4 ФИТОЦЕНОЗДАРДЫҢ КОМПЛЕКСТІЛІГІ Жер бетінде фитоценоздар белгілі заңдылықтармен таралады. Олардың біреулері негізінен экотоптың жағдайына сәйкес фитоценоздардың алмасу ерекшеліктеріне байланысты. Бұған әртүрлі комплекстік /латынның Complexus –қабысу, тұтасып кету/ құбылыстар жатады. Екіншілеріне ассоциациялардың, формациялардың және өсімдіктер жабыны типтерінің климат жағдайына байланысты таралып горизонтальдық және вертикальдық зоналарға бөлінуі жатады.
Комплекстік – бір ландшафтағы әртүрлі ассоциациялардың экотоп жағдайына байланысты алмасулары салдарынан өсімдіктер жабынының біркелкі емес формалары. Шығу тегі биогендік нанарельфпен / гректің nannos – тырбиған және relief – релеф –бедер, рельефтің өте кішкентай формалары –горизантальі 1дм –2м, вертикалі 1м дейін, мысалы, сарышұнақ төмпешігі / немесе микрорельефпен /гректің micos- кішкентай, relief- рельеф, рельефтің кішкентай формалары, мысалы, кішкентай құм төбешіктері, сор /сортаң/ ойпаты және т.б./ байланысқан нағыз комплекстерде бір емес бірнеше ассоциацияларға жататын фитоценоздардың бір ізбен /жүйелі/ тұрақты алмасып отыратындығын байқауға болады. Комплекстегі фитоценоздар экотондағы /гректің Oikosүй және tonos- пішін, түр ренк, -қауымдвар арасындағы өтпелі микрозона сукцессиялар арқылы бір-бірімен байланысты. Олардың бағыты осы аймақтағы байырғы, түпкілікті өсімдіктер жабыны типтерінің қалыптасуында, өсімдіктер және топырақ –комплексі дамуының жалпы стратегиясы сәйкес болады. Комплекске енетін ассоциациялар саны на байланысты олар екімүшелі, үшмүшелі, төртмүшелі жэәне т.б. болып бөлінеді.
Нағыз комплекстерде фитоценоздардың алмасуы бір жүйемен, тұрақты болады. Ал егер фитоценоздардың алмасуы бір жүйеде, тұрақты болмай әртүрлі сипатта болып және фитоценоздардың мөлшері әр қалай болса ол комплекстілік емес комбинация / латынның combino- қосамын, жалғаймын/ деп аталады. Комбинация мезо және микрорельефке тікелей тәуелді. Комбинация микрокомбинация /кішкентай/, мезокомбинация /орташа/ және макрокомбинация /үлкен/ болып бөлінеді. Мсалы Алатауының батыс беткейіндегі өрік ағашы Armenica vulgaris/ орманымен доланалы – алма /Malus sieversii/, Crataegus songarica/ ормандарының жәнек раушан /Rosa platyacantha / комбинацияларын көруге болады.