Фунциональдық фитоценология ғылымы дамуының негізгі кезеңдері, фитоценоздардың қалыптасуы, құрылымы. Фитоценология пәнінің мақсаты және ғылымдар жүйесіндегі орны


ФИТОЦЕНОЗДЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ /КЕҢІСТІКТЕГІ / СТРУКТУРАСЫ/ СИНМОРФОЛОГИЯ/



бет16/43
Дата14.09.2023
өлшемі10,03 Mb.
#107233
түріҚұрамы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43
2.ФИТОЦЕНОЗДЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ /КЕҢІСТІКТЕГІ / СТРУКТУРАСЫ/ СИНМОРФОЛОГИЯ/.
Фитоценоз өзара қарым-қатынастарымен және территорияның бірлігімен байланысқан популяциялар үйлесімі ретінде вертикальдық және горонтальдың бөлшектенумен сипатталады. Фитоценоздың вертикальдық структурасының элементі болып ярустылығы, ал горизонтальдық структурасының элементі- мозойкалылығы болып табылады
Ярустылық – фитоценоздардың әртүрлі дәрежеде қабысқан ассимиляцияға, заттар және энергия жинақтауға әр қалай қатысатын қабаттарға, ярустарға, қалқаларға, биогоризонттарға, яғни структуралық немесе функциональдық бөлімдерге бөлшектенуі. Фитоценоздарда доминант өсімдіктер популяциялары тығыз қабаттар құрады, ол қабаттардың әрқайсысы екі ярусқа /жер үстіндегі және жер астындағы бөлуге болады. /сурет 9/. Егер біз Алматы төңерегіндегі шырша орманының бір фитоценозына баратын болсақ, оны шебершөпті / Brachypodium – коротконожка/ мүкті-шырша деп атауға болады. Мұнда сымбатты биік Тянь-Шань шыршасы сәулетті орман түзеді. Шырша мұндап доминант , оның кронасы / бөрі басы/ және тамырлары қауымның негізін – оның негізгі морфологиялық элементін-қабатын құрады. Шыршадан тұратын негізгі қабат екі ярусқа бөлінеді – жер үстіндегі ағаштардың бөрік басынан және жер астындағы тамыр жүйелерінен тұрады. Бұл фитоценозда екі ярустан тұратын басты қабат

Сурет 9. Қабаттар, ярустар, қалқалар және биоценотикалық горизонттар; Ι- Басты ағаш қабаты; 1- ағаштар ярусы, 1а- жапырақтар қалқасы (1а1- жоғарғы және 1а11- төмендегі биогоризонттары); ΙΙ-Екінші дәрежелі бұталар қабаты; 1-жер үстіндегі ярус: 2- тамырлар ярусы: ΙΙΙ- екінші дәрежелі шөптер қабаты; 1-жер үстіндегі ярус жапырақтар мен гүл шоғырлары қалқаларымен: 2-жер астындағы ярус (Быков, 1978)
Басқа тағыда екі негізгі емес яғни екінші дәрежедегі екі қабат бар. Екі қысқаша осы қабаттарға тоқталып өтейік.
Шырша орманында салалы шебершөп /Brachypodium finnatum – коротконожка перистая/ негізінен шөптесін өсімдіктер жабынын құрады. Бұл өсімдіктердің қалың тамырсабақ және тамыр жүйелері бүкіл популяциясын біртұтас етіп байланыстырады. Сонымен өсімдіктер қауымының структурасында шебершөп тағы бір өте маңызды элементін-екі ярусты қабатын құрады: жер үстіндегі /көк шөп қалыңдығы/ және жер астындағы /тамырсабақ және тамыр/. Шебершөп қабатының басты массасы шыршаның тамыр жүйелерінен жоғары және оның кронасынан төмен орналасқан.
Ақырында, шебершөптің арасында жердің үстінде фитоценоздың үшінші қабатын – мүктер қабатын байқауға болады. Олардың тамырлары жоқ сондықтан олар жер бетінен жоғары орналасқан. Бұл қабат бір ярустан тұрады.
Жоғарыда аталған қабаттардың әрқайсысы өзінше энергетикалық жүйе болып табылады. Өйткені олардың дербес организмдері әртүрлі дәрежеде фотосинтез үшін жарық энергиясын пайдаланады немесе /саңырауқұлақ сияқты/ жасыл өсімдіктерде жиналған энергияны өзінің тіршілігіне пайдаланады. /мысалы шірінділер немесе қара шірік/.
Сонымен, қабат дегеніміз /Быков, 1978, 1988/ фитоценоздың негізгі структуралық, сонымен бірге экологиялық және энергетикалық бөлігі. Ол доминант, субдоминант популяцияларынан пайда болған немесе бір экобиоморфаға жататын кондоминанттардан пайда болған.
Фитоценоздарға мынадай қабаттарды /Быков, 1988/ ажыратыды.
1) Конституциялық немесе негізгі /ағаштар, бұталар, шөптер, мүктер және қыналар қабаттары/,
2)Эдафикалық негізінен редуценттерден тұратын /топырақтағы саңырауқұлақтар және микробтардың қабаты/;
3) Орындаушылар /планктондық организмдер қабаты/.
Сонымен қатар басты және екінші дәрежедегі қабаттарды ажыратады. Басты қабаттарды доминанттар және кондоминанттар, екінші дәрежедегілерді – субдоминанттар түзеді.
Коституциялық қабаттардың структурасы туралы мәліметтер көпте, ал эдафикалық қабаттар туралы өте аз. Геоботаниктер ол туралы өте аз біледі. Микологтар бұл мәселені зерттемейді. Комплексті жұмыстар бұл бағытта әлі өте аз.
Әдетте тұрақты қабаттардан басқа, регенеративтік /жаңа өсіп келе жатқан дербес организмдерден/ және сукцессивтік /сукцессияға байланысты пайда болады/ қабаттар болуы мүмкін.
Қабаттар көлденең /горизонталь/ ярустарға және биогоризонттарға /сурет 9/. Ярус- фитоценоздағы қабаттың бөлігі, онда негізінен ассимиляция жасайтын /жапырақтар және сабақтар/ немесе сіңіруші және қор жинаушы /тамырлар, тамырсабақтар, түйнектер, жіпшумақтар/ өсімдік мүшелері үйлесіп орналасады. Басты қабаттың ярусы басты, ал екінші дәрежелі қабаттың ярусы –екінші дәрежелі деп аталады. Ярустың өзінде қалқаларды /пологи/ және биогоризонттарды ажыратуға болады.
Қалқа – ярустың көлденең бөлігіндегі бөлшегі, мысалы: биік ағаштардың бөрік басы, немесе генеративтік өркендер, немесе дала астық тұқымдастары ярусындағы жапырақ қалқалары. Қалқа биогоризонтқа сәйкес болуы немесе 2-3 биогоризонттан тұруы мүмкін. Биогоризонттар /Бяллович, 1960/ дегеніміз ярустың ценоэкосистемадағы функциональдық бөлшегі. Қалқа немесе оның бөлшегі жеке биогоризонт бола алады. Мысыалы, бидайдың шабындығындағы жоғарғы, фотосинтетикалық қызметі жағынан ең белсенді қалқаның жапырақтар қабаты. Топырақтың кейбір генетикалық, мысалы қарашірінді /гумус/ қабатын биогоризонтқа жатқызуға болады.
Фитоценоздың жер үстіндегі жер астындағы бөлшектеріндегі ярустардың саны оның құрамына кіретін қабаттардың санымен анықталады. Бірақ әртүрлі қабаттардағы ярустардың кей жағдайларда дәл шектеліп ажыратылмайтындығын естен шығармаған жөн. Мысалы, ормандарда жарық сүйгіш және жарықты онша қажет етпейтін ағаштардың ярустары бір-біріне тұтасып кетуі мүмкін. Кей жағдайда әртүрлі экобиоморфоға жататын өсімдіктердің ярустары бір-біріне дәл келіп үйлесіп кетеді. Мысалы, Шығыс Қазақстанның бұталы далаларында бұталармен астық тұқымдастардың биіктіктері бірдей. Бірақ олардың жер астындағы мүшелерінің ярустары бірбіріне сәйкес келмейді.
Біздің еліміздегі /ТМД/ өсімдіктерді алатын болсақ оларды мынадай /Быков. 1978/ ярустарға бөлуге болады:

  1. Биіктігі жағынан бірінші ағаштар /15-20м және одан да биік/;

  2. Биіктігі жағынан екінші ағаштар /6-15м/;

  3. Аласа ағаштар /6м дейін/, жартылай ағаштар және бұталар;

  4. Биік шөптер немесе биіктігі орташа бұталар;

  5. Биіктігі орташа шөптер немесен аласа бұталар;

  6. Аласа шөптер, бұташалар немесе жартылай бұташалар;

  7. Жердің бетіндегі орналасқан ерекше өсімдіктер – мүктер және қыналар.

Өсімдіктер қауымының жер асты бөлігін негізгі Бейдеман (1949) бойынша мынадай ярустарға бөлуге болады. бөледі:

  1. Омброфиттер – жаңбыр суын және конденсацияланған ылғалды пайдаланатын өсімдіктер;

  2. Гидрофиттер – тамырлары, тамырсабақтары және түйнектері жер бетіне жақын орналасқан артық ылғалды жағдайда өсетін өсімдіктер.

  3. Трихофиттер – тамырлары мен тамырсабақтары орташа тереңдікте орналасқан топырақ капиллярларындағы суды пайдаланатын өсімдіктер. 4) Фреатофиттер – тамырлары мен тамырсабақтары топырақтың терең қабатындағы ерітінділерді пайдаланатын өсімдіктер /Бейдеман,1949/.

И.О. Байтулин /1984,1987/ Іле Алатауының белдеулеріндегі /альпі, субальпі, орман, бұталы-алуаншөптер/ және жазықтықтағы шөлдердегі
/ құмды, тасты, сортаңдау, кебірлі/ өсімдіктер қауымдарының жер асты бөліктерінің ярустылығына толық сипаттама бере келіп, эдафикалық ортаның қабаттарын бөліп пайдалану фитоценоз компоненттерінің тамыр жүйелерінің топыраққа әртүрлі дәрежеде тереңдеп дифференциялануына байланысты екендігін көрсетті. Агроценоздар құрылысында мынадай ярустарды /Комаров, 1936/ ажыратуға болады:

  1. Мәдени өсімдіктерден биік арамшөптер;

  2. Мәдени өсімдіктер және онымен биіктігі бірдей арамшөптер; 3) Мәдени өсімдіктердің биіктігінің жартысынан төмен арамшөптер; 4) Аласа және жер бетінде төселіп жататын арамшөптер.

Жоғарыда айтылғандай ярустардың өзі қалқаларға бөлінеді. Бір яруста бірнеше /2-3/ қалқалар болуы мүмкін, сонымен бірге олардың саны жылдың маусымына /мерзіміне/ байланысты өзгеріп тұрады. Мысалы, бидайық шабындығынан көктемде біртек бидайық жапырақтарынан тұратын бір ғана қалқаны көре аламыз, ал жазда ол қалқадан жоғары оның сабақтарымен гүл шоғырларынан тұратын екінші қалқа дамиды. Ағаш өсімдігі ярусында олардың бөрік бастарының /кроналарының/ орналасуына байланысты 2-3 қалқаларды ажыратуға болады. Ярусты бұлай бөлу әртүрлі тіршілікті және энергетикалық фукцияларға, оның ішінде фотосинтезбен биомасса қорларының бөлінуіне сәйкес келеді. Осы көзқараспен қарағанда жер үстіндегі және жер астындағы ярустарды және олардың қалқаларын биогоризонттарға бөлуге болады.
Ярустылықты зерттегенде әртүрлі әдістер қолданады. Фитоценоздың вертикаль жазықтағы көрінісін суретке түсіріп немесе суретін салып алуды бисекте деп атайды. Бұл фитоценоздың қабаттарының структурасын белгілеп алудың ең қарапайым әдісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет