Фунциональдық фитоценология ғылымы дамуының негізгі кезеңдері, фитоценоздардың қалыптасуы, құрылымы. Фитоценология пәнінің мақсаты және ғылымдар жүйесіндегі орны


КЕСТЕ №11 ІРІ МАСШТАБТЫ ЖӘНЕ ТОЛЫҚ КАРТАҒА ТҮСІРГЕНДЕГІ ДӘЛДІК ЖӘНЕ МАРШРУТТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАШЫҚТЫҚ



бет36/43
Дата14.09.2023
өлшемі10,03 Mb.
#107233
түріҚұрамы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43
Байланысты:
ФУНКЦИОНАЛЬДЫҚ Фитоценология лекция

КЕСТЕ №11
ІРІ МАСШТАБТЫ ЖӘНЕ ТОЛЫҚ КАРТАҒА ТҮСІРГЕНДЕГІ ДӘЛДІК ЖӘНЕ МАРШРУТТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАШЫҚТЫҚ.

Түсіру

масштаб

Маршрут тар және қазықтар арасындағы қашықтық

Контурдың көлемі

Карта
ға түсіруге міндетті

Ең аз көлемі

Ең аз
ені

Ірі
масштабты

1: 300000
немесе 3 км/см

7,5 км

500,0 га

225,0 га

7,5 км

1: 200000 немесе 2км/см

5,0 км

200,0 га

100, 0га

5,0км




1:100000 немесе 1км/см

2,0 км

50,0 га

25, 0га




250 м

1:50000неме се 500 м/см

1,0км

12,5

6,25




125

1:25000 немесе 250 м/см

0,5 км

3,0 га

1,50га




62, 5м

1:10000 немесе 100м/см

0,2 км

0,5 га

0,25га




25,0м

Толық

1:5000 немесе 50м/см

100м

1250 м2

625,0 м2

м

12 , 50

1:2500 немесе 25 м/см

50 м

300,0 м2

150,0 м2




6,25 м

1:1000 немесе 10 м/см

20

50,0 м2

25,0 м2




2,50

1:500 немесе 5 м/см

10 м

12,5м2

6,25м2




21,5 м

1:250 немесе 2,5 м/см

5 м

3,0 м2

1,5 см2




0,50 м

Арнайы геоботаникалық карталар универсал карталардың негізінде оларды белгілі бір бағытт толықтыру нәтижесінде жасалынады. Оларда бірқатар маңызды көрсеткіштер болады, мысалы мал азығы туралы карталарда -өнімділігі, орылу уақыты және отап жеп қоюы және т.б. орман туралы карталарда – ағаштардың қоры, орман шаруашылғы туралы, дайындау пунктері, ағашты тасуға болатын жолдары туралы және т.б.
Арнайы геоботаникалық карталар оларды шаруашылықта пайдалану бағытына байланысты бірнеше типтерге бөлінеді: 1/ Мал азығы карталары , 2/ Индикациялық карталар; 3/ Ормандар картасы; 4/ Өсімдіктер қоры туралы карталар; 5/ Медико-географиялық карталар және т.б.
Мал азығы туралы карталар мал азығы үшін пайдаланылатын жерлердің өсімдіктер жабынының практикалық маңызы бар структуралық биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін бейнелеуді, олардың өнімділігін сипаттайды. Индикация карталар жасаудың мақсаты өсімдіктер жабынының ортаның кейбір факторларымен немесе табиғат құүбылыстарымен /жер астындағы су, пайдалы қазбалар, топырақтың физико-химиялық қасиеттері және с.с/ ерекше байланыстарын анықтап, көрсетіп келешекте өсімдіктер жабындары арқылы оларды іздеуге мүмкіншілік беру.
Орман туралы карталар әртүрлі ағаш өсімдігі тұқымдарының /порода/ орналасу ерекшеліктері туралы түсінік береді. Бұл карталар ормандағы әртүрлі ағаш өсімдігі түрлерін дұрыс пайдалану үшін инвентаризация жасап орман шаруашылығын дұрыс жоспарлауға өте қажет. Соңғы жылдары пайдалы өсімдік қорларын дұрыс пайдаланып, дайындау үшін әртүрлі өсімдіктер қорларының карталарын жасау кең өріс алып әрі қарай дамуда.
Медициналық география проблемаларын шешуде /мысалы, кейбір аурулардың табиғи ошақтарын зерттегенде, курорттарды орналастыру жұмыстарында /медико-географиялық карталар жасалады. Өсімдіктер жабындарын картаға түсірудің териясын және тәсілдерін жетілдіру геоботаникалық жалпы ғылым проблемаларының дамуына, жаңа ақиқат зерттеу әдістерін кіргізуге, аэро және космометодтардың жетістіктерін кең пайдалануға байланысты.
Өсімдіктер жабындарының классификациясын негізге алып карталарға легенда жасалады. Сондықтан геоботаникалық карталардың ғылыми және практикалық маңыздылығы едәуір дәрежеде өсімдіктер жабындарын классификациялау принциптерімен анықталады.
26-30.
ФИТОЦЕНОЗДАРДЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ және ОРДИНАЦИЯСЫ.

  1. Фитоценоздардың классификациясы және ординациясы туралы жалпы түсінік.

  2. Өсімдіктер ассоциациясы туралы түсінік

  3. Өсімдіктер жабынын классификациялаудың негізгі тәсілдері

    1. Фитоценоздардың экологиялық классификациясы

    2. Фитоценоздардың биоэкологиялық классификациясы

    3. Фитоценоздардың динамикалық классификациясы

    4. Фитоценоздардың генетикалық классификациясы

    5. Фитоценоздардың физиологиялық классификациясы

    6. Фитоценоздардың флоралық классификациясы

  4. Ординация

1. Ежелден адамдар өсімдіктер жабынының орман, шалғындықтағы сол сияқты әртүрлі формаларын ажыратты. Орман танудың ғылыми негізі пайда болғанға дейін тайғаның тұрғындары орманның әртүрлі типтерін мысалы, қарағайлы, шыршалы және олардың варианттарын ажырата білді. Шалғындықтарда өсімдіктеріне және өскен ортасының жағдайына қарай аңғар шалғындары /луга поемные/, орманды алқап шалғындары /луга лесные/, сай-сала шалғындары /луга суходольные/, сулы алқапты шалғындығы /луга пойменные/ деп бөле білді. Бұдан біз шаруашылықпен айналысқан халық үшін әртүрлі өсімдіктер жабындарын бір-біріне көрнекті белгілерімен /құрамымен/ өсімдіктердің шаруашылқтағы маңызымен тіршілік орындарының ерекшелігмен тағы с.с/ ажыратылалын негізгі типтерге біріктіру қажеттігін көреміз.
Осы қажеттілікпен, пайдаланылатын жерлерді типтерге бөлуде /өсімдіктер жабыны белгілеріне сүйене отырып/, өсімдіктер жабынын классификациялаудың түпкі негізгі мақсаты анықталынады. Халықтың, өсімдіктер жабындарының типтеріне қойған аттарының классификациялаудың түпкі негізгі мақсаты анықталынады.
Халықтың , өсімдіктер жабындарының типтеріне қойған аттарының және берген түсініктерінің біреулері көлемі және мазмұны жағынан өте кең /мысалы, орман/ екіншілері – тар көлемді және жеке /қылқан жапырақты орман немесе қара орман/, үшіншілері –оданда тар мағанада /қарағай орман, шырша орман/ болады.
Осылайша өсімдіктер жабынының халық классификациясы пайда болды. Бұл классификацияда тым жалпы ұғымдар /мысалы, орман, шалғындық және т.б/ оған бағынышты ұғымдарға бөлініп, яғни жоғарғы және одан төменгі рангтерден тұратын жүйеге келтіру бірліктерінің “Иерархиясы” пайда болды.
Мұндай жүйеге келтірудің стихиялық процесі кезеңінде әртүрлі аудандарда және елдерде анықталған өсімдік жабындарының типтері әртүрлі атпен аталады. Бұл кезеңде өсімдіктер жабынына берілген бір ұғымның әртүрлі аудандарда мағанасы бірдей болмады. Бір жағдайда өсімдіктер жабынын бөлгенде жүйеге келтіру бірліктерінің жоғарғы рангын анықтаумен шектелсе, басқа жағдайда оларды оған бағынышты майда рангтарға бөлшектенеді. Өсімдіктер жабыны туралы ілімнің алға дамуына баланысты олардың классификациялық бірліктерін /флоралар жүйесіндегі түр, туыс, тұқымдас сияқты / барлық жерге бірдей жүйеге келтіру қажет болды. Бірақ фитоценоздар типін бөліп және жүйеге келтіру өте күрделі проблема. Бұл жұмыстың күрделілігі фитоценоздардың әртүрлі тіршілік формаларына жататын түрлерден құралатындығында. Сонымен қатар фитоценоздар өте динамикалы құбылыс. Кез-келген уақытта фитоценозда оның маусымдық флуктуациялық немесе
сукцессиялық күйлері бейнеленеді. Қазіргі кезде адамдардың әртүрлі әсер етуінің нәтижесінде өсімдіктер жабындарында фитоценоздардың көптеген байырғы және туынды модификациялары кездеседі. Табиғаты әртүрлі фитоценоздарды бір типке жатқызатын, яғни конвергенция әртүрлі текті организмдердің ұқсас белгілерінің болуы/ құбылыстарын жиі кездестіруге болады. Әрине мұндай жағдайларда фитоценоздардың конвергенциясы емес доминанттардың конвергенциясы деп түсінген дұрыс. Конвергациямен қатар табиғатта дивергенцияны да /организмдердің ортақ белгілерінің, ұқсастық қасиеттерінің жойыла бастауы/ байқауға болады. Соның салдарынан өсімдіктердің өскен жерінің жағдайының өзгеруіне баланысты доминанттармен ажыратылады екі фитоценозға бөлініп кететіндігін көруге болады. Бұл нені көрсетеді? Бұл тек қана доминанттарды негізге алып фитоценоздар типтерін бөлу мақсатқа сәйкес келмейтіндігін көрсетеді.
Фитоценоздар типтерін бөлудің тағы бір қиыншылығы олардың көбісінің бір-біріне ұласып жататындығында. Осыған байланысты олардың арасындағы шекараларды тек шартты түрде ғана жүргізуге болады. Бұл жағдайда геоботаникада бұрын басым болып келген бағыт – фитоценоздың дискренттігімен /үзілмелілік/ қатар табиғатта өсімдіктер жабындары үздіксіз /котинуум/ деген ұғымның шығуына алып келді. Фитоценоздың дискренттігін /үзілмелілігін/ мойындаған геоботаниктер бөлінген фитоценоздар типтерін жүйеге келтіру үшін организмдер систематикасындағыдай классификациялау тәсілін қолданады. Ал екінші бағытта, яғни фитоценоздардың үздіксіздігін /континуум/ мойындаған геоботаниктер оларды жүйеге келтіру үшін ординация тәсілін қолданады.
Өсімдіктер жабынының негізгі бөліктері ретінде-фитоценоздар типтерін белгілеу үшін әртүрлі терминдер ұсынылады. Біздің елімізде
Х ІХ ғасырдың соңында және ХХ ғасырдың басында “формация” термині падаланылады. Ол кезде формация деп физиономиялық /сыртқы көрініс/ типтер аталады. Сол кезден бастап “формация” термині өсімдіктер жабынының систематикалық бірлігі ретінде ботаникгеографтар арасында кең тарады. Ботанио-географиялық зерттеу 19 формасын ажыратса, Гризенбах 60, ал Кернер –11 формасын бөлді / формация көлемін түсінуде де бірауыздылық болады. Бұл өсімдіктер жабындарын бөлшектеп бөлуге бір ғана физианомиялық принциптің жеткіліксіз екекендігін көрсетті. 1960 жылы Брюсельде өткен 3-ші халықаралық ботаникалық конгресте өсімдіктер жабындарының негізгі өлшем бірлігі ретінде ассоциация қабылданды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет