Фунциональдық фитоценология ғылымы дамуының негізгі кезеңдері, фитоценоздардың қалыптасуы, құрылымы. Фитоценология пәнінің мақсаты және ғылымдар жүйесіндегі орны



бет34/43
Дата14.09.2023
өлшемі10,03 Mb.
#107233
түріҚұрамы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43
5. ӨСІМДІКТЕР ЖАБЫНДАРЫНЫҢ ЗОНАЛЫҒЫ.
Өсімдіктер жабындарының зоналығы сол территорияның континентальды климат ерекшеліктерімен әрекеттестікте болады. Ал белгілі бір территорияның климат ерекшеліктерін ол жердің мұхиттан қанша жерде орналасқандығына, жауын –шашын мөлшерінек, климаттық режимінің қарама-қарсылығына және өсімдіктердің әртүрлі тау биіктігінде белдеуленіп орналасуына байланысты қарау керек.
Өсімдіктер жабындарының зоналығы геоботаникалық аудандастыру жүйелерінде бейнеленіп көрсетіледі, олар негізінен геоботаникалық аймақтар ретінде көрсетіледі.
Зоналықты жалпы географиялық заң ретінде И.И. Докучев /1898/ дәлелдеді, соның ішінде ол әрбір зонаның климаты, топырағы, өсімдіктер және жануарлар әлемдері арасында заңды байланыстар бар екендігі туралы жазды.
Біздің елімізде /ТМД/ өсімдіктер жабындарының төрт зонасын жақсы ажыратуға болады: тундра, орман, дала және шөл. Әрбір зонада жазықтықтағы тіршілік ететін орындарды /суды бөліп тұатын тегістіктерде/ осы зонаға тән өсімдіктер жабынының зональдық типтері болады. Шөлдер зонасына бұта және бұташа типтері, дала зонасына бұта, шөптесін, орман зонасына – орман және шалғындық /шөптесін/, тундра зонасына қына, мүк және бұташа типтері тән.
Жоғарыда аталған зоналар арасында немесе шекараларында өтпелі алқаптары болады. Ол өтпелі алқаптарды әдетте тип тармақтары есебінде қабылдайды.
Тундра және орман зоналары арасында өтпелі алқап- орманды тундра, орман және дала зоналары арасында өтпелі алқап –орманды-дала, дала және шөл зоналары арасында өтпелі алқап –шөлді дала бар екендігіне көз жеткізуге болады. Осы өтпелі алқаптарда фитоценоздардың комплекстерімен комбинациялары ерекше жиі кездеседі.
Өсімдіктер жабындарының зоналық типтерінің зонаның әрбір геоботаникалық провинцияларында /аймақтар/ өз кезегінде геоботаникалық окруктерге, окруктер геоботаникалық аудандарға бөлінеді. Геоботаникалық окруктерге өсімдіктер формацияларының топтары, геоботаникалық аудандарға формациялар тән.
Егер өсімдіктер жабындарының зонадағы типтері жазықтықтағы тіршілік ету орындарында кездесетін болса, тіршілік етудің басқаша жағдайларында өсімдіктер жабындарының интерзональды /ағылшынның interzonal , латынның inter- аралық және гректің zone –зона/ типтері дамиды. Интерзональды фитоценоздарға, өсімдіктер топтарына мысалы, суаттардағы, арна жанындағы жайылымдардағы, сортаң және қышқыл топырақтағы өсімдіктер жатады. Кейбір зоналардағы экстразональды /латынның extra- сырт және гректің zona- зона/ өсімдіктер жабындары кездеседі. Мысалы, дала зонасындағы қарағай орманы.
Климат тек қана горизонталь бағытта ғана емес вертикаль бағытта да өзгереді. Климатпен бірге өсімдіктерде өзгереді. Жазықтықтағы кейбір зоналар өсімдіктеріне таудың әртүрлі биіктігіндегі белдеуленуі сәйкес келеді /сурет №24/
Зоналық өсімдіктер орналасқан ареалы бойында оңтүстікке және солтүстікке жылжыған сайын олардың климаттық жағдайы өзгереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет