ПЕТРОПАВЛ – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
ОБЛЫСЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ
1936 жылғы 29 шілдеде Қостанай жəне Солтүстік Қа-
зақстан облыстарын құру жəне Қарқаралы округін тарату
туралы Мəскеудегі Бүкілодақтық Орталық Атқару Коми-
теті, яғни Кеңестер Одағының ең жоғарғы өкімет билігі сол
жылы қабылданған ССРО жаңа Конституциясына сəйкес қа-
улы қабылдады. (Қазақстанның əкімшілік-аумақтық бөлісі
туралы (1920 ж. тамыз-1936 ж. желтоқсан) анықтамалық. А.
1959 ж. 235,253-беттер).
Жəне дəл сол құжат бойынша Солтүстік Қазақстан об-
лысында Келлер жəне Соколов аудандары құрылған бо-
латын. (Қазақстанның əкімшілік-аумақтық бөлісі туралы
(1920 ж. тамыз-1936 ж. желтоқсан) анықтамалық. А. 1959 ж.
253-бет). Осыған дейін Қарағанды облысына қарап келген
Пресногорьков ауданын Қарағанды облысынан алып, жаңа-
дан құрылған Қостанай облысына беру туралы. БО ОАК
қаулысы шықты. (Қазақстанның əкімшілік-аумақтық бөлісі
туралы (1920 ж. тамыз-1936 ж. желтоқсан) анықтамалық. А.
1959 ж. 253-бет)
10 ақпан 1935 жыл. Орталығы Алексеев селосы болатын
Сталин ауданының жаңа əкімшілік-аумақтық бөлінісін мына
құрамда бекіту туралы Богдан, Боярский, Ворошилов, Голо-
щёкин, Гуляйполе, Елтай, Интернационал, Каз.ЦИК атын-
дағы совхоз, Калинин, Канкринский, Кеңес, Қосқарағай,
Көшкін, Наумов, Никольский, Ново-Рыбинский, Өрнек,
Приозёрный, Трудовой, Еңбек сельсоветтері. Қарағанды
облыстық атқару комитетінің қаулысы шыққан күн. (СҚО
ММ. 1189-қор. 1-тізбе. 167-іс. 17-24-парақтар.).
10 ақпан 1935 ж. Орталығы Токарев селосы болатын
Тельман ауданының жаңа əкімшілік-аумақтық бөлінісін
мына құрамда бекіту туралы. Ақтөбе, Арбайтер, Астахов,
Вольный, Долинка, Жаңаауыл, Колхоз, Красно-Кутский, По-
корный, Ростов, Сенокос, Токарев сельсоветтері болып Қа-
рағанды облыстық атқару комитетінің қаулысымен қалыпта-
сты. (СҚО ММ. 1189-қор. 1-тізбе. 167-іс. 17-24-парақтар.).
89
Орталығы Марьевка селосы болатын Төңкеріс ауданының
жаңа əкімшілік-аумақтық бөлінісін мына құрамда бекіту ту-
ралы. Голощёкин, Городец, Дмитриев, Есіл, Жалтыр, Исаев,
Кеңес, Коновалов, Крещенский, Марьевска, Төменгі Бүрлік,
Семиполка, Сергеев, Степной сельсоветтері. Қарағанды об-
лыстық атқару комитетінің қаулысы шыққан күні –10 ақпан
1935 ж. (СҚО ММ. 1189-қор. 1-тізбе. 167-іс. 17-24-парақтар.).
1939 жылғы 20 сəуірде Солтүстік Қазақстан облысы При-
ишим ауданындағы Рыков селосының атауы Луговое селосы
болып өзгеруі Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының
Жарлығымен заңдастырылды. (Қазақ ССР Жоғарғы Со-
ветінің ведомостары.. 1934. № 4. 12-бет.). Айта кету керек,
Алексей Иванович Рыков орыс революционері, Лениннің
серіктерінің бірі, төңкерістен кейін Кеңес үкіметінің төраға-
сы қызметіне дейін өскен болатын. Алайда, Компартияның
ең жоғарғы тобының өз ішінде алауыздық туып, И. Сталин-
ге жақпай қалғаннан кейін жалалы болған. Бір кезде аты
шыққан қайраткердің есімін ел жадынан өшіру салты бой-
ынша, оның атымен аталған Қазақстанның Солтүстігінде-
гі түкпірде орналасқан кішкене ғана селоның атауы да өз-
гертілгені сол кездің саяси «ойындарының» бірі екендігін
ескертеміз.
Жаңадан құрылған кəсіпорындарға, елді мекендерге
Кеңес үкіметінің, Коммунистік партияның жетекші қыз-
меткерлерінің есімін беру, əсіресе, ХХ ғасырдың алғашқы
ширегінде салтқа айналған болатын. Сонда ол адамдарды
кісілік қасиеті, халқына, немесе сол маңайға сіңірген еңбе-
гі үшін, айта қалғандай, жанқиярлық еңбегі үшін емес, жаңа
биліктің биік сатысындағы лауазымы үшін ұлықтайтын.
Осылайша, өкімет билігін мойындату, билікке бағынды-
ра отырып «силату» дегеніміз идеологиялық тəрбие құра-
лы ретінде санаға сіңірілді. Керісінше, жоғарғы билікке
жақпай, «жазықты» болып қалса, ондай тұлғалардың есімі
ел санасынан жедел өшірілетін. Осындай «антропотоним-
дермен ойнау» үрдісінің мысалдары солтүстік Қазақстанда
да жеткілікті.
Жоғарыда айтылғандай, Компартия көсемдерін топоним-
дер арқылы дəріптеу 1925 жылдары-ақ басталғанда, əр жыл-
90
дары Қазақ автономиясы Орталық атқару комитетінің төраға-
сы болған Сейітқали Меңдешев, Əліби Жангелдин, Жалау
Мыңбаев, Елтай Ерназаровтың, үкімет басқарған Сəкен Сей-
фуллин, Ораз Жандосов, Ораз Исаев, Ұзақбай Құлымбетов
есімдері, Республика компартиясының Голощекин, Мирзоян
сияқты көсемдері Ленин, Троцкий, Дзержинский, Цурюпа,
Сталин, Молотов, Ворошилов, Каганович, Ежов сияқты лау-
азымды қызметкерлермен иық тіресіп, өз аттарымен байырғы
қазақ жеріне «көрік беріп» тұрған дəуір болған. Тарих дөң-
гелегі алға айналған сайын, табиғи іріктеу үдерісінің нəти-
жесі деуге тұрарлықтай өзгерістер болып жатты. 1937 жылы
басталып, бірден күшейіп берген саяси қуғын-сүргін науқа-
нында «халық жауы» атанып, ұсталық кеткен кешегі қайрат-
керлердің есімдерін жаппай өшіру науқаны қоса жүрді.
Солтүстік Қазақстан облысының əкімшілік-аумақтық
бөлініс тарихын қарап отырсаңыз, мемлекеттік құрылыс
ісінде орын алған талай орынсыздық пен көпе-көрнеу бұр-
малаушылықты көресіз, Мысалы, 1935-36 жылдары Сол-
түстік Қазақстан облысындағы 6 сельсоветке Ораз Исаевтің
аты берілген екен де, 1937 жылы ол тұтқындалған соң, сол
татауларды жойып, тиісінше, Ленин, Совет, Октябрь т. с.с.
«телпекбай» атаулар жеделдетіп қойылған. НКВД «қарақшы-
сы» атанған Ежов, СҚО обком хатшысы Беккер, Құлымбетов,
Тухачевский, Блюхер атындағы елді мекендердің атауы өз-
гертілген.
1936 жылғы 29 шілдеде Қостанай жəне Солтүстік Қа-
зақстан облыстарын құру жəне Қарқаралы округін тарату
туралы Мəскеудегі Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті,
яғни Кеңестер Одағының ең жоғарғы өкімет билігі сол жылы
қабылданған ССРО жаңа Конституциясына сəйкес қаулы қа-
былдады. (Қазақстанның əкімшілік-аумақтық бөлісі туралы
(1920 ж. тамыз-1936 ж. желтоқсан) анықтамалық. А. 1959
ж. 235,253-беттер). Облыстың аумағы 25 ауданнан құралып,
былайша сипатталды: жəне дəл сол құжат бойынша Сол-
түстік Қазақстан облысында Келлер жəне Соколов аудандары
құрылған болатын. (Қазақстанның əкімшілік-аумақтық бөлісі
туралы (1920 ж. тамыз-1936 ж. желтоқсан) анықтамалық. а.
1959 ж. 253-бет). Солтүстік Қазақстан облысына бұл аудан-
91
дармен қатар, облысқа бағынатын қала санатындағы Степняк
қаласы да қарады.
Рет саны
Ауданның атауы
Орталығы
Советтер саны
1
Айыртау
Володар селосы
22
2
Арықбалық
Арықбалық селосы
17
3
Атбасар
Атбасар қаласы
19
4
Бейнетқор
Шолақ Досжан селосы
14
5
Булаев
Булаев селосы
25
6
Есіл
Қима селосы
26
7
Зеренді
Зеренді селосы
12
8
Калинин
Журавлевка селосы
16
9
Келлер
Келлер селосы
18
10
Қызылту
Қызылту селосы
14
11
Көкшетау
Көкшетау қаласы
14
12
Красноармейск
Новосухотин селосы
22
13
Ленин
Явленка селосы
19
14
Макин
Вознесенка селосы
14
15
Мамлют
Мамлют селосы
12
16
Молотов
Балкашино селосы
22
17
Полудин
Полудин селосы
17
18
Преснов
Преснов селосы
13
19
Приишим
Боголюбово селосы
11
20
Рузаев
Рузаев селосы
16
21
Соколов
Соколов селосы
11
22
Сталин
Алексеев селосы
21
23
Төңкеріс
Марьев селосы
15
24
Щучинск
Щучье селосы
12
25
Еңбекшілдер
Казгородок кен
10
92
Облыс құрамынан жаңа құрылған Келлер ауданын нығай-
ту мақсатында ҚазОАК Төралқасының 1936 жылғы 23 қа-
зандағы қаулысымен Волынск, Богодуховка, Глубокое, Горь-
кий, Драгомиров, Келлер, Краснодольск, Краснополянск,
Краснокаменск, Кремечуг, Летовка, Нагорный, Озерный,
Подлесный, Ростов, Степной, Чернигов жəне Южный сель-
советтері Красноармейск ауданынан Келлер ауданына беріл-
ді. (СҚО ММ. 1189-қор. 1-тізбе. 167-іс. 12-15-парақтар).
Осы қаулымен Соколов ауданының аумағы Мамлют ауда-
нынан Вагулин, Глубокое, Долматов, 1-Дубровин, Красно-
ярск, Кустовск, Лебедков, Налобин, Сивков, Соколов, Сум-
ский сельсоветтерін Мамлют ауданынан алып беру арқылы
толықты. (СҚО ММ. 1189-қор. 1-тізбе. 166-іс. 12-15-па-
рақтар).
1936 жылы ССРО-ның жаңа Конституциясының қабыл-
дануы Қазақстан мемлекеттілігі тарихындағы тағы бір еле-
улі кезең болды. Қазақстан РСФСР құрамынан шығып,
одақтық республика санатында Советтік Социалистік Ре-
спубликалар Одағының толық құқылы мүшесі болды. 1937
жылы Қазақ ССР советтерінің кезектен тыс Ү сьезінің
шешімімен бекітілген Қазақ ССР Конституциясына сəйкес
Қазақстанның Орталық жəне жергілікті билік органдары
жаңаша түзілді. Барлық деңгейдегі өкілетті органдар жұ-
мысшы, шаруа жəне қызылəскер депутаттарының Советтері
деп аталатын болды. Тиісінше, Солтүстік Қазақстан облы-
сының ең жоғарғы билік жəне өкілетті органы облыстық
атқару комитетінің төралқасы болды да, ол 1939 жылғы сай-
лаудан кейін облыстық атқару комитеті деп аталды.
23 қазан 1936 ж. Волынск, Богодуховка, Глубокое, Горь-
кий, Драгомиров, Келлер, Краснодольск, Краснополянск,
Краснокаменск, Кремечуг, Летовка, Нагорный, Озерный,
Подлесный, Ростов, Степной, Чернигов жəне Южный сель-
советтерін Красноармейск ауданынан Келлер ауданына
беру туралы. ҚазОАК Төралқасының қаулысы. (СҚО ММ.
1189-қор. 1-тізбе. 167-іс. 12-15-парақтар).
23 қазан 1936 ж. Вагулин, Глубокое, Долматов, 1-Дубро-
вин, Красноярск, Кустовск, Лебедков, Налобин, Сивков, Со-
колов, Сумский сельсоветтерін Мамлют ауданынан Соколов
93
ауданына беру туралы. ҚазОАК Төралқасының қаулысы.
(СҚО ММ. 1189-қор. 1-тізбе. 166-іс. 12-15-парақтар).
1937 жылдың көктемінде басталған саяси қуғын-сүр-
гін науқанының жаппай сипат алуына байланысты Кеңес
Одағының ең жоғарғы үкімет жəне партия билігіндегі ба-
смшы қызметкерлерге «халық жауы» деген атақ тағылып,
түрмеге қамалды. Демек, бұрын елді мекендерге аттары
берілген кеңес қайраткерлерінің аттарын өшіру науқанына
байланысты Солтүстік Қазақста облысының топонимика-
сына да көптеген өзгерістер енгізілді.жағдайларға байла-
нысты өзгерген атаулар толықтырылады. Мысалы, Беккер
атындағы үш селолық совет, Құлымбетов, Елтай Ерназаров
атындағы екі селолық совет, Блюхер, Қазақстан Үкіметінің
төрағасы болған Ораз Исаев атындағы төрт селолық совет,
Филипп Исаұлы Голощекин атындағы екі селолық совет,
Мирзоян, Голощёкин т. б. аты өшіріліп, жедел түрде басқа-
ша атала бастағанын көреміз.
31 наурыз 1937 ж. Жарсуат аулсоветін Солтүстік Қа-
зақстан облысы Калинин ауданынан Қарағанды облысы-
ның Ново-Черкасск ауданына беру туралы. ҚазОАК қаулы-
сы. (Солтүстік Қазақстан облысының əкімшілік-аумақтық
бөлінісі туралы (1920 ж. –1953 ж) анықтамалық. 1953 ж.
101-бет.
25 маусым1937 ж. Сталин сельсоветін тарату туралы
Мамлют ауаткомының шешімі. (СҚО ММ. 1189-қор. 1-тізбе.
293-іс. 29-пара қ).
1938 жылғы 28 шілдеде Усерденск жəне Екатерина сель-
советтерін Қостанай облысы Пресногорьков ауданынан
алып, Солтүстік Қазақстан облысының Преснов ауданына
беру туралы. Преснов ауданының Қарақамыс ауылсоветін
Қостанай облысының Пресногорьков ауданына беру туралы.
ҚазОАК қаулысы жарық көрді. (Солтүстік Қазақстан облы-
сының əкімшілік-аумақтық бөлісі туралы (1920 ж. –1953 ж)
анықтамалық. П. 1953 ж. 115-бет).
1938 жылғы 3 тамызда Рузаев ауданы Исаев ауылсоветін
Каганович аулсоветі деп қайта атау туралы. Солтүстік Қа-
зақстан облаткомы төралқасының қаулысы. (СҚО ММ.
1189-қор. 1-тізбе. 365-іс. 43-парақ) жəне Октябрь ауданы
94
Исаевский аулсоветін Ленин аулсоветі деп қайта атау тура-
лы. Солтүстік Қазақстан облаткомы төралқасының қаулысы.
(СҚО ММ. 1189-қор. 1-тізбе. 365-іс. 134-парақ).
«Халық жауы» атанғандардың соты болып, тиісті жаза
тағайындаплған соң, олардың есімі берілген елді мекен-
дердің атын өзгерту туралы мынадай құжаттар қабылданған.
14-15 қараша 1938 ж. Ленин ауданындағы Исаев ауыл-
советін Ежов аулсоветі деп, Бейнетқор ауданындағы Исаев
селсоветін Каганович сельсоветі деп қайта атау туралы. Қа-
зақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының қаулысы. (СҚО
ММ. 2112-қор. 1-тізбе. 19в-іс, 121-парақ.).
13 қаңтар 1939 ж. Бейнетқор ауданы Голощекин ауыл-
сельсоветін Амангелді ауылсельсоветі деп қайта атау ту-
ралы. Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитеті
төралқасының қаулысы. (СҚО ММ. 1189-қор. 1-тізбе. 547-іс.
160-парақ).
20 сəуір 1939 ж. Солтүстік Қазақстан облысы Приишим
ауданындағы Рыков селосын Луговое селосы деп қайта атау
туралы. Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Жар-
лығы. (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің ведомостары.. 1934.
№ 4. 12-бет.).
29 қыркүйек 1939 ж. Солтүстік Қазақстан облысындағы
бұрынғы Красноармейск совхозынан Дмитриев, Октябрь,
Комсомол жəне Ворошилов сельсоветтерін құру туралы. Қа-
зақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығы. (Қазақ
ССР Жоғарғы Советінің ведомостары.. 1934. № 4. 12-бет.).
1939. № 9. С. 34.).
1939 жылғы 14 қазанда Қазақ ССР-ның құрамында
Семей, Ақмола, Жамбыл облыстарын құру туралы жар-
лыққа сəйкес, Солтүстік Қазақстан облысының Степняк
қаласы мен Арықбалық, Атбасар, Есіл, Зеренді, Калинин,
Макинский, Молотов, Рузаев, Сталин, Щучинск, Еңбек-
шілдер аудандары Ақмола облысының құрамына берілді.
ССРО Жоғарғы Советі Президиумының Указы. (ҚР ОММ.
1109-қор. 5-тізбе. 46-іс. 19-парақ.). ССРО Жоғарғы Советі
Президиумының 1939 жылғы 14 қазандағы Жарлығы бой-
ынша Қазақ ССР-ның құрамында Семей, Ақмола, Жамбыл
облыстары құрылды. Солардың ішінде жаңадан құрылған
95
Ақмола облысының құрамына Солтүстік Қазақстан об-
лысының Степняк қаласы мен Арықбалық, Атбасар, Есіл,
Зеренді, Калинин, Макинский, Молотов, Рузаев, Сталин,
Щучинск, Еңбекшілдер аудандары берілді. ССРО Жоғарғы
Советі Президиумының Указы. (ҚР ОММ. 1109-қор. 5-тізбе.
46-іс. 19-парақ.).
Содан екі күннен соң, Солтүстік Қазақстан облысының
Қызылту, Көкшетау, Красноармейск жəне Еңбекшілдер ау-
дандары есебінен орталығы Чкалов селосы болатын Чкалов
ауданы құрылып, оның құрамына Қызылту ауданының Ала-
бота, Көкшетау ауданының Аймақ, Красноармейск ауданы-
ның Андреев, Белояр, Вишневка, Дон, Зеленогай, Калинин,
Қаратомар, Константинов, Краснокиевск, Новодворовск,
Новогречановск, Ново-Березовск, Петров, Подольск, Чкалов
и Яснополянск; Еңбекшілдер ауданының Амандық ауыл-
дық-селолық советтері берілді. Қазақ ССР Жоғарғы Советі
Президиумының Жарлығы. (Қазақ ССР Заңдары мен Қазақ
ССР Жоғарғы Советі Президиумының Жарлықтарының жи-
нағы. (1938 ж. – 1957 ж.). А. 1958. 122-123-беттер.).
28 қазан 1939 ж. Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиу-
мының 1939 жылғы 16 қазандағы «Қазақ ССР-нда жаңа
аудандар құру туралы» Жарлығына іштей өзгерту енгізіп,
Солтүстік Қазақстан облысының Красноармейск ауданы-
на үш колхоздан тұратын (Чкалов ауданына қосылған Сəу-
ле, Жаңаталап колхоздарынан басқа) беру туралы.. Қазақ
ССР Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығы. (Қазақ
ССР Заңдары мен Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумы-
ның Жарлықтарының жинағы. (1938 ж. – 1957 ж.). А. 1958.
124-бет.).
1940 жылдың басында ССРО ішкі Істер министрі болған
Ежовтың өзі тұтқындалып, одан кейін ату жазасына бұйы-
рылған соң, Ленин ауданындағы бұрынғы Ежов ауылсоветі
Арал аулсоветі болып қайта аталатын болды.
Облыстың əкімшілік-аумақтық бөлінісін ретке келтіру
1940 жыл бойы одан əрі жалғасты. Мысалы, 8 сəуірде Сол-
түстік Қазақстан облысы Красноармейск ауданындағы Омбы
теміржолына қарасты Тайынша станциясы маңындағы
елді мекендерді жұмысшы поселкелері қатарына жатқы-
96
зып, Тайынша жұмысшы поселкесі деп атау туралы Қазақ
ССР Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығы жарыққа
шықты. Келесі жылы 10 наурызда Солтүстік Қазақстан об-
лысы Совет ауданында Смирнов жұмысшы поссоветін құру
туралы Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитеті
шешімі қабылдады. (СҚО ММ. 1189-қор. 1-тізбе. 973-іс.
212-парақ.). Солтүстік Қазақстан облысы Совет ауданы
Смирнов елді мекенін жұмысшы поселкелері қатарына
жатқызып, Смирнов жұмысшы поселкесі деп атау туралы..
Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумы Жарлығы. (Қазақ
ССР Заңдары мен Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумы-
ның Жарлықтарының жинағы. (1938 ж. – 1957 ж.). А. 1958.
145-бет.
21 мамырда Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының
тиісті Жарлығы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Төң-
керіс ауданының аты Октябрь ауданы болып өзгерді.
31 шілде 1940 ж. Солтүстік Қазақстан облысы Бейнетқор
ауданын Совет ауданы деп қайта атау туралы Қазақ ССР
Жоғарғы Советі Президиумы Жарлығы жарияланды (Қазақ
ССР Заңдары мен Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиу-
мы Жарлықтарының жинағы. (1938 ж. – 1957 ж.). А. 1958.
115-бет.).
30 қараша1940 ж. Солтүстік Қазақстан облысы Прес-
нов ауданындағы Буденый ет-сүт совхозын Островский
сельсоветінің əкімшілік қамтуына беру туралы. Қазақ ССР
Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығы. (Қазақ ССР
Заңдары мен Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумы Жар-
лықтарының жинағы. (1938 ж. – 1957 ж.). А. 1958. 136-бет.).
Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының 1942 жылғы
23 наурыздағы Жарлығы бойынша Солтүстік Қазақстан об-
лысы Петропавл селолық ауданы мына құрамда құрылды:
орталығы Петропавл қаласы. Архангельск, Бескөл, Кри-
возерск, Ново-Каменска, Ново-Павлов, Петерфельд жəне
Плоское селолық советтері. (Қазақ ССР Заңдары мен Қазақ
ССР Жоғарғы Советі Президиумы Жарлықтарының жи-
нағы. (1938 ж. – 1957 ж.). А. 1958. 149-бет.).
Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының 1942 жылғы
23 наурыздағы жарлығы бойынша Совет ауданының ор-
97
талығын Шолақ Досжан ауылынан Смирнов селосына
көшірілді (Қазақ ССР Заңдары мен Қазақ ССР Жоғарғы Со-
веті Президиумы Жарлықтарының жинағы. (1938 ж. – 1957
ж.). А. 1958. 145-бет.).
1944 жылғы 15 наурызда орталығы Көкшетау қала-
сы болатын Көкшетау облысы құрылып, оның құрамына:
Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау, Келлер, Қы-
зылту, Көкшетау, Красноармейск, Чкалов аудандары жəне
Ақмола облысы құрамынан Арықбалық, Зеренді, Рузаев,
Щучинск, Еңбекшілдер аудандары берілетін болды. Қазақ
ССР Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығы. (Қазақ
ССР Заңдары мен Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиу-
мы Жарлықтарының жинағы. (1938 ж. – 1957 ж.). А. 1958.
159-бет.
Сол 1944 жылы 8 мамырда Солтүстік Қазақстан облы-
сында орталығы Конюхов елді мекені болатын Конюхов
ауданы құрылып, жаңа ауданның құрамына Булаев ауда-
нынның Березняки, Воскресен, Заросленский, Камышлово,
Колосов, Конюхов, Куломзин, Лебяжье, Ново-Успенск, Ок-
тябрь, Пролетар, Суворов, Чистянск сельсоветтері берілді.
Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығы. (Қа-
зақ ССР Заңдары мен Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президи-
умы Жарлықтарының жинағы. (1938 ж. – 1957 ж.). А. 1958.
160-бет.
Көкшетау облысы Көкшетау ауданының орталығы 1945
жылғы 24 шілдеде Көкшетау қаласынан Красный Яр село-
сына көшіру туралы Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президи-
умының Жарлығы жарық көрді. (Қазақ ССР Заңдары мен
Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумы Жарлықтарының
жинағы. (1938 ж. – 1957 ж.). А. 1958. 181-бет.). ҚР ОММ.
1109-қор. 5-тізбе. 1-іс. 92-парақ
1948 жылғы 16 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы,
орталығы Совет ауданындағы Совет астық совхозы болған
селолық совет Булаев ауданының əкімшілік қамтуына беріл-
ді. Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығы.
(Қазақ ССР Заңдары мен Қазақ ССР Жоғарғы Советі Прези-
диумы Жарлықтарының жинағы. (938 ж. – 1957 ж.). А. 1958.
181-бет.).
98
Петропавл қаласындағы Железнодорожный, Промыш-
ленный, Центральный аудандары 1948 жылғы 7 шілдеде та-
рату туралы Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының
Жарлығы күшіне енді. (Қазақ ССР Заңдары мен Қазақ ССР
Жоғарғы Советі Президиумы Жарлықтарының жинағы.
(1938 ж. – 1957 ж.). А. 1958. 181
1950 жылғы 18 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы
Октябрь ауданындағы Есіл ауыл советін «Өрнек» колхо-
зымен бірге Солтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданын-
дағы Арал ауылсоветіне беру туралы Қазақ ССР Жоғарғы
Советі Президиумының Жарлығы шықты. (Қазақ ССР
Заңдары мен Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумы Жар-
лықтарының жинағы. (1938 ж. – 1957 ж.). А. 1958. 185-бет.).
Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданындағы Совет
астық совхозының орталық мекенінде 1950 жылғы 29 сəуір-
де селолық советтің құқындағы Селекті поссоветін құру ту-
ралы. Оған Совет астық совхозының бөлімшелеріндегі Се-
лекті, Сарыайғыр, Сейфуллин жəне Литовка елді мекендері
қосылды. Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Жар-
лығы. (Қазақ ССР Заңдары мен Қазақ ССР Жоғарғы Советі
Президиумы Жарлықтарының жинағы. (1938 ж. – 1957 ж.).
А. 1958. 187-бет.)
1950 жылғы 14 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы
Октябрь ауданындағы Дубровский елді мекені «Жылқызыл»
колхозымен бірге Кеңес сельсоветінен алынып, Көкшетау
облысы Айыртау ауданындағы Красный селолық советіне
берілді. Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Жар-
лығы. (Қазақ ССР Заңдары мен Қазақ ССР Жоғарғы Советі
Президиумы Жарлықтарының жинағы. (1938 ж. – 1957 ж.).
А. 1958. 189
Солтүстік Қазақстан облысы Конюхов ауданындағы Қа-
рақоға теміржол станциясы жанындағы елді мекен 1952
жылғы 29 қаңтардан бастап құрылған Қарақоға поссоветіне
қарайтын болды. Қазақ ССРЖоғарғы Советі Президиумы-
ның Жарлығы. (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің ведомостары
1952. № 2.).
1952 жылғы 6 сəуірде Солтүстік Қазақстан облысы Ко-
нюхов ауданының орталығы Конюхов селосынан Қарақоға
99
селосына көшіру туралы. Қазақ ССР Жоғарғы Советі Прези-
диумының Жарлығы. (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің ведо-
мостары 1952. № 4.).
Солтүстік Қазақстан облысы Октябрь ауданының Ын-
тымақ елді мекені 1952 жылдың 3 мамырында Жалтыр
ауылсоветінің құрамынан Октябрь ауданының Дмитри-
ев сельсоветіне ауыстырылды. Қазақ ССР Жоғарғы Советі
Президиумының Жарлығы. (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің
ведомостары 1952. № 2, 2-бет.).
Дəл сол күні Солтүстік Қазақстан облысы Ақкөл елді
мекені Еңбекшілдер ауылсоветінен алынып, Солтүстік Қа-
зақстан облысы Полудин ауданының Камышловский сель-
советіне берілді. Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумы-
ның Жарлығы. (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің ведомостары
1952. № 5).
Тағы да осы құжат бойынша Солтүстік Қазақстан облы-
сы Совет ауданы Көктерек, Амангелді, Каганович жəне Ара-
лағаш ауылсоветтерінің шегаралары ішінара өзгертілді. Қа-
зақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығы. (Қазақ
ССР Жоғарғы Советінің ведомостары 1952. № 5).
Солтүстік Қазақстан облысы Соколов ауданы Красно-
ярск, Кустов, Долматов, Сивков жəне Дубровин сельсо-
ветерінің шегарасын өзгерту туралы Қазақ ССР Жоғарғы
Советі Президиумының Жарлығы 1952 жылғы 3 мамырда
шықты. (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің ведомостары 1952.
№ 5).
Солтүстік Қазақстан облысы Соколов ауданының Лебед-
ков сельсоветін таратып, оның аумағын Налобин сельсо-
ветіне беру туралы. Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиу-
мының 1952 жылғы 6 мамырдағы Жарлығы шықты. (Қазақ
ССР Заңдары мен Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиу-
мы Жарлықтарының жинағы. (1938 ж. – 1957 ж.). А. 1958.
199-бет.). Қазақ ССР Жоғарғы Советінің ведомостары. 1952.
№ 5.).
Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының 1952
жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Солтүстік Қазақстан об-
лысы Ленин ауданы Явленск ет совхозының орталығынан
селолық совет құқындағы Бесқұдық поссоветі құрылды.
100
(Қазақ ССР Заңдары мен Қазақ ССР Жоғарғы Советі Пре-
зидиумы Жарлықтарының жинағы. (1938 ж. – 1957 ж.). А.
1958. 199-бет.). Қазақ ССР Жоғарғы Советінің ведомоста-
ры. 1952. № 5.).
Солтүстік Қазақстан облысы Конюхов ауданының
«Свет» жəне «Красное» елді мекендерін Ново-Успен сель-
советінен алып, Ново-Успенского сельсовета Конюховско-
го Чистян сельсоветіне беру туралы Қазақ ССР Жоғарғы
Советі Президиумының Жарлығы 1952 жылғы 10 мамырда
шықты. (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің ведомостары. 1952.
№ 5.).
1952 жылғы 3 маусым күні Солтүстік Қазақстан облы-
сы Преснов ауданындағы Приишим совхозының орталық
мекенінде сельсовет құқындағы поссовет ұйымдасты-
рылып, ол Приишим поссоветі деп аталатын болды. Қазақ
ССР Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығы. (Қазақ
ССР Заңдары мен Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиу-
мы Жарлықтарының жинағы. (1938 ж. – 1957 ж.). А. 1958.
200-бет.). Қазақ ССР Жоғарғы Советінің ведомостары.
1952. № 6.).
Сол құжат бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Мам-
лют ауданының Токарев, Смирнов жəне Новый Свет елді
мекендері Дубровин сельсоветінің құрамынан алынып,
Становой сельсоветіне берілді. Қазақ ССР Жоғарғы Со-
веті Президиумының Жарлығы. (Қазақ ССР Заңдары мен
Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумы Жарлықтарының
жинағы. (1938 ж. – 1957 ж.). А. 1958. 200-бет.). Қазақ ССР
Жоғарғы Советінің ведомостары. 1952. № 6.).
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы құрамын-
да Покровка сельсоветі 1952 жылғы 3 шілдеде құрылды.
Орталығы Покровка селосы болып белгіленді де, оған По-
кровка, Окуневка, орман шаруашылығы мен теміржолдың
99,101,104,106 жəне шақырым құжыралары; Зорино жəне
Кондратов орман питомнигі мен Зорино елді мекені қара-
тылды. Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Жар-
лығы. (Қазақ ССР Заңдары мен Қазақ ССР Жоғарғы Советі
Президиумы Жарлықтарының жинағы. (1938 ж. – 1957 ж.).
А. 1958. 200-бет.)
101
Бүкіл Қазақстандағы сияқты, 1954 жылдың көктемінен
басталған «Тың жəне тыңайған жерлерді игеру» деген мем-
лекеттік деңгейдегі саяси-шаруашылық науқанға байланы-
сты Солтүстік Қазақстан облысының əкімшілік-аумақтық
бөлінісі де түбірімен өзгеріп, елді мекендердің аты өзгертіліп,
жаңадан құрылғандарына идеологиялық тұрғыды «жағым-
ды» атаулар қойыла бастады. Сол кезеңдегі біраз совхоздың
атаулары: «Агроном»,»Александров», Баррикады», Вороши-
лов,»Восточный,»Восход», «Заря»,»Золотая нива», Ильич,
«Ишимский»,»Коммунизм», Краснофлотский, «Кузбасс»,
«Ленинград»,»Мичурин», «Молодая Гвардия», «Молодеж-
ный», «Раздольный»,»Ялтинский», Невский, «Озерный»,
«Парижская Коммуна», Рублев, «Тихоокеанский», Толбухин,
Щорс атындағы т. с.с.
Өлке топонимиясына өшпес із қалдырған бұл кезеңнің
тарихы біршама зерттелгенімен, ономастикалық тұрғыда
тұңғыш рет қарастырылып отыр.
Марксизм-ленинизм деп аталған саяси ағымға сай,
бүкіл мемлекеттік істер, бала тəрбиесінен күрделі шару-
ашылықтарға дейін, экономиканың түйінді мəселелері жап-
пай бақылауға алынған заманды бұл күнде «тоталитаризм
дəуірі» деп атайды. Сол дəуірдегі мемлекеттік билікке тəн
ерекшелік, «пролетарлық интернационализм» деген ұранды
басшылыққа алып, дүниетаным түсінігі «таптық көзқарас»
деген қағидаға бағындырылған. Бұдан туатын негізгі жəне
бұлжымас ұстаным – «пролетариатта ұлт болмайды» немесе
қоғамның сипаты «өндіргіш күштердің кімнің қолында екені-
не қарай айқындалады» деген тұғырнама болатын. Міне, осы
таптық көзқарас, коммунистік партиялық идеология деген-
дердің зардабы, қалдырып кеткен мұрасы, осы уақытқа дейін
жеріміздің бетіндегі топонимдер түрінде таңбаланып қалды.
Жəне де бұл таңбаның солтүстік өңірде ерекше көз-
ге түсетін, бедерлі таңба екендігіне негізгі себеп, əлбетте,
жеріміздің құнары болатын. Осынау ұшы-қиырына көз шет-
кісіз құнарлы далаға осыдан 300 жыл бұрын көз тіккендер аз
болған жоқ, осы құнарлы аймақтан азық іздеп, пана тауып,
тіршілік етіп келе жатқан ұрпақтардың əрқайсының ізі қалған
бұл топырақта.
102
Міне, мына құжат соның айғағы десе болғандай.
1954 жылғы 4 маусымда Қазақ ССР Жоғарғы Советі
Президиумы Жарлық шығарып, Солтүстік Қазақстан об-
лысы Октябрь ауданы Хрущев атындағы совхоздың орта-
лығында сельсовет құқындағы Комсомол поссоветін құру-
ды ұйғарады. (Қазақ ССР Заңдары мен Қазақ ССР Жоғарғы
Советі Президиумының Жарлықтарының жинағы. (1938 ж.
– 1957 ж.). А. 1958. 206-бет.).
Осы құжатта аты аталған Хрущев деген азаматтың кім
екенін қазіргі шəкірттер білмес. Тарих сабағында есті-
гені болмаса… Никита Хрущев деген адам бұрынғы
кеңес одағының бірінші басшысы, яғни патшасы болған.
Жаңағы «Тың игеру» науқанын мен бастадым, деп кеу-
десін соққанға иланып қалған жағымпаздар «Тың игеру-
дің немен, қалай аяқталатынына көз жеткізбей тұрып-ақ,
патшаның атын егін шаруашылығына беріп-ақ жіберген.
Басқасын айтпағанда, сол Хрущевтің Кеңес одағына, оның
ішінде Қазақстанға қандай жақсылық əкелгенін тарих
біледі. Жақсылық əкелген жоқ, көп дүниені бүлдіріп кетті.
Бірақ, айтарымыз ол емес, осы 1954-1960 жылдар арасын-
да облыстың, оның аудандары мен төменгі бөліністерінің
қайта-қайта тынымсыз өзгеріске түскендігіне назар аудара-
мыз. Сол өзгерістерді тізіп, мазмұндағандағы жағдай мы-
надай.
1954 жылғы маусым айының төртінші жұлдызы Сол-
түстік Қазақстан облысының əкімшілік-аумақтық бөлінісі-
не көптеген өзгерістер əкелген күн ретінде есте қалғаны
шындық. Олар: Булаев ауданында сельсовет құқындағы
Жаркөл поссоветін құру туралы. Қазақ ССР Жоғарғы Со-
веті Президиумының Жарлығы. (Қазақ ССР Заңдары мен
Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумы Жарлықтарының
жинағы. (1938 ж. – 1957 ж.). А. 1958. 209-бет.).
Октябрь ауданы «Тимирязевский» астық совхозының
орталығында Целинный поссоветін құру туралы. Қазақ
ССР Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығы. (Қазақ
ССР Заңдары мен Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиу-
мы Жарлықтарының жинағы. (1938 ж. – 1957 ж.). А. 1958.
209-бет.).
103
Булаев ауданы «Ждановский» астық совхозының ор-
талығында Жданов поссоветін құру туралы. Қазақ ССР
Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығы. (Қазақ ССР
Заңдары мен Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумы
Жарлықтарының жинағы. (1938 ж. – 1957 ж.). А. 1958.
209-бет.).
Октябрь ауданы «Октябрьский» совхозының орталығын-
да Октябрь поссоветін құру жəне оның əкімшілік-аумақтық
қамтуына «Ишимский» совхозын беру туралы. Қазақ ССР
Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығы. (Қазақ ССР
Заңдары мен Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумы Жар-
лықтарының жинағы. (1938 ж. – 1957 ж.). А. 1958. 209-бет.).
Преснов ауданындағы «Украинский» астық совхозы-
ның орталық мекені болып табылатын кентте селолық со-
вет құқындағы поссовет құрылып, ол Украинский поссовет
аталды.. Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Жар-
лығы. (Қазақ ССР Заңдары мен Қазақ ССР Жоғарғы Советі
Президиумы Жарлықтарының жинағы. (1938 ж. – 1957 ж.).
А. 1958. 210-бет.).
Октябрь ауданы «Докучаевский» совхозының орталығын-
да Северный поссоветі құрылғаны да сол күн. Қазақ ССР
Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығы. (Қазақ ССР
Заңдары мен Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумы Жар-
лықтарының жинағы. (1938 ж. – 1957 ж.). А. 1958. 210-бет.).
Октябрь ауданы «Дзержинский» совхозының орталығын-
да сельсовет құқындағы Ақсуат поссоветі шаңырақ көтерді.
Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығы. (Қа-
зақ ССР Заңдары мен Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президи-
умы Жарлықтарының жинағы. (1938 ж. – 1957 ж.). А. 1958.
210-бет.).
Булаев ауданы «Булаевский» астық совхозының орта-
лығында сельсовет құқындағы Майбалық поссоветін құру
туралы Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Жар-
лығы да сол күні шықты. (Қазақ ССР Заңдары мен Қазақ
ССР Жоғарғы Советі Президиумы Жарлықтарының жи-
нағы. (1938 ж. – 1957 ж.). А. 1958. 210-бет.).
Октябрь ауданы «Москворецкий» совхозының орта-
лығында сельсовет құқындағы Москворецкий поссоветін
104
құру туралы. Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының
Жарлығы жарияланды. (Қазақ ССР Заңдары мен Қазақ
ССР Жоғарғы Советі Президиумы Жарлықтарының жи-
нағы. (1938 ж. – 1957 ж.). А. 1958. 211-бет.).
Октябрь ауданы «Степной» совхозының орталығын-
да сельсовет құқындағы Дос поссоветін құру жəне оның
əкімшілік-аумақтық
қамтуына
«Интернациональный»
астық совхозын беру туралы Қазақ ССР Жоғарғы Со-
веті Президиумының Жарлығына қол қоцйылды. (Қазақ
ССР Заңдары мен Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиу-
мы Жарлықтарының жинағы. (1938 ж. – 1957 ж.). А. 1958.
211-бет.) 1 957 ж.). А. 1958. 210-бет.).
1954 жылғы 26 маусымда Достарыңызбен бөлісу: |