Г. Ахметжанова, С. Мəлікова, К. Оспанов, З. Тайшыбай атамекен атаулары солтүстік Қазақстан облысының топонимикалық атаулары


жылғы  21  мамыр.  Тамыз  айында  Жалпықазақ  сьезін



Pdf көрінісі
бет4/19
Дата07.02.2017
өлшемі8,24 Mb.
#3608
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

жылғы  21  мамыр.  Тамыз  айында  Жалпықазақ  сьезін 
шақырайық  деп  отырмыз.  Осы  мəселе  қаралатын 
Мəскеудегі  кеңеске  əлі  шақыру  алғамыз  жоқ.  Тез  шақы-
ру жіберіңіздер жəне даулы болып отырған (Семей жəне 
Ақмола)  облыстарын  уақытша  басқарудың  тəртібін 
көрсетіңіздер»
18
.
2)  Петропавл  уезі  қазақ  болыстары  қала-уездік  сьезіне 
қатысушылардың  Ұлттар  ісі  жөніндегі  халық  комиссариа-
тына жолдаған жеделхаты.
«1920 жылғы 4 тамыз. Біз, Омбы губерниясы Петро-
павл  уезі 15 болысының  қазақтары  Петропавлдағы  қа-
ла-уездік  сьезге  жиналып,  болашақ  Қазақ  республика-
сының  шегарасын  анықтауға  арналған  комиссияның 
құрылуын  қолдаймыз  жəне  этнографиялық,  тарихи 
жəне  экономикалық  жағынан  тығыз  байланысты  Пе-
тропавл уезі Қазақ Өлкесінің құрамына енуі керектігіне 
18. Қаз.ССР. ОМ, 1353-қор, 1-тізбе, 4, л. 34; «Образование Казахской ССР», стр. 211.

48
сенім  білдіреміз
19
.  Құжатқа  қоса  басылған  түсініктемеде, 
мұрағатта  осы  жеделхатқа  қол  қойған  болыстардың  өкіл-
дері  туралы  хаттама  сақталғаны  көрсетілген.  Олар,  Кел-
тесор,  Сарыайғыр,  Тайынша,  Жамантұз,  Еменəлі,  Таузар, 
Смайыл,  Аққусақ  жəне  Анастасьев  болысының  қазақтары 
екен.
Сонымен, 1920 жылғы 20 тамызда Ресейдің ең жоғарғы 
билік дəргөйінде Қазақ автономиялы Советтік Социалистік 
республикасын  құру  туралы  жалпыға  мəлім  құжат  қабыл-
данды. Мұнда, Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уез-
дері  жəне  Омбы  уезінің  бір  бөлігі  Қазақ  автономиясы  де-
ген  дербес  шаңырақтың  астына  қосылғаны  туралы  анық 
жазылды. Ал, Омбы губерниясы деген əкімшілік-аумақтық 
бөліністің болған-болмағаны туралы еске алынған да жоқ.
1920 жылғы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АССР 
советтерінің  Құрылтайы  ашылып,  оның  күн  тəртібіне  26 
тамыздағы  декреттің  қағидаларын  талқылау,  оның  ішінде 
қазақтың  жерін  түгендеу  мəселесі  қойылды.  Бір  ғажабы 
– Бүкілқазақ құрылтайына Петропавл уезінен тек қана қа-
зақтар  қатысқан.  Бұл  туралы  Петропавлда  шығып  тұрған 
«Мир  труда»  газетінің  1921  жылғы  24  тамызда  шыққан 
175-санында  анық  жазылған.  Орынборда  Құрылтай  сьезі 
жүріп  жатқанда,  сьезд  төралқасына  Петропавлдан  келген 
жеделхат жеткізілді. Онда былай делінген: «Біз, Омбы гу-
берниясы  Петропавл  уезіндегі 15 болыстан  сайланған 
қазақ  депутаттары  Қазревкомды  еңбекші  қазақ  халқы-
ның  басшысы  деп  мойындаймыз  жəне  езгідегі  халыққа 
Совет  өкіметі  жариялаған  бостандықты  алып  бергені 
үшін  оған  барынша  қолдау  көрсетеміз,  қазақ  автоно-
миясы жүзеге асады, деп сенеміз». Бұл жеделхат сол кез-
де,  «Известия  Киргизского  края»  деген  басылымның  1920 
жылғы 9 қазандағы санында жарық көрді
20
. Сьездің соңғы 
күні  қабылданған  əкімшілік  мəселесі  бойынша  қаулының 
екінші  тармағында  жазылған  мына  топшылауға  назар  ау-
дарайық.  «Семей  жəне  Ақмола  губернияларының  Қазақ 
19. ЦГАОР СССР, 1318-қор, 1-тізбе, 141-іс, 59-бет; «Образование Каз. АССР», стр. 244.
20. Кітапта:
 «Образование Казахской АССР», стр. 259.

49
Республикасы  үкіметінің  қарауына  бірден  өтіп  кетуі 
бұл  губерниялардағы  жұмысқа  қиындық  тудыруы  мүм-
кін  екені  ескеріліп,  оларды  əзірше,  яғни 1921 жылдың 1 
қаңтарына дейін Сибревком қарауында қалтыра тұру…
ұйғарылды»
21
.
Құрылтай  сьезінің  шешімдеріне  қарамастан,  жаңадан 
құрылған  Қазақ  Республикасының  шығыс  шегараларына  қа-
тысты түйткіл мəселелер 19251 жылдың басында да шешіле 
қоймады.  Айталық,  Қазақстан  Орталық  атқару  комитетінің 
(КазЦИК)  төрағасы  əрі  Қазақстан  шегарасын  реттеу  тура-
лы  төтенше  комиссияның  төрағасы  Сейітқали  Меңдешевтің 
есімімен байланысты мына бір құпия құжат біраз ойға жете-
лейді: 1921 жылы 19 наурызда Петропавлдан Мəскеуге жол-
даған жеделхатында ол былай деп жазыпты:
«Құпия. Мəскеу. Қазақстан өкілдігіне. БОАК мүшесі Мы-
рзағалиевке.  Шегара  жөніндегі  пікірім  мынадай:  Семей  гу-
берниясы,  Ертіс  жəне  Павлодар  аудандарын  Қазақстанға 
қалдыру  мəселесінде  табанды  болыңыз.  Ал,  Омбы  қаласын 
Қазақстанға  қосу  жөнінде  мəселе  қиындап  кететін  болса, 
күштемей-ақ  қойыңыз.  Ертісті  иемдену  (яғни,  Ертіс  өзеніне 
қол  жеткізу.  –  авт.)  туралы  біздің  ұсынысымызды  өткізу  қа-
жет.  Ең  болмаса,  Омбы  уезінің  қазағы  басым  бөлігін  алып, 
Ертіске  қол  жеткізумен  шектелуге  болар.  Есіңізде  болсын, 
бұл мəселені федералдық биліктің алдына қойғанда, бұл қа-
зақтар  Омбы  уезінде  қалса,  сөзсіз  қырғынға  ұшырайды,  біз 
оларды  аман  сақтап  қалуға  күш  салып  отырмыз  дегенбіз, 
осыны айқын жеткізіңіз
22
.
Сақталған  құжаттардағы  шындық  сол,  Орынбордың  да, 
Омбының  да  тарихи  жағынан  Қазақстанға  тиесілі  екендігін 
дəлелдеп, Алаш қайраткерлері бұл жөніндегі мəселені Кеңес 
өкіметініе  ашық  айтып,  күн  тəртібіне  қойған.  Əлбетте,  ой-
лағанның бəрі орындала бермеген ғой…
Реті  келіп  тұрғанда,  ұрпақтарға  айта  кететін  бір  шындық 
бар. Ол –бүгінгі барымыз бен жоғымыз туралы. Барымызды 
көріп  отырмыз,  танимыз,  білеміз.  Кең  байтақ  Қазақстанның 
21. ЦГАОР Каз. ССР, ф. 5, оп. 1, д. 21, л. 266; «Образование Казахской АССР», стр. 294.
22. СҚО ММ, 43-қор, 1-тізбе, 7-іс, 1-парақ.

50
жері, ата қонысымыз, байлығымыз осы. Оған ешкімнің тала-
сы болмас. Осының көбі – Кеңес заманында жасалған іс бо-
лып көрінгенімен, Алаш көсемдерінің жанқиярлық еңбегінің 
жемісі екендігін біреу білсе, біреу білмейді.
Алашорда  мемлекетін  құру  туралы  бастама  аяғына  жет-
пей,  амалсыздың  күнімен  Кеңес  өкіметін,  коммунистік  пар-
тия  билігін  еріксіз  мойындауға  мəжбүр  болған  Алаштың  зи-
ялы  қайраткерлері  осы  кеңестік  құрылыс  жағдайында  да, 
қазаққа  берілген  жасанды,  қуыршақ  автономия  жағдайында 
да өз ұлтына аз уақыт болса, қызмет етіп, бірқатар үлес алып 
берді. Кейін түгелге жуық құртылса да, сол азаматтардың қо-
лынан  келіп,  жүзеге  асқан  тарихи  игіліктер  бүгінгі  ұрпаққа 
мұра болды, Тəуелсіз мемлекетімізге іргетас болды. Тағы бір 
қайталап  айтсақ,  олар:  тұңғыш  рет  заңдастырылып,  шегара-
сы  белгіленген  Қазақстан  Республикасының  ресми  аумағы, 
білім-ғылым,  мəдениет  пен  денсаулық  қорғау  ошақтары,  не-
гізгі  бағыттары  сол  кезде  айқындалған  экономика  мен  өн-
діріс  ошақтары,  əкімшілік-аумақтық  бөліністің  басшылыққа 
алынған  қағидалары  сол  отызыншы  жылдары  қалыптасып 
болған еді.
Қазақстан əуелі автономиялық, одан кейін Одақтық респу-
блика  болып,  шаңырақ  көтеріп,  буынын  бекіте  бастағанда 
билікке араласа отырып, қалыптасқан қазақтың саяси элита-
сы  Мəскеудегі  орталықтың  бермесін  тартып  алардай  қуатты 
түрде  қалыптасып  келе  жатқанда,  ССРО-РСФСР-Қазақстан 
түріндегі  мемлекеттік  құрылымның  негізгі  қайшылықтары-
ның құрбаны болып кетті. Əдетте, Алаш трагедиясын Кеңес 
өкіметі басындағы жеке тұлғалардың, мысалы И. Сталиннің, 
Л.  Берияның,  Ф.  Голощекиннің  зиянкестігімен,  қазақтың  өз 
ішіндегі  жеке  қайраткерлердің  қателерімен  байланыстыра-
тындар бар. Алайда, шындық тереңде, саяси басшылық жүй-
есінде  жатқанын  мойындайық…Бəлкім,  мемлекет  басшыла-
рының  жалпы  білім  деңгейі,  саяси  мəдениеті  төмен  болған 
шығар, өркөкірек, ұрдажық мінез, іштарлық, əлеуметтік жік-
тердің талап-тілегін ескермеу, нақты жағдайды бағалау, келе-
шекті болжау тұрғысындағы қателіктер де болған шығар…
Тарихқа  қайта  оралатын  болсақ,  1868  жылы  «Уақытша 
Ереженің»  15-бабына  сəйкес,  Ақмола  облысы:  Омбы,  Пе-

51
тропавл, Көкшетау жəне Ақмола аталған төрт уезге бөлін-
ген.  Облысты  басшылығына,  яғни  əскери  губернатор  қыз-
метіне  генерал-майор  А.  Окольничий  тағайындалды.  Ол 
сонымен қатар, Сібір казак əскерінің атаманы болып есеп-
телді
23
.  Ал,  уездерді  басқару  дворян  тектілер  мен  казак 
офицерлеріне  тапсырылды.  Сонымен,  1868  жылғы  рефор-
ма қазақ даласына əскери билік əкелді.
1868  жылы  20  қараша  күні  облыс  аймағында  Ақмола, 
Омбы, Петропавл, Көкшетау уездерін басқару туралы бұй-
рық шықты. Келесі 1869 жылы 30 қазанда орталығы Атба-
сар станицасы болып Сарысу уезі ашылды. Ол көп ұзамай 
Атбасар уезі деп атала бастады.
Енді уездердің ішкі құрылымын, ондағы негізгі ұлт бо-
лып саналатын қазақтардың жағдайымен аз-кем таныстыра 
кетейік.
Ақмола  уезі:  «Айтқожа-Қарпық,  Қареке  –  Алтай,  Тінəлі 
–  Қарпық,  Темеш,  Құлан-Қыпшақ,  Ақсары  –  Құрсары-Ке-
рей,  Құрман-Құрсары-Керей,  Қанжығалы-Жетіру,  Қан-
жығалы-Жапар,  Қанжығалы-Тентек  болыстарын  қамтыды. 
Халқының 93,28 проценті қазақтар. Негізінен арғынның қу-
андық руынан тарайтын алтай, қарпық, беріш, ағыс, қалқа-
ман  жəне  темеш  тармақтары,  оларға  қоса,  арғынның 
қарауыл  (уездің  солтүстік-батыс  бөлігі)  жəне  қанжыға-
лы  рулары  (солтүстік-шығысында),  батыс  жақтан  біраз 
қыпшақтар, солтүстікте керей тайпасының ақсары, құрсары 
рулары қосылды»
24
.
Атбасар  уезі:  Сайдалы-Алтай,  Енем-Түнғатар,  Мой-
ын-Алтай,  Ақсай-Алтай,  Əлеке-Байдалы-Алтай,  Төмен 
жəне  Алшын  болыстары.  Мұндағы  қазақтардың  үлес  саны 
1870 жылғы дерек бойынша 98,8 процент
25
. Атбасар уезінде 
негізінен арғындар мен наймандар мекен етті.
Петропавл  уезі  (1900  жылғы  мəлімет  бойынша)  сол-
түстігінде  Тобыл  губерниясымен,  шығысында  Омбы 
23. ҚРОМА. 25-қор, 1-тізбе, 1817, 4-бет.
24. Востров М. С., Муканов М. С. Родоплеменной состав расселения казахов 
(конец ХІХ – начало ХХ в). Алма-Ата, 1968, С.187.
25. Бекмаханова Н. Е. Многонациональное население Казахстана и Киргизии в эпоху 
капитализма. М, 1986, С.142.

52
уезімен,  батысында  Торғай  облысымен  шектесіп,  60953 
шаршы  шақырым  жерді  қамтыды.  Жергілікті  қазақтар 
45250 шаршы шақырым, яғни облыс жерінің 74 процентін 
иеленді
26
.
1870  жылғы  мəлімет  бойынша  уездегі  қазақ  саны  89887 
адам, яғни барлық тұрғындардың 58,8 проценті
27
.
Уездің аумағындағы əкімшілік бөліс көрінісі:
Аңдағұл-Рысай, Қойлы-Атығай, Байдалы-Уақ, Самай-Ке-
рей,  Матақай  Сыбан-Керей,  Байдалы-Уақ-Ақтам-Қанжыға-
лы, Еменəлі-Керей, Бабасан, Бабалы-Атығай болыстарымен 
бұрынғы Көкшетау округінің Бағыш болысының 350 шаңы-
рағы
28
.
Басқа  уездерге  қарағанда  мұнда  қазақ  халқының  үлес 
салмағы аз екенін өлкедегі отарлаудың қарқынына байланы-
сты тарихи жағдайлардың ықпалы өктем болғанымен дəлел-
дейміз.  Петропавл  уезінде  арғынның  атығай  жəне  қарауыл, 
қанжығалы  рулары,  керейдің  сыбан,  көшебе,  балта  рулары, 
уақтың шоға жəне ергенекті рулары мен қыпшақтардың то-
райғыр, бұлтың рулары мекендеді
29
.
Көкшетау  уезінің  аумағы  63.688  шаршы  шақырым 
болса,  мұның  53.372  шаршы  шақырымы  (84  процент),  ал 
қалған 10.296 шаршы шақырымы казактардың иелігінде деп 
есептелді.
Бұл  уездің  əкімшілік  түзілімі:  Шоқтыбай-Есенбай, 
Көшқұлы-Бəйімбет, 
Қылды-Ноғай, 
Қараша-Жайылбай, 
Атығай-Бағыс,  Есенбақты-Керей,  Майлы-Балта  жəне  Қара-
уыл-Мөнтік болыстарынан құралды
30
.
Көкшетау  уезінде  негізінен  арғынның  атығай,  қарауыл, 
керейдің ақсары руларынан тараған ұрпақтар мекендеді
31
.
26. Россия. Полное географическое описание нашего Отечества. Т. 18. Киргизский край. 
СПб. 1903, С.358, 367.
27. Бекмаханова Н. Е. Многонациональное население Казахстана и Киргизии в эпоху 
капитализма. М, 1986, С.142.
28. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағаты – ҚРОММ, 345-қор, 1-тізбе, 
967-іс, 57-58-беттер.
29. Востров М. С., Муканов М. С. Родоплеменной состав расселения казахов (конец ХІХ – 
начало ХХ в). Алма-Ата, 1968, С.196-198-200.
30. Омбы облыстық мемлекеттік мұрағаты – ООММ. 3-қор, 6-тізбе, 8172-іс, 228-229-беттер.
31. Муканов М. Этнический состав и расселение казахов Среднего жуза. А, 1974, С.173-174.

53
Омбы  уезінің  жері  ХХ  ғасырдың  басында  басқалармен 
салыстырғанда шағын болды, яғни 41049 шаршы шақырым. 
Мұның  77  проценті  қазақтардың  үлесінде  екені  көрсетіл-
ген
32
.
Омбы уезінде бұрынғы Көкшетау округінің: Бағы-Бағыс, 
Ақты-Мөнтік,  Сары-Қарауыл  болыстарынан,  Ақмола  об-
лысының:  Төлеке-Құрсары-Керей,  Майлы-Бақтыбай-Құр-
сары-Керей,  Құлатай-Қыпшақ,  Қанжығалы  болысының  65 
шаңырағы жəне Баянауыл округіндегі қанжығалының 40 от-
басы қосылды.
Омбы  уезінің  негізгі  халқы  Орта  Жүздің  арғын,  қыпшақ 
жəне  керей  тайпаларының  қазақтары  еді.  Мұнда  жал-
пы  тұрғындардың  ішінде  қазақтардың  үлес  салмағы  1870 
жылғы есеп бойынша 43, 45 процент болды
33
.
Оқырмандарға  түсінікті  болу  үшін  қазақтардың  қауқары 
кеміп,  ата  қонысынан  ығыстырылып,  өңшең  шөлейт  қырға 
қоныстана  бастағаны,  əсіресе,  дəл  осы  кез  екендігін  атап 
кеткіміз  келеді.  Жоғарыдағы  деректерде  «қазақтарға  ти-
есілі» деп тіркелген жерлер аумағы жағынан өте көп көрін-
генімен,  адамдардың  тіршілік-шаруашылығына  қолайсыз, 
құнарсыз  жерлер  болатын.  Оның  бір  ғана  айғағын  Ертіс, 
Есіл, Нұра, Тобыл өзендерінің екі жағалауындағы топырағы 
құнарлы, сулы-нулы аймақтардағы жер-қоныс атауларының 
арасында басқа тілдегісі басым, қазақшасының осы уақытқа 
дейін сирек екендігінен-ақ білуге болады. Мұндай шұрайлы 
жерлерді  басып  алған  «қоныстанушылар»  кейін  дауға  қал-
мас  үшін,  сол  жерлерді  өз  қалауынша  тезірек  орысшалап, 
«шоқындырып» жіберген.
Керісінше,  егін  шықпайтын,  тастақ,  суы  сораң  немесе 
ащы, қырға қарай қазақша атаулар көбейе береді. Бұл жағдай 
əлі  де  сол  күйінде,  өзгерместен  сақталып  отыр.  Себебі,  бұл 
жерлерді «еуропалық ұлт өкілдері» мекендеп келген.
Көп  ұлтты  империяға  айналған  Ресей  ХҮІІІ  ғасырдың 
аяғында,  Абылай  хан  дүниеден  өтісімен-ақ,  қазақ  қоғамын, 
32. Россия. Полное географическое описание нашего Отечества. Т. 18. Киргизский край. 
СПб. 1903, С.381.
33. Бекмаханова Н. Е. Многонациональное население Казахстана и Киргизии в эпоху 
капитализма. М, 1986, С.142.

54
қазақ елін мемлекеттік тұтастығынан айыру, сол арқылы қа-
зақ жеріне баса-көктеп ену саясатын жүйелі жəне мақсатты 
түрде  жүргізді.  Уақыты  келді-ау  дегенде  1822  жəне  1868 
жылғы  реформалар  нəтижесінде  Ресей  өкіметі  қазақ  дала-
сында əскери-феодалдық басқару жүйесін орнатты.
Соның  салдарынан  өзін-өзі  қорғау  қабілетінен  айы-
рылған  қазақ  қоғамы  Ресей  империясының  экспансиялық 
саясатына  жалпыұлттық  деңгейде  қарсылық  көрсете  алма-
ды.  Оның  мəнісін  Абай  атамыз  айтып  кеткендей,  «Бас-ба-
сына  би  болған  өңшең  қиқым…»,  «Арқаға  ұлық  қаққанға 
мəз  болған  парақор  болыстар…»  билікке  келген  болатын. 
Сөйтіп, қазақ халқы ғасырлар бойы қан төгіп, қорғап келген 
жерінің ең құнарлы, шаруашылыққа қолайлы бөлігінен бір-
те-бірте айырылды. Патша əкімшілігі тəуір жерлерді «артық 
жер», «көшпелі жəне отырықшы норма», «жерге орналасты-
ру» сияқты əдістерді қолданып, тартып алды
34
.
Əлбетте,  бұл  кездейсоқтық  емес  еді.  Ресей  патшалығы-
ның  біртіндеп,  мемлекеттік  деңгейде  жүргізген  отарлық 
саясатының  нəтижесі  осындай.  Тіпті,  бертін  келе,  ХХ  ға-
сырдың  басында  да  Қазақстанның  барлық  аймақтарындағы 
құнарлы жерлерді түгелге дерлік қазақтардан тартып алған-
нан кейін де, бұл мəселеге шектеу жасалмады. Мұның бəрі 
жер-су  атауларының  өзгеріп,  ежелгі  иелеріне  жат  болуына 
əкеп соқты.
1907  жылы  Петербургте  қазақтардың  жер  мəселесі  бой-
ынша наразылық арыздары қаралғанда, Ресей егіншілік де-
партаментінің  директоры  Крюков  өз  баяндамасында  мына 
сөздерді  айтқаны  тарихтан  белгілі:  «Америкалықтар  үнді-
стерді туған жерінен шөл жəне шөлейт жерлерге қуып, қан-
дай  саясат  жүргізсе,  бізде  қазақтарға  сондай  саясат  ұста-
нуымыз керек»
35
.
Қазақстанның  солтүстік  аймағының  географиялық 
жағдайы  мен  мекендеген  халықтың  ұлттық  құрамына  бай-
ланысты  бұл  өңірде  жер-су  аттарының  орынсыз  өзгеріске 
34. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. А., 1995, 65-75-беттер.
35. Ваганов А. Земельная политика царского правительства в Казахстане (1907–1914)// 
Исторические записки, М., 1950, № 31, С.66.

55
түсуінің  тарихы  мүлде  əріден  басталатынын  айттық.  Ресей 
отаршылығымен бетпе-бет келген өңірдегі қазақтардың тілі 
мен  діліне,  ұлттық  салт-санасына  нұқсан  келтіре  отырып, 
жергілікті  халықты  маргиналдық  санадағы  тобырға  айнал-
дыру  екі  жарым  ғасыр  бойы  империялық  саясат  негізінде 
жүйелі түрде жүргізілді.
Зерттеуші  В. Н.  Алексеенконың  жинаған  деректері  бой-
ынша 1870-1906 жылдар арасында, яғни 36 жыл бойы Қыр 
өлкесіне Ресейден ауып келгендер саны 521 мың адам бол-
са,  Столыпин  реформасы  деп  аталатын  1906-1914  жылдар-
да  ғана  714  мың  адам  қоныс  аударған…Осылайша,  1910 
жылдың  өзінде  Ақмола  облысына  Екатеринослав,  Полтава, 
Самара, Харьков, Херсон губернияларынан екі жүз мыңдай 
қарашекпен  көшіп  келді.  1917  жылғы  мемлекеттік  мəлімет 
бойынша  Ақмола  облысында  славян  нəсілді  жұртшылық 
882 мың 300-ге жеткен екен
36
.
Қоныс  аударушылар  қазақ  жеріне  аяқ  басысымен,  сол 
жерге өз тілінде ат қоятын. Сөйтіп, ежелгі Ащыкөл, Тұщы-
көлдер – Горькое, Пресное болып шыға келді.
Мысалы,  қазіргі  Мамлют  ауданының  орталығы  Мам-
лютка  қаласының  атауы  жөнінде  мынадай  мағлұматтар 
анықталды.
Ресей  империясының  1822  жылғы  «Сібір  қазақтары 
жөніндегі»  Жарғы  (Сперанский  жарғысы)  бойынша  Қа-
зақстанның  солтүстік  өңіріндегі  əкімшілік  өзгерістердің 
заңды  жалғасы  ретінде  1824  жылы  29  сəуірде  Көкшетау 
сыртқы  округі  құрылғанын  айттық.  Округ  немесе  дуан 
құрамына  кіретін  қазақтар  алдымен  «Ақ  патшаға»  адал-
дық антын беруге тиіс болды. Ол үшін орыс əкімшілігінің 
өкілдері Көкшетауға өздерімен бірге бірнеше татар молла-
сын  ала  келген.  Олардың  ішінде  бұл  өңірмен  Абылай  за-
манынан  бұрыннан  қарым-қатынасы  бар,  мал  саудасымен 
айналысатын  Усман  Мəулітов  деген  молла  да  болған.  Ол 
Жылғара  Байтоқиннің  «тамыры»,  яғни  жақсы  сыйласқан 
досы екен.
36. Алексеенко В. Н. Население дореволюционного Казахстана (численность, размащение, 
состав 1870-1614 гг.). Алматы, 1981, С.55.

56
Көкшетау  дуанының  аға  сұлтаны  Ғұбайдолла  Уəли-
ханұлы Усман молланы бала оқытуға шақырып, қоныс бе-
руге уағдаласады. Сол Усман Мəулітов 1830 жылғы науры-
зда Рысай-атығай болысының аумағына көшіп келеді. Оған 
Есіл  өзенінің  жағасында,  Новоникольск  редутынан  қырық 
шақырым  жердегі  «Тасыбек  тоғайы»  деген  жерден  үй  са-
луға, Қарағаш деген жерден (Кіндікті, Талдыкөл, Жалтыр-
көл маңайы) пішен дайындауға жер кесіліп беріледі
37
.
Алғашқы  4  жылда  Мəулітовтер  үш  үй  салып  алады.  Ірі 
қара өсіріп, кəсіппен айналыса бастайды. Усман мектебін-
де қазақтың елу баласы дəріс алады. Бұл елді мекеннің са-
лынуына байланысты архив құжаттарында ел ағасы Шана 
(немесе  Шона),  оның  інілері  Сүйік  жəне  Мəтен  Онышев-
тар,  Кəмəл  Жұматай,  Табылды  Тасыбеков  деген  адамдар-
дың  есімдері  аталады.  (Қазір  де  ұрпақтары  болуға  тиіс). 
Тасыбек тоғайынан алты шақырым жерде Шаңырақ қарасу 
деген көл аты кездеседі.
Жылдар  өтіп,  бұл  елді  мекеннің  аты  Мəуліт,  орысшасы 
Мамлютка болып өзгеріп кеткен.
Жер-су атын өзгерту – жай əуесқойлық емес, сол маңай-
да бұрын ешқандай халық мекендемеген, демек, иесіз жер-
ге  қазық  қағуға  болады  деген  жымысқы  саясатпен  əдейі 
жасалған  шара  екені  мəлім.  Жəне  мұндай  ат  қою  немесе 
байырғы  қазақы  атауларды  өзгерту  ешқашан  тоқтамастан, 
бірте-бірте жүргізіліп келді. Бұған, сонымен қатар, қазақы 
атаулардың  өзінің  транскрипциясын  өзгертіп,  адам  таны-
мастай қалыпқа түсіргендікті де қосу керек (Мысалы: Ша-
бақты – Чебашье, Тереңкөл – Торангул, Тоқыш – Токуши-
но, Асан – Асаново т. с.с).
М.  Сперанскийдің  жобасы  қазақтың  кең  даласын  бір 
ғана Ресейдің бодандығына түбегейлі көшіру жоспары бо-
латын.  Орта  Жүздің  ханы  Уəли  Абылайұлының  қазасын 
сəтті  келген  жағдай  деп  есептеп,  Ресей  империясы  Қа-
зақстандағы  хандық  билікті  мүлде  жойып  жіберді.  Омбы 
деп  аталатын  жаңа  облыс  құрылғанда,  «Сібір  қазақтары-
37. Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты – СҚО ММ. 158-қор, 
1-тізбе, 69-іс, 9-бет.

57
ның Жарғысы» деген құжат өмірге келді. Отарлау саясаты-
ның  білгір  мамандарының  бірі  Корф  бұл  жоспар  жөнінде 
кезінде былай деп жазған болатын: «Қазақ даласын осы бір 
ғана  құжат  арқылы  бейбіт  жолмен  басып  алудың  маңызы 
өз кезінде қалай бағаланса да, тарихи тұрғыда бұл өзі аса 
зор маңызды факт болатын»
38
.
Ал,  Сперанский  Капцевичке  жазған  құпия  хатында  өз 
жоспарының ішкі сырын былайша ашқан: «Қазақ даласына 
қарай басқан əрбір қадамымыз батылдық болып көрінетіні 
рас.  Бірақ,  Жарғыда  бұл  қадамдар  –  мақсат,  түпкі  бағыт, 
беталысымызды  түзеп  алу  тұрғысында  көрсетілген.  Бəл-
кім,  бұл  мақсатқа  жарты  ғасыр  өткеннен  кейін  жетерміз. 
Əзірше  сенімсіздеу,  баяу  жылжып  келе  жатсақ  та,  айқын 
жоспарымыз  бар,  бағытымыз  дұрыс.  Жергілікті  жағдай-
лардың аңысын аңдып, қолайлы сəтті қалт жіберіп алмасақ 
болғаны.
Осылайша, Қыр өлкесіне қарай жылжып, азаматтық өз-
герістерді («жер-су атауын өзгертуді» деген сөз. – авт.) қа-
зақ  арасына  бірте-бірте  енгізіп  отыру  –  Глазенап  марқұм-
ның  үшінші  шекара  шебін  тарту  жөніндегі  ұсынысына 
қарағанда, ең қолайлы əдіс»
39
.
Қазақ жерлеріне қарай жылжудың екінші кезеңі Қыр өл-
кесінің  генерал-губернаторы  Х.  Гасфорттың  кезінде,  1854 
жылы  Омбы  облысы  таратылып,  Ақмола  жəне  Семей  об-
лыстарының құрылуы еді. Сөйтіп, Қазақстанның ұлан-бай-
тақ  солтүстік,  шығыс  жəне  орталық  аймақтары  немесе 
Орта  Жүздің  жері  Ресей  империясының  қарауына  сұрау-
сыз, жоқтаусыз өтіп жатты.
«Русский  инвалид»  газетінің  1857  жылғы  12-қараша-
дағы  санында  «Омбыдан  хат»  деген  тақырыппен  жазған 
автор,  қуанышын  жасыра  алмай  былай  деп  жазыпты: 
«Жаңадан  екі  облыс  құрылуына  байланысты  «қазақ  жер-
лері»,  «Орта  Жүз  бен  Ресей  шекарасы»  деген  түсініктер 
мүлде жойылды. Ешбір шығынсыз, əуре-сарсаңсыз, қауыр-
сын  қаламның  ұшымен  бір-ақ  сызып,  осынау  үлкен  елдің 
38. Граф Сперанскийдің өмірі. СПб., 1861, Т. ІІ., 142-бет.
39. Сонда, 247-бет.

58
аумағын  империя  шегіне енгізіліп, үзілді-кесілді қосып ал-
дық»
40
.
Ал,  социалистік  идеяны  ту  еткен  кеңес  үкіметі  тотали-
тарлық  зорлау,  қинау,  жазықсыз  жазалауды  өмірге  ендіру 
арқылы бір қалыпқа түсірілген «үйретінді» менталитетті қа-
лыптастырудың нəтижесінде жаңа атаулар саясатын одан əрі 
жалғастырды.  Осы  арқылы  халықтың  тарихи  жадының  бір 
саласы ретінде қалыптасқан тұрақты тарихи ұлттық ұғымы-
на айналған елді мекен, жер атауларын зорлықпен өзгертіп, 
одан қол үздірді
41
.
Кеңестік  дəуірде  колхоздастыру,  тың  игеру  науқандары-
на байланысты өңірдің байырғы елді мекендерінің атаулары 
аяусыз өзгертілгенін айтып жеткізу мүмкін емес. Оған қоса 
қызыл  империяның  саясатына  сай,  идеология  мүддесіне 
орай  ешқандай  мəні  жоқ,  даңғаза  қазақша  атаулар  енгізіл-
ді.  «Жаңа  тұрмыс»,  «Алғабас»,  «Жаңа  талап»,  «Жаңалық», 
«Орталық», «Бірлік», «Мəдениет» т. б. атаулар бұрынғы та-
рихи  топонимиканы  ел  санасынан  өшірді,  басқасы  жаппай 
орысша болып кетті.
Сонымен бірге коммунистік партия мен үкіметтің басшы-
ларының  аттары  мəңгі  есте  қалдыруға  лайық  деп  танылға-
нын  білеміз.  Олардың  арасында,  тіпті  ақылға  сыймайтын-
дары  да  бар.  Бір  ғана  мысал,  Петропавлдан  40  шақырым 
жерде Смирнов елді мекенінің бұрынғы аты «Дəрмен», яғни 
станцияның  аты  да  солай  аталмақ  екен.  1921-22  жылдары 
Қазақстаннан тартып алынған астық пен етті Ресейдің орта-
лық аймақтарына жедел жеткізу үшін Көкшетауға теміржол 
тарту  жұмысын  азық-түлік  халық  комиссарының  орынба-
сары  Смирнов  деген  басқарыпты.  «Дəрмен»  атын  өзгертіп, 
Смирновтың  атын  беруді  «еңбекшілер  жалынып  сұраған 
соң» оның аты қойылыпты…
Ал,  екінші  бір  долбар,  1917  жылғы  төңкеріске  байланы-
сты  оқиғалардың  салқынымен,  Кеңес  билігін  орнату  үшін 
Омбыда құрылған Сібір революциялық комитетінің төраға-
40. Бүрбаев Т. Ұлт менталитеті. Астана, 2001, 26-бет.
41. Мырзахметұлы М. Қазақ топонимдері мен антропонимдері.// Ономастика: бүгіні мен 
болашағы. Астана, 2002, 20-бет.

59
сы  Смирнов  деген  болғаны  да  шындық.  Əйтеуір  халықтың 
жадында  сақталмаған,  жыл  өткен  сайын  күңгірт  тартып 
келе  жатқан  есім  туралы:  кім,  неге,  қашан?  деген  сұрақтар 
көп.  Осы  бір  ғана  фактінің  өзі  ономастика  мəселесінің 
жеңіл-желпі, жүре сөйлеп, бас шұлғитындай оңай еместігін 
көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет