Фунциональдық фитоценология ғылымы дамуының негізгі кезеңдері, фитоценоздардың қалыптасуы, құрылымы. Фитоценология пәнінің мақсаты және ғылымдар жүйесіндегі орны


ӨСІМДІКТЕР АССОЦИАЦИЯСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК



бет37/43
Дата14.09.2023
өлшемі10,03 Mb.
#107233
түріҚұрамы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43
Байланысты:
ФУНКЦИОНАЛЬДЫҚ Фитоценология лекция

2. ӨСІМДІКТЕР АССОЦИАЦИЯСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Ассоциация /ағылшынша –association, латынша associatio- қосу, құрама/ - фитоценоздардың классификациясындағы негізгі синтаксон. Ассациация терминін бірінші неміс ғалымы А. Гумбольдт 1805 ж/ Брюссельдегі /1910ж/ конкресте ассоциацияға мынадай анықтама берілді: “Ассоциация – тіршілік ететін орын жағдайлары біркелкі және сырт көрінісі /физиономиясы/ біркелкі белгілі бір флоралық құрамы бар өсімдіктер қауымы” Сол уақыттан бері “ассоциация” термині көптеген елдерде өсімдіктер жабындарының негізгі өлшем бірлігі ретінде пайдаланылып келеді. Ассоциация өзінен кіші майда бөлшектерге бөлінеді /субассоциация, ассоциациялар варианттары/, сонымен бірге флоралық ортақтығына ірі синтоксондарға / одақтар, қатарлар, кластар тобы, дивизиондар/ біріктіріледі. Біздің елімізде /бұрынғы ССРО/ ұзақ уақыт бойы ассоциациялар доминанттардың ортақтығына байланысты бөлініп келеді. Содан кейін олар сыртқы /физиономиялық/ белгілеріне қарай топтастырылды. Мысалы, ассоциациялар тобы, ассоциациялар класы, формациялар, формациялар тобы, формациялар класы, өсімдіктер жабындарының типтері. Өсімдіктер жабынын классификациялаудың Бүкілодақтық үшінші кеңесінде /Ленинград, 1971/ ассоциацияны анықтағанда флоралық белгіге ерекше көңіл аудару керек деген қарар /революция/ қабылданады. Бұл жағдайда әрине ассоциацияның атын қою үшін синтаксондар номенклатурасын білу керек. Синтаксондар номенклатурасы бөлінген синтаксондарды атаудың ережесі. Классификация принциптеріне байланысты әртүрлі бағыттарда синтаксондар әр қалай аталады. Бұл проблеманы дұрыс шешуде Браун –Бланке мектебі үлкен табысқа жетті, олар бұл жұмыста идиосистематика тәжрибесін табыспен пайдаланды. Браун-Бланке және оны қоштаушылардың дамытып келе жатқан бағыты-фитоценоздар классификациясы флоралық сигматизм деп аталады. Бұл жағдайда әртүрлі рангтағы бірліктер өз аттарын таксондар /туыстар немесе түрлер/ бойынша алады. Таксондар өсіп, тіршілік ететін ортасының жағдайын немесе сырт көрінісін /физиономиясын/ бейнелейді. Синтоксондар атын құрастыру жөніндегі соңғы нұсқауды “фитосоциологиялық номенклатуралар кодексі” деген атпен Баркиан, Моравец және Роше /Миркин, 1983/ дайындап ұсінді. Ол нұсқау 1979 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енді. Бұл кодекстің негізгі ережелері мыналар: 1/ Синтоксондар атау ережесінің негізі болып приоритет принципі алынған, оны синтаксон авторы анықтаған жылын көрсетіп белгілеп қояды. 2/ Синтоксон атының обьектіге толық сәйкес келуі талап етілмейді, ол тек “этикетка” ғана. 3/ Синтаксономиялық негізгі рангсі болып ассоциация саналады. Ассоциациядан төмен субассоциациялар, вариатнттар және фациялар, жоғары- одақтар, қатарлар және класстар бөлінедің. Класстан субассоциацияға дейінгі рангтардың – etea, - etalia, - con, - etum, - etosum, деген жалғаулар болады. 4/ Жоғарғы синтоксономиялық рангты білмей ақ төменгі дәрежедегі синтоксонды бөлуге болады, ал керісінше болмайды. Мысалы, ассоциацияны оның қай класқа жататыны белгісіз болсада бөлуге болады, бірақ класты, егерде оған жататиын бірде-бір ассоциация белгісіз болса, бөлуге болмайды. 5/ Жаңа синтаксонды бөлу үшін бір геоботаникалық бейнелеу /суреттеу/ жеткілікті, бірақ геоботаникалық бейнелеудің саны онға жақын болғаны дұрыс. Ассоциациялар және субассоциациялар үшін бейнелеу типтері белгіленеді/ таксондарды суреттегенде гербарилық үлгілер сияқты. 6/ Синтоксон атын жариялау заңды болып саналады егерде оған нақтылы бейнелеудің фитоценологиялық таблицасы қоса берілсе. Таблицада диференциалды немесе оларға тән, ерекше түрлер бөлініп көрсетілу қажет. Дифференциальды және ерекше тән түрлер тұрақты /констант/ түрлермен бірге диагностикалық түрлерге жатады. Диагностикалық түрлерді негізге алып синтаксондарға диагноз қойылады. Біздің елімізде ассоцияцияны атаудың өте қарапайым жүйесі кең тараған. Оның екі әдісі бар. 1. Бірнші әдісінде бірнеше диагностикалық түрлерді “+” /бір яруста/ немесе
“-“ әр түрлі яруста белгілерімен біріктіру арқылы құрастырылады. Синтаксон атына кірген түрлер атау септігінде беріледі. Мысалы Picea Schrenkana (Шрек шыршасы Ель Шренка) Guercus zobuz (Дуб гречатый Кәуіргі емен), Carex pilosa.
Егерде вегетациялық маусымда бір яруста доминанттар алмасатын болса онда олар стрелка арқылы қосылады: Guercus zobuz , Cjrydalis Solida Anemone Ranunculoides Aegopodium Podogzazia минаттар тобы ↔ белгісімен қосылады, мысалы Bromus inermis + Elytrin repens ↔ Alopecuzus pratensis
Ассоциацияны атаудың екінші әдісіне келетін болсақ, басым ярустағы доминант түрдің латынша атына туыс аты алынады да оның түбіріне etum деген жұрнақ қосылады / мысалы Pinus –Pinetum және с.с. және екінші сөз, әдетте бағынышты ярустардың доминант немесе доминанттарының туыстық немесе түрлік латынша аттарының түбіріне / немесе түбірлеріне/ Osum деген жұрнақ қосу арқылы пайда болады / мысалы Sphagnum – Spagnosum vaccinium myrtillus – myrtillosum және с.с. Егерде бас яруста екі түр доминант болса, олардың екеуіде ассоциацияға ат қойғанда пайдалданады, олар сызықша белгісімен қосылады: мысалы Mixtoherbetum / алуан шөптесін өсімдіктер түрлері басым/, herbosum төменгі яруста шөптесін өсімдіктер басым/.
Біздің елімізде қолданылатын осы екі әдістің әрине жоғарыда айтылып өткен біріншісі оңай әрі ыңғайлы. Бұл екі әдістеде ассоциацияға ат қою үшін доминанттар пайдаланылады. Біздің ойымызша жоғарыда айтылып өткен Браун-Бланке мектебі – сигматизм қолданушылардың тәжірибелерін, принциптерін пайдаланған мақсатқа сейкес, орынды болар еді. Тәуелсіз мемлекеттер Достығы елдерінде таксономиялық бірліктер иерхиясында ассоциациялар тобы, формация, формациялар тобы, формациялар класы және өсімдіктер жабыны типі деп бөлу қабылданған. Негізгі таксономиялық бірліктер болып ассоциация, формация және өсімдіктер жабыны типі болып саналады.
Формация /латынның Forma- форма, түр/- фитоценоздарды сырт көрінісіне /физиономиясына/ қарап классификациялаудың рангісі. Бұл терминді немістің табиғат зерттеушісі Гризебах /1838ж/ енгізді. Формацияны бір /кейде бірнеше/ доминанттың барлығына бөледі.
Өсімдіктер жабыны типі –фитоценоздардың сырт көрінісіне қарай классификациялауда ең жоғарғы ранг. Өсімдіктер жабыны типі- доминанттары бір тіршілік формасына жататын фомациялар жиынынтығы/ мысалы, ормандар, шалғындықтар және с.с./ Кейбір ерекшеліктеріне қарамай маңызды белгілерінің ұқсастығына байланысты особьтар бір түрге жатқызылады. Сол сияқты кейбір өзіндік ерекшеліктеріне қарамай жалпы белгілерінің ұқсастығына байланысты фитоценоздар ассоциацияның нақтылы өкілі. Ассоциацияға жатқызылған фитоценоздарды кейде ассоциацияның учаскесі деп атады. Бұл онша дұрыс түсінік кемес, өйткені бұлай санау фитоценоз ассоциацияның өкілі емес әшейін бір бөлшегі деген ойға келтіреді. Жоғарыда ұқсас фитоценоздар ассоциацияға біріктіріледі дедік. Бұлай біріктіруде әрине заңды сұрақтар туады: Фитоценоздардың ұқсастығын қандай белгілері арқылы анықтау керек? Ұқсастық дәрежесінің шамасы қандай болуы керек?
Жоғарыда келтірілген ассоциацияның анықтамасы /3-ші Халықаралық ботаникалық конгрестегі / бірінші сұраққа жауап береді. Ол анықтамада негізгі белгілер /флоралық құрамы, тіршілік ету орны жағдайы, сырт көрінісі/ физиономиясы / көрсетілген. Ал екінші сұраққа бұл анықтамада жауап жоқ. Сондықтан бұл сұрақты түсіну үшін мәселесінде геоботаниктер арасында жалпы келіспеушіліктер, қайшылықтар болды. Дегенмен ТМД Елдерінің геоботаниктері арасында бұл мәселе туралы қабылданған мынадай ереже бар. Бір ассоциацияға ұқсас биотопта және тіршілік ету орнында өсімдіктер арасындағы қарым-қатынастың ұқсастығын бейнелейтін структурасы және құрамы /доминантар және субдоминанттар бойынша/ бар фитоценоздар жатады.
Синтоксономиялық иерархияда ассоциациядан кейін, төмен субассоциация деген де бірлік бар. Принципінде ассоциациямен субассоциация арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Субассоциация дегеніміз ассоциацияның экологиялық варианттары. Табиғатта мынадай субассоциацияларды ажыратады: 1/ климаттық 2/ эдофогендік, 3/ аймақтық, 4/ сукцессиялық.
Климаттық субассоциация кең географиялық және климаттық ареалы бар ассоциацияларға тән. Мсалы қарағайлы қыналы орман асслоциациясы Кольск жарты түбегінде, орман зонасында және дала зонасында кездеседі. Оның барлығы бір ассоциацияға жатады. Өйткені олардың ұқсастық дәрежесі жоғары. Бірақ оларға әртүрлі географиялық жағдай, климат өз әсерлерін тигізеді. Соның нәтижесінде олардың әр қайсысында сол жердің жағдайына тән өсімдіктердің кейбір түрлері пайда болады. Олардың басқада ерекшеліктері болады. /мысалы, ағаштардың қалыңдығында, қарағайдың өсуінде және оның өнімділігінде, жаңаруындағы тағы с.с./ Таулы аудандарда бір ассоциацияның қауымдары теңіз бетіне әртүрлі биіктіктерге әртүрлі климат жағдайларында кездеседі. Мұндай климаттық субоссоциациялар шалғындық, далалық, шөлдік ассоциациялар да кездеседі.
Эндогендік субассоциациялар әртүрлі және өте көп. Мысалы, кез-келген бір шалғындықтағы бар астықтұқымдас доминант болатын ассоциацияны алатын болсақ, ол ассоциация орналасқан учаскенің бір жері құрғақ, бір жері ылғал, тағы бір жерінің батпақтанып бара жатқан белгісі бар екендігін көруге болады. Соған байланысты мұндай ассоциация ішінде субассоциациялар бөлу ол ассоциацияның экологиялық біркелкі еместігін көрсетеді.
Аймақтық субассоциациялар тек қана ассоциация ареалының бір бөлігінде ғана орын алып, басқа жерлерінде кездеспейді. Себебі ассоциация орналасқан учаскенің біркелкі еместігінде.
Сукцессиялық субассоциация өте кең тараған. Ол ассоциацияның дамуындағы /доминанттар түрлер ауысқанша/ сингенездің экогенездің, демутацияның әртүрлі фазалары.
Фитоценоздардың және ассоциациялардың белгілерін зерттегенде оларды аналитикалық және синтетикалық деп ажыратады. Аналитикалық белгілер нақтылы фитоценоздарды сипаттайды: олардың әрқайсысының флоралық құрамы, түрлер арасындағы сандық арақатынасы және басқада олардың структурасымен динамикасы туралы белгілері. Синтетикалық белгілер ассоциацияны сипаттайды; оны осы ассоциацияға жататын ценозды / өсімдіктің табиғи тобы/ салыстыру арқылы анықтайды. Бұл белгілер, түдің белгілеріне ұқсас, олардың жиынтығы ассоциацияның диагнозын құрады. Сондықтан ол белгілерді ассоциацияның диагностикалық белгілері деп атаған дұрыс.
Ассоциацияны сипаттайтын диагностикалық белгілер бірнеше фитоценоздарды салыстырып зерттеу нәтижеснде анықталады. Ценоздарды салыстырмалы зерттеу нәтижелері құрама таблицаға /доминанттарының ұқсастығына байланысты бір ассоциацияға жатады деген болжаумен/ жинақталады /КЕСТЕ №12/. Таблицаның жоғарғы бөлігінде ценоздарды сипаттап жазу номерлері, сипаттау уақыты және тіршілік ету орнын сипаттайтын белгілері келтіріледі.
КЕСТЕ №12


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет