Айыртау болысының басқарушысы Тоқсанбай Сасықов,
кандидаты (орынбасары деп түсініңіз. – авт.) Мұқан Тоқмы-
рзин. Ауыл билері: Молдабай Шоқатов, Нұрғожа Жаулыба-
ев, Ыбырəлі Қоржынов, Күдербек Əкімов, Мүсіреп Бурабе-
ков, Көбе Қопақов, Мұқан Бекқожин, Ақпанбет Бостауов,
Баймырза Жаңабергенов, Догалақ Алдабергенов, Əлібай
Шалов, Шоқан Шегенов, Исабай Қиқымов жəне Мырзахмат
Қозыбеков.
Восточная болысының басқарушысы Жанұзақ Сəрсен-
баев, кандидаты Омар Жортушин. Ауыл билері: Темірболат
Жүсіпов, Бисен Наурызбаев, Боқан Байсүгіров, Қожамсүгір
Шоңов, Сүлеймен Аймағанов, Ақан Байтөрин, Құсайын Кү-
теулин, Қожақмет Етекбаев эжəне Бектас Ермеков.
Жыланды болысының басқарушысы Сүлеймен Кеме-
лов, кандидаты Əнəпи Кемелов. Ауыл билері: Салық Қа-
лақов, Дəуітбай Көбеев, Тасет Оспанов, Мұсабек Нұртаев,
Жүсіп Қылышбаев, Тілеулі Шоқаев, Қазыбек Сейітов, Ақ-
31
жан Жаманшалов, Төлтөре Есенбеков, Күшен Жандосов,
Əлішбай Қашқынов жəне Беркінбай Айдарбеков.
Зеренді болысының басқарушысы Күшік Тыржанов,
кандидаты Мақат Нұртаев. Ауыл билері: Қоңыр Тортаев,
Шақабай Тоғызбаев, Əйтей Данияров, Жүсіп Жарқынов,
Ордабай Төлегенов, Имекен Жаңабатыров, Ыбырай Шоев,
Жантілеу Нəдірқұлов, Мəтен Күнтаев, Мұқан Бекеев, Шаң
Таскин, Қашаған Манаев, Қоңырқұлжа Опанов, Боран Жа-
мауов жəне Ыбырай Бəжіғұлов.
Көкшетау болысының басқарушысы Тəжіғұл Қосдəу-
летов, Кенжеболат Ақылбаев. Ауыл билері: Жолтай Ша-
лов, Мұқан Дүйсенов, Қашқын Шотанов, Мұқан Шолақов,
Жарқын Құлшықов, Жадай Сейтенев, Махамбет Айдосов,
Мыңбай Жанмұхамбетов, Құлмырза Тəтібеков, Тоқыбас Жа-
ныбаев, Сүлеймен Өтепов жəне Омар Мұстафин.
Қорған болысының басқарушысы Дүйсен Жанғосқин,
кандидаты Дүйсенбі Жанғосқин. Ауыл билері: Жиенəлі
Досқожин, Қосшығұл Жанкин, Дүйсен Тілеулин, Шилік
Мəтин, Кенжеболаьт Атығұлов, Мұқан Жолдыбаев, Сəрсем-
бай Бұқин жəне Елесіз Жандыгеров.
Қотыркөл болысының басқарушысы Тоқсанбай Ал-
шыбеков, кандидаты Өмірқұл Тоғалақов. Ауыл билері:
Баба Балбыров, Кенжесары Құнанбаев, Тілеп Саябаев, Би-
тан Жантілесов, Баймақ Базаров, Оразəлі Майлыбаев, Кө-
бен Ескенин, Əбіш Бекбаев, Сүлеймен Бақин, Сəтбай Раев,
Мұқан Байғожин жəне Бекмағамбер Байсарин.
Мезгіл болысының басқарушысы Шалабай Тынекин,
кандидаты Қошан Шауыпкелов. Ауыл билері: Жақи Шал-
дықов, Биснбай Шалов, Шорағұл Сатыбалдин, Қадырма
Тілеубаев, Сəйпи Бесбаев, Тілеуберген Тілепов, Иісбай Бай-
ғожин, Əли Шауыпкелов жəне Бəйіш Райымбеков.
Николаев болысының басқарушысы Білəм Шылым-
баев, кандидаты Рахымбай Назаров. Ауыл билері: Айтқо-
жа Бөпин, Бөртебай Биғозин, Шəріп Жұрқабаев, Қойбағар
Қашқынов, Өтеубай Тоқин, Əбу Олжабаев, Қожахмет
Сүлейменов жəне Қошқарбай Сағынаев.
Омбы болысының басқарушысы зауряд-хорунжий Ха-
сен Көкенов, кандидаты Байболат Жапақов. Ауыл билері:
32
Тілембек Жандыров, Мұса Əбдірейісов, Бұлқайыр Тұрдыбе-
ков, Ыбырай Жаналов, Қайыпберген Тоқбаев, Самай Бисе-
кенов, Бибатыр Құлақов жəне Ам анбай Азнабаев.
Покров болысының басқарушысы Мұса Шуақбаев, кан-
дидаты Исабек Тойжанов. Ауыл билері: Домақ Жүсіпов,
Дүйсенбай Жамангарин, Телжан Əдіков, Тасжан Етекбаев,
Əмеңке Жантілеуов, Тəжен Жартышев, Кəбен Бужанов жəне
Бөгембай Қостанов.
Шалқар болысының басқарушысы Қошқарбай Өтепов,
кандидаты Мұқан Мырзалин. Ауыл билері: Байман Сауытбе-
ков, Райымбек Алдабергенов, Ерəлі Бегəлин, Самрат Жанə-
лин, Жүзім Өтин, Мұса Ордабаев, Қараменде Таласов, Ғали
Төлепбергенов, Жəпек Аяпов, Назар Бабасов жəне Құдайбер-
ген Нүсірбаев.
Шарлақ болысының басқарушысы Шəймерден Шортан-
баев, кандидаты Айтжан Байтілесов. Ауыл билері: Нұрмұ-
хамбет Исин, Сайын Кеңесбаев, Құдайберген Байсыманов,
Ыбырай Əбенов, Тоқтөре Боқаев, Қараман Арыстанғұлов,
Ахмет Тəйтіков, Əміржан Сəттібаев, Кəке Малайсарин жəне
Сұлтан Жанғозы Нұрəлин.
Құсмұрын болысының басқарушысы Битен Сатыбал-
дин, кандидаты Қозыбай Есенғұлов. Ауыл билері: Медеубай
Төлегенов, Жұмат Өмірқұлов, Шалбай Төлемісов, Қосшығұл
Шақабаев, Мəтіш Бектеміров, Сандыбай Жомартов, Томақ
Жарқынбаев, Жантемір Жарылғамысов, жəне Битей Аманба-
ев.
Орта болысының басқарушысы Сатай Сандыбаев, канди-
даты Байғасқа Сандыбаев. Ауыл билері Кəрішал Сейітқұлов,
Қадырма Қайдауылов, Тұрлыбек Шəнкин, Данияр Садыров,
Алдай Белдеев, Баймұрат Əйтімбетов жəне Есеней Қылышев.
Полуден болысының басқарушысы Сатыбалды Қуаны-
шев, кандидаты Жұман Рысқұлов. Ауыл билері (ең төменгі
əкімшілік қызметкер, қазақша «ауылнай» деп аталатын. –
авт.) Елеуіш Салпықов, Шекен Төлектеміров, Басшығұл Мұ-
сабаев, Байғажа Манақов, Бекберген Шалжанов, Тəкей Жұ-
мықов жəне Балтабас Байболин.
Преснов болысының басқарушысы Күнияз Жолдыа-
яқов, кандидаты Күлен Жолдыаяқов. Ауыл билері: Бекқұлы
33
Қарамеңов, Бисақал Тəңірбергенов, Нұрғожа Құрымбаев,
Жабал Қылышбаев, Рамазан Майлин, Əдімбай Құлыбеков,
Мұса Тастеміров, Тəштит Тəбеев жəне Қисық Сағындықов.
Пресногорьков болысының басқарушысы Самрат Ерме-
нев, кандидаты Сибан Жантасов. Ауыл билері: Өтеш Ақба-
сов, Сүткен Жанбауов, Садық Кетебаев, Нұрбай Жанақов,
Құсайын Бектенбаев, Шопан Тыманов, Түркенбай Игіліков,
Бейсембай Еділов жəне Өткерей Төлеубаев.
Становой болысының басқарушысы Меңдіғұл Дүй-
сенев, кандидаты Елеусіз Шабақов. Ауыл билері: Қуандық
Қозғанбаев, Тоқбай Жаманбаев, Жанашыр Жанғыршин, Ұл-
бай Байжұбанышев, Айтқұл Нұралин, Мұхаметқали Мана-
баев жəне Айып Қосшығұлов.
Тайынша болысының басқарушысы Күшік Бердəлин,
кандидаты Құлмағамбет Көшенəлин. Ауыл билері: Махам-
бет Жантелин, Омар Тұжықов, Сыздық Томпақаев, Байжігіт
Бердəлин, Малдай Сексенбаев, Қамарық Макин жəне Қо-
сым Мұжықбаев.
Сол 1889 жылы Петропавл қаласындағы бессыныптық
қалалық училищеде 182 бала оқыған. Оқу орны мемлекет
тарапынан қаржыландырылған. Қыздар прогимназиясында
(бастауыш білім беретін) 120 оқушы болғаны тіркелген.
Мешіттердің жанында ашылған медресе-мектептер тура-
лы мына мағлұматтарды келтіруге болады. № 1 мешітте 45
ұл мен 35 қыз, № 2 мешітте 56 ұл мен 65 қыз, № 3 мешітте
15 ұл мен 7 қыз, № 4 мешітте 19 ұл мен 2 қыз, № 5 мешіт-
те 15 ұл жəне № 6 мешітте 46 ұл оқып жатқаны жазылған.
Мешіт жанындағы бұл мектептерді мемлекет қаржыланды-
рмаған.
Ескерту ретінде: Тарихи зерттеулерде байқап жүргеніміз-
дей, қазақтар орыс үкіметінің жан санағында да, мал са-
нағында да нақты мəліметті кемітіп беретініне көзіміз жетті.
Себебі, «Сібір қазақтары туралы» низамда түндік салығы,
мал салығы, т. б. алым-салықтар болған ғой.
1889 жылы 13 шілдеде шаруалардың қоныс аударуын
тəртіптеу жөнінде Мемлекеттік совет дайындаған ұсынысқа
патша қол қойғаннан кейін қазақ даласын отарлаудың жаңа
кезеңі басталды. Оның мəнісі неде еді? Бұл заң бойынша,
34
«қазынының бос жатқан жеріне талап қылғанның бəрі өз
бетімен барып, қоныстана беретін аймақтар тізіміне Ақмо-
ла облысының енгізілуінде еді. Осыдан бастап, келімсектер
тасқыны тіпті күшейе түсті. Сол жылдың соңына дейін, Ре-
сейдің Еуропа бөлігінің 32 уезінен көшіп келушілер саны 15
мыңнан асып кеткені туралы жазбаша мəлімет сақталған.
Айталық, 1890 жылдың жазында бір ғана Орынбор арқылы
Ақмола облысына 5326 жаны бар, 905 отбасы өткен болса,
соның тең жартысы Самара төңірегінен екен.
Қазақстанға сырттан ауып келгендер туралы арнайы зерт-
теу еңбегін жазғандар, мысалы, 1891 жылы Ресейдің Еуропа
жағында қатты қуаңшылық болып, Орал таулары іргесінде-
гі, Батыс Сібірдегі ашарықтар Қазақстанға жаппай ағылға-
нын, жол үстінде қыс ерте түсіп, кездесекен казак станица-
лары мен орыс поселкелеріне бей-берекет қыстап қалғанын
жазады. Босқындардың аянышты халін ескерген үкімет тар-
пынан оларға көмек көрсетіліп, «бос жерлерге» орналасуға
рұқсат етілген.
Сібір теміржолы туралы 1893 жылғы 4 наурызда патша
бекіткен Ережеге сəйкес, бұрынғы қонысын тастап, ауа көш-
кендерге теміржол желісі бойына орнығуға рұқсат етілген.
Қорытып айтқанда, 1894-1906 жылдары Ақмола облы-
сына 228 мың келімсек келіп, 299 елді мекенге орналасқан.
1907 жылы тағы да жаңа тəртіп енгізіліп, Петропавл уезіне
бір жылда ғана 5,5 мың жан,983 отбасы, Көкшетау уезіне
14,1 мың жан, 2744 отбасы, Атбасар уаезіне 5,5 мың жан,
854 отбасы, Ақмола уезіне 15 мың жаны бар түндік көшіп
келген. (Пам. Кн. 1909 г 73-78-беттер).
Отарлау саясатының осылай асқынуына байланысты, қа-
зақ даласындағы билік жүйесін өзгертіп, жаңа əкімшілік-а-
умақтық бөліс қалыптастыру қажеттігі туды. Ақыры, 1864
жылы Сібір комитетінің басқарушысы В. П. Бутковтың
басшылығымен «арнайы комиссия» құрылып, ол Орын-
бор жəне Батыс-Сібір бас губернаторлықтарындағы жаңа
əкімшілік-басқару жүйесінің жобасын əзірледі. Бірақ, бұл
комиссияның əзірлеген жобасы əскери жəне ішкі істер ми-
нистрліктерін қанағаттандырмаса керек, 1865 жылы шілде
айында, қазақ өлкесіндегі жаңа басқару жүйесінің жобасын
35
əзірлеу үшін, тағы бір арнаулы «Дала комиссиясы» құрыл-
ды
11
.
Осындай дайындық жұмыстарының негізінде 1861
жылғы 21-қазанда «Орал, Торғай, Ақмола жəне Семей об-
лыстарын басқару туралы уақытша Ережеге» Ресей пат-
шасы ІІ Александр қол қойып, заң күшіне енгізді
12
. Бұл
төртеуіне оңтүстіктегі Жетісу жəне Сырдария облыстарын
қосқанда, Қазақстанда барлығы 6 облыс құрылды.
Əкімшілік-аумақтық бөліністі түбірімен өзгертіп жіберіп,
көпке дейін сақталған реформа 1868 жылы дүниеге кел-
ген. Оның қысқаша мазмұны мынадай: 1821 жылғы «Сібір
қазақтары туралы» жарғы күшін жойды. Округтік приказ-
дарға негізделген сұлтандық билік тиылды. Ақмола, Семей,
Торғай жəне Орал облыстары мен оларға бағынышты уездер
жүйесі қалыптасты. Айталық, Батыс Сібірде Ақмола жəне
Семей облыстары, тиісінше, 1869 жылдың басынан облы-
стық басқармалар құрылды. Бізге қатысты Ақмола облысы-
ның құрамында Омбы, Петропавл, Көкшетау жəне Ақмола
уездері, оңтүстікте Сарысу уезі (1881 жылы атау Атбасар
уезі болып өзгерген) болады деп ұйғарылды.
1882 жылы бұл жүйе біршама кеңейіп жəне жетілдіріліп,
Түркістан генерал-губернаторлығы болып қайта құрылды.
Негізгі өзгешелігі Қазақстанның оңтүстігін, яғни Жетісу об-
лысын қоса қамтуы еді.
Бұрынғы Петропавл уезі ежелден Ақмола облысының
құрамында болғаны мəлім. Солтүстік Қазақстан облысының
қазіргі шегі тұтасымен Петропавл уезін, Көкшетау жəне
Омбы уездерінің біраз аймағын қамтиды. Сондықтан, өлке
топонимикасы туралы сөз болғанда, жер аумағын қазіргі об-
лыс шегінен кеңірек қамтуға тура келетінін ескертеміз.
«Уақытша Ереженің 6-бабында «Ақмола облысы –
бұрынғы Сібір қазақтары облысының Көкшетау, Атбасар,
Ақмола округтерінен жəне Сібір казактары əскери округінің
1, 2, 3, 4, 5 полктерінен, Омбы жəне Петропавл қалаларынан
11. Сүлейменов Т. С. Подготовка реформы 1867-1868 гг. в Казахстане//Известия Казфилиала
АНССР. Серия: история, 1946, № 2.
12. Материалы по истории политического строя Казахстана. 1-том, Алма-Ата, 1960,
С.282-316.
36
құрылатыны» көзделді
13
. «Ақмола облысының орталығы –
Ақмола қаласы. Бірақ онда облыстық басқару жүйесі қалып-
тасқанша, уақытша Омбы қаласы орталық болады»
14
, – деп
шешілді. Кейінгі тарих көрсеткендей, Ақмола облысының
орталығы қазақ жеріне көшірілмей, атауы ғана сақталып,
1917 ақпан төңкерісіне дейін Омбы қаласында қалып қойға-
нын білеміз.
1919 жылғы 27 тамызда Сібір төңкеріс комитеті, қысқа-
ша Сибревком құрылды. Орталығы Петропавл болған Ақмо-
ла жəне орталығы Семей болған Семей губернияларына да
Сібір ревко-мының билігі жүрді.
Тиісінше, 1919 жылғы 23 қарашада Петропавл уездік
ревкомы, ал, 8 желтоқсанда Ақмола жəне Семей уездік рев-
комдары құрылды. Жер-жерде ауылдық жəне болыстық рев-
комдар құру науқаны басталды. Сақталған мұрағат құжат-
тарына қарағанда, бұл жұмыс оңай жүрмеген. Халықтың
еркінен тыс, сырттан таңылған билік тамырын терең жібе-
ре қоймады. «Петропавл уездік ревкомының нұсқаушылары
1919 жылғы 7 желтоқсаннан 1920 жылғы 20 қаңтарға дейін
ауылдық жəне болыстық ревком құру үшін 72 елді мекенді
аралап шықты-, деп жазылған бір құжатта. – Нұсқаушылар-
дың жетіспеуінен уездің бүкіл мекендерін тез арада қамту
мүмкін болмады. Уездік ревкомның жазбаша нұсқа-уына
сай, жергілікті ревкомдар құруды жеделдету қажет».
Азамат соғысының салдарынан өңірдегі халықтың басы-
на зобалаң туды. Əлеуметтік-тұрмыстық жағдай асқынып,
аш-жалаңаш, қайыршы хал үйреншікті жағдайға айналды.
Ақтарды қуып шығып, қалаға қайта ие болған, 5-армияның
саяси бөлімі Петропавлда қайта ревком құрды. Өкімет билі-
гі ревкомға берілді.
1920 жылғы 20 шілдеде Петропавлда Кеңестердің қала-
лық жəне уездік съезі болды. Соның шешімімен бес күннен
кейін ревком таратылып, қала-уездік атқару комитеті билікті
қолына алды. Азамат соғысының аяқталғаны нышан беріп,
солтүстік өлке бейбіт тұрмысқа бейімделе бастағанда «Есіл
13. ҚРОМА. 25-қор, 1-тізбе, 1817, 2-бет.
14. Сонда.
37
көтерілісі» деген атпен тарихта қалған əйгілі тап күресі,
Кеңестік, большевиктік билікке қарсы қарулы көтеріліс
бұрқ ете түсті. Кезінде əртүрлі бағаланған қанды соғыстың
егжей-тегжейіне тоқталу бұл кітаптың тақырып аясынан
тыс, жеке мəселе.
1917 жылғы көктем мен жаз айларында берекесі кетіп,
тыныштығы шайқалған Ресейдің өз ішінде Уақытша өкімет,
Колчак өкіметі, ақтар мен қызылдар соғысы деген оқиға-
лар бірімен-бірі алмасып жатқанда, қазақ зиялылары саяси
ұйым құруға талпынды. Қазақстанның басым аумағында,
ірі қалаларда ұлттық белгідегі «қазақ сьездері» өтіп, күйре-
ген Ресей империясының қоламтасын қайта қыздырмай-ақ,
ұлттық билікті қолға алу үшін күрес жүргізілді. Əлихан Бө-
кейхан бастаған қазақ зиялылары Алаш ұранды саяси пар-
тия құрып, Бүкілқазақтық екі сьезд өткізді.
Бүкіл қазақ халқының қолдауына ие болған Алаш партия-
сының көсемдері 1917 жылғы 13 желтоқсанда тəуелсіз қазақ
мемлекеті дүниеге келіп, оның үкіметі Алашорда құрылға-
нын жариялдады. Алашорда үкіметінің астанасы Алаш қа-
ласы болды». Алаш қаласы дегеніміз – Семейдің сол кезде
«Заречная слободка» деп аталатын бөлігі. Аталған тарихи
оқиғаның нəтижесі ретінде, Уақытша Ұлт Кеңесі деген атау-
мен Қазақстан Үкіметі, оның төрағасы, Үкімет мүшелері сай-
ланды. Алашорда төрағасы Əлихан Бөкейхан автономияның
жұмысқа кіріскені туралы жан-жаққа жеделхат жолдады.
Қазақ тарихында аса маңызды орын алған осы оқиға ту-
ралы Алаш көсемдерінің бірі Əлімхан Ермеков сол кезде
Семейде шығатын Алашорданың органы – «Сарыарқа» га-
зетіне былай деп жазды «…декабрьдің 14-сі күні түс ауа,
сағат 3-те дүниеге Алаш автономиясы келіп, азан шақы-
рылып, ат қойылды. Алты алаштың баласының басына ақ
орда тігіліп, алаш туы көтерілді. Үлкен ауылдарға қоңсы қо-
нып, шашылып жүрген қазақ-қырғыз жұрты өз алдына ауыл
болды, Отансыз жұрт Отанды болды». Алайда, тəуелсіз
болу үшін, шын Тəуелсіздік алып, өз қолымыз өз аузымызға
жету үшін əлі 73 жыл күту керек еді…
1918 жылғы қаңтарда Бүкілресейлік Советтердің үшінші
сьезінде Еңбекші жəне қаналушы халықтың Декларация-
38
сы мен «Россия республикасының федералдық мекемелері
туралы» қаулы қабылдады. Осылайша, бұрынғы Ресей им-
периясының басым аумағында тұңғыш социалистік респу-
блика құрылғаны жария етілді. Бұл құжаттарда жаңа мем-
лекеттің құрамына кірудің еріктілігі, федерацияның «негізгі
бастаулары», əрбір ұлттың федералдық мекемелердің ісіне
дербес қатысы, «Федерация мүшелері құқыларының бұзыл-
майтындығы» да айтылған. Бірақ, бұл қағидалар ұмытылып,
РСФСР-дың 1918 жылғы Конституциясында Ресейдің мем-
лекеттік құрылымы ғана жарияланды. Тіпті, федерация мү-
шелерінің орталық билікке қатысу формасы да айтылмаған
еді. Бұл тұрғыда ол – шын мəніндегі унитарлық мемлекет
болатын. Яғни, жоғарғы билік ешкімнен сұрамай-ақ, аза-
мат соғысы кезінде басып алған аумақтардың басын қосып,
заңдастырған десек дұрыс. Федералдық органдар бəрін ше-
шеді, жергілікті биліктің ешқандай мəн-маңызы жоқ бола-
тын. 1918 жылғы Конституция бойынша іс жүзінде бүкіл
билік иесі Советтердің Бүкілресейлік Советі мен Бүкілре-
сейлік Орталық атқару комитеті деген сөз.
Əрбір ұлт өз мемлекеттілігіне ие болады деген түсінік
далада қалды. Ресейдің ішінде алғашқы ұлттық шекара бел-
гілері 1918 жылдың соңы мен 1919 жылдың басында, Еділ
бойы немістерінің Еңбек коммунасы жəне Башқұрт АССР
түрінде ғана пайда болды. Бұл үрдіс табиғи түрде белең ала
бастады да, 1922 жылдың аяғына қарай РСФСР құрамында
19 автономиялық республика мен облыс жəне ұлттық негіз-
де құрылған 2 еңбек коммунасы болған. Дегенмен, бұлар-
дың барлығы да, ешқандай ұлттық дербестігі жоқ, əлжуаз
құрылымдар еді. Мемлекет құрушылардың ойынша, Ресей
Федерациясы – революция мен совет үкіметі үшін күрес
кезеңдерінде тас-талқаны шыққан Ресей империясының
бұрынғы құдіретін қалпына келтіретін ірі социалистік мем-
лекет болуға тиіс еді. 1918 жылдың ортасына дейін РСФСР
мен Украина ғана тəуелсіз мемлекет тұрғысында көрінді де,
кейін Белоруссия мен Балтық бойының үш, Кавказдың үш
республикасы пайда болды.
1918 жылғы көктемде Ресейдің шығысы мен Сібірде Со-
вет үкіметі құлап, аз уақыт бойы сергіген Қазақстанда Ала-
39
шорда бастаған тəуелсіз мемлекет құру үміті пайда болды.
Алайда, большевиктік үкіметпен қиян-кескі соғыс жүргізіп
жатқан ақ гвардияшыл Сібір билігі де қазақтарға тəуелсіздік
беруден үзілді-кесілді бас тартып, Колчак үкіметінің құзы-
рымен Алашордашыл қазақ үкіметі таратылды. Қызылжар-
да Алашшыл жастардың «Жас азамат» газеті шығатын кез
(31.07. 1918-02.1949 жж.) осы.
1919 жылдың күзінде большевиктер партиясының орта-
лық комитеті мен Совет үкіметі Қазақ өлкесін (Қазақстанды
деп оқыңыз. – авт..) басқару жөнінде Əскери-революциялық
комитет құрды. Оны басқару орыс большевигі Пестков-
скийге жүктелді де, мүшелеріне қазақтардан Сейітқали
Меңдешев, Əбдірахман Əйтиев, Сақыпкерей Арғынши-
ев, Əліби Жангелдин, Ахмет Байтұрсынов жəне басқалары
бекітілді. Шын мəнінде басқарудың бұл түрінде тиісті əлу-
ет те, дербестік те болған жоқ. Ол, көбінесе большевиктер
басқарған Түркістан майданының, дəлірек айтқанда əскери
командирлердің айтқанымен жүрді. Қазақ өлкесінің, ондағы
халықтардың ерекшелігін де, мұң-мұқтажын да жеткілік-
ті дəрежедегідей ескере алмады. «Əскери-революциялық»
деген атауынан-ақ көрініп тұрғандай, «Кирвоенревком»
(бұдан əрі Қазвоенревком. – авт.) нағыз əкімшіл-əміршіл,
алыпкел-шауыпкелдің өзі болғаны – тарихи шындық.
Соған қарамастан, 1919 жылғы 10 шілдедегі өкімет де-
креті бойынша өз құзырындағы Семей, Ақмола, Торғай
жəне Орал облысы мен Бөкей ордасындағы халықтың күн-
делікті тыныс-тіршілігіне байланысты мəселелерді шешіп
отыруға, Совет автономиясын құруға дайындық ретінде
Жалпықазақ сьезіне əзірлік бастауға тиіс еді. 1920 жылғы
ақпанда жарияланған қаулыда осы мəселелер атап көр-
сетіліп, əскери-ревкомдар «Ресей құрамына кіретін респу-
бликалармен қатынасты қалыпты жағдайға келтіріп, əсіресе
орыс емес ұлттар арасында ұйымдастыру-түсінік жұмыста-
рына көңіл бөлуі» керектігі көрсетілуі тегін емес.
Осы айтылғандарды жүзеге асыру үшін жаңа билік-
тің мүшелерінде ауызбірлік болуы қажет екені түсінікті. Іс
жүзінде олай бола қоймады. Қазвоенревком құрамындағы
қазақтардың пікірі еленбей қала берді. Мысалы, Түркістан
40
майданы РВС, 1-армияның реввоенсоветі мен саяси бөлімі
өкілдерінің мəжілісінде Орынборды Қазақстанға беру мəсе-
лесі 10 қыркүйек күні Кирвоенком қызметкерлерінің ұсы-
нысымен күн тəртібіне қойылды. Қазвоенревком төрағасы
С. С. Пестковский, əрине Мəскеудің ұстанымын қолдады,
«Орынборды Қазақстанға беру керек», деген пиғылда бол-
ды. Ал, компартия билігінің өкілдері А. А. Коростелев пен
И. Д. Мартынов бастаған топтың тағы алты адамы керісін-
ше, «орысы көп Орал облысы мен Ақтөбе уезін, Ақмола об-
лысын Орынборға қосуды» жақтады. Сондай-ақ, жаңадан
құрылатын Қазақ республикасының астанасын, сол елдің
«түкпірінен іздеу» керектігін айтты.
Бұл мəселеге тəтпіштеп тоқталуымыздың мəнісі бар, Қа-
зақтың дербес мемлекетінің тағдыр-талайы түптің түбінде
оның астанасының қайда, қандай екенімен байланысты бо-
ларын Алаш көсемдері сол кезде-ақ білген болатын. Орын-
борды астана жасауға А. Байтұрсынов, С. Меңдешев жəне
М. Түнғаншин қарсы болды. Олардың атынан сөз алған
Ахмет Байтұрсынов «мұндай жағдайда біз дауыс беруге
қатыспаймыз» дегенге дейін барды. Өйткені, астанасы Ре-
сейдің ішіндегі қала болған республикада дербестік болуы
мүмкін емес еді. Демек, кері айналып, 1917 жылы желтоқ-
санның 12 күні түстен кейін жарияланған Алаш автономия-
сының кіндігі ретінде Семейдің Алаш бөлігі неге таңдалға-
нына ой жіберсек, мəселе түсінікті еді. Дегенмен, күрделі
түйіннің шешуі тек қана Мəскеудің қолында еді ғой.
Орынбор губкомының, губерниялық атқару комитетінің
жəне Түркістан майданы мен 1-армияның біріккен жиналы-
сы шақырылып, оған «қазақ, башқұрт мəселелерін шешуге»
Мəскеуден Михаил Калинин келіп қатысты. А. Байтұрсынов
өз пікірінен айныған жоқ, дауыс берген де жоқ. Ақыры, Қа-
зақ автономиясының астанасы Орынборда қалды (2).
Расында да ұлан-байтақ Қазақстанды бір қиырда, Ресей
жерінде жатқан Орынбордағы орталықтан басқару оңай
емес еді. Сол себепті, кейін, 1921 жылы қыркүйекте Қазақ
облыстық партия комитетінің хатшысы Г. А. Коростелев
Сталинге хат жазып, қазақтардың 5-6 ай бойы өз наркомат-
тарын танымай тіршілік кешіп жатқандығына шағынуы
41
тегін емес. Тұрар Рысқұлов Ташкентті қазақ астанасы ету
жөнінде 1920 жылы білдірген өз идеясын есіне алып, 1922
жылы Сталинге ұсыныс түсірді. «Не қазақ республикасын
осы күйінен тарату қажет (бұған қазақтар ренжімейтінін
ол білген), немесе астананы басқа жерге көшіру керек. Ау-
мағы үлкен республиканы басқаруға Орынбор лайықты
емес, ол елге ешқандай пайдалы ықпал ете алмай отыр.».
(ЦК РКП (б) – ВКП (б) и национальный вопрос. Книга 1.
1918-1933 гг. М., 2005. С. 120).
Осылайша, большевиктер басқарған совет өкіметі белең
ала берді. Ресейдегі төңкеріс нəтижесінде ұлттық тəуел-
сіздікке, басқа ұлттармен теңдікке қолымыз жетеді деп үміт-
тенген қазақ жұрты социалистік құрылыстың келешегінен
ерте-ақ түңіле бастады. Оған айқын дəлел ретінде, Қазрев-
ком мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының Ресей мемлекетінің
ең жоғарғы мемлекеттік жəне саяси билік иесі Владимир
Ленинге жазған хатынан мынадай үзінді берсек, жағдай
түсінікті болар: «Қырғыз (бұдан əрі – қазақ. – авт.) ревко-
мы құрылған уақыттан бері 10 ай өтті. Ревкомның он айлық
жұмысының қорытындысын шығара келгенде, ол өзінің еш-
теңе тындырмағанын айтуға тура келеді. Ревком жұмысы
берекелі болмауын көптеген себептермен түсіндіруге бола-
ды, бірақ негізгі себеп ЕКЕУ:
1) Қазақ өлкесін басқаруға қойылған Орталықтың өкілін-
де айқын көзқарас болған жоқ. Мұның себебі Қазақ өл-
кесінің əлеуметтік жағдайларының өз ерекшеліктері не
байланысты орталықтың өзінде «Ресей халықтары құқықта-
рының декларациясы» мен Р. К. П. бағдарламасындағы
принципті нұсқауларынан басқа қазақ мəселесі жөнінде ай-
қын көзқарас болмауы жəне 2) Орталықтың өкілі мен халық
арасында өзара сенім жоқтығымен түсіндіруге болады.
Патша үкіметі тұсында ұлттық езгі көріп, құлдыққа
түскен қазақтардан артық бұратаналар болған жоқ шығар.
Ұлттық езгі ұлттық сезім туғызбай тұра алмайды. Езілген
ұлттың бойында езушілерге қарсы жиіркеніш пен өшпен-
ділік сезімі үнемі дами бермесе де, сенбеушілік сезімінен
басқа сезім ояна қоймайды. Қазақтарды ғасырлар бойы то-
нап, езгіге салып келген орыс ұлтының пролетариаты өзін
42
патша чиновниктерінің орнын басып, езілген халықтардың
мойнына мініп алғысы келетін құлдыққа салушы жаңа мы-
рзалар емес, қайта оларды азат етуші ретінде іс жүзінде
дəлелдеп, көрсетуге тиіс. Солай бола тұрса да, жергілікті
коммунист жолдастар қазақтарды ешнəрсе түсінбейді деп
ойлайды, құйтырқы саясатқа салып, еңбекші қазақ халқына
олардың тұрмысын кеңестер негізінде құруына туысқандық
көмек көрсетуді ұсынбай, қайта оларға əртүрлі қулықпен өз
үстемдігін танытып отыр.
Өздерін интернационалист-коммунистер деп атаумен
ғана орыстар патша үкіметінің айла-шарғылы саясатымен
ғасырлар бойы таныс орыс емес ұлттардың сенімін оята ал-
майды. Қазақта: «Сары орыстың бəрі - орыс» деген мəтел
бар… Қазақ халқын алдайтын үміт артылған айла-шарғылы
саясат сырттай жылтырағандықтан басқа елеулі ешнəрсеге
жете алмайды…
Мəселе мынада: қазақтар арасында халқы толық сенетін
жəне жазатайым жаңылса да, жеке басының игілігі мен пай-
дасын көздеп, өз халқын ешқашанда саналы түрде сатып
кетпейтін зиялылардың белгілі бір бөлігі бар.
Қазақтардың сеніміне ие болғысы келетін орыс пролета-
риаты үшін ең төте жол осы зиялылар арқылы өтеді. Бірақ
бұл үшін осы зиялыларға Кеңес өкіметі сенім көрсетуі ке-
рек…
15
»
1920 жылдың маусымында ССРО басшылығы қы-
рғыз-қайсақтардың (ол кезде қазақтарды қырғыз не қы-
рғыз-қайсақ деп, ал қырғыздарды қара-қырғыз (кара-киргиз)
деп атаған. – авт.) мекен еткен жерлері Орал, Торғай, Семей
облыстары, Каспий сырты облысының Адай уезі, Бөкей Ор-
дасы жəне Орынбор облыстары аумағынан қазақтардың ұлт-
тық автономиялық республика құратыны мəлім болды да,
20 тамызда Бүкілодақтық Орталық атқару комитеті (БОАК)
атынан тиісті шешімі қабылданды. Республика астанасы –
Орынбор қаласы деп жарияланды.
1920 жылғы 26 тамызда Ресей Халық комиссарлары Со-
ветінің төрағасы Владимир Ленин мен РСФСР ОАК төраға-
15. Тайшыбай З. С. Мағжанның Қызылжары, Астана, «Полиграфия» – 2007. 118-бет..
43
сы Михаил Калинин «Қазақ автономиялы Республикасын
құру» туралы декретке қол қойғаннан кейін жас Қазақ мем-
лекетінің жер-суын түгендеу мəселесі күн тəртібіне қой-
ылды. Қазақстандағы заңды билік иесі – Қазақ əскери-ре-
волюциялық комитеті болашақ Қазақ республикасының
құрамына бұрын Ресейге қараған Ақмола жəне Семей облы-
старының аумағын енгізуге шешім қабылдады. (1868 жылғы
реформа бойынша құрылған Ақмола облысының уақытша
орталығы Омбы қаласы болып, ақыры өзгермей қалған. Ақ-
мола облысының жер аумағы қазіргі Солтүстік Қазақстан,
Ақмола, Қарағанды облыстарының Жамбыл жəне Алматы
облыстарының Балқашпен шектесетін бірқатар елді мекен-
дерін қамтыды).
Қазақ əскери-революциялық комитетінің мүшесі əрі Қа-
зақстан билігінің Бүкілресейлік Орталық атқару комитетін-
дегі өкілдігі алқасының төрағасы ретінде Əлімхан Ермеков
1920 жылғы 18 мамырда Мəскеуге барып, Қазақ республи-
касының шекара жігін анықтау, нақтылау, даулы мəселелерді
одақтық мекемелер арқылы шешумен айналысты.
«Мəскеуге келген бетте мен В. И. Лениннің төраға-
лығымен өткен кеңеске қатысып, Қазақстандағы жағдайды
баяндадым. – деп еске алады Ə. Ермеков. – Менің алдымда
Сафаров жолдас баяндама жасады. Қызуқанды, батыл да
шешен адам екен, шет аймақтардағы ұлттардың, оның
ішінде қазақтардың тұрмыс-тіршілігі ауыр екенін қолға
ұстатқандай, дəлелмен айтып берді. Келімсектерден қысым
көріп отырған жергілікті халықтың өз жерін қайтып беру
керек. Тек, сонда ғана халқымыз бостандықты түсініп, ре-
волюцияның жемісін тата бастайды, – деді ол. Ленин бұл
ұсынысты қолдап, Түркістанда таяу арада жер реформа-
сын жүргізу қажеттігін айтты. Мен Столыпин реформасы
дегеннің кезінде қазақтардың жері жаппай тартып алынға-
нын, Ертістің сол жағасындағы оншақырымдық жолақ 1904
жылы казак-орыстарға беріліп, қазақ халқының қуылып та-
сталғанын, Каспийдің солтүстік жағасына қазақтардың жо-
лай алмай отырғанын…айттым»
16
.
16. Кыдыралина Ж. У.. Алимхан Ермеков. Алматы, 2012. 100-105-бет.
44
Бұдан кейін бұрын Түркістан Республикасы құрамында
болған қазақ жерлері түгенделіп, Қазақ автономиялы респу-
бликасының аумағы алғаш рет белгіленген болатын. Құжат
түріне келетін болсақ, РСФСР Совнаркомының 1919 жылғы
10 шілдедегі «Қырғыз өлкесін басқаратын Төңкеріс коми-
теті туралы» декретінде былай делінген: «Қырғыз өлкесінің
аумағы анықталғанша, Төңкеріс комитетінің… қарауына
Астрахан губерниясындағы қырғыз жерлері жəне Орал,
Торғай, Ақмола жəне Семей областары қарайды».
Бұл жерде түсіндіре кететін бірнеше мəселе бар. Мұн-
дағы «Қырғыз өлкесі», «қырғыз» жерлері деген тіркестерді
«Қазақ өлкесі», «қазақ жерлері»… деп оқыған дұрыс.
РСФСР Совнаркомы дегеніміз, 1917 жылғы қазан төңкерісі-
нен кейін құрылған Ресейдегі үкімет билігі. Қазақша толық
атауы «Ресей Федерациясы Халық комиссарлары кеңесі»
болғанымен, тарихи əдебиетте орысша ықшам жазылған
түрін қолдандық. «Қырғыз өлкесін басқаратын Төңкеріс
комитеті» дегеніміз, төңкерістен кейін уақытша құрылған
əскери биліктің атауы. Мұны да түсінікті болуы үшін «Кир-
ревком», немесе дəлірек «Казревком», Сібір төңкеріс коми-
тетін «Сибревком» деп алдық. Құжаттағы «Ақмола облысы»
деген бөлініс қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының ау-
мағын толық қамтиды. – авт.).
Осы декретке қол қойылғаннан кейін, Қазақстанның
солтүстігі Колчак əскерінен босатылды. Сибревкомның бас
кеңсесі 1920 жылдың бас кезінде бұрын Новониколаевск
деп аталған, Ресейдің қазіргі Новосибирск қаласында бо-
латын, кейін Омбыға көшірілді. Ресейдегі орталық үкімет-
тің əлсіздігін пайдаланған Сібір билігі Ресеймен іргелес
ежелгі қазақ жерлерін империя аумағында қалдырудың ай-
ла-амалын жасап, бірнеше заңсыз əрекеттерге барды. Атап
айтқанда:
«Ақмола облысы» делініп, орталығы Омбы қаласы бо-
лып1868 жылдан аталып келген ұлан-байтақ аймақты 17
ақпанда аяқ астынан Омбы губерниясы деп атап жіберді,
яғни, қазіргі Солтүстік Қазақстан жəне Ақмола облыстары
Қызылжардан Балқашқа дейін, Баянауылдан Ұлытауға дейін
Ресейдің қарауында қалды.
45
Бұған қоса, ішкі Ресейден қоныс аударып келген ка-
зак-орыстар мен орыс қарашекпендері басып қалған қа-
зақ жерлерін жаңа үкімет жағдайында солардың меншігіне
заңдастырып беру мақсатында, «Ақмола жəне Семей облы-
старындағы уездердің, қарашекпен болыстары мен казак-о-
рыс станицаларының жəне қазақ ауылдарының ара-жігін
анықтау үшін ведомствоаралық комиссия» дегендерді құрып
тастады. Өз жерінің ежелгі иесі қазақ халқының еркінен
тыс, заңсыз əрекет бастаған бұл комиссия, айталық, Петро-
павл уезінің аумағындағы дербес əкімшілік бірлік ретін-
дегі мына станицаларды былайша «анықтады» (СҚО ММ,
43-қор, 1-тізбе,1-іс,38-парақ):
1. Лебяжье станицасы (Лебяжье, Конюхов, Первотаров-
ская мекендері);
2. Булаев станицасы (Булаев, Полтавка, Чистый, Медве-
жий, Ганькино, Рявкино, Успенка елді мекендері);
3. Тоқушы станицасы (Тоқушы, Полуден, Плоская, Камы-
шловская, Раевский, Сергеевский елді мекендері);
4. Архангельск болысы (Архангельск, Кривоозерный,
Бескөл, Новокаменск);
5. Вознесен станицасы (Вознесенка, Надежинская);
6. Боголюбов станицасы (Боголюбов, Новоникольск);
7. Дубровная станицасы (Дубровная, Сенжар, Маловоз-
несенский, Михайлов);
8. Новорыбинская станицасы (Новорыбинская, Миролю-
бовский, Богатинский, Кладбинский, Железенский);
9. Преснов станицасы (Преснов, Новомихайловка, Қазан,
Усердинский, Лоншинский, Островной, Екатерина, Қабан);
10. Пресногорьков станицасы (Пресногорьков, Камы-
шловский, Починов, Сібір, Богоявленский, Крутоярский,
Пресногорьков редуты).
Жергілікті өкімет билігі болып табылатын Петропавл
ревкомының, кейінірек «Жұмысшы, шаруа жəне қызылəскер
советтерінің Петропавл уездік атқару комитеті» болып өз-
герген билік мекемесінің 1919 жылғы 5 қарашадан 1919
жылғы 20 шілдеге дейінгі құжаттарын қарап отырсаңыз, Пе-
тропавл уезінің нақты шегарасы қандай жəне ол Қазақстан
құрамына кіре ме, жоқ па? деген мəселе көтерілмегенін
46
байқайсыз. Бұған көз жеткізу үшін облыстық мұрағатта
сақталған «Ақмола облысын таратып, Омбы губерниясын
құру туралы Сибревкомның қаулысы» деген құжаттан үзінді
келтірейік:
А) Ақмола облысы таратылады.
Ə) Омбы облысы құрылады, оның құрамына қазіргі ше-
гарасы жағдайында губерниялық Омбы қаласы мен мына
уездер беріледі: Омбы, Көкшетау, Петропавл, Есіл, Текелі,
Тара, Калачин.
Б) Алдағы уақытта, Қазақ Советтік республикасымен
келісім орнатылғанша, Атбасар жəне Ақмола уездері
де қазіргі шегарасы жағдайында Омбы губерниясына
беріледі.
Сибревком төрағасы Смирнов. 1920 жылғы 17 ақпан.№
391
17
.
Осылайша, Сибревкомның шешімі бойынша 1920 жыл-
дың басына дейін Петропавл уезі Қазақстан аумағынан тыс
қала берді.
Ескерте кету керек, бұл құжат көпе-көрнеу заңсыз еді,
себебі: біріншіден, ірі əкімшілік-аумақтық бөліс мəселесін
шешуге Сибревком сияқты уақытша өлкелік əскери билік
құзырлы емес болатын. Екіншіден, Қазақ өлкесін басқара-
тын Қазревком алда құрылатын Қазақ республикасының
шегарасын анықтау жөнінде комиссия жасақтауға Орталық
биліктен тапсырма алған болатын. Мұндай комиссия 1920
жылғы мамырдың 16 жұлдызында құрылды.
Демек, Қазақстанның жер аумағын сол комиссия бел-
гілеп, ақтық шешім құзыры Омбыдағы Сибревком емес,
Ресей Халык комиссарлары советінің төрағасы Владимир
Ленин, Орталық атқару комитетінің төрағасы Михаил Ка-
линин мен Ұлт істері жөніндегі Халық комиссары Иосиф
Сталин үшеуінің ғана құзырында еді.
Сонымен, Қазревкомның комиссиясы құрылды жəне
оның жасаған жұмысы бойынша, шегара туралы қорытын-
ды ұсыныстарын қарап, Қазақстан аумағын белгілеп бекі-
17. СҚО ММ,43-қор, Жұмысшы, шаруа жəне қызылəскер советтерінің Петропавл уездік
атқару комитеті.1-тізбе, 1-іс, 60-парақ.
47
тетін, В. Лениннің басшылығымен өтетін үлкен жиналыс
дайындалды. Жиналысқа Қазақстанның заңды шегарасын
белгілеу мəселесіне қатысы бар, мүдделі қызметкерлер,
айталық іргелес облыстардың, өлкелердің бірінші басшы-
лары, Мəскеудегі Орталық биліктегі министр шеніндегі
халық комиссарлары түгел шақырылды. Қазақстан тара-
пынан негізгі баяндаманы Əлімхан Əбеуұлы Ермеков жа-
сайтын болды. Ленин мен Сталин басқарып, жүргізген бұл
кеңес 1920 жылы тамыздың 20 жұлдызында Мəскеуде өтті.
(Осынау кеңеске қатысты құжаттардың біразы тұңғыш рет
1957 ж. «Образование Казахской АССР» (Сборник доку-
ментов и материалов. Издательство Академии Наук Каз.
ССР.) деген кітапқа қосылып, жарық көрді. Алма-Ата,
1957. – авт.)
Осы кітаптағы мына құжаттармен таныса отырып, Ота-
нымыздың шегарасын белгілеудін қандай жағдайда өткені-
не көз жеткізуге болар еді.
1) Қазақ АССР шегарасын белгілеу жөнінде РСФСР
СНК төрағасы Ленинге Қазревкомның жеделхаты. «1920
Достарыңызбен бөлісу: |