшектері туралы алғагқы системаны жасау.
Үшінші кезең /1920 жылдан 1950 жылға дейін/. Өсімдіктер қауымынң морфологиялық ярустылық, теңбілділік/ және экологиялық /синузиялылығы/ структурасы, туралы түсініктердің қалыптасу кезеңі.
Төртінші кезең /1950 жылдан осы уақытқа дейін/. Математиканы және кибернетиканы пайдалана отырып осы заманғы әдістерімен өсімдіктер қауымдарының структурасын терең зерттеу; өсімдіктер қауымдарының структурасын одан үлкен табтиғи обьектілердің /биогеоцекноздар, экосистемалар/ бөлшегі екендіге туралы түсінік; өсімдіктер қауымдарының функциональды қарапайым структуралық бөлшектері туралы түсініктерді жете зерттеп өңдеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет