Фунциональдық фитоценология ғылымы дамуының негізгі кезеңдері, фитоценоздардың қалыптасуы, құрылымы. Фитоценология пәнінің мақсаты және ғылымдар жүйесіндегі орны


ӨСІМДІКТЕР ЖАБЫНДАРЫН КАРТАҒА ТҮСІРУ



бет35/43
Дата14.09.2023
өлшемі10,03 Mb.
#107233
түріҚұрамы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43
Байланысты:
ФУНКЦИОНАЛЬДЫҚ Фитоценология лекция

6. ӨСІМДІКТЕР ЖАБЫНДАРЫН КАРТАҒА ТҮСІРУ.
Геоботаникалық картаға түсіру қазіргі кезде өсімдіктер жабынын зерттеуде және өсімдіктер қауымының географиясын білуде негізгі тәсілдердің бірі болып табылады.
Барлық геоботаникалық карталар толықтығына, дәлдігіне және масштабына қарай төртке бөлінеді:

  1. Майдамасштабы карталар, масштабы 1:500000

  2. Орташа масштабты карталар, масштабы 1: 300000- 1: 100000 3. Ірі масштабты карталар, масштабы 1: 50000 – 1.10000;

4. Толық дәл карталар және пландар, масштаы 1: 5000 – 1: 500.
Әрине, әртүрлі масштабтағы карталарға өсімдіктер жабынының әртүрлі категориялары түсіріледі. Мысалы, майда және орта масштабтағы карталарға және фитоценоздар және ассоцицияларды түсіндіруге болмайды, өйткені ол карталар өте кішкентай жеке фитоценоздарды ірі масштабты және толық, дәл карталарға ғана түсіруге болады.
Барлық геоботаникалық карталар мақсатына және мағанасына қарай бірнеше кластарға бөлінеді, олардың ішіндегі ең маңыздылары мыналар:

  1. Биоэкологиялық жіктеудің негізінде өсімдіктер жабынының ерекшеліктері туралы мәліметтер беретін карталар, олардың талабына сай легенда / каталарға бергекн түсінік сөздер/ жасалынады;

  2. Генетикалық немесе география –генетикалық жіктеудің негізінде өсімдіктер жабынының ерекшеліктері туралы мәліметтер беретін карталар. Бұл жағдайда да картаның талабына сай легендасы жасалады;

  3. Өсімдіктер жабындарының кейбір жеке ерекшеліктері туралы мәліметтер беретін арнайы карталар. Мысалы, мал азықтары, ормандар жалпы өсімдіктер қорлары туралы карталар.

Өсімдіктер жабынын картаға түсіру әдістері әртүрлі. Фитоценоздарды толық, дәл түсіруді территорияны алдын-ала квадраттарға бөліп, қазық /пикет/ қағып белгілеп алып барып бастайды. Ірі және ортамасштабқа түсіруде топографиялық карталар пайдаланылады. Бұл жағдайда топографиялық картаға алдын-ала рельеф ерекшеліктерін ескере отырып паралелель /қатар/ маршруттарды сызып алып барып картаға түсіреді. Паралельді маршруттардың аралығы қанша болу керектігі №11 таблицадан көрсетілген.
Ірі және орташа масштабпен картаға түсіргенде ормансыз жазықтықта автомашина қолданылып, ара қашықтарын спидометр арқылы өлшеп отырады.
Қазіргі кезде геоботаникалық картаға түсіруде аэрофотосьмка өте кең пайдаланылады. Аэрофотосьмка дегеніміз жер бетін ауадан суретке түсіру. Ол үшін аэрофотоаппаттарымен 1:200-ден 1:100000 дейінгі масштабта суретке түсіріледі, соның нәтижесінде алынған аэрофотопландар геоботаникалық картаға түсіруде негізге алынады. Аэрофотосьемка мәліметтеріне негізделіп жасалған геоботаникалық карталар өте дәл және толық болады.
Геоботаникалық картаны басқа тематикалық карталармен /топырақтың, геологиялық, геоморфологиялық, климаттық гидрологиялық және т.б./ салыстыру өсімдіктер қауымдарының өткен кездегі және қазіргі кездегі күрделі экологиялық және географиялық байланыстары тцралы қорытынды жасап және келешекте қалай өзгеретіндігі туралы болжам айтуға мүмкіншілік береді. Сонымен қатар әрбір картаға берілген түсініктер /легендалар/ жалпы классификация проблемасына қосылған үлес болып табылады.
Геоботаникалық карталар геоботаникалық аудандастырудың ғылыми негізгізі болып табылады. Геоботаникалық аудандастыруды дамыту және мейлінше жетілдіру геоботаникалық картаға түсірумен тікелей тығыз байланысты.
Геоботаникалық универсал /түрлі қажетке/ карталар өсімдіктер жабынының арнайы карталарын /азық, орман, өсімдіктер шикі затты және т.б./ және табиғаттың кейбір арнайы карталарын / медико-географиялық, зоогеографиялық және т.б./ жасауға ғылыми негіз болады. Сонымен қатар геоботаникалық карталар халық шаруашылығының әртүрлі саласында / әртүрлі жоспарлау жұмыстарында, ауыл шаруашылығында, орман шаруашылығында, медицина және денсаулық сақтау жұмыстарында, геологияда, өндірістің кейбір салаларында жәнет.б./ және де табиғатты қорғау жұмыстарын ұймыдастыру кең қолданылады.
Барлық ботаникалық карталар екі топқа бөлінеді: флоралық және өсімдіктер жабынының картасы. Өсімдіктер жабынының карталары өз кезегінде геоботаникалық аудандар және геоботаникалық немесе өсімдіктер қауымдарының карталары болып бөлінеді.
Геоботаникалық карталар мақсатына және жасалу принциптеріне байланысты екі категорияға бөлінеді: 1/ универсальды және 2/ арнайы, универсальды геоботаникалық карталар өсімдіктер жабынының бөлшектерінің табиғи қалыптасу процесі кезінде құрылып жер бетінде таралуын көрсетеді. Сонымен бірге бұл карталарда өсімдіктер жабынының бөлшектерінің адам тіршілігі және басқада сыртқы факторлардың әсері нәтижесінде өзгеруінде көруге болады. Соған байланысты универсальды геоботаникалық карталарды 1) қалпына келген өсімдіктер жабыны карталары және 2) қазіргі кездегі өсімдіктер жабыны туралы карталар өсімдіктер жабыны карталары карталары деп екіге бөледі. Қазіргі кездегі өсімдіктер жабыны туралы карталар өсімдіктер жабынын пайдалануға байланысты проблемаларды шешуге пайдаланылады. Ал қалпына келген өсімдіктер жабыны туралы қатарлар экологиялық жағдайды бағалауға және әртүрлі палеогеографиялық мәселелерді шешуге қажет.
Универсал карталар синтетикалық және аналитикалық деп бөлінуіде мүмкін. Синтетикалық геоботаникалық карталар жасау үшін өсімдіктер жабыны толық картаға түсіріледі. Олардың мақсаты әртүрлі. Аналитикалық карталардың қосымша /қосалқы/ маңызы бар, ол карталар кейбір жеке өсімдіктер қауымдарын, олардың топтарын көрсетеді. Бұл карталар мәлімет және монографиялар үшін жасалып әртүрлі салыстырмалы жұмыстар үшін пайдаланылады.
Арнайы геоботаникалық карталардың универсал карталардан айырмашылығы, оларда шаруашылықтағы маңыздылығы туралы түсініктемелер беріледі. Бұл карталарда өсімдіктерді шаруашылықта пайдалану ерекшеліктері көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет